Лекция: орытынды

Дәріс Мультимедиялық қосымшаларды құрудың технологиясы. Мультимедиялық құрылғылар және олардың қызметі. Қазіргі заманғы мултимедиалық программалардың түрлері.

 

Мультимедиа дегеніміз не? Бұл ұғымға қысқа, әрі нақты түсінік беру қиын. Мультимедиа – компьютерде дыбысты,

ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді көрсету үшін жинақталған технология.

Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді – мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-,

аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды жүзеге асырады. Мәтін, түрлі-түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, диалогтық түрде жұмыс істейді. Мультимедиа элементтерімен еркін интерактивті түрде қатынас құруға, дыбыспен сүйемелденетін бейнекөріністерді компьютер экранында көрсетуге, тыңдауға толық мүмкіндік бар. Мультимедиалық программалар сөйлейтін энциклопедиядан бастап, бейнеклиптік мәліметтер базасын жасау жұмыстарын толық қамти алады.

«Мультимедиа» — екі жай сөзден тұратын күрделі сөз: «мульти» — көп, «медиа» — алып жүруші немесе тасымалдаушы. Осылайша, «мультимедия» те компьютерлік терминін «көптеген тасымалдаушылар» деп аударуға болады, яғни мультимедиа ақпаратты (дыбыс, графика, анимация және т.б.) сақтаудың және көрсетудің көптеген амалдары дегенді білдіреді.

Егер мультимедианы ақпаратты көрсетудің белгілі-бір технологиясы деп айтар болсақ, екі аспектіні еске түсірген де жөн – құрылғылық немесе аспаптық және бағдарламалық.

Мультимедианың құрылғылық жағы қалыпты амалдармен де (графикалық, адаптер, монитор, дыбыс картасы, CD-ROM жетегі және т.б.), қосымша амалдармен де (бейнекарта телевизиялық кіру/шығумен, CD-R, CD-RW, DVD жетектері және т.б.) таныстырылуы мүмкін.

Мультимедианың бағдарламалық жағы қолданбалы бағдарлама және мамандандырылған бағдарлама деп бөлінеді. Қолданбалы программа – 1) пайдаланушының қолданбалы мәселелерді шешуге арналған программасы; жұмыс істеуші адамның нақты тапсырмасын орындайтын дестелік файлдағы программа. Әдетте, кеңірек айтылса, бұған командалық процессордан басқа программалардың барлығы жатады; нақты мағынада айтылса, оған мәтіндік процессорды, мәліметтер базасын, электрондық кестені және т.б. жатқызуға болады; 2) нақты есепті шығару үшін қолданылатын программа. Ал, мамандандырылған бағдарлама категориясы

Алғашқылардың бірі болып қолданылған мультимедиалық бағдарламалар бұлар – компьютерлік ойындар. Олар мультимедиалық технологияның барлық басымдықтарын, яғни жоғары графикалық кескін, анимация, музыкалық және дыбыстық сүйемелді пайдаланатын танымал, кең таралған бағдарламалық өнім.

Мультимедиа технологиясы күнделікті өмірімізге нық енді. Алайда, осындай қолданбалы бағдарламамен дұрыс жұмыс істеу үшін мультимедиа мен компьютер де барлық талапқа сәйкес болуы тиіс. Сонымен «мультимедиалық компьютер» дегеніміз – бұл мультимедиялық барлық қолданбалы программалар өзінің барлық мүмкіндігін көрсете алатын компьютер түрі. Мультимедиалық компьютер көп нәрсені жасай білу керек: монитор экранында графикалық және бейне ақпараттарды, анимацияны көрсете білуі керек, дыбыстық, музыка, соның ішінде компакт-дискілердегі музыка сүйемелдеуі жоғары деңгейде болуы шарт.

 

Мультимедиалық компьютердің аппараттық бөлігі

Бұл тарауда мультимедиалық компьютерге кіретін негізгі құрылғылар қарастырылған.

Әдетте, жинақталған «мультимедиалық компьютер» ұғымының құрамы ретінде мыналар түсінеді:

· Қоректендіру болгының корпусы

· Жүйелік (аналық) тақша

· Орталық процессор

· Оперативті жад

· Бейнеадаптер

· Монитор

· Қатты дискіде жинақтауыш

· Пернетақта

· Тінтуір

· CD-ROM дискжетегі

· Иілгіш дискілердің дискжетегі

· Дыбыстық карта

Қосымша құрылғылары (көптеген елдерде қалыпты құрылғылар):

· DVD дискжетегі

· Модем

· Телевизиялық тюнер

 

Орталық процессор

 

Орталық процессор (Центральный процессор) – 1) компьютердің негізгі жұмыстық элементі. Әдетте, оның құрамына арифметикалық-логикалық құрылғы мен басқару құрылғысы, ал кейде алғашқы жад кіреді. Есептеуіш жүйенің қызметі үлестірілген және дербес болған сайын терминнің түсіндірмесі кеңейе түседі; 2) процессор мен арифметикалық қосалқы процессоры бар блок; 3) барлық есептеу операциясын және ақпаратты қайта өңдеуді жүзеге асыратын дербес компьютердің бас құрылғысы; 4) бір немесе бірнеше үлкен немесе аса үлкен интегралдық схема түріндегі, ақпаратты өңдеуге арналған программалық басқару құралғысы; 5) берілген есептеуіш жүйеде негізгі қызметі мәліметтер өңдеуді және осы жүйенің басқа бөліктерінің жұмысын басқаруды орындайтын процессор. Ол басқару құрылғысынан, арифметикалық логикалық құрылғыдан және процессорлық жадтан тұрады.

 

Орталық процессор — компьютер құрамына кіретін басқа да компоненттерді басқаратын компьютердің орталық элементі, жүрегі мен миы. Көп жағдайда компьютердің жұмыс істеу жылдамдығын анықтайтын да орталық процессор.

 

 

Процессор құрылымы.

Алғашында процессор – арнайы технология бойынша жасалған кремний кристалы болып көрінуі мүмкін. Алайда, бұл кристалл өзіне көптеген бөлек элементтерді қосады: компьютерге «ойлау» қасиетін беретін және бір-бірімен байланыстыратын транзисторлар.

Егер де орталық процессорге «жоғарғы биіктіктен» қарасақ бірнеше маңызды құрамаларды ажыратуға болады:

· Процессор – «есептеуіш».

· FPU – арнайы операцияға арналған жылжымалы нүктелі блок.

· Бірінші деңгейлі кэш-жад – есептеудің аралық нәтижесін сақтауға арналған үлкен емес (бірнеше ондық килобайт) аса жылдам жад.

· Екінші деңгейлі кэш-жад – бұл жад баяуырақ, алайда үлкен (жүздеген килобайтпен өлшенеді). Ол процессордың өзінің кристалында жинақталуы мүмкін немесе қосымша кристалл түрінде орындалуы мүмкін.

 

 

Орталық процессордың жұмыс жылдамдығы

Тактылық жиілік процессорде орналасқан кэш-жадының көлемі барлық есеп түрлерінің өнімділігіне әсерін тигізетін маңызды фактор болып табылады. РС99 спецификациясы бойынша мультимедиялық компьютер процессорінің тактылық жиілігі 300 МГц-тен кем болмауы тиіс, ал РС 2001 спецификациясының талаптарына сәйкес 2001-2002 жылдарға ең кем тактылық жиілік 667 МГц құрайды. Кэш-жадының ең минималды көлемі – 128 Кб.

 

 

Кристалл

Процессорлар өндірісінде әрдайым кремний кристалының тізбегінің арасындағы мүмкін болатын қашықтық пен логикалық және өзге де элементтердің минималды мүмкін болатын мөлшері, яғни қысқаша айтқанда технологиялық нормалар қолданылады. Әрине, егер бұл арақашықтық қанша аз болса, сонша көп элементтерді кристалл алабының бірлігінде орналастыруға болады немесе элементтер санының өзгеріссіз қалпында бастапқы кремнийлік пластинадан көбірек кристалл жасауға болады. Сонымен қатар, өлшемдердің кішіриуі қуаттылықтың ыдырауының азаюына алып келеді. Ал бұл өз кезегінде жұмыс жиілігін көтеруге мұмкіндік береді. Сол себепті барлық процессор өндірушілері өнімділікті арттыру үшін технологиялық нормаларды қаттырақ қылуға тырысады. Жақын арада ғана 0,35 микрон көрсеткіші стандарты көрсеткіш болып табылды, ал қазір процессорлар 0,25 және 0,18 микрон нормасымен даярланады.

 

 

Констуктив

 

 

Конструктив (Form factor) – құрылғыны құрылымдық

дайындау стандарты. Мысалы, аналық тақша немесе қоректендіру көзі.

 

 

Оперативті жад

 

Оперативті жад (Оперативная память) – процессорда орындалып жатқан программалар мен оларға қажетті мәліметтерді сақтайтын компьютердің жедел жады. Ол мәліметтерді оқу және жазу операцияларын орындайды, электрондық микросхемалардан тұрады, жұмыс істеу шапшаңдығы процессордың шапшаңдығымен шамалас.

Қазіргі таңда РС2001 спецификациясы бойынша мультимедиалық компьютердің оперативті жадының сыйымдылығы 64Мб кем болмауы тиіс.

Оперативті жад арнайы модульдерге жинақталған микросхема түрінде шығарылады. Бұл жад модульдердің максималды өткізгіштік қасиеті – 1066 Мб/с.

 

 

Бейнекарта

 

Бейнекарта (Видеокарта) – бейнекамера, бейнемагнитофон немесе кез келген басқа композитті сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.

 

 

Жұмысының ұйымдастырылуы және принципі

Қазіргі таңдағы бейнекарта өзіне мынадай компоненттерді қосады:

· SVGA-ядро (өзек).

· Ядро 2D -жеделдеткіш.

· Өңдеу ядросы 3D-графиканың.

· Бейнеядро.

· BIOS бейнесі.

· Жад контроллері.

· Бейнежад.

· Негізгі тораптың интерфейсі.

· RAMDAC-сандық аналогтық түрлендіргіш.

Соңғы компонент мониторда ақтық көріністің қалыптасуына жауапты. RAMDAC жиілігі бейнекартаның максималды рұқсаттың қандай жиілігінде кадрлық жайманы үзбей отыра алатынын айтады.(кестені қараңыз)

Қазіргі таңдағы RAMDAC 170 МГц-тен төмен емес жиілікпен болады.

 

Рұқсат (шешім) Жайма жиілігі, Гц.       800х600     1024х768     1200х1024
                         

 

RAMDAC разрядтылығы бейнеадаптердің қандай түстік кеңістікті қамтитынын айтады. Көптеген осы типтегі микросхемалар, бейнелеуде шамамен 16,7 млн. түсті қамтамасыз ететін, әрбір түс каналына 8 бит көрсетілімін қостап отырады.

 

 

Үшөлшемді графика

Кеңістіктік компьютерлік графика жиі үшөлшемді деп аталады, немесе 3D-графика деп аталады. Күнделікті өмірде біз күн сайын дерлік компьютерлік 3D-графиканың амалдарымен немесе үшөлшемді виртуальды модельдер негізінде (телевизиялық қыстырмалар мен жарнамалар, спецэффектілер, киноматографиядағы кейіпкерлер мен заттар және т.б.) құрылған объектілермен кездесеміз.

Әрине, көп жағдайларда көлемді графикамен мультимедиалық компьютерлерді қолданушылар соқтығысды. Көп жағдайларда бұл компьютерлік ойындар мен мультимедиалық қолданбалы программа.

Көлемді, шынайы кескінді жасау – жеңіл іс емес. Шындығында, бейнекартаға бірнеше қиын операцияларды орындауға тура келеді. 3D-жеделдеткіш әрбір үшөлшемді объектілерге тірек (негіз) құруға тиіс және кез-келген уақытта оны әрбір көрініс нүктесінен (жоғарыдан, жанына, қырынан) көрсетуге дайын болуы тиіс. Алайда, ең бастысы, экранда оның шынайы көлемін жаңадан жасау болып табылады.

Жаңадан көлемін жасау – ең қиын іс емес. Ең көлемді деген фигураның өзі, егер оған текстураны салмаса, түссіз және өңсіз көрінеді.

3D-жеделдеткіш өте бағалы, таптырмайтын болып табылатын үшінші аймақ – ойындық спецэффектілер: тұман, алау, жарылыстар, судағы немес айнадағы көрініс, көлеңкелер және т.б.

 

 

Форм-фактор

Қазіргі таңда бейнекартаның екі формфакторы бар – PCI және AGP.

PCI – Pentium II кезеңінен бұрын шығарылған, компьютерлерге арнлаған бейнекартаның ескірген стандарты. PCI форматында жасалған бейнекарталарды қазір өндіріске шығармайды. Алайда, әлі де болса оларды көптеген компьютерлерде кездестіруге болады.

AGP интерфейсі ескі PCI қарағанда, әлдеқайда тез. Ал ең бастысы бейнеадаптерге үшөлшемді ойындарға текстураларды орналастыруда компьютердің негізгі оперативті жадын қолдануға мүмкіндік береді. AGP форматында жасалған бейнекарталар үй қолданысындағы компьютерлерде PC 2001 стандарты бойынша орналасуы керек.

 

 

Монитор

 

Монитор – бейнелерді экранға шығаруды жасақтайтын аспаптан (мыс., электрондық сәулелік трубкадан) және ішкі схемалардан тұратын құрылғы. Оны кейде бейнеблок деп те атайды. Диалогтық дисплейге қарағанда, мониторда жедел енгізу және экранда ақпарат өңдеу құралдары болмайды. Ол пайдаланушыға экрандағы бейнені тек көріп-бақылауға мүмкіндік береді. Монитордың құрамына сәуле жарықтығын өзгертетін сигналдардың бейнекүшейткіштері, жайма генераторы, қоректендіру бөлшегі және оларды басқару схемалары кіреді. Ал кескін құрастыру бөлшегі дербес компьютердің басқа жерінде (жүйелік блогында) орналасады.

 

 

Электронды сәулелік трубкадағы мониторлар

Монитор параметрлері электронды-сәулелі трубкалардың сипаттамасымен және бейнеорактаны басқаратын элементтердің сапасымен анықталады. Және де негізгі жауапкершілік электронды-сәулелі трубкаларда. Әлемде электронды-сәулелі трубкаларды дайындайтын өндірушілер саусақпен санарлық. Ал, мониторлар жасайтын өзге фирмалар өздерінің өнімдеріне дайын электронды-сәулелі трубкаларды орналастырады. Өйткені, қазіргі таңдағы технологиялар негізінде трубкаларды меңгеру және оны дайындау өте күрделі және сол себепті электронды-сәулелі трубкаларды тек аса ірі өндірісшілер өндіреді.

Негізінен, ЭСТ құрылымы телевизиялық киноскоппен ұқсайды.

 

 

Қауіпсіздік пен электротұтыну стандарттары

Қазіргі таңдағы мониторлар медициналық, эргономикалық және экологиялық параметрлеріне, яғни қауіпсіздік стандарттарына сай болуы тиіс. Олар: MPR II, TCO 92, TCO 95, TCO 99. Монитормен ұзақ жұмыс барысында қорғаныс экрандарын пайдаланған жөн. Егер монитор жоғарыдағы стандарттардың біріне де сәйкес келмесе.

MPR II – сәуле шығарудың базалық стандарты болып есептеледі. Қазіргі таңдағы барлық мониторлар осы стандартқа сай болуы тиіс. Бұндай монитор болған жағдайда, қорғаныс экранының керегі жоқ.

TCO 92 – бұнымен сәйкестік монитордың толық түрде қауіпсіз екендігін білдіретін қауіпсіздік стандарты.

TCO 95 стандартында алғаш мониторларға эргономикалық және экологиялық талаптар қойыла бастады.

TCO 99 стандартында бұл талаптар күшейе түсті. Сонымен қатар, ТСО 99 стандартында көрініс сапасына және энергия тұтынуға өте қатты талаптар қойылды.

Сұйықкристалды мониторлар

Сұйықкристалды мониторлар – қазіргі кезде ең бір перспиктивалы. Көптеген жылдар бойына монитор өндірісшілері мониторлар рыногына үстел компьютерлеріне арналған оның негізінде жасалған құрылғыны шығармақшы болды.

1997 жылы рынокта диагоналі 13,3, 14 және 15 дюймді сұйықкристалды мониторлардың оншақты модельдері пайда болды.

Сұйықкристалды мониторларды екі түрлі технологиялар бойынша жасайды:

· Белсенді матрицалы мониторлар (TFT) – ең сапалы және ең қымбат. TFT-мониторларда түсті қадағалаудың арнайы жүйесі пайдаланылған. Бұндай жағдайда экранның әрбір ұсақ сұйықкристалды элементі пиксельдің өзінің қадағалаушысы, яғни тек пиксельге ғана командалар беретін арнайы транзисторлары бар. Сол себепті, TFT-мониторлардағы көрініс артынан із қалдырмай өте тез уақытта өзгеру қабілетіне ие.

· Белсенді емес матрицалы мониторлардың (DSTN) бұндай қабілеті жоқ. Соның салдарынан, көрініс біршама кешігумен өзгереді.

 

 

Қатқыл диск

 

Жедел жадымен салыстырғанда, қатқыл диск компьютердегі ақпаратты ұзақ уақытқа сақтауға арналған. Ақпарат бетінде магниттіжазушы головкілер ауысып тұратын бір немесе бірнеше дөңгелек қатпарлы магнитті пластиналарда сақталады.

Винчестерді сипаттайтын негізгі параметрлер – мегабайттармен немесе гигабайттармен өлшенетін оның сыйымдылығы. Тиімді жұмыс үшін мультимедиалық компьютердің 10 Гб-тан кем емес сыйымдылығы бар венчестері болуы тиіс

Қатыл дискінің параметрлері

 

Қазіргі таңдағы барлығы дерлік қатқыл дискілер магниторезисттік эффектілер пайдаланатын технология бойынша шығарылады.

Қазір IDE интерфейсті қатқыл дискілерге стандарт болып минутына 5400 айналыс табылады, ал SCSI интерфейсімен минутына 7200 айналыс стандарт ретінде қарастырылады.

 

Дыбыстық карта

 

Мультимедиалық компьютер сапалы дыбысты шығаруға міндетті.

Өзінен-өзі дыбыстық карталар дыбыс шығара алмайды. Сол себепті, дыбысты есту үшін дыбыстық карталарға колонкаларды қосу керек. Көптеген дыбыстық карталарда екі кіретін орын бар: сызықтық және микрофонға арналған; бір немесе екі кіру орны: колонкілерге және құлақшындарға.

 

 

Жұмысының құрылуы және қағидалары

Әрбір дыбыстық карта компьютерлік дыбыстың екі негізгі форматтарымен байланысты болады: сандық (Wave-формат) және синтезделген (MIDI). Демек, оның құрылысында мына дыбыс түрлерімен жұмысқа жауап беретін екі негізгі элементтер бар: сандық-аналогтық және аналогтық-сандық және синтезатор.

Сандық дыбысты фотосуретпен салыстыруға болады. Сандық дыбыс дегеніміз музыканың, адамның сөйлеген сөзінің және өзге де дыбыстардың дәл сандық көшірмесі. Дыбыстық картаның осындай дыбысын өндіру қағидасы магнитофон жұмысының қағидасына ұқсас. Бұндай жағдайда дыбыстық карта сандық дыбысты аналогтық формаға ауыстырады немесе керісінше аналогтық-сандық формаға өзгертеді.

Сандық дыбыс – компьютерлік дыбыстың қазіргі таңдағы негізгі стандарты болып табылады.

Егер сандық дыбысты фотосуретпен салыстыруға болатын болса, онда синтезделген (MIDI) дыбысты стандартты блоктардан жинақталатын құрылысқа теңеуге болады. Блоктар – қысқаша айтар болсақ, бұл қандай да бір инструментпен ойналған дыбыс. MIDI-музыканы ойнатқан кезде дыбыстық картаға сандық дыбыстық ағын емес, белгілі бір инструментпен қандай да болсын нотаны ойнауға мәжбүрлейтін командалар. Және, дыбыстық карта өзіне жіберілген кодтан бір музыканы құрастырады.

 

 

Негізгі сипаттамалар

Қазіргі күндегі дыбыстық карталар 16 және 20 разрядты болады. Бұл екі түрдегі карталардың бір бірінен айырмашылығы: 16-битті карталар жаман емес дыбыстың ойнауын қамтамасыз етеді және әр күнге есептелген дыбыстық карталар болып табылады, 20-биттік карталар арнайы мамандарға арналған.

Тағы бір дыбыстық карталардың маңызды сипаттамасы дыбыстың кванттаудың жиілігі. Жоғары сапалы стереодыбыс 44,1 кГц кем емес жиілікке ие болуы тиіс.

Толық қосқабаттылықтың болуы дыбыстық картаның дыбысты бір мезгілде ойнатып және жазып алатындығының көрінісі. Толық қосқабатты болып 1998 жылдан кейін шығарылған барлық карталар табылады.

 

 

Пернетақта

Пернетақта – әріптік-сандық ақпаратты енгізуге арналған, сонымен қатар, басқару қызметін атқаратын компьютердің сыртқы құрылғысы. Ол дербес компьютердің ажырамас бөлігі болып саналады. Windows 98 жүйесінің шығуымен, алғашында 101 пернелі болған пернетақта пернелері 104-ке көбейді.

Қазіргі таңда мультимедиалық деп аталатын пернетақталар да кездеседі. Оны бұл пернетақталардағы қосымша пернелер мен құрылғылардан байқаймыз. Пернелердің ішінен мынадай пернелерге назар аударайық: CD-ROM – ды басқаратын пернелер, сервис-провайдерге қосылуды инициализациялайтын перне және дыбысты реттеушіні басқаратын және өзге де пернелер. Қосымша құрылғыларға: трекбол, PMCIA интерфейсінің порты, сенсорлы панель, микрофон, және кейде динамикалар да кіреді.

 

Тінтуір

 

Қазіргі таңдағы әрбір компьютерді, әсіресе мультимедиалық компьютерді тінтуірсіз елестетуге болмайды. Бүгін күні адамдар тінтуірді перетақтамен салыстырғанда жиі пайдаланады. Тінтуірмен әріптер мен сандарды енгізуден өзге барлық операцияларды орындаймыз.

Тінтуірдің екі түрі болады: үш батырмалы және екі батырмалы. Қазіргі кезде екі батырмалы тінтуір жиі қолданылады. Себебі ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды.

 

 

Мультимедиалық компьютердің программалық бөлігі

 

Ең жетілген компьютердің өзі программалық қамсыздандырусыз қызмет етпейді. Сол себепті бұл бөлімді нақтырақ қарастырған жөн.

 

 

Операциялық жүйе

Операциялық жүйе – компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, дискжетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай прогрммаларын жазуға мүмкіндік туғызады. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар – тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің қалған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Мини-компьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйелер пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.

 

 

MCI – Media Control Interface

MCI Windows 9x маңайында жұмыс атқаратын мультимедиалық қолданбалы программаларға әртүрлі құрылғыларды басқаратын аппаратты дербес интерфейстерді таныстырады. Берілген интерфейс өздеріне жіберілген MCI-командаларды (play, pause, stop және т.б.) интерпретациялайтын және орындайтын құрылғы драйверлер деңгейінде сүйемелденеді. MCI командасында көптеген мультимедиалық компьютерлер үшін базалық командалар жинағы бар.

 

 

Компрессионды менеджерлер

Мультимедиялықақпараттарды (кескін, анимация, дыбыс) сақтау үшін үлкен талап етіледі. Көптеген жағдайларда ақпараттар комрессирленген түрде сақталады. Егер құрылғы аппараттық түрде компрессия мен декомпрессияны ұстамаса, бұл мәселені арнайы компрессионды менедюжерлер орындайды.

 

 

Кодек

Windows 9x аудио және виео ақпараттарды декомпрессия және компрессиялау үшін колектермен қатар қойылады. Сонымен қатар қосымша кодектерді орнату мүмкін.

Windows құрамына музыкалық және дауыстық сапаның аудио ақпараттарына бағытталған кодектер кіреді. Музыкалық кодектер (IMА ADPCM және Microsof ADPCM) CD – дыбыс сапасына жақын сапалы аудиоақпарттарды ұстайды және түпнұсқа кескінмен салыстырғанда төрт рет компрессирлеуге мүмкіндік береді. Дауыстық кодектер (Truespeech және GSM) біраз төменгі сапалы аудиоақпараттарды тиімді компрессрлеу үшін қолданылады. Соңғы уақыттарда MPEG – 1 bayer 3 кодекі үлкен танымалдылыққа ие болады. Соның көмегімен Audio CD – ге жақын дауысты он есе басуға болады.

Толық түсті 640х480 рұқсаты бар видеокөріністерді бір кадрға сақтау үшін 1Мб жуық қажет. Сөйтіп компрессрленбеген түрде видеоақпараттардың бір минуты 1Гб – жуық орынды алады. Қазіргі қатты дисктердің сыйымдылығы осы ыорматта видеоромк жазуға рұқсат берген күннің өзінде ешбір мықты видеокарта осындай ақпараттық ағымды қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан видеоақпараттарды компрессиялау үшін видеокодектерді қолдануға тура келеді. Өкінішке орай осыдан сапаның жоғалуы болады, алайда осы құрылғысыз роликті бір қаылыпты қосуды қаматамасыз етуге болмайды.

DСI – Display Control Interface

DСI (Display Control Interface – дисплеймен басқаруинтерфейсі) – бұл дисплей драйверімен жұмыс атқаратын интерфейс. Бұл Microsoft және Intel фирмаларымен бірлесе отырып құрастырылған. DCI – сәйкес келетін драверлер компьютерлік ойындармен және толық экранды видеақпараттарды қосу туралы әртүрлі бағдарламалармен қолданылады және тікелей экрандық буферден ақпарттарды жоғалтуға мүмкіндік береді. Бұл интерфес сонымен қатар қазіргі видеокарталарда таралған аппараттар қатарын қамтиды, оған қоса:

· Ақпараттық масштабтау. Егер осы мүмкіндік видеапарат арқылы орындалатын болса, ендеше көлемін өзгерту үшін орталық процессор ресурсы қажет болмайды.

· Видеоақпаратты жақсы қабылдауды қамтамасыз ету үшін YUV-RGB түстерін қайта құру.

· Екі есе буферлеу. Ол беттерді өшіру кезінде экрандық буферлерді аппараттық ауыстыру үшін қолданылады.

· Асинхрондық бейне. Екі есе буферлеумен бірге экрандық буферге ақпараттар шешімінің аса жылдамдығын қамтамасыз етеді.

 

 

Қолданбалы мультимедиалық бағдарлама

 

Қолданбалы бөліміне мультимедиалық компьютердің қарапайым тұтынушысы қолданатын мультимедиалық қосымшаларды жатқызамыз. Бірінші кезекте, бұл қосымшаларға компьютерлің ойындар жатады.

 

 

Компьютерлік ойындар

Мультимедиалық қолданбалы программалардың ішінде бірінші болып қолданысқа енгені компьютерлік ойындар. Дәл осы ойындар мультимедианың барлық артықшылықтарын түгелімен пайдаланатын кеңінен тараған программалық өнім болып табылады.

Компьютерлік ойындар әлемінде өзгеріске әкелген болып үшөлшемді графиканы пайдаланатын 3D-ойындар саналады. Ойындарда компьютердің аппараттық бөлігінің барлық мүмкіндіктерімен объектілердің растығын байланыстыру қажет, қажетті жылдамдықты көп бейнежүйелердің жақсы сапалығының негізінде қамтамасыз ету, объектілердің шынайы сипаттамасымен қатар ойыннан қалатын көзқарастарды да қарастыру.

Компьютерлік ойындарда тиімді болып секундына 50 кадрдан көп көріністің орташа жылдамдығы саналады. Алайда, бөлек кадрлар бұл қатардан түсіп қалуы мүмкін. Егер сонымен қатар жылдамдық 25 кадрдан төменге түссе, көрініс қанағаттандырарлықсыз болады.

Ойындарда мамандандырылған программаларға қарағанда, барлық үшөлшемді объектілер полигондар, яғни көпбұрыштар негізінде құрылады. Бұндай элементтердің саны үшөлшемді сахналарда көп болса, соншама оның шынайырақ көрінеді.

 

орытынды

 

Сонымен, «мультимедиалық компьютер» дегеніміз не?

Ең бірінші, бұл үй жағдайына, оқуға және көңіл көтеруге арналған компьютер. Өйткені, офистерде мультимедиалық компьютерлерді қолдану, оның қымбыттылығына байланысты қайтарымсыз қаржы жұмсау болып табылатыны сөзсіз.

Екіншіден, мультимедиалық компьютер негізгі мынадай мультимедиалық құрылғыларды иелену тиіс:

· AGP слотымен қондырылатын, телевизиялық тюнері және MPEG аппараттық кодекі бар 3D-жеделдеткішті бейнекарта. Direct3D кітапханасының міндетті қамсыздандыруы. RAMDAC жиілігі 170 МГц-тен кем болмауы және әр каналда 8 биттен кем емес түс тереңдігі.

· CD-ROM компакт-дискілеріне арналған дискжетектері.

· DVD приводының болуы.

· PCI форм-факторының 44 кГц-тен кем емес кванттығының жиілігі бар 16-битті дыбыстық карта.

Үшіншіден, компьютерде барлық мультимедиалық құрылымдардың жұмысын қамтамасыз ететін операциялық жүйенің орнатылуы тиіс.

Сонымен, мультимедиалық компьютер – әр түрлі дыбыстарды, музыканы, бейнеклиптерді ойнататын және графикалық кескіндерді көруге мүмкіндігі бар, яғни мультимедиалық программалардың қызметін толық қамсыздандыратын компьютер.

 

еще рефераты
Еще работы по информатике