Доклад: Амауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын алу үшін сотқа ұсыныс беру туралы

 

Ақтас қ. 7 қаңтар 2004 ж.

 

Ақтас қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Торғайбеков С.К., Жұмабаев Сенбай Жексенбайұлын ҚР ҚК-нің 259-бабының 2-бөлімінде қарастырылған қылмысты жасағандығы туралы айыптаған № 23009 қылмыстық істің материалдарын қарап шығып,

 

анықтадым:

 

2004 ж. 2 қаңтар күні с. 12 шамасында Ақтас қ. 3-шағын аудандағы «Джаз клуб» мейрамханасының жанында аз-т. Жұмабаев Сенбай Жексенбайұлы мейрамханаға келушілерге жалпы салмағы 20 г, наркотикалық зат марихуананы өткізуі кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Жұмабаевтың қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысуы мүмкіндігін, оның бұрын сотталғандығын, еш жерде жұмыс жасамайтындығын, тұрғылықты жері бойынша жағымсыз мінезделетіндігін назарға ала отырып, ҚР ҚІЖК-нің 150-153 баптарын басшылыққа алып,

 

қаулы еттім:

Ақтас қалалық сотына айыпталушы 1978 жылы 3 сәуірде Ақтас қаласында туған, ҚР азаматы, қазақ, бойдақ, әскери міндетті, уақытша жұмыс жасамайтын, Ақтас қ. 4-25-52 мекен-жайы бойынша тіркелеген, бұрын сотталған: 25.05.01 ж. Ақтас қалалық сотымен ҚР ҚК-нің 257-бабының 1-бөлімі бойынша 1 жылға бас бостадығынан айыруға сотталған, 25.05.2002 ж. жазасын өтегеннен кейін ҚР ӘМ ЖАК ИЗ-32/6 мекемесінен босатылған Жұмабаев Сенбай Жексенбайұлына қатысты қамау түріндегі бұлтарпау шарасын алу туралы Ақтас қалалық сотына ұсыныс беруге.

 

Тергеуші

полиция капитаны С.К. Торғайбеков

 

 

Аулы

еще рефераты
Еще работы по биологии