Лекция: Архитектура» түсінігінің анықтамасы. Микропроцессордың негізгі сипаттамалары.

3. Микропроцессордың негізгі сипаттамалары.

Микропроцессор сипатталынады:

1) тактілік жиілікпен, ол ЭЕМ-дағы элементтердің қосылуының максимал орындалу уақытын анықтайды;

2) разрядтілікпен, яғни бір уақытта өңделінетін екілік разрядтардың максимал санымен.

МП-дың разрядтілігінің белгіленуі: m/n/k/, мұндағы

m — ішкі регистрлердің разрядтілігі, процессорлардың қай класқа жататынын анықтайды;

n — мәліметтер шинасының разрядтілігі, ақпараттың берілу жылдамдығын анықтайды;

k — адрес шинасының разрядтілігі, адрестік кеңістіктің өлшемін анықтайды. Мысалы, i8088 МП-ры мына мәндермен сипатталады m/n/k=16/8/20;

3) архитектурамен.

Микропроцессордың архитектура түсінігіне кіретіндері: әмірлер жиыны мен адресациялау әдістері, әмірлердің уақыт бойынша орындалуын сәйкестендіру мүмкіндігі, микропроцессор құрамында қосымша қодырғылардың бар болуы, оның жұмыс тәсілі мен режимі.

Микроархитектура және макроархитектура ұғымдарын ерекшелейді.

Микропроцессордың микроархитектурасы – ол микропроцессордың аппараттық ұйымы және логикалық құрылымы, регистрлер, басқарушы сызбалар, арифметика-логикалық қондырғылар, еске сақтау қондырғылары мен оларды байланыстыратын ақпараттық ма-

гистральдар.

Макроархитектура – ол әмірлер жүйесі, өңделетін мәліметтердің түрлері, микропроцессор-

дың адресациялау режимі мен жұмыс істеу тәсілі.

еще рефераты
Еще работы по информатике