Лекция: Табылады
1. дәрілік цитопения
2. контактілі дерматит
3. сарысулық ауру
4. есекжем
5. созылмалы активті гепатит
1. Тақырып №16:Жоғары сезімталдықтың баяу түрінің патогенезімен клиникалық
мысалдары
2. Мақсат: Аллергиялық реакцияның 4 типінің даму патогенезімен негізгі клиникалық көріністері жайында студенттердің алған білімдерін ғылыми тұрғыда бекіту.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі керек
- Кумбс пен Джеллдің жіктелуі бойынша БЖС жасушалық механизмі
- БЖС патогенезінде Т-лимфоциттермен макрофагтардың маңызды ролі
- БЖС клиникалық мысалдары
- БЖС лабораторлық диагностика тәсілдері
Студент істей білуі керек
· Алған білімдерінің негізінде, баяу жоғары сезімталдық түрінің патогенезінің негізінде жатқан иммунологиялық механизмдерін анықтау.
· Аллергологиялық науқастарда БЖС лабораторлық көрсеткіштерін интерпретациялауда алған білімдерін қолдану. БЖС
- Ғылыми және медициналық оқулықтармен және интернет-ресурстармен өздігінен
жұмыс істей алу қажет
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. БЖС (IV түрі) реакциясының патогенезі.
2. БЖС (IV түрі) реакциясының клиникалық мысалдары.
3. БЖС кезіндегі қабынуға макрофагтардың қатысуы.
4 БЖС кезіндегі қабынуға Тх1 қатысуы.
5. БЖС лабораторная диагностикасы.
5.Оқытудың және сабақ берудің тәсілдері:
- Кіші топтарда жұмыс жасау: Студенттер 5-6 адамнан құралатын топ құрып, тақырыптың сұрақтарын талқылайды, БЖС патогенезі бойынша дискуссия жүргізеді.
· Видеофильм көрсету –аллергиялық реакцияның IV түрінің дамуының патогенезі бойынша медицинская анимация көрсету
· Кластерлер құрады– IV тип бойынша дамитын, клиникалық мысалдардың негізінде (Кумбс пен Джеллдің жіктелуі) бойынша құру.
· Жұптасып жұмыс жасау- теориялық негізді меңгеру жолында (тәжірибелік дағдылар) есептерді шешіп, шешілген есептердің жауабын көрсету.