Лекция: Лкен және кіші шонданай тесіктері. Алмұртүсті және алмұртасты тесіктер, олардың құрамы.
Шонданай сүйегі,os ischii, жамбас сүйегі ойығының төменгі бөлігінде орналасқан. Топографиялық орналасуына қарай; денесінен және бүрыш құрап, орналасқан бұтақтарынан,ramus ossis ischii, түрады. Шонданай сүйектің денесінің, corpus ischia, артқы бетінде:қылқаны, spina ishiadica, қанның жоғарғы бөлігінде, шонданай сүйегінің үлкен тілігі, incusira ischiadica minor төменірек кіші тілігі,incusira ischiadica major, орналасқан. Шонданай сүйектің денесінің бұтақтары иіліп, бұрыш құрап орналасқан. Жоғарғы бұтағының алдыңғы бетінде жапқыш тесіктің алдыңғы төмпешігі,tuberculum obturatorium anterior артқы бетінде шонданай сүйектің бұдыры tuber ischiadicum орналасқан. Шонданай сүйектің бұтағы, шат сүйектің төменгі бұтағымен бірігіп, жапқыш тесікті foramen obturatum құрайды.
22. Сан үшбұрышы, шекаралары, құрамы. Сан өзегі, қабырғалары, сақиналары (тері асты және терең). Практикалық маңызы.Скарпов үшбұрышы
Шекарасы: Жоғарыдан –шап байламы, сыртқы жағынан-n. sartotius, ішкі жағынан-m. adductor liongus пен шектелген. Үш бұрыштың биіктігі — /lig. Inguinale-ден m. sartorii-дің mm. adductor liongus пен қиылысқан жеріне дейін/ 15 см тең.
Қабаттары:
1. Терісі жұқа қозғалғыш.
2. Тері асты клетчаткасы екі жапырақшадан тұратын fascia superficialis-пен бірге, тері асты клетчаткасы жақсы жетілген, онда беткі тамырлар, жүйкелер және лимфа түйіндері жатады.
3. Тамырлар және жүйкелер. А. pudenda externa /екеуі/ ерлерде ұманы және әйелдерде үлкен жыныс еріндерін қоректендіреді. А. epigastrica superficialis кейде екеу, ол жоғарыға кіндікке қарай көтеріледі. А. circumflexa ilium superficialis, spinailiacaanteriot superior қарай өтеді. А. femoris-тен шыққан барлық аталған артериялар for. оvalis аймағында аттас веналармен бірге /жиі екеу/ v. femoralis-ке немесе v. saphena magna келіп құяды. Соңғысы /біреу, кейде екеі/ санның ішкі – алдыңғы бетімен беткі шандырдың екі жапырақшасының арасымен клетчатканың ішімен өтіп, v. femoralis-ке келіп құйылады. Пупартов байламының жамылғысы n. lumboinginalis-тің /plexus lumbalis-тең/ тармақтарымен жүйкелендіреді. Сыртқы беті n. cutanei femoris lateralis аймағындағы тері асты клетчаткасына кіретін, одан біршама төмен және оның алдына таман spina iliaca ant. sup. тармақтары қоректендіреді. M. sartorii бағытына сәйкес келетін сызықпен nn. femoralis –пен nn. cutanei anterior шығады.
4. Лимфалық түйіндер. Бірінші топ пупартов байламына қатар жатады және құрсақтың алдыңғы қабырғасынан, гениталийден, шат аймағынан, бөксе және бел аймағынан лимфаларды қабылдайды. Екінші топ nodi lymphatici subingui a. femoralis-тің жолымен орналасқан және аяқтан лимфаларды қабылдайды. Көптеген лимфалық веналармен бірге жүреді.
5. Санның меншікті шандыры – fascia lata-тығыз жапырақша, онда көптеген сіңірлі талшықтар жатады. Шандыр санның барлық бұлшық еттерін жауып және сүйектің шығып тұрған жеріне бекітіледі. Скарповский үш бұрышы аймағында шандыр екі жапырақшаға ажырайды: беткі /lamina superficialis fascia late/ және терең /lamina profunda fascia latae/. Бұл аймақтың бұлшық еттерін оқығанда жапырақшалардың сан тамырларына қатынасын және жолдарын білуге болады.
6. Бұлшық еттер. Бұл жерде екі топ бұлшық еттері бар: беткі және терең. Беткі бұлшық еттер 4 топтан тұрады: m. tensor fascia latae, msartorius, m. adductor longus және m. gracilis. Скраповский үш бұрышының түбін терең бұлшық еттер – m. illiopsoas және m. pectineus құрайды. Бұл екі бұлшық еттің арасында үш бұрыш тәрізді ойыс-fossa iliopectinea пайда болады. Оның ұшы ортан жіліктің кіші ұршығына сәйкес келеді. M. sartorii fascia lata-тің ішкі жиегінде екі жапырақшаға бөлінеді. Терең жапырақшасы – lamina profnnda fasciae lata сан тамырларының астында жатады. m. illiopsoas және m. pectineus-ті жауып, сосын ішкі жағынан алып келуші бұлшық еттерге өтеді. Беткі жапырақшасы — lamina superficialis fasciae lataе м. sartorii-тің ішкі жиегінің ішінен сан тамырларының алдымен өтіп және оның астында processus falicifrprmis ойысы бар, оның жоғарғы және төменгі мүйізшесі /coriusuperius, cornu inferioris/ бар. Жоғарғы мүйізшесі сан тамырларының үстінде пупартов байламына бекітіледі немесе жоғарыға өтіп m. pectineus-тің үстінде терең жапырақшамен байланысады. Төменгі мүйізшесі де тамырлардың алдында жатып, m. pectineus-тің үстінде терең жапырақшамен байланысады. Processus falciformis foramen немесе fossa criorosa-ті шектейді және ол ойыс жұқа жарғақпен жабылған – Lig. iliopectineum. Көптеген тесіктерден беткі артериялар, веналар және лимфалық тамырлар өтеді. Сондықтан скарповский үш бұрышында беткі және терең жапырақшалардың арасында сан тамырлары өтетін кеңістік пайда болады.
7. Лакуна және оның құрылымдары. Пупартов байламының астындағы кеңістікті Lig. iliopectineum екі тесікке бөледі: сыртқысы – lacuna mussulorum және ішкісі- lacuna vesorum. lacuna mussulorum алдыңғы жағынан пупартов байламымен, артынан және сыртынан мықын сүйегі, ішінен Lig. iliopectineum-мен шектелген. Ол арқылы санға /fasciae lata-нің терең жапырақшасының астымен/ m. iliopsoas және n. femoralis шығады. lacuna vоsorum сыртынан Lig. iliopectium, ішінен Lig. lacunare алдынан-пупартов байламымен және артынан-куперов байламымен /Lig. visorum gooperii/ шектеледі. Ол дәнекер тканьді созғыш сүйек қабығымен тығыз байланысып жатады. Тамырлар лакуна арқылы санға /fosciae lata-нің беткі жапрақшасының астымен/ a. femoralis шығады және жамбасқа v. femoralis және лимфалық тамырлар кіреді. Сан тамырлары меншікті дәнекер ұлпалы қынаппен vagine vosorum femoralium қоршаған оның сыртқы жағында lacunae vosorum, ал ішкі жағында артерия сосын вена жатады. lacunae vosorum-ның ішкі жағында сан өзегінің ішкі тесігі Розенмюллеров лимфатикалық түйіндермен толтырылған.
Тамырлар мен жүйкелердің топографиясы. А. femoralis скарповский үш бұрышы аймағында пупартов байламының ортасынан оның ұшына қарай жүргізілетін сызыққа сәйкес келеді. А. fеmoralis-тен көптеген беткі артериялар шығады. А. profunda femoris-тің негізгі бағанасынан пупартов байламының 3-5 см төмен а. fеmoralis шығады және а. circumflexa femoris lateralis және a. circumflexa femoris medialis тармақтарын береді. v. femoralis жұқа қабырғалы тамыр, ол скарповский үш бұрышының жоғарғы бөлігінде артерияның ішкі жағында жатады, оның ұшына таман сан артериясының астына өтіп кетеді.
Trigonum scerge-де v. femoralis беткі артериялармен бірге жүретін веналар және v. scaphena келіп құйылады. Бұл веналар for. Ovalis аймағында lamina cribrosa арқылы өтеді. Сан веналарының клапандары v. saphenae-ның құятын жерінен жоғары немесе вена құйылатын жерде жатады.Венамен бірге клетчаткада терең лимфалық тамырлар өтеді, олар аяқтың терең қабаттарынан лимфаны қабылдайды, сонымен қатар венаның ішкі жағында терең лимфа түйіндері /nodi lymphatia subinguinalis profunda/ олардың ең ірісі nodus lymphaticus rosenmulleris closuent N. femoralis деп аталады. Скраповский үш бұрышының терең түйіндерінен лимфа жамбас түйіндеріне ағады. Trigoni scrpae бел өрімінің /І-IV/ алдыңғы түбіршектерінен шығады. Trigoni scrpae аймағында жүйке а. fencorolis-тен сыртқары орналасқан және соңғысынан шандырдың терең жапырақшасымен бөлінген. Пупартов байламының астында жүйке бұлшық ет және тері жүйкелеріне бөлінеді. Санның алдыңғы бетінде сан бұлшықетінің немесе Скарп атты ұшбұрыш trigonum Scarpae орналасқан. Бұл ұшбұрыштың жоғарғы қабырғасы: шап байламынан, lig inguinale, латеральды қабырғасы тігінщі бұлшықетінен m. sartorius медиальды қабырғасын ішке тартқыш ұзын бүлшықетінен, m.adductor longus.Сан бұлшықеті үшбұрышының маңындағы беткей орналасқан фасциялық қабықшаның астында мықын- қырқалы жүлге, sulcus iliopectineus орналасқан. Бұл жүлгенің медиальды қабырғасы: қырқалы бүлшықеттен, m. pectineus, латеральды қабырғасы бел-мықын бұлшықетінен тұрады. Бел- мықын жүлгенің дистальді бөлігі төмен бағытта өтіп, сан бұлшықетінің жүлгесіне ұласады.Сан бұлшықеті жүлгесінің – медиальды қабырғасы-санды ішке тартқыш бұлшықеттерден, латеральды қабырғасы санның төрт басты бұлшықеті мен медиальды бұлшықетінен, m. vastus medialis, тұрады. Бұл жүлгенің бойында сан артериясы, вена қан тамырлары, a. et v.femorales орналасқан. Бұл жүлгенің дистальды бөлігі санды ішке тартқыш бұлшықеттерінің өзекшесіне, canalis adductoris seu canalis vastoadductorius Hunteri ұласады. Сонымен қатар, сан бұлшықеттерінің бойында сан бұлшықеттерінің өзекшесі, canalis femoralis орналасқан. Бұл өзекше, сан жарығы болған жағдайда байқалады.