Лекция: Графикалық редактор Раіnt

Графикалық редактор Раіnt растрлық, нүктелерден тұратын, суреттерді кұру (салу), өңдеу және қарастыру үшін қолданылады. Алмасу буферіндегі суреттін көшірмесін Раіntта әрі қарай оңідеуге алуға болады. Раіntта кұрылған суретті басқа құжаттарға қоюга немесе Жұмыс үстелінің фондық суреті ретінде пайдалануға болады. Раіntта сканермен алынған суретті көруге және өзгертуге болады.

Графикалық редактор Раіпt өз бетімен ВМР форматты файл кұрады. Мұндай файлдардың көлемі үлкен болады да, сыртқы жадылардан көп орынды талап етеді. Раіпt суреттерді үнемділі JPG и GІҒ форматтарда сақтауға мүмкіндік береді. Мұндай форматтар Интернет жүйесінде өте кен түрде қолданылады.

Редакторда басқару элементтерінің құрамына кіреді: 1) тақырып жолы (жүйелік мәзір пиктограммасы, құжат, мысалы Безымянный, және қолданба Раіnt есімдері, терезе форматын өзгертуші 3 батырма), 2) жатық мәзір жолы (Файл, Правка, Вид, Рисунок, Палитра, Справка),

3) саймандар тақтасы, 4) таңдалған саймандар көрсеткіштері (параметры) немесе саймандарды келістіру палитрасы, 5) түстер палитрасы тақтасы және 6) күй жолы (курсордың кұжат терезесінде орналасуы көрсетіледі).

Көптеген бұйрықтарды жылдам шақыру батырмалары көмегімен пернетақта арқылы орындауға болады.

CTRL + N – құру CTRL + O- ашу CTRL + S- сақтау CTRL + P – басу CTRL + Z – болдармау CTRL + Y- қайталау CTRL + X- кесіп алу CTRL + C – көшірме алу CTRL + V – қою CTRL + А – бәрін белгілеу CTRL + Т- саймандар CTRL + L – палитра CTRL+ F- суретті көру CTRL+ R- шағылыстыру/бұру CTRL+ W- созу/еңкейту CTRL+ I- қарсы түске өзгерту CTRL+ E- атрибуттар

 

Мәтіндік редактор Microsoft Word 2010. Мәзір қосымшалары: Файл, Бас, Ендіріу, Парақты белгілеу, Тарату, Рецензиялау және Түр жолақтарындағы әмірлер.

4. Мәзір қосымшалары жолағындағы әмірлер.

Файл қосымшасы мынандай әмірлерден тұрады: – Сақтау (Сохранить), – Сақтау түрі (Сохранить как) «Құжатты сақтау» (Сохранение документа) сұқбат терезесін шақырады, – Ашу (Открыть) «Құжатты ашу» (Открытие документа) сұқбат терезесін шақырады, – Жабу (Закрыть) өңдеу ауданын жояды, Мәлімет (Сведения) осы құжат жөнінде мәліметтер береді, Соңғы (Последние) – соңғы ашылған 25 құжат тізімі және олардың орналасуы көрсетіледі, Құру (Создать) – жаңа құжат құру үшін таза өңдеу ауданы ашылады, Басу (Печать) – принтер қосылған болса «Құжатты басу» (Печать документа) сұқбат терезесін шақырады, Сақтау және жіберу (Сохранить и отправить) құжатты сақтау мүмкіндігі бар басқа объектілердің тізімін береді, Анықтама (Справка) – қолданба жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік береді, – Сипаттамалар (Параметры) «Word сипаттамалары» (Параметры Word) сұқбат терезесін шақырады, – Шығу (Выход) қолданбаның терезесін жабады.

Бас (Главная) қосымшасы 5 топтан тұрады: Алмастыру буфері, Қаріп, Абзац, Стилдер, Өңдеу (Сурет 6).

1) Алмасу буфері (Буфер обмена) тобында мынандай әмірлер пиктограммалары бар: – Қою (Вставить): — Қою (Вставить), Арнайы қою және Үнсіз келісім бойынша қою, егер белгіленіп сақталған мәтін болса: Бастапқы пішімдеуді сақтау (Сохранить исходное форматирование), Форматтарды біріктіру (Объединить форматирование), Мәтінді ғана сақтау (Сохранить только текст); – Қиып алу; – Көшіру: Көшіру және сурет түрінде көшіру; – Үлгі бойынша пішін. Егер белгісін шертсе, 24 объект сақтауға болатын алмасу буфері ауданы шығады не жабылады.

2) Қаріп (Шрифт)тобында: – Қаріп есімін таңдау өрісі; – Қаріп өлшемін таңдау өрісі; – Қаріп өлшемін өсіру; – Қаріп өлшемін кішірейту; – Регистр белгіленген мәтіннің жазылу үлгісін таңдауға мүмкіндік береді; – Пішімді тазарту; – Қалың; – Еңкіш (курсив); – Асты сызылған: әр түрлі бір немесе екі сызықпен; – Сызылған; – Төменгі белгі; – Жоғарғы белгі; – Анимация сипттамалары; – Белгіленген мәтін түсі; – Қаріп түсі; – «Қаріп» сұқбат терезесін шақыру.

3) Абзацтобында: – Маркерлер; – Нөмірлеу; – Көп деңгейлі тізім; – сұрыптау; – Барлық белгілерді көрсету; – Сол жақ шетін теңестіру; – Ортасын теңестіру; – Сол жақ шетін теңестіру; – Ені бойынша теңестіру; – Интервал жолдар арасындағы интервалды өзгерту; – Абзац алдындағы шегіністі кішірейту; – Абзац алдындағы шегіністі үлкейту; – Құю (заливка) түсі; – Шекаралар: қолдануға болатын 13 нұсқа, Кесте суретін салу, Торды көрсету, Шекара және құю (Границы и заливка) – «Шекара және құю» сұқбат терезесін шақырады; – «Абзац» сұқбат терезесін шақыру.

4) Стильдертобында: стильдер – стильдердің 18 түрі және пішімді тазарту мен стильдерді қолдану; – стильдерді өзгерту: – стильдер жиынтығы, – түстер, – Қаріптар, – абзацтар ара қашықтығы; үнсіз келісім бойынша.

5) Өңдеутобында: – табу: табу, кеңейтілген іздестіру, өту; – ауыстыру; – белгілеу: барлығын белгілеу, объектерді таңдау, мәтіннің барлық фрагменттерін белгілеу, белгілеу ауданы.

Ендіріу (Вставка) қосымшасы 7 топтан тұрады: Парақтар, Кестелер, Суреттемелер, Сілтемелер, Колонтитулдар, Мәтін, Символдар (Сурет 7).

1) Парақтар (Страницы) тобындағы әмірлер: Алғашқы сырт парақ (Титульная страница) – осы парақты көркемдеудің нұсқалары ұсынылады; Бос парақ (Пустая страница) – кусор тұрған жерден жаңа парақ енгізіледі; Парақ үзілісі (Разрыв страницы) – курсор тұрған жерден жаңа парақ басталады.

2) Кестелер (Таблицы) тобындағы Кесте (Таблица) әмірінің мүмкіндіктері: Кесте ендіру (Вставка таблицы) – көрсетілген төртбұрыштардан кесте макетін таңдауға болады; Кесте қою –«Кесте ендіру» (Вставка таблицы) сұқбат терезесін шақырады; Кесте салу –кесте суретін қолдан салуға мүмкіндік тудырады; Кестеге айналдыру – «Кестеге айналдыру» (Преобразовать в таблицу) сұқбат терезесін береді; Ексел кестесі – Ексел кестелік прооцессорының кестесін ендіреді, Экспресс кестелер – дайын кестелер үлгілерін ұсынады.

3) Суреттемелер (Иллюстрации) тобында: Сурет (Рисунок) – құжатқа алдын ала дайындалған файлдағы суретті ендіру үшін «Суретті ендіру» сұқбат терезесін шақырады; Картинка – қолданба құрамында бар суреттерді ендіру үшін «Картинка» ауданын шақырады; Фигуралар – құжатқа ендіру үшін Сызықтар (Линии), Тікбұрыштар (Прямоугольники), Негізгі фигуралар (Основные фигуры ), Стрелкалар түрлері (Фигурные стрелки), Формулалар үшін фигуралар (Фигуры для формул), Блок сызбалары (Блок-схема), Жұлдыздар мен жолақтар (Звезды и ленты), Шығармалар (Выноски) топтамаларын ұсынады; SmartArt – «SmartArt суретін ендіру» сұқбат терезесін береді; Диаграмма – Гистограмма, График, Дөңгелек, Сызықтық, Ауданды, Нүктелі, Биржалық, Беттік, Сақиналы, Көпіршікті, Жапырақты диаграммалар ендіру үшін «Диаграмма ендіру» сұқбат терезесін ашады; Көрініс (Снимок) – кезкелген ашық бағдарламалың суретін ендіруге мүмкіндік береді, ол үшін «Экран кесіндісі» әмірін қолдану керек.

4) Сілтемелер (Ссылки) тобы үш әмірден тұрады: Гиперссілтеме – басқа құжаттармен байланыс жасау үшін «Гиперсілтеме ендіру» сұқбат терезесін шақырады; Бүктеме (Закладка) –құжаттың белгілі бір орындарын есімдеу үшін «Бүктеме» сұқбат терезесін ашады; Айқыш сілтеме (Перекрестная ссылка) – айқыш сілтеме жасау үшін «Айқыш сілтемелер» терезесін береді.

5) Колонтитулдар тобы үш әмірден: Жоғарғы колонтитул, Төменгі колонтитул және Парақ нөмірі – тұрады. Жоғарғы колонтитул тізіміндегі әмірлер: Бос (Пустой) – қажетті мәтінді енгізуге болатын бір бағаннан тұрады; Бос 3 бағаналы (Пустой 3 столбца) – қажетті мәтінді енгізуге болатын үш бағаннан тұрады; Алфавит – асты екі сызықпен сызылған ортаға теңестірілген қажетті мәтінді енгізуге арналған; Бүйір сызық (Боковая линия) – тік сызығы бар қажетті мәтінді енгізуге арналған; Жоғарғы колонтитулды өзгерту (Изменить верхний колонтитул); Жоғарғы колонтитулды жою (Удалить верхний колонтитул). Төменгі колонтитул тізіміндегі әмірлер жоғарғы колонтитул әмірлерімен бірдей тек қана төменгі колонтитул үшін. Парақ нөмірі тізіміндегі әмірлер: Парақтың жоғарғы жағында, Парақтың төменгі жағында, Парақтың өрістерінде, Ағымды жағдайда, Парақ нөмірлерінің пішімі..., Парақ нөмірлерін жою. Бұлардың алғашқы төртеуінің бағыныңқы мәзірі бар, ал бесіншісі өңдеу жүргізу үшін сұқбат терезесін шақырады.

6) Мәтін тобындағы әмірлер: Жазулар (Надписи) – алдын ала пішімделген жазуларды енгізу үшін қолданылады; Экспресс блоктар – қайталану мүмкіндіктері де бар фрагменттерді енгізу; WordArt – әсемделген мәтіндерді енгізу; Буквица – абзац алдына үлкен бас әріпті енгізу; Қолтаңба жолы – қол қоюы қажет адамның ата-жөні көрсетілген жолды қою; Күн және уақыт – ағымды күнді не уақытты ендіру; Объект ендіру – кірістірілген объектіні ендіру үшін қолданылады. Бұл әмірлердің күн мен уақыттан басқасының бағыныңқы мәзірі бар.

7) Символдар тобында Формула және Символ әмірлері бар. Формула әмірі құжатқа дайын стандартты математикалық формулаларды енгізу үшін не қолданушының өз формулаларын құруға мүмкіндік береді. Символ әмірі пернетақтада жоқ символдарды ендірі үшін қолданылады.

Парақты белгілеу (Разметка страницы) қосымшасы 5 топтан тұрады: Тақырып, Парақ сипаттамалары, Парақ фоны, Абзац, Тәртіпке келтіру (Сурет 8).

1) Тақырып (Темы) тобында 4 әмір бар: Тақырып (Темы) – бүкіл құжаттың жалпы көрінісін өзгерту, соның ішінде түсін, Қаріптарын және әсерлерді (эффекты); Тақырып түстері (Цвета темы) – ағымды тақырып түсін өзгерту; Тақырып Қаріптары (Шрифты темы) – ағымды тақырып Қаріптарын өзгерту; Тақырып әсерлері (Эффекты темы) – ағымды тақырып үшін әсерлерді өзгерту. Бұл әмірлердің әрқайсысының бағыныңқы мәзірі бар.

2) Парақ сипаттамалары (Параметры страницы) тобындағы әмірлер: Өрістер (Поля) – бүкіл құжат үшін не оның ағымды бөлігі үшін өрістер шамаларын таңдау; Ориентация – парақтың кітап не альбом түрінде орналасуын таңдау; Өлшемдер (Размер) – ағымды бөлім үшін парақ өлшемдерін таңдау; Колонкалар – мәтінді 2 не одан көп колонкаларда орналастыру; Парақтарға және бөлімдерге үзіліс ендіру – құжат парағына, бөліміне не колонкаларына үзілістер қосу; Жолдар нөмірлері – өрісте әр жол үшін жол нөмірін ендіру; Тасымалдауды қою (Расстановка переноса) – сөзді буындар бойынша келесі жолға тасымалдау, Парақ сипаттамалары – «Парақ сипаттамалары» сұқбат терезесін шақырады.

3) Парақ фоны (Фон страницы) тобы 3 әмірден тұрады: Астыңғы мәтін – жасырын мәтінді парақ құрылымының астына ендіру; Парақтар түсі – парақ фоны үшін түс таңдау; Парақ шекарасы (Границы страницы) – парақ шекараларын өзгерту үшін «Шекара және толтыру» (Границы и заливка) сұқбат терезесін шақырады. Алғашқы 2 әмірідің бағыныңқы мәзірлері бар.

4) Абзац тобындағы әмірлер: Сол жақтан шегіну – абзацтың сол жақ щекарасын белгілі мөлшерге жылжыту; Оң жақтан шегіну – абзацтың оң жақ щекарасын белгілі мөлшерге жылжыту; Дейінгі ара қашықтық (Интервал до) – белгіленген абзацтар үстіндегі арақашықты өзгерту; Кейінгі ара қашықтық (Интервал после) – белгіленген абзацтар астындағы арақашықты өзгерту; Абзац – «Абзац» сұқбат терезесін шақырады.

5) Тәртіпке келтіру (Упорядочить) тобындағы әмірлер: Жағдай (Положение) – белгіленген объектінің парақта орналасуын ұйымдастыру; Мәтіннің ағып өтуі (Обтекание текстом) – белгіленген объектіні мәтіннің ағып өтуін өзгерту; Алға орын ауыстыру (Переместить вперед) белгіленген объектіні бір деңгейге жоғары көтеріп оны жауып тұратын объектілерді азайту; Артқа орын ауыстыру (Переместить назад) – белгіленген объектіні бір деңгейге төмендетіп оны жауып тұратын объектілерді көбейту; Белгілеу ауданы – белгіленетін объектілерді таңдау үшін қолданба терезесінде «Белгілеу ауданы» шақырылады; Теңестіру (Выровнять) – белгіленген бірнеше объектілердің шекараларын теңестіру; Топтастыру (Группировать) – белгіленген бірнеше объектіні әрі қарай бір объект ретінде қолдану үшін топтастыру; Бұру – белгіленген объектіні бұру не шағылысқан кескінін алу. Бұл әмірлердің барлығының бағыныңқы мәзірлері бар.

Сілтемелер (Ссылки) қосымшасы 6 топтан тұрады: Мазмұн, Қосылмалар, Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі, Атаулар, Пәндік көрсеткіш, Сілтемелер кестесі (Сурет 9).

1) Мазмұн (Оглавление) тобы үш әмірден тұрады: Мазмұн (Оглавление) – құжатқа мазмұнды, яғни тақырыптар атаулары тізімін қосады; Мәтін қосу (Добавить текст) – ағымды абзацты мазмұн элементі ретінде белгілеу үшін қолданылады және Кестені жаңарту (Обновить таблицу) – мазмұнның әрбір элементінің орналасу парағын дұрыс көрсету үшін қолданылады. Бұл әмірлердің алғашқы екеуінің бағыныңқы мәзірлері бар.

2) Қосылмалар (Сноски) тобындағы әмірлер: Қосылма қою (Вставить сноску) – құжатқа қосылманы қосады; Соңғы қосылманы қою (Вставить концевую сноску) – құжатқа соңғы қосылманы қою, ол сілтемелерді нөмірлеудің аяқталғанын көрсетеді; Келесі қосылма (Следующая сноска) – құжаттағы келесі қосылмаға өту; Қосылмаларды көрсету (Показать сноски) – қосылмаларды және соңғы қосылмаларды көру үшін құжат мәтінін қозғап қарастыруды ұйымдастырады; Қосылмалар (Сноски) – аттас сұқбат терезесін шақырады.

3) Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі (Ссылки и список литературы) тобындағы әмірлер: Сілтеме ендіру (Вставить ссылку) – құжат фрагментіндегі деректер көзі болып табылатын кітапқа, журнал не басқадай периодты басылымдардағы статьяларға сілтеме жасау; Көздерді басқару (Управления источниками) – құжатта сілтемелер жасалған деректер көздері тізімін көру; Стиль – құжатта қолдану үшін сілтеме стилін таңдау; Әдебиеттер тізімі (Список литературы) – құжатта сілтеме жасалған әдебиеттердің барлығының тізімін кірістіру.

4) Атаулар (Названия) тобында төрт әмір бар: Атауларды кірістіру (Вставить названия) – суретке не басқа объектіге атау енгізу; Көркемдеу тізімі (Список иллюстрации) – құжатқа көркемдеу кестесін (құжаттағы суреттер, кестелер және формулалардың толық тізімі) кірістіру; Көркемдеу тізімін жаңарту (Обновить список иллюстрации) – құжатта қолданылған барлық көркемдеу объектерін қосу үшін тізімді жаңату; Айқасқан сілтемені қосу (Добавить перекрестную ссылку) – «төмендегі кесте 6-ны қараңыз» не «8-ші параққа қайта оралыңыз» түріндегі тақырыпқа, суретке, кестеге, не басқадай элементке сілтеме айқасқан сілтеме жасау.

5) Пәндік көрсеткіш (Предметный указатель) тобындағы үш әмір: Элементті белгілеу (Пометить элемент) – белгіленген мәтінді құжаттың пәндік көрсеткішіне қосу; Пәндік көрсеткіш (Предметный указатель) – пәндік көрсеткішті (олардың құжаттағы орналасу парақтарының нөмірі көрсетілген кілтті сөздердің тізімі); Обновить указатель – әрбір элементіне сәйкес келетін парақ нөмірлерін дұрыс көрсету үшін пәндік көрсеткішті жаңарту.

6) Сілтемелер кестесі (Таблица ссылок) тобындағы әмірлер: Сілтемені белгілеу (Пометить ссылку) – белгіленген мәтінді сілтемелер кестесі элементі екендігін көрсету; Сілтемелер кестесі (Таблица ссылок) – сілтемелер кестесін құжатқа ендіру; Сілтемелер кестесін жаңарту (Обновить таблицу ссылок) – құжаттағы барлық сілтемелерді кестеге енгізу үшін оны жаңарту.

Тарату (Рассылки) қосымшасы 5 топтан тұрады: Құру, Қосылудың басталуы, Құжатты құру және өрістерді қою, Нәтижені көру, Аяқтау (Сурет 10).

1) Құру (Создание) тобы екі әмірден тұрады: Конверттер – конверт құру және басу; Жапсырмалар (Наклейки) – жапсырмалар құру және басу.

2) Қосылудың басталуы (Начало слиянии) тобындағы әмірлер: Қосуды бастау (Начать слияние) – басуға және әртүрлі қабылдаушыларға арналған бірнеше көшірмесін электрондық пошта арқылы жіберуге хат дайындау үшін қосу үрдісін бастау; Қабылдаушыларды таңдау (Выбрать получателей) – хат жіберілетін адамдар тізімін таңдау; Қабылдаушылар тізімін өзгерту (Изменить список получателей) – қабылдаушылар тізімін өзгерту және хат алушылар тізімін құру.

3) Құжатты құру және өрістерді қою (Составление документа и вставка полей) тобындағы әмірлер: Қосылу өрістерін белгілеу (Выделить поля слияния) – құжатта өрістерді белгілеу, хаттың қандай бөлігі қабылдаушылардың көрсетілген тізіміндегі мәліметпен ауыстырылатыны жылдам анықталады; Адрес блогы (Блок адреса) – адресті хатқа қосу, өрістіңпішімі және орналасуы көрсетіледі де қосылу аяқталған соң қабылдаушылар тізімінен нақты адреспен толтырылады; Сәлемдесу жолы (Строка приветствия) – құжатқа «Құрметті» не «қадірлі» тәрізді сәлемдесу жолын қосу; – Қосылу өрісін қою (Вставить поле слияния) – қабылдаушылар тізімінен кезкелген қажетті өрісті қосу; Ережелер (Правила) – қосу кезінде шешім қабылдауға мүмкіндік беретін ережелер сипаттамасы; Өрістерді сайлап алу (Подбор полей) – қабылдаушылар тізіміндегі әртүрлі өрістердің өлшемдерін белгілеуге мүмкіндік береді; Жапсырмаларды жаңарту (Обновить наклейки) – қабылдаушулар тізімінен мәліметтерді қолдану үшін жапсырмалардың барлығын жаңарту қажет.

4) Нәтижені көру (Просмотр результатов) тобы әмірлері: Нәтижені көру – алдын ала көру үшін құжаттағы біріктіру өрістерін қабылдаушылар тізіміндегі нақты деректермен алмастыру; Жазу (Запись) – қабылдаушылар тізімінен қажетті жазуды көру; Қабылдаушыны табу (Найти получателя) – қабылдаушылар тізімінен белгілі жазуды табу және көру; – Қателерді өздігінен табу (Автопоиск ошибок) – қосуды аяқтағанда пайда болатын қателерді өңдеу әдісін таңдау.

5) Аяқтау (Завершение) тобындағы әмір Табу және біріктіру (Найти и объединить) – қосуды аяқтау, басып шығару не электрондық поштамен жіберу үшін құжаттың әр көшірмесі үшін жеке құжаттар құру.

Рецензиялау (Рецензирование) қосымшасы 7 топтан тұрады: Емле, Тіл, Ескертпелер, Түзетулерді жазу, Өзгерістер, Салыстыру, Қорғау (Сурет 11).

1) Емле (Правописание) тобындағы әмірлер: Емле – мәтінді орфография мен грамматикаға тексеру; Анықтама (Справочник) – есептер ауданында қажетті мәліметті табу үшін «Анықтамалық материалдар» терезесін шығарады; Тезаурус – белгіленген сөзге синонимын табу; Статистика – құжаттағы сөздер, белгілер, абзацтар және жолдар санын есептеу.

2) Тіл (Язык) – тобы әмірлері: Аударма (Перевод) – жеке сөздердің не абзацтың екі тілді сөздіктерді пайдаланып не машиналы бір тілден екінші тілдегі аудармасын алу; Тіл (Язык) – тілдік сипаттамаларды таңдау.

3) Ескертпелер (Примечания) тобы 4 әмірден тұрады: Ескертпе құру (Создать примечание) – белгіленген фрагментке ескертпе қосу; Ескертпені жою (Удалить примечание); Алдыңғы ескертпе (Предыдущее примечание) – алдыңғы ескертпеге өту; Келесі ескертпе (Следующее примечание) – келесі ескертпеге өту.

4) Түзетулерді жазу (Запись исправлении)тобы 4 әмірден тұрады: Түзетулер (Исправления) – құжатқа енгізілген барлық түзетулерді (ендірулерді, пішімдеулерді) көрсету; Тексеруге көрсету (Отобразить для проверки) – құжаттағы өзгерістерді көру режимін таңдау; Түзетулерді көрсету (Показать исправления) – құжатта көрсетілетін түзетілердің түрлерін таңдау; Тексеру ауданы (Область проверки) – түзетулерді жеке терезеде көрсету.

5) Өзгерістер (Изменения) тобында 4 әмір бар: Қабылдау (Принять) – ағымды өзгерісті қабылдап келесіге өту; Қайтару (Отклонить) – ағымды өзгерісті қабылдамай қайтарып, келесіге өту; Артқа (Назад) – қабылдау немесе қайтару үшін алдыңғы өзгеріске өту; Әрі қарай (Далее) – қабылдау немесе қайтару үшін келесі өзгеріске өту.

6) Салыстыру (Сравнить) тобында құжаттың бірнеше түрін салыстыруға не бірнеше авторлар түзетулерін біріктіруге (объединить) арналған екі әмірден тұратын Салыстыру әмірі бар.

7) Қорғау (Защита) тобында: Авторларды шектеу (Блокировать авторов) және Өңдеуді шектеу (Ограничить редактирование) әмірлері бар.

Түр (Вид) қосымшасы 5 топтан тұрады: Құжаттарды көру режимдері, Көрсету, Масштаб, Терезе және Макрос (Сурет 12).

1) Құжаттарды көру режимдері (Режимы просмотра документа) тобындағы әмірлер: Парақты белгілеу (Разметка страницы) – құжатты басылып шығатын түрде көрсету; Оқу режимі (Режим чтения) – құжатты оқу ауданын мейлінше үлкейтіп толық экранды түрде көрсету; Веб-құжат (Веб-документ) – құжатты Веб парақ түрінде көрсету; Құрылым (Структура) – құжатты құрылым түрінде көру және осы режимде қолданылатын құралдарды көрсету; Шимай қағаз (Черновик) – жылдам өңдеу жүргізу үшін құжаттың шимай қағаз түріндегі үлгісін беру.

2) Көрсету (Показать) тобында алдарына жалауша (флажок) қойылатын не алып тасталатын 3 әмір бар: Сызғыш (Линейка) – құжаттағы объектілерді теңестіруге және өлшеулер жүргізуге қажетті жатық және тік сызғыштарды қою және алып тастау; Тор (Сетка) – құжатқа объектілерді теңестіруде қолдануға болатын тор сызықтарын қосу не алып тастау; Навигация ауданы (Область навигации) – жұмыс ауданының сол жағында құжатта тақырыптар не парақтар көмегімен орын ауыстыруға және мәтінді не объектіні іздестіруге мүмкіндік беретін навигация ауданын шығару.

3) Масштаб тобында 5 әмір бар: Масштаб – құжатты көру масштабын белгілеу үшін «Масштаб» сұқбат терезесін шақырады; 100% – құжатты 1:1 масштабында көрсету; Бір парақ (одна страница) – құжат масштабын терезеде бір парақ толық көрінетіндей өзгерту; Екі парақ (Две страницы) – құжат масштабын терезеде екі парақ толық көрінетіндей өзгерту; Парақтың ені бойынша (По ширине страницы) –масштабты құжат ені терезе енімен бірдей болатындай өзгерту.

4) Терезе (Окно) тобындағы әмірлер: Жаңа терезе (Новое окно) – ағымды құжат бар жаңа терезе ашу; Бәрін реттеу (Упорядочить все) – барлық ашылған бағдарламалар терезелерін экранда қатарластыра орналастыру; Бөлу (Разделить) – құжаттың әртүрлі бөліктерін көріп отыру үшін ағымды терезені екіге бөлу; Қатар (Рядом) – екі құжатты бір-бірімен салыстыруға болатындай қатар орналастыру; Синхронды жылжыту (Синхронная прокрутка) – қолданба терезелерінде екі құжатты бірге бірдей жылжыту; Терезенің орналасуын қалыпқа келтіру (Восстановить расположение окна) – салыстырылып отырған терезелердің әрқайсысы экранның жартысын алып тұратындай етіп өзгерту; Басқа терезеге өту (Перейти в другое окно) – басқа ашық құжат терезесіне өту.

5) Макростар (Макросы) – макросты жазу не олармен басқадай әрекеттер жүргізу.

 

еще рефераты
Еще работы по информатике