Лекция: WordPad мәтіндік редакторы.

Мәтіндік редактор WordPad, барлық мәтіндік редактор сыяқгы мәтіндік құжаттарды кұруға, өңдеуге және қарастыруға арналған. Блокнот редакторымен салыстырғанда тағы да бір маңызды функцияны — кұжатты форматтауды жүргізе алады. Құжатты форматтау ол — шрифтердің бірнеше түрін қолдану, мәтіннің шеттерін теңестіру, құжатқа басқа табиғатты объектіні (мысалы, сурет) енгізу, ағып өту мүмкіндіктерінің болуы.

WordPad кұжаттарға өз бетімен RTF кеңейтуін береді. Сонымен қатар WordPad МS DOS мәтіндік форматымен және Unicode мәтіндік форматтарымен жұмыс істей алады және осы форматтарда сақтай алады.

WordPad программасы кұрамды кұжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде ғана емес, қолданба-қабылдаушы ретінде де пайдаланылады, қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді және ОLЕ объектілерді ендіру және байланыстыру технологияларын қолдануға мүмкіндік береді.

WordPad редакторының терезесі, Windows операциялық жүйесінде жұмыс істейтін программалар тәрізді, мынандай элементтерден тұрады: 1) тақырып жолы (жүйелік мәзір пиктограммсы, құжат, мысалы Безымянный, және қолданба \Уогс1РасІ ссімдері, терезе форматын өзгертуші 3 батырма), 2) жатық мәзір жолы (Файл, Правка, Вставка, Вид, Формат, Справка), 3) Саймандар тақталары Стандартты (кұру, ашу, сақтау, басу, алдын ала көру, табу, кесіп алу, көшірме алу, кою, болдырмау, күн/уақыт) және Форматтау (шрифт; шрифт өлшемі; стиль; калың; еңкіш; асты сызылган; сол жак шетке, ортаға жэне оң жак шсгке тегістелген; маркер), 4) негізгі кұжат терезесі сызғышпен және 5) күй жолы.

WordPadмәтіндік редакторында пернетақта арқылы басқару жүргізу үшін мына жылдам шақыру батырмаларын қолдануға болады:

CTRL + N – кұру CTRL + O- — ашу CTRL + S- сақтау CTRL + P –басу CTRL + Z – болдармау CTRL + Y- қайталау CTRL + X- кесіп алу CTRL + C – көшірме алу CTRL + V – қою CTRL + F – табу CTRL + Н- алмастыру (ауыстыру) CTRL + А – барлығын белгілеу
еще рефераты
Еще работы по информатике