Лекция: Ход урока
Қазақстан қорының 6,5 % шоғырланған. Қазіргі таңда уран өндірілмейді.
Елімізде 2013 жылдың тоғыз айындағы уран өндірісінің жалпы көлемі 9 535 тоннаны құрап, өндірістік жоспар 3 пайызға артығымен орындалды. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 61 пайыз өсімнің көрсеткіші /4/.
Қазақ елі бүкіл әлемді уранмен қамтамасыз етуші мемлекет мәртебесі деңгейіне жетіп отыр. Себебі, бүгінгі күні біздің еліміз дүниежүзінде уран өндіру көлемі жағынан алдыңғы орында тұрған Австралияны басып озып, Канададан сәл-ақ кейін келеді. Қазақстан – уран кенінің қоры жөнінен әлемде бесінші орында тұр. Болжам бойынша, еліміздегі уран шикізатының қоры бір жарым миллион тоннаға жуық. «Дүниежүзілік ядролық қауымдастығының (World Nuclear Assocіatіon) мәліметіне сүйенсек, 2008 жылы Канада 9 мың тонна уран өндірсе, Австралия аталған кеннің көлемін 8 430 тоннаға жеткізген /5/. Ал, өткен жылы Қазақстанда өндірілген уран 8 521 тоннаны құраған болатын. Eгер «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы жыл соңына дейін өзінің 12 мың тонна уран өндіру туралы алға қойған мақсатына қол жеткізе алса, онда жылдық кен өндіру көлемі 35-40 пайыздың деңгейінен бір шықпақ.
Анығын айтқанда, уран өндiретiн және оны өңдейтiн кәсiпорындардың радиоактивтiк қалдықтарын адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға әсерiн келтiрмеу мәселелерi екiншi кезекке қалып қойды және жүйелi зерттелмедi. Осыларға қарамастан, радиоактивтiк қалдықтардың әсерiн азайту жөнiндегi кейбiр шаралар өткiзiледi. “Уран өндiретiн және өңдейтiн объектiлердi түгендеу жұмыстары жалпыодақтық «Радиоактивтiк қалдықтармен жұмыс iстеу жөнiндегi 1991-1995 жылдары және 2005 жылдың болашағында мемлекеттiк Бағдарлама» шеңберiнде жүргiзiлдi” /1/. Бағдарлама КСРО-ның Атом энергоөнеркәсiп министрілігі 1991 жылы әзiрлеген болатын, бiрақ белгiлi саяси жағдайларға байланысты ары қарай дамуын таппады. Бұлардың басты мақсаты — қалдықтың бетiн 1,5 метрлiк қалыңдықта жер қабатымен тегiстеу болатын. Мұндай жұмыстар жер асты рудниктерiнiң аумағында да атқарылды. Осындай жұмыстардың атқарылуынан қалдықтарды жабу жұмыстары негiзгi қауiптi радиациялық уран өндiретiн өнеркәсiп объектiлерiнің маңайын сақтау болатын. Уран өнiмдерiмен қоса, өңделетiн рудалардың жалпы 15 пайызы сыртқа шығарылады. Сөйтiп, кейбiр табиғи радондардың таралуынан алғашқы радиоактивтi зақымдану 70 пайызға жетедi. Айрықша қауіпті радиациялық, токсикологиялық ластанулар және төтенше жағдайлар, ұранның өндірісінен шығады. Барлық технологиялық ашпалар(мардымды, жатырлық) уран өндірісінен радиациялық және токсикологиялық қауіпті көрсетеді. Осыдан басқа,үлкен биологиялық қауіпті уранның өндірісінде шандық бөлшектер және атмосфералық ылғал ұсынады.
Радонмен ластанған демалатын ауа, адамның денсаулығына өте қауіпті. Көп өндірістік орындар, бұған айрықша мағына бермейді немесе тіпті ұмытады, себебі басқа нәрсе көзге ілінеді — сәулелік қайраттың көрсеткіштері, бұл жаңсақ болып табылады және жиі мұңды арттарға келтіреді.
Ең басты айтарымыз, “уран өнімін өндіруші «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы жұмыс орнындарында жұмысшыларды қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету, жергілікті халық пен жұмысшылардың денсаулығын сақтау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану саясатын ұстанады” /2/.
11 жыл бұрын, Кеңес Одағы кезінен бері уранды өндіріп жатқан «Қанжуған», «Уанас» және «Мыңқұдық» кен орындарында жерасты шаймалау әдісімен уранды өндірудің қоршаған ортаға әсерін бағалау тақырыбы бойынша, зерттеу жұмыстары аяқталды. Осы жасалған зерттеу жұмыстарының есебіне берілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік экологиялық сараптамасының 2002 жылғы 28 тамыздағы №09-1/276 қорытындысында былай жазылған: «… уранды кен орындарын жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен пайдаланудың ерекшеліктерін ескере отырып және зерттеу жұмыстарының есебінде көрсетілген оның қоршаған ортаға әсерінің фактілеріне сүйене отырып, жақын маңайда орналасқан елді мекендердегі халықтың денсаулығына қауіптілігі жоқ /2/. Бұл кен басқармалары мен облыстық санэпидемқадағалау арнайы қызметтерінің топыраққа, ауаға және табиғи су көздеріне үнемі жүргізілетін радиациялық бақылауларының нәтижелерімен де расталды. Радиациялық бақылау, радиациялық қауіпті нысандарды жобалау кезеңінен бастап, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бөлігі болып табылады. Радиациялық қауіпті нысандардың тізімі және көлемі, өлшеу мерзімдігі мен бақылаудың деңгейі облыстық санэпидемқадағалау органдарының радиациялық бақылау бөлімдерімен жыл сайын бекітіліп, бұлжытпай орындалып отырады. Осы күнге дейін алғашқы уран өндіруді бастаған кезден бастап компания кәсіпорындарында кәсіби аурулардың бір де біреуі анықталмаған.
Табиғи уран өндіру геотехнологиялық жүйемен 450-680 метр тереңдіктен қатарлы және ұялы орналасқан ұңғылар жүйесі арқылы көтеріледі. Түсінікті тілмен айтсақ, шахталардағыдай немесе карьердегідей тау жынысын қопарып, оны жер бетіне шығарып, үлкен тас диірмендерге салып уатып немесе аса зор ыдыстарға салып қышқыл заттармен ерітеді. Экологиялық ахуалға зиян тигізбес үшін барлық жұмыс жер астында, тау жыныстарының орналасқан жерінде жүреді. Сондықтан ауаны ластайтын шаң-тозаң, қышқыл заттардың буы жер бетіне шықпайды. Әлемдегі экологияны басты назарда ұстайтын мемлекеттердің барлығы қазір осы тәсілді пайдаланады. Мысалы, АҚШ, Канада, Австралия сияқты елдерде бұл тәсіл кеңінен тараған. Мұндай жетістікке Қазақстан да жетіп отыр.
Бүгінде уран өндірісіндегі күкірт қышқылы да қоршаған ортаны бұзады деген әңгіме айтылып қалады. Біздің тәжірибемізде ондай жоқ деп «Қазатомөнеркәсіп» есептейді. Мысалы, күкірт қышқылы бізге темір жол арқылы арнайы құтылармен жеткізіледі. Оны герметикалық цистерналарға құйып аламыз. Сонан соң елді мекендерден тысқары жатқан жолдармен тасымалдап, көздеген жерге жеткіземіз.
Ал сілтілендіру реагенті негізінен тек жер астында жүреді. Өйткені жер астындағы өнім сумен дайындалады. Ерітінді сору мен құю циклында да тепе-теңдік сақталады. Ұлттық атом өнеркәсібі компаниясы уран өндіруші мекемелерінде жұмысшылар еңбегін, қоршаған ортаны қорғау керектігін басшылыққа алады. Сонымен бірге радиациялық қауіпсіздік пен өнеркәсіп қауіпсіздігі де басты назардағы мәселе. Жыл сайын табиғатты қорғау ісіне қомақты қаржы бөлініп отырады. Жалпы, уран өндірісі бүгінде жаңа сатыға көтерілген. Соның арқасында қоршаған ортаның ластануы болмайды, кеніштердің айналасындағы елді мекен тұрғындарының денсаулығына зиян келмейді деп айтуға болады деп «Қазатомөнеркәсіп» есептейді.
Жоғарыда аталған барлық деректер құжаттармен негізделіп, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдерімен және халықаралық ұйымдармен бірнеше рет тексерілген. Сондықтан, жер асты шаймалау әдісімен уранды өндіру қоршаған орта мен өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылардың және жергілікті халықтың денсаулығына әсері өте төмен. Қазба байлықтарының қай-қайсысының да қоршаған ортаға әсері болмай қоймайды. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының адамдар денсаулығы мен табиғатқа залал келтірмеуге барынша жағдай жасайтындығын ғылыми тұжырымдармен дәлелдеп жоғарыда айтылған. Тағы да қайталап айтамыз, уран өндірісі Қазақстанның экономикасын, әл-ауқатын көтерудегі жетекші қазба байлықтарының бірегеі. Уран өндірудің арқасында экономикамыздың шарықтап өсетіні — әрине, еліміз үшін қуанышты жаналық. Алайда, осы арада «осыншама уранды өндіру қажет пе?» және «осыншама уран өндіру экономикамызды шарықтатқанымен экологиямызды тоздырмай ма?» деген сұрақ өздігімен туындайтындай. Уранды осы қарқынмен өндіре беретін болсақ, біз оның ресурсын 70-80 жылдың ішінде-ақ сарқып алмаймыз ба? Келешектін қуат көзі — атом энергетикасы екенін ескерсек, бұл мәселені екі шұқып, бір қарауымыз керек секілді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
/1/.http://egov.kz/wps/portal/!ut/p/b0/04_Sj9CPykssy0xPLMnMz0vMAfIjc7PyChKtUvKTS3NT80r0w_Wj9KNgPM8U_cgAA0MDAxA2iwdJ5STmpZcmpqfqR2Zn6xfk5lqUOyoqAgCJNtI4/
/2/. portal.kazntu.kz/files/publicate/2012-05-31-elbib_4.pdf
/3/.http://egov.kz/wps/portal/!ut/p/b0/04_Sj9CPykssy0xPLMnMz0vMAfIjc7PyChKtUvKTS3NT80r0w_Wj9KNgPM8U_cgAA0MDAxA2iwdJ5STmpZcmpqfqR2Zn6xfk5lqUOyoqAgCJNtI4/
/4/.http://student.zoomru.ru/geolog/uran-ndrs-zhne-ony-lemdk/210942.1706953.s1.html
/5/. Уикипедия — ашық энциклопедия
6.http://i-news.kz/news/2011/12/03/6176111-uran_ondirisi_ozgeris_pen_olshem.html
7. «Егемен Қазақстан» газеті. 29тамыз,2012жыл
8. Қосымша мәләметтер:
Maidan.kz — ақпараттық порталы
www.google.kz
План урока
I. Организационный момент.
II. Изложение нового материала:
1. Понятие ОС.
2. Характеристики ОС.
3. Состав ОС.
4. Функции ОС.
5. Текущий контроль (5-6 вопросов на понимание).
III. Знакомство с командным режимом работы ОС MS – DOS (практическая работа на компьютере).
IV. Закрепление изученного – презентация «Операционная система».
V Итог урока.
Ход урока