Лекция: Калькулятор.

Калькулятор программасы стандартты (калыпгы) режимде қарапайым арифметикалық есептеулерді жүргізуге арналған жэне инженерлік режимде.Калкулятордың жұмыс режимі жатық мәзірдегі Вид арқылы таңдалады. Инженерлік режимде Калькулятор есептей алады негізгі және кері алгебркалық және тригонометриялық функцияларды, гиперболалық
функцияларды; екілік, сегіздік, ондық, он алтылық есептеу жүйелерінде берілген сандармен логикалық әрекеттерді.

Стандартты режимде жұмыс істейтін калькуляторда, сандык және арифметикалық амалдар (* — көбейту, / — бөлу, + — қосу, — - алу, sqrt — квадрат тубір табу, % — пайыз табу, 1/х — кері шаманы есептеу, үтір — бүтін мен бөлік арасындағы белгі, +/- — санның таңбасын өзгерту, = — есептеуді аяқтау) батырмаларымен қатар, мынандай батырмалар бар:

С — жана есептеуді бастау

СЕ — терілген санды алдындағы арифметикалық амал мен бірге өшіреді,

МС — жадыдағы санды өшіреді,

МК — жадыда сакталған санды индикаторға шығарады,

МS — калькулятор индикаторындағы санды жадыға жібереді,

М+ — индикатордағы санда жадыдағы санмен қосып, қосындыны жадыда сақтайды, Васкsраsе — кейінгі терілген цифрды өшіреді.

Стандартты калькуляторда бір жадылық регистр бар. Калкулятордың жадысында сан бар екендігін, жоғарғы сол жак бұрышта «М» әріпінін пайда болуы керсетеді.

Калькулятор программасы кұрамды құжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде пайдаланылады және қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жургізеді. Ондай алмасуды жүргізу үшін жатық мәзірдегі Правканың төмен үскіш мәзірін қолдану керек.

Сілтеуіш (Проводник)

Сілтеуіш — программа (қолданба), көмегімен файлдық жүйедегі кезкелген объектіні (бума не файл) және олармен қажетті әрекеттерді орындауға болады. Сілтеуіш көмегімен қолданбаларды жұмысқа қосуға, құжаттарды ашуға, файлдар мен бумалардың көшірмесін алуға не көшіруге, дискеттерді форматтауға, Интернеттегі Wed-беттерді көруге болады және т.б. Сілтеуіш интерфейсы қолданушы үшін түсінікті түрде жасалған.

Сілтеуіш терезесінде 1) тақырып жолы, 2) жатык мәзір жолы, 3) мекен — жай (адрес) жолы, 4) екі: оң және сол — тақтадан тұратын негізгі жүмыс өрісі және 5) күй жолы 6ар Сілтеуіш терезесінің кезкелген элементін, жатық мәзір жолы мен негізгі жұмыс өрісінің оң тақтасынан басқасын, жатық мәзірдегі Видтің төмен түскіш мәзәрі мен саймандар тақтасындағы Папки пиктограммасы арқылы алып тастауға болады.

Сілтеуіштің негізгі жұмыс өрісі екі тақтадан (кейде үш) тұрады.

Сілтеуіш программасындағы негізгі жылдам шақыру батырмалары:

CTRL + Z – болдармау CTRL + X- кесіп алу CTRL + C – көшірме алу
CTRL + V- қою CTRL + А- бәрін белгілеу  

 

еще рефераты
Еще работы по информатике