Лекция: Аналық без, құрылысы, қызметі.
Ана без авариум жұп ағза. Атабезге ұқсас әйел жыныс безі б.т. ол жалпақ сопақ пішінді. Ұз 2,5см ені 1,5 см қалыңдығы1см болатын дене. Оның екі шетін ажыратады: жоғ-біршама дөңгелектенген шеті жатыр түтігі жағына қарайды және түтік шеті экстремитас тубариа д.а., қарама-қарсы төменгі, үшкір шеті экстремитас утерина, жатырмен меншікті байлам(лиг авари проприум) арқ байланысқан. Екі беті фасциес латералис ет медиалис бір-бірімен жиектерімен бөлінген: артқы бос жиегі, марго либер, дөңес, ал алдыңғы, шажырақайлық жиек марго мезоварикус тік шажырақайға бекиді. Бұл жиекте анабез қақпасы хилус овари орналасады, өйткені бұл жерде анабезге тамырлар мен нервтер кіреді. Анабез латеральды бетімен жамбас астауының бүйір қабырғасына үмтіңгі жағынан ваза илиака экстерна мен мускулус псоас майор арасында, алдынан лиг умбиликале латерале және артынан несепағар арасында жанасып жатады. Анабез ұзындығы вертикальды орналасқан. Медиальды жағы жамбас астауы қуысына қараған, бірақ біраз жерде жатыр түтігімен жабылған, түтік алдымен анабездің шажырақайлық жиегімен жоғары жүріп, содан кейін оның түтіктік шетінде бұрылып, анабездің бос жиегімен төмен қарай кетеді. Анабез жатырмен меншікті байлам лиг авари проприум арқ байл, ол жатырдың жалпақ байламының екі жарпырақшасы арасында орналасқан жатыр б.етіне созылатын негізінен еріксіз б.ет талшықтарынан тұратын дөңгелек сіңірлі жіп. Анабездің меншікті байламы оның жатырлық шетінен жатырдың латеральды бұрышына дейін созылады. Анабездің қысқа шажырақайы мезовариум болады, ол ішектің дупликатурасы, сол арқ жатырдың жалпақ байламының артқы жапырақшасына бекиді. Анабездің жоғ түтіктік шетіне фимбрия овария сондай-ақ анабезге, үстінен линеа терминалис пелвистен түсетін және анабез тамырлары мен нервтерін қамтитын ішастардың үшбұрыш пішінді қатпары лиг суспенсориум оварии бекиді.