Лекция: Ылмыс туралы ауызша арызды қабылдау туралы
Ақтас қ. 15 қараша 2003 ж.
Мен, Ақтас қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны С.К. Торғайбеков., ҚР ҚІЖК-нің 178-бабына сәйкес Ақтас қалалық ішкі істер басқармасының № 35 кабинетінде 1973 ж. 1 шілдеде Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласында туған, қазақ, Маңғыстау мұнай-газ акционерлік қоғамында мастер болып жұмыс жасайтын, Ақтас қаласы 11-27-36 мекен-жайы бойынша тіркелген, ҚР ІІМ-мен 2003 ж. 1 тамызда берілген сериясы 1-ЛВ 2204, № 945720 пастортты көрсеткен Дәрібаев Рахмет Есмырзаұлынан ауызша арыз қабылдадым.
Көрінеу жалған сөз жеткізгенім үшін ҚР ҚК-нің 351-бабы бойынша қылмыстық жауаптылығым ескертілді:
Арыз беруші Р. Дәрібаев
Өзінің арызында Р. Е. Дәрібаев төмендегілерді хабарлады: «2003 ж. 15 қараша күні сағат 22-лер шамасында мен «Юбилейный» кинотеатрынан «Разборки в Бронксе» фильмін көріп шыққанан кейін үйге парк арқылы қайтып келе жаттым. Парктің солтүстігіндегі шығатын есікке жете бергенімде мені ұзын бойлы (бойы шамамен 190 см) үстінде қара түсті капюшоны бар куртка киген жігіт қуып жетіп, пышақпен қорқытып менің басымнан құндыз терісінен тігілген құлақшынымды тартып алып, парктің ішіне қарай қашып кетті. Мен «Қаракөз» сауда орталығының алдындағы автобус аялдамасына келіп кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлеріне маған жасалған қарақшылық шабуыл және құлақшынымды алып кеткендігі туралы айттым. 30 минуттай шамасында олармен бірге патрульдік автомашинамен құлақшынымды алып кеткен жігітті іздестірдім, бірақ біз оны таба алмадық» Құндыз терісінен тігілген құлақшынды мен 2003 ж. қазан айында базардан 17000 теңгеге сатып алғанмын.
Менің құлақшынымды тартып алған жігітті тауып, оны қылмыстық жауаптылыққа тартуларыңды, ал маған залалдың орнын толтыруды сұраймын.
Арыз беруші: Р. Дәрібаев
Хаттаманы өзім оқыдым.
Менің айтқандарым бойынша дұрыс жазылған.
Хаттама бойынша ескертпелерім жоқ.
Арыз беруші: Р. Дәрібаев
Тергеуші
полиция капитаны С. Торғайбеков
____________________________
(келісемін, келіспеймін)
Ақтас қаласының прокуроры
аға әділет кеңесшісі Қонысбаев Д.Д.
___________________
(қолы)
«______» __________2004 ж.
Аулы