Лекция: Бағдарламаны ұйымдастыру

Паскаль, (Турбо Паскаль) тілінде жазылған бағдарлама:

— бағдарлама тақырыбы жолынан – бағдарлама есімін жариялау,

— сипаттамалар бөлімінен (раздела описания),

— орындалушы операторлар бөлімінен (раздела исполняемых операторов),

— бағдарламаның аяқталуын көрсету

Бөлімдерінен тұрады.

Әр бағдарлама қордағы «Program» сөзімен басталады. Бұл сөз бағдарлама есімін енгізу үшін ғана қолданылады. Бұл сөзден соң латын әріптерімен жазылған және бағдарламаның негізін білдіретін есім жазылады. Мысалы:

Program delenie (input, output);. Мұнда «delenie» деген сөз бағдарламаның есімі. Іnput, output- сөздері бағдарламада енгізу және шығару элементтері қолданылатынын білдіреді.

Бағдарлама есімі бос орынсыз жазылуы керек. Бұл бөлімді жазбауға да болады.

Паскаль тілінде әр оператордың немесе сипаттаманың соңы нүктелі үтірмен көрсетілуі керек.

Сипаттамалар бөлімінде міндетті түрде орындалушы операторларда қолданылатын стандартты емес идентификаторлардың (есімдердің) қандай типке жататыны көрсетілуі керек. Бұл бөлім константаларды көрсететін және айнымалыларды сипаттайдын бөлімдерден тұруы мүмкін. Типтерді және объектілерді сипаттау қордағы TYPE –типтерді көрсету, BOOLEAN логикалық типті көрсету, CONST – константаларды көрсету, VAR – айнымалыларды сипаттау, LABEL – белгілерді сипаттау сыяқты сөздерден басталуы керек.

Жалпы түрде айнымалыларды сипаттау мынандай түрде жазылады:

VAR V1, V2, V3,... Vn: T; мұнда V1, V2, V3,... Vn – айнымалылар есімдері, T– тип.

Айнымалылар есімдері (идентификаторлар), тізімінен соң, тип атауының алдынан қос нүкте қойылады. Мысалы

const d=3; var a,b:integer; s:real;   d шамасы integer константа.     a және b айнымалылары integer. s айнымалысы real типті шама.

Орындалушы операторлар бөлімінде есепті шығаруға қажетті барлық операторлар: деректерді енгізу, есептеу (математикалық және логикалық функциялар мен процедуралар, модульдер) және нәтижені шығару енеді.

 

Turbo Pasсal тілінде логикалық типте берілгендер. Логикалық өрнектер. Логикалық тұрақтыларды көрсету. Логикалық өрнектерді құру үшін қолданылатын әрекеттер.

еще рефераты
Еще работы по информатике