Лекция: Аймақтық және жергілікті желілер. Жергілікті желілермен жұмыс. Аймақты желілер. Интернетте жұмыс.

Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер (локальді) жергілікті деп аталады да бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Мұндай желілер ортақ ресурстарды (дискжетек, принтер, сканер және басқа қымбат құрылғылар) тиімді пайдалану мaқcaтында құрылады.

Компьютер желіге желілік тақта (сетевая плата), модем немесе жоғарғы жылдамдықты сандық телефондық қызмет (ISDN) торабы арқылы қосылады. Компьютерді желіге телефон желісі арқылы қосу желілік тақта емес, модем қажет.

Жергілікті есептеуіш желілер — саны шектеулі (әдетте 100-ге дейін) компьютерлерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті есептеуіш желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.б компьютерлерді біріктіреді. Мекемелердегі жергілікті желі әртүрлі бөлімдер мен қызметкерлер арасында тығыз ақпараттық технологиялық байланыс орнату үшін құрылады. Жергілікті желі құрудағы себеп -. өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу. Ірі мекемелерде автоматтандырылған жұмыс орындары, өлшеу кешендері мен басқару бөлімдерінен тұратын автоматтандырылған басқару жүйелері жұмыс істейді.

Жергілікті желіге қосылған компьютерлер бір-бірімен қысқа жиілік байланыс желісімен (әдетте он, жүз метр) біріктірілген. Сондықтан жергілікті желі арқылы сандық ақпаратты жоғары жылдамдықпен беруге болады. Ақпараттың берілуі сапалы болу ушін байланыс желісі өте ұзын болмауы керек. Желі ұзын болған сайын сисналдың өтуі мен бөгелу шамасы артып кетеді. Кәдімгі кабельді қолданғанда желінің ұзындығы 2-2,5 км-ден аспауы керек, арнайы қондырғыларды (сәулелік-талшықты кабель, электромагниттік шығарғыш пен қабылдағыш және т.б.) қолдану нәтижесінде бұл арақашықтықты арттыруға болады.

Жергілікті желі топологиясы.

Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады. Байланыстыру топологиясьшың бірнеше түрі бар.

1. Ең қарапайым топология түрі — шина ( 1-сурет). Мұндай желіде барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады. Шиналы топологияның пайдалы жағы, біріншіден, бір не бірнеше компьютердің істен шығуы желінің жұмысына кедергі жасамайды, екіншіден, желілердің ішіндегі ең арзаны. Мұндай желіде барлық компьютерлер біршенді. Шиналы топологияның жағымсыз жағы онда қолданылатын кабель ұзындығы шектеулі, себебі кабель неғұрлым ұзын болса соғұрлым электр сигналының өшу дәрежесі үлкен болады, сондықтан белгілі бір арақашықтықтан бастап сигнал толық өшіп қалу қауіпі бар.

2. Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түрінде кабельге жалғанады (2-сурет). Мұндай желі өте ыңғайсыз бір компьютердің бүлінуі бүкіл желінің істен шығуына әкеледі. Бұл желіде де компьютерлер бір шенді.

3. Жұмыс тобы деп аталатын компьютерлердің әрқайсысы тікелей бір компьютерге жалғанған желі топологиясын жұлдыз деп атайды (сурет 3). Желіге қосылған балық абоненттердің қорын бірлесіп пайдалануға арналған орталық компьютер файлдық сервер намесе жай ғана сервер деп аталады. Жұмыс тобы компьютерлерінің бірі не бірнешеуінің істен шығуы желінің жұмысына кедергі келтірмейді. Осы желі қазіргі кезде қолданылатын желілер негізі болып табылады.

4. Бірнеше жұмыс тобы серверлерінің орталық серверге қосылуы арқылы құрылған желіні ақшақарлы топология (сурет 4) деп атайды.

Құрылғылардың құрамы мен программалық жабдығы топологияға байланысты анықталады. Желі топологиясын мекеменің қажетіне қарай таңдап алады. Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабаттағы жеке серверлерін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер бөлінген ақшақар сызбасы ең тиімді топология болады..

Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері:

— ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдаланушылардың қандай да бір дерекпен жұмыс істеуі;

— бірнеше пайдаланушылар қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;

— электрондық пошта мен топтың жоспарлауды пайдаланатын пайдаланушылардың ұжымда жұмыс істеуі мен құжат айналымы; желілік принтерлерді бірлесіп пайдалану;

— Интернетке қосылу мүмкіндігі;

— ақпараттың резервтік көшірмесін алу және орталықтандырылған қорғау. (централизованная защита)

Ортақ деректер базасының каталогі, желілік ресурстар мен бірыңғай қорғаныс саясатын бөлісудің орталықтандырылған тәсілі бар компьютерлер тобы домен деп аталады.

Әрбір доменге жеке ат беріледі. Доменнің деректер базасы каталогі домен бақылаушысында (контроллер) сақталады. Әрбір доменде тек бір ғана негізгі бақылаушы болады. Мүмкіндігінше бір немесе бірнеше резервтік домен бақылаушы болғаны дұрыс.

АУҚЫМДЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР

Көптеген жергілікті желілердің қосылуы желі аралық бірлестік тудырады және аймақтық желілерді құрады. Мұндайт желілер бір бірінен алшақ орналасқан қолданушыларды байланыстырады. Аймақтық желіге мысал ретінде үлкен қала ішіндегі, экономиялық аймақтағы, жеке мемлекеттегі желілерді келтіруге болады. Аймақтық есептеу желі абонентерінің бір бірінен қашықтығы он – жүздеген шақырым болады. Әртүрлі аймақтардағы желілер әртүрлі хаттамалармен жұмыс істеуі мүмкін. Мысалы, бір елде білім министрлігінің өзінің ұлттық желісі, ал әділет министрлігінің өзінің желісі болуы мүмкін және бұл желілер бүкіл ел ішіне таралып бір бірімен қилыспауы да мүмкін.

Көптеген аймақтық желілердің қосылуынан ауқымды желі пайда болады. Ауқымды желілер әртүрлі елдердегі, әртүрлі континенттердегі, жер жүзінің кезкелген жерлеріндегі желі абоненттерін байланыстырады, яғни бүкіл жер жүзін қамтиды. Мұндай желіде қолданушылар арасындағы өзара байланыс арнайы байланыс кабельдерімен бірге кәдімгі байланыс құрылғылары, телефон желісі, радиостанциялар, талшықты оптикалық желі, ғарыштық серік байланысы т.б. қолданылуы арқылы жүзеге асады. Ауқымды желілер бүкіл адамзаттың тудырған ақпараттық қорларын біріктіру үрдісін және осы қорларға жетуді ұйымдастыру мәселелерін шешуге мүмкіндік тудырды.

Деректер қорын басқару жүйесі. Ақпараттық жүйелер жөнінде түсінік. Деректер қоры және деректер қорының негізгі түсініктері.

1. Ақпараттық жүйелер туралы түсінік.

Объектер мен қоршаған ортадағы құбылыстар жөніндегі деректердің өте үлкен құрылымдастырылған массивтерін және оларды ұйымдастыру мен өңдеуге қажетті бағдарламалық аспаптарымен бірге ақпараттық жүйе (АЖ) деп аталады.

Ақпараттық жүйелерді екі түрге бөлуге болады: фактографиялық және құжаттық.

Фактографиялық АЖ-лерде қарастырылатын объектер жөнінде нақтылы деректерді тіркеледі. Мұндай жүйелерде барлық мәліметтер компьютерге алдын ала келісілген түрде енгізіледі (мысалы, уақыт: КК.АА.ЖЖЖЖ – күн, ай, жыл). Фактографиялық АЖ-лерде ақпарат анық құрылымды, сондықтан олар деректерді бір бірінен айыруға мүмкіндік береді (мысалы, адамның аты-жөнін мәнсабынан, туған күнін бойынан, т.т.с.с.). Осы себептен фактографиялық АЖ-лер қойылған сұраққа бір мәнді жауап береді.

Құжаттық АЖ-лер, берілген сұраққа бір мәнді жауап беруді ұйғармайтын, басқа принципті есептерді шығаруға қолданылады. Мұндай жүйелердің деректер қоры іздеу әдістері анықталған құрылымдалмаған мәтіндік құжаттардың (мақала, кітап, реферат және тағы басқа) және графикалық, содай ақ дыбыстық объектілердің жиынтықтарынан тұрады. Жүйенің мақсаты қолданушының сұранысына, ондағы шарттарды қанағаттандыратындай, құжаттар мен объектілердің тізімін беру.

2. Деректер қоры және оның негізгі түсініктері.

Ақпараттық жүйенің негізі, яғни оның өңдеу объектісі, деректер қоры (ДҚ). Деректер қоры бұл сөздің кең мағанасында – ол белгілі бір пәндік (заттық) ауданда дүниеде бар нақтылы объектілер жөніндегі мәліметтер жиынтығы.

Объект, атрибут және байланыс АЖ-нің негізгі ұғымдары. ДҚ-нда жиі деректі атрибут деп, ал объектіні – мән деп атайды.

Объект (мән) – ол есімі бар және ұқсастарды бір бірінен айыруға болатын бірдеңе, яғни дүниеде бар және айырыла танылатын әлдебірдеңе. Объект ретінде адамдарды, мектептегі сыныптарды, фирмаларды, қоспаларды, химиялық қосылыстарды және тағы басқаларды қарастыруға болады. Көгалда ұшып жүрген көбелекті объек деп қарастыруға болады, егер бір көбелекті екіншісінен айыра тану әдісі белгілі болса. Ондай әдіс болмаса көбелек объект бола алмайды. Объект тек материалдық заттар ғана емес, тіршілікті көрсететін абстракты ұғымдар да бола алады. Мысалы, уақиғалар, аймақ, мәдениет шығармалары, заң қағидалары, философиялық ағымдар және тағы басқалар.

Барлық ұқсас объектер тобы объектер жиынтығын құрады. Жиынтықтағы бір нақты объект – объектінің данасы (экземпляры) деп аталады. АЖ, объектінің атрибутының (дерегінің) нақты мәнін пайдаланып, объектілер жиынтығымен әртүрлі әрекеттер жүргізеді. АЖ-ні пайдаланушы объектер жиынтығын, есептің мағынасына және деректерді топтастыру әдісіне байланысты, еркін құрастырады.

Атрибут (дерек) – объектіні сипаттайтын және объектінің данасы үшін небір сандық, мәтіндік және басқадай мән алатын көрсеткіш. ДҚ-ы теориясында “Атрибут” терминінің орнына көбінесе “Атрибут домені” деген ұғым қолданылады. Домен – бір атрибут үшін мүмкін мәндер жиынтығы. Атрибут үшін мүмкін мәндер тізімін классификатор ( словарь – сөздік, справочник – анықтама) деп атайды. Классификатордағы атрибуттың кезкелген мәнін белгілі бір объектер жиынтығының данасы (экземпляр) деп қарастыруға болады. Мысалы, ел, осы елдің азаматы болып табылатын адам үшін, атрибут болып табылады. Екінші жағынан ел “Ел” жиынтығында объект болады да, жер көлемі, саяси құрылымы, халқы, мемлекет басшысы және тағы басқалар оның атрибуттарының тізіміне кіреді.

Кейде объект үшін бір атрибут бірнеше мән қабылдауы мүмкін. Мысалы, бір фирма бірнеше түрлі өнімдер шығарады. Мұндай атрибуттар қайталанушы топтарды құрастырады.

Атрибуттың (деректің) түрі мен мәнін көрсетудің алдын ала келісілген әдісін қоолданып, компьютер мұқтаждығына бейімдеу процессін ақпаратты құрылымдастыру (структурирование) деп атауға болады.

Деректі (атрибутты) таңдағанда оған нақты есім беру керек және оны жүйеге мәлімдеу керек. Осы есім көмегімен деректер мәнімен әтүрлі әрекеттер жүргізуге болады.

Деректер қорын басқару жүйесі. Ақпараттық жүйедегі деректер түрлері және олардың мүмкін мәндері. Реляциялық деректер қорының негізгі түсініктері.

3. АЖ-леріндегі деректер түрі.

Ақпараттық жүйелерінде әртүрлі деректер түрі қолданылады.

1) Мәтіндік деректер – саны 255-тен аспайтын әр түрлі символдардың (әріп, сан, белгі жиынтығынан тұрады. Осындай деректер кестенің хабарлық көрнектілігін арттырады: а) мәтін түрінде адамдардың тегі, қызметі, фирмалардың және олардың өнімдерінің есімдері; б) мәтін мен сандар тіркестіктерінен тұратын мәліметтер, мысалы, адрес, в) сонымен қатар есептеуді қажет етпейтін сандар, мысалы, телефон нөмірі, инвентарлық нөмір, пошта индексі. Сондықтан мәтіндік өріс үшін өріс өлшемін – қарастырып отырған жағдайда өріске енгізуге болатын символдардың максимал саны (1 не 2, не 3,…, не 20,…, не 30,…, не 40 ж.т.б. 255-ке дейін) түрінде көрсетілуі керек.

2) Деректердің МЕМО түрінде ұзындығы 65 535 символға дейін болатын ұзын мәтін не сан, мысалы, ескертулер мен сипаттамалар, енгізуге болады.

3) Сандық деректер. Бұл түрдегі деректер мәндерімен арифметикалық әрекеттер жүргізуге болатын атрибуттарды көрсету үшін қолданылады. Сандық деректердің қосымша сипаттамалары болады:

— байт (ақпараттық көлемі 1 байт) – 0-ден 255-ке дейінгі бүтін санды енгізуге рұхсат етеді;

— бүтін (целое — ақпараттық көлемі 2 байт) – -32768-ден 32767-ке дейінгі бүтін санды енгізуге рұхсат етеді;

— ұзын бүтін (длинное целое — ақпараттық көлемі 4 байт) – -2147483648-ден 2147483647-ке дейінгі бүтін санды енгізуге рұхсат етеді;

— дара жүзуші нүктемен (одинарное с плавающей точкой — ақпараттық көлемі 4 байт) – -3,402823Е-38-ден 3,402823Е38-ке дейінгі қарапайым дәлдікті ондық бөлшек түріндегі санды енгізуге рұхсат етеді (санның мантиссасы жеті орыннан артпауы керек, мантиссадан соң Е белгісі қойылады, одан соң онның дәрежесін көрсететін бүтін сан жазылады. Мұндағы Е көбейту 10-ның дәрежесіне деген ұғым береді);

— қос жүзуші нүктемен (двойное с плавающей точкой — ақпараттық көлемі 8 байт) – -1,79769313486231Е-308-ден 1,79769313486231Е308-ге дейінгі екі еселі дәлдікті ондық бөлшек түріндегі санды енгізуге рұхсат етеді (санның мантиссасы он бес орыннан артпауы керек, мантиссадан соң Е белгісі қойылады, одан соң онның дәрежесін көрсететін бүтін сан жазылады).

— репликация коды (код репликации) – ақпараттық көлемі 16 байтқа дейін болатын сандарды енгізуге арналады.

— нақты (действительное) – дерек мәні жорамал болмауы керек.

4) Уақыт түріндегі деректер. Уақыт түріндегі деректер машиналық пішін (мысалы, КК.АА.ЖЖЖЖ – күн, ай, жыл, немесе СС.ММ – сағат, минут) түрінде көрсетіледі. Уақыт түріндегі деректер мәтіндік деректердің бір түрі болып көрінеді, бірақта деректерді осындай түрде көрсетудің мынандай ерекшеліктері бар:

 АЖ уақытты көрсетуге күшті бақылау жүргізеді, мысалы, ай мәні 01 мен 12 арасында ғана болуы керек;

 әр елдің дәстүріне байланысты уақытты көрсету түрін автоматтандырады;

 уақыт көрсеткіштерімен математикалық амалдарды орындау жеңілдендіреді.

Уақыт түріндегі деректердің көрсетілу түрі:

— күннің толық пішімі (полный формат даты): жазылу түрі, мысалы, 19.06.2012 17:34:23;

— күннің ұзын пішімі (длинный формат даты): жазылу түрі, мысалы, 19 июня 2012 г.;

— күннің орта пішімі (средний формат даты): жазылу түрі, мысалы, 19-июн-2012;

— күннің қысқа пішімі (краткий формат даты): жазылу түрі, мысалы, 19.06.2012;

— уақыттың толық пішімі (полный формат даты): жазылу түрі, мысалы, 17:34:23;

— уақыттың орта пішімі (полный формат даты): жазылу түрі, мысалы, 5:34;

— уақыттың қысқа пішімі (полный формат даты): жазылу түрі, мысалы, 17:34.

5) Деректердің Ақша (“Денежный”) түрі алдын ала келісілген валюта белгілері көрсетіледі. Ақшаны ондай келісілген түрде көрсету есептеу кезінде дөңгелету жүргізбеу үшін қолданылады және ақша мәнінде бүтін бөлігінде 15 цифр, ал бөлшек бөлігінде төрт санға дейін көрсетіледі. Ақша қасиетінің көрсетілу түрлері:

— Негізгі (Основной) – ондық бөлшек түріндегі нақты сан;

— Ақшалық (Денежный) – алдын ала келісілген ақша бірлігімен көрсетілген ондық бөлшек түріндегі сан;

— Евро – ақша бірлігі евро мен алынған ондық бөлшек түріндегі сан;

— Фиксированный – цифрлар тізбектей жазылған ондық бөлшек түріндегі сан;

— Разрядты бөлгішпен (С разделителями разрядов) – үтірден солға қарай үш орыннан бөлініп көрсетілген ондық бөлшек түріндегі сан;

— Пайыздық (Процентный) – пайыз түрінде көрсетілген ондық бөлшек түріндегі сан;

— Экспоненциалды – бүтін бөлігі бір орынды саннан тұратын және сан мантиссасынан соң Е белгісі мен 10-ның дәрежесі берілетін сан.

6) Деректердің санауыш түрі өрістер қасиетінде

— Ұзын бүтін (Длинное целое) – 2 147 483 647-ге дейін 1-ге өсіп тұратын рет санын автоматты түрде шығаруға қолданылады;

— Репликация коды – ақпараттық көлемі 16 байтқа дейінгі сандарды енгізуге қолданылады.

7) Логикалық деректер бір біріне қайшы келетін екі мәннің бірін: “аққиқат” не “жалған” – қабылдайды. Сондықтан мұндай деректерді “Иә” не “Жоқ” мәндердің бірін қабылдайтын атрибуттар үшін қолданылады.

Логикалық деректер түрі өрісіне енгізілетін мәндер: Ақиқат (Истина) не Жалған (Ложь), Иә (Да) не Жоқ (Нет), Қосылған (Вкл) не Ажыратылған (Выкл) – бірін бірі жоққа шығаратын екі мәннің бірінен тұрады.

8) OLE объект өрісі. Мұндай деректердің мәні кезкелген OLE объект (графика, дыбыс, видео) бола алады.

OLE өрісіне енгізілетін объектер, Windows ортасының басқа қолданбалармен құрылған, OLE хаттамасын қолданушы, мысалы, Microsoft Word құжаты, Microsoft Excel электрондық кестесі, сурет, дыбыс және басқа ақпараттық көлемі 1 гигабайттан артпайтын деректер.

9) “Гиперссылка” түріндегі деректер қажетті құжатты көру үшін, оған жету жолын көрсету.

10) Ішіне салу(Вложение) түріндегі деректер басқа бағдарламалармен жасалған деректерді: сурет, кескін, екілік файлдар, Office файлдары, бірақ оларға қандайда болмасын жолмен мәтіндік не сандық деректер енгізуге болмайды.

11) Ауыстыру шебері (Мастер подстановок) деректер түрі болып табылмайды. Ол екі түрлі тізіміді енгізуге қолданылады: мәндер тізімі және алмастыру өрістері.

Деректер өрістерінің мынандай қасиеттері бар:

• Өріс өлшемі (Размер поля) үшін «Мәтіндік», «Сандық» не «Санауыш» түрлері үшін деректер өлшемінің максимал мәні көрсетілуі керек. Бірақ жұмыс өнімділігі үшін жеткілікті кіші мәнді беруге тырысу қажет.

• Өріс пішімі (Формат поля) үшін негізінінен үнсіз келісім бойынша деп көрсету дұрыс. Бірақ күн/уақыт түрі үшін қажет пішінді таңдау керек.

• Ондық белгі сандары (Число десятичных знаков) санның бөлшек бөлігіне тиісті орын саны көрсетіледі.

• Енгізу маскасы (Маска ввода) деректерді енгізуде көмектесетін белгілер көрсетіледі.

• Қол қою (подпись) қалып, есеп не сұраныстарда шығарылатын мәтін жазылады.

• Мән үнсіз келісім бойынша (Значение по умолчанию) көрсетілген мән жаңа жазулар қосқанда өріске автоматты түрде меншіктеледі.

• Мәнге шарт (Условие на значение) өрістегі мән үшін нәтижесі ақиқат болатын өрнек енгізіледі.

• Қате жөнінде мәлімет (Сообщение об ошибке) енгізілген мән дерек түріне не оның қасиеттеріне сай келмегенде шығуға тиіс мәлімет енгізіледі.

• Міндетті өріс (Обязательное поле) бұл қасиет өріске дерек енгізілуі қажеттілігін көрсетеді: иә (да) болса міндетті түрде дерек енгізілуі керек, жоқ (нет) болса өріс ұяшығына дерек енгізу міндетті емес.

• Индекстелген өріс (Индексированное поле) индекс қою өрістегі деректерге жылдам жетуге мүмкіндік береді.

• Смарт-тегтер (Смарт-теги) өріске ондағы мәнді ерекше белгілеу қосу үшін қолданылады.

• Мәтінді тегістеу (Выравнивание текста) үнсіз келісім бойынша мәтінді тегістеу әдісін көрсетіледі.

• Бос жолдар (Пустые строки) егер бұл қасиетке «Иә» (Да) мәні енгізілсе мәтіндік және МЕМО өрістеріне бос жолдар («») енгізуге болады.

• Юникод сығуы (Сжатие Юникод) өрістегі мәтін 4096 символдан аз болса оны сығу қажеттілігін білдіреді.

• IME режимі (Режим IME) бұл қасиет Windowsтың шығыс азиялық түрдегі белгілерді түрлендіруді басқарады.

• IME сөйлемдер режимі (Режим предложений IME) бұл қасиет Windowsтың шығыс азиялық түрдегі сөйлемдерді түрлендіруді басқарады.

4. Деректер құрылымы.

АЖ-лерде деректер құрылымы иерархиялық (бұтақты), реляциялық және желілік түрде кездесуі мүмкін.

Деректердің иерархиялық (бұтақты) құрылымында бастапқы элементтер басқа элементтерді тудырады, бұл элементтер келесі элементтерді тудырады және әрбір туған элементтің тек қана бірақ тудырушы элементі болады.

Жүйелік құрылым күрделілеу құрылым, мұнда да әрбір элемент келесі элементті тудырады және әрбір тудырылған элементтің екі және одан көп тудырушысы болады.

Екі өлшемдік кестелерден тұратын деректер қорын реляциялық құрылымды делінеді. Реляциялық қарастырудағы негізгі мақсат кезкелген құрылымдағы деректерді екі өлшемдік кестеге келлтіру, яғни реляциялық құрылымға келтіру.Иерархиялық немесе жүйелік құрылымдағы деректі реляциялық құрылымға айналдыру қалыптастыру (нормализация) деп аталады.

5. Реляциялық деректер қорының негізгі түсініктері.

1. Реляциялық ДҚ-ында кез келген жиынтық екі өлшемді кесте түрінде көрсетіледі.

2. Әр кесте саны бекітілген бағаналар мен саны айнымалы жолдардан тұрады. Қолданушы көрсететін бағаналар сипаттамаласы кестенің үлгісі (макеті) деп аталады.

3. Әр бағана белгілі бір деректі көрсетеді. ДҚ тілінде кесте бағанасы өріс (поле) деп аталады. Әр өріс үшін қолданушы міндетті түрде көрсетуі керек:

 өріс есімін;

 өріс түрін;

 қосымша сипаттамалар (ұзындығы, көрсетілу түрі).

4. Кестенің әр жолы жазу (запись) деп аталады. Жүйе әр жазуды ретпен нөмірлейді: 1, 2, 3,..., N. N – қарастырылып отырған жағдайдағы жалпы жазу саны. ДҚ-ларында жазуды қосуға және өзгертуге болады. Өріс (бағана) санын, оның есімін және түрін өзгертуге болады, бірақ ол үшін кесте үлгісін өзгерту болып табылатын ерекше әрекеттер жиынтығын қолдану керек.

5. Әр өріс бірнеше кестеге кіруі мүмкін.

Реляциялық ДҚ бірнеше кестелерден тұрады. Олардың біреуі негізгі кесте болады да, қалғандары бағынышты кестелер болады. Осы кестелер арасында “Біреуі – барлығына” немесе “Біреуі – біреуіне” түріндегі байланыс болады. Бұл байланыс әрқашан бас кестеден басталып бағынышты кестеге барады.

еще рефераты
Еще работы по информатике