Лекция: Excel электрондық кестесінің құрылымы.

Exsel құжатты (өңдеу объектісі) кеңейтуі xls, ал Excel-2007-ден бастап xlsx болатын еркін есімді файл. Exsel терминдерінде осындай файл жұмыс кітабы деп аталады. Әрбір жұмыс кітабында әрқайсысы жұмыс парағы деп аталатын 1 ден 255-ке дейін электронды кестелер бола алады. Еxcel кестелік процессорын бірінші рет ашқанда жұмыс кітабы 3 парақтан тұрады.

Пайдаланушы түсінігінде Exsel электронды кестесі компьютер жадысында орналасқан бағандар мен жолдардан тұрады. Жолдар 1-ден басталатын бүтін арап сандарымен есімделіп нөмірленген және жатық бағытта орналасады, ал бағаналар латын алфавитінің А, В,,…Z, AA. AB,...IY,...,XFD әріптерімен есімделіп белгіленген және тік бағытта орналасады. Бағана мен жолдың қиылысуында кестенің негізгі құрылымдық элементі – ұяшық(тор) орналасады. Кезкелген ұяшыққа алғашқы берілгендерді, сан не мәтінді, сондай-ақ деректердің туындысын есептеуге формула енгізуге болады. Бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге болады.

Кестенің қажетті ұяшығын көрсету үшін адрес (есім) қолданылады. Ол адрес осы қиылысуларында ұяшық тудыратын баған мен жол есімдерінен тұрады. Ұяшық есімінде бірінші баған есімі, сонан соң жол есімі жазылады, мысалы, А1, Р8, С24, АА2 және т.б. Кейбір кестелі процессорларда адрес — ұяшықтың координаттары деп аталады. Ескерту. Бағанның әріпті белгіленулері алфавит бойынша орналасады. Бұл белгілену санды нөмір сияқты үлкеюі (алфавиттің бастапқы әрпінен соңғысына қарай), не кішіреюі де (алфавиттің соңғы әрпінен бастапқысына қарай) мүмкін. Сондықтан баған белгіленуі нөмір деп айтауға да болады..

Баған нөмері мен жол нөмерінен құрылған ұяшықтың белгіленуін (А5, В7 т.б.) салыстырмалы адрес немесе жай ғана адрес деп айтады. Көшірме алу әрекеттерін орындағанда Excel формулада бұл адресті автоматты түрде өзгертеді. Көп жағдайларда мұндай өзгерістер қателік көзі болып табылады. Қарастырылып отырған ұяшықтың адресін автоматты түрде өзгеруін болдырмау үшн, ол ұяшыққа абсолютті адрес тағайындауға болады. Ол үшін бағана мен жол нөмірлерінің алдында доллар “$” белгісін қою қажет. Мысалы, $A5 деген адресте бағана нөмірі, B$7 адресінде жол нөмері, ал $P$12 адресінде бағанның да жолдың да нөмірлері өзгермейді.

Көп жағдайларда жеке ұяшық емес, олардың жиынтығымен жұмыс жүргізу қажет болады. Ондай жағдайларда ұяшықтардың диапазонын (жиынтығын) бастапқы және соңғы ұяшықтар адрестерін қос нүктемен бөліп көрсетеді. Мысалы, А7: Е7 деген белгі 7-ші жолдағы A, B, C, D, E ұяшықтарын адрестейді, ал В3: В6 белгісі В бағанындағы 3, 4, 5, 6 ұяшықтарды адрестейді.

Бірнеше бағандар мен бірнеше жолдардан тұратын, ұяшықтар блогын да диапазон арқылы белгілеуге болады. Мысалы, C6:G9 горизонталь бағытта C,D,E,F,G бағандары, вертикаль бағытта 6,7,8,9 жолдары бар төртбұрышты білдіреді.

Excel-дің жұмыс парағындағы кесте өлшемдері өте көп мәліметтерді өңдеуге мүмкіндік береді. Бірақ іс жүзінде кесенің тек жоғарғы сол жақ бөлігі ғана пайдалынады. (сурет 1).

еще рефераты
Еще работы по информатике