Лекция: Картодиаграмма және картограмма.

1. 11 1 0 1

2. 10 40 1 1

3. 1 1 2 0 3 0 1

4. 3 3 1 1 1 -1 0 8 -8 -1

5. 3 2 3 3 4 4 4 0 1

6. x=2 y=1 z=1 x=2 y=2 z=1

x=2 y=2 z=2

x=0 y=-1 z=0

x=0 y=0 z=-1

x=0 y=-1 z=-1

7. 175 — младший байт адреса в десятичной форме 53 5 5 5 1

sx= 177770

ux= 177770

sx>>3 = 177777 знак переносится при сдвиге

ux>>3 = 17777 знак не переносится при сдвиге

-1

8. i=33 l=33 f=33 d=33 i=33 l=33 f=33

d=33

i=33 l=33 f=33.333332 d=33.333333

i=33 l=33 f=33 d=33

i=-32203 l=33333 f=33333 d=33333

i=-32203 l=-32203 f=-32203 d=-32203

 

9. x=2 y=1 x=1.6 y=3

y=2

x=0 y=0

 

Лекция

Тақырып: Бейнелеудің картографиялық тәсілдері. ІІІ бөлім.

Лекция жоспары:

11.1 Картодиаграмма және картограмма.

11.2 Сызықтық белгілер тәсілі.

11.3 Қозғалу белгілер тәсілі.

 

Картодиаграмма және картограмма.

Картодиаграмма тәсілімен, белгілі бір шектелген аумақта құбылыстың жиынтық көлемін бейнелейді (басым абсолюттік көрсеткіштерін). «Картодиаграмма» деген терминімен карталастыру тәсілін және сол тәсілімен жасалынған картаны атайды. Бұл тәсілді қолданғанда аумақтың саяси және саяси-әкімшілік бөлінуін пайдаланады, яғни картада мемлекеттік немесе мемлекеттің әкімшілік бөлінуінің шекараларын көрсетеді. Сонымен қатар аумақтың экономикалық, табиғи немесе басқа белгілері бойынша бөлінуін көрсетеді. Картда әрбір аумақ бірлігі ішінде, картаға түсірілетін құбылыстың шамасын көрсететін бір диаграммалық белгісі орналастырылады.

Картодиаграмма тәсілімен үлкен аумақта тұтас таралған (мысалы, егістік көлемін, ормандардағы ағаш қорын) немесе елді мекендерде шоғырланған (тұрғындардың, өнеркәсіптік өнімдері бойынша мөлшерлі көрсеткіштерін) құбылыстарды бейнелейді. Картодиаграмма құбылыстың аумақтың жеке бөліктері бойынша таралуының мөлшерлі көрсеткіштерін салыстыруға мұмкіндік береді, бірақ құбылыстың нағыз географиялық орналасқан жерін көрсетпейді.

Картодиаграмманың шартты белгілері әдетте геометриялық фигуралар түрінде, квадрат, үш бұрыш, шеңбер т.с.с. болады. Сонымен қатар шартты белгілер суреттелген формада, әріптік формада болу мүмкін. Картодиаграмманың фигуралары құбылыстың шамасын биіктігімен, ауданымен, көлемімен бейнелейді. Барлық шартты белгілер ұздіксіз немесе сатылы, абсолюттік немесе салыстырмалы (шартты) шкалаларда жасалынады.

Картодиаграмма тәсілімен аумақтың әрбір бірлігінде, құбылыстың жиынтық абсолюттік шамасын көрсетуімен қатар, құбылыстың құрылымын да көрсетуге болады, яғни құбылыс қандай сапалы бөліктерден тұратындығын. Мұндай құрылымдық деп аталатын картодиаграммалар құбылыстың құрамдас бөліктері арасындағы мөлшерлі ара қатынасын көрсетеді. Ол үшін картодиаграмма белгісін құрамдас элементінің үлесіне сәйкес келетін бөліктерге бөледі. Ол бөліктер легендаға сәйкес боялады, немесе штриховкалармен белгілейді. Бояу мен штриховканың мәні картаның легендасында көрсетіледі.

Картодиаграмма тәсілімен, құбылыстың белгілі бір мерзіміндегі мөлшерлі көрсеткіштерінің өзгеруін көрсетуге болады. Мұндай жағдайды бірнеше фигураларды сәйкестірілінген түрде бейнелейді. Әрбір фигура белгілі бір мерзімге құбылыстың мөлшерін көрсетеді.

Кейбір жағдайда, ажыратылыған аудандарды бір емес, бірнеше өзара байланысты құбылыстарымен сипатталатын профильдік картодиаграммаларды құрастырады (берілген аудан аумағында бағаналы диаграммаларды құрастырады, әрбір бағана шаруашылықтың белгілі бір саласы – профильдік картодиаграмма болып табылады).

Картограмма тәсілімен белгілі бір аумақ үшін орта болып келетін құбылыстың салыстырмалы көлемін бейнелейді. Картодиаграмма сияқты картограмма әрі карталастыру тәсілі, әрі картаның өзін атайды. Картограммамен басым әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды бейнелейді: тұрғындардың тығыздығын, барлық тұрғындар санына қатысты бір белгісі бойынша ажыратылған тұрғындардың үлесін (жас, жастық-жыныстық, кәсіптік бойынша); ажыратылған ауданның түгелдей аумағына қатысты белгілі бір түрінде жерді пайдалануына қатынасын (орманның, егістік жердің, шабындықтың т.с.с.). Картограммада барлық егістік жерден белгілі бір дақылға ажыратылған жер үлесін көрсетеді.

Картограммада құбылыстың көлемін бояумен және штриховкамен көрсетеді. Ажыратылған ауданда құбылыстың көрсеткіші жоғары болған сайын бояу немесе штриховка тығыздау болады. Картограмма жасауда, ажыратылған ауданда құбылыстың көлемін сипаттайтын сандар қатары сатылы шкалада өсетін немесе азаятын түрінде орналастырады. Мысалы, 1981 жылы шыққан Дүние жүзінің географиялық атласында түрғындар тығыздығы карталарында шкаланың мынадай сатылары қабылданған: 1) 1 км2 1 адамға дейін, 2) 1 км2 1 адамнан – 10 адамға дейін, 3) 1 км2 10 адамнан – 50 адамға дейін, 4) 1 км2 50 адамнан – 100 адамға дейін, 5) 1 км2 100 адамнан жоғары.

Картодиаграммада барлық ажыратылған учаскелердің шекаралары міндетті түрде көрсетіледі. Картограммада

 

еще рефераты
Еще работы по географии