Лекция: Несеп-жыныс үшбұрыштың бұлшықеттері және фасциялары. Әйел шатаралығының ерлер шатаралығынан айырмашықтары.
Шат перинеум жамбас астауынан шыға берісіндегі б.еттерден тұратын аймақ. Оны ерікті б.еттер шандырлармен жабылған екі кқкет құрайды: несеп-жыныс көкеті диафрагма урогенитале және жамбас-астау көкеті диафрагма пелвис. Екі көкет те сыртқа несеп жыныс және асқорыту жүйелерінің өзектерін өткізеді. Олардың сыртқы тесіктерін жабатын қыспақтар түзеді. Шатты ромб пішінімен салыстыруға болады. Оның 4 бұрышы 4 пунктке сәйкес келеді.: алдынан-симфизис пубика, артынан-құйымшақтың ұшы, оң және сол жағынан – шонданай төмпелері. Ромб несепжыныс көкетімен толған екі алдыңғы және жамбас астау көкетімен толған артқы үшбұрыштан тұрады. Екі үшбұрышты көкет те тік бұрыш түзе негіздерімен бір-біріне жанасып жатады. Және де несеп-жыныс көкеті фронтальды, ал жамбас-астау көкеті горизонтальды тұрады. Диафрагма урогенитале алдынан қасаға симфизимен, бүйірінен қасаған және шонданай сүйектері тармақтарымен шектелген бүкіл алдыңғы үшбұрышты кеңістікті алып датады. Ол бұл сүйектерге бүйір жақтарынан бітісе өсіп, артында бос жиекпен аяқталады. Несеп-жыныс көкеті арқ еркектерде уретра, ал әйелдерде одан басқа қынап өтеді. Диафрагма пельвис ұшын құйымшақ, ал қалған екі бұрышын шонданай төмпелері құрайтын артқы үшбұрышты алып жатады. Ол арқ екі жыныста да тік ішек шығады. Артқы өтіс пен сыртқы жыныс ағзалары арасы сөздің тар мағынасындашат д.а.