Лекция: Кіріспе

 

«Информатика» пәнінен аудиториялық сағат жеткіліксіз болғандықтан кейбір бөлімдер өзіндік дайындыққа арналған. Студенттің өзіндік жұмысы лекциялық материалдарды меңгеруге, зертханалық пен практикалық жұмыстарға дайындық жүргізуге және қосымша материалды оқуға арналған. Студенттердің өзіндік жұмыс нәтижесінде алынған білімін тексеру үшін «Информатика» курсында есептік-графикалық жұмыс қарастырылады.

Осы әдістемелік нұсқау үш тақырып бойынша тапсырма нұсқаларынан, оны орындауға арналған ұсыныстар мен бақылау сұрақтарынан тұрады:

а) MS Excel кестелік процессоры көмегімен есептерді шешу.

б) есептерді шешуде программалау мүмкіндіктерін қолдану.

в) MS Access ортасында мәліметтер қорын құру.

Қосымшаларды жұмыстарды орындауға қажетті анықтамалық ақпараттар бар. Есептік-графикалық жұмысты орындау үшін қосымша ақпарат көзі ретінде оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар, программалық өнімдер бойынша анықтамалық әдебиеттер, компьютерлік технологиялар бойынша журнал-газеттер, әрбір программаның анықтама жүйесін, Интернеттің анықтамалық жүйесін қолданған жөн.

Есептік-графикалық жұмыстар оқу бөлімі белгілеген уақытта электрондық түрде тапсырылады. Әрбір ЕГЖ-қа түсініктеме А4 форматында немесе электрондық түрде (MS Word форматында) тапсырылсын: титулдық бет (А қосымшасы), есептің қойылымы және есепті шығарудағы қажетті түсініктеме болуы керек. Түсініктемені құруда Times New Roman шрифтін қолданған жн, кегль 12 – 14, беттің ені бойымен түзету болсын.

Тапсырма нұсқасы оқытушы ұсынысы бойынша алынады немесе келесідей:

а) сынақ кітапшасының екі соңғы санын анықтаңыз Nск;

б) егер 1£Nск£25 болса, онда нұсқа нөмірі Nнұс=Nск (мысалы, Nск=18, Nнұс=18);

в) егер 26£Nзк£99 болса, онда Nнұс Nск-ін 25 бөлгендегі қалдық ретінде қарастырасыз. Мысалы, Nск=78, онда 78/25=3 (қалдығы 3), яғни Nнұс=3;

г) егер Nск-ін 25 бөлгендегі қалдық -ге тең болса, онда 25 нұсқа орындалады.

В случае, если работа содержит ошибки или выполненные задания не соответствуют выбранному варианту, она возвращается студенту для внесения исправлений.

Егерде жұмыста қате кездессе немесе орындалған тапсырмалар нұсқасына сәйкес болмаса, онда ол студентке жөндеуге қайтарылады.

 

 


еще рефераты
Еще работы по информатике