Лекция: Мәтін үзінділерін ерекшелеу ережелері

Мәтінге қатысты қандай бір әрекетті (көшіру, пішімдеу, жою. т.б.) орындар алдында мәтіннің қажетті бөлігін — сөз, сөйлем, абзац. т.б. ерекшелеп алукерек.

Мәтін үзіндісін ерекшелеудің бірнеше ережесі де бар:

• Мәтін үзіндісін ерекшелеу үшін тышқанның сол жақ пернесін басып ұстап отырып, тышқан жүгіргісін үзіндінің басынан аяғына дейін жылжыту керек.

• Сөзді ерекшелеу үшін жүгіргіні оның үстіне қойып, тышқанді екі рет шерту қажет.

•Жолды ерекшелеу үшін оның сол жағындағы бос орынды шерту керек.

•Бірнеше жолды ерекшелеу үшін тышқанмен бірінші жолды шертіп, сол жак пернені басып ұстап тұрып, жүгіргіні жолдың соңына дейін апарып, содан кейін қажетті жолдын соңына дейін ерекшелеу қажет.

• Сөйлемді ерекшелеу үшін <Сtrl> пернесін басып ұстап тұрып, сөйлемді тышқанмен шерту керек.

• Абзацты ерекшелеу үшін тышқанмен абзац басындағы бос орынды шерту немесе ерекшелейтін абзацты үш рет шерту қажет.

• Бірнеше абзацты ерекшелеу үшін тышқанның сол жақ пернесін басып ұстап тұрып, бірінші абзацтың басынан сол жақ шетпен соңғы абзацтың аяғына дейін жылжу керек.

• Тіктөртбұрышты үзіндіні (кесте емес) ерекшелеу үшін Аlt пернесін және тышқанның сол жақ пернесін басып ұстап тұрып, жүгіргіні ерекшеленетін үзінді бойымен жылжыту қажет.

Мәтінді ерекшелеп алғаннан кейін Сіз оған қатысты қарапайым амалдарды, мысалы көшіру, жою, жылжытуды орындай аласыз. Бұл үшін мәзір жолағында орналасқан Өңдеу мәзірінің әмірлерін немесе Стандартты құралдар үстелінің батырмаларын қолдануға болады.

Мәтінді көшіру үшін Көшіру әмірін таңдау қажет.

Ал егер мәтін үзіндісін бір бөліктен екіншісіне ауыстыру қажет болса, дәл сол қосымшада орналасқан Қиып алу деген әмір бар. Мәтін бөлігі аралық сақтағышқа салынады да, басқа Көшіру немесе Қиып алу әмірі орындалғанға дейін сонда жатады, содан кейін басқа мәтін бөлігіне ауыстырылады. Аралық сақтағышқа соңғы рет қандай мәтін бөліктері салынғанын көру үшін, Өндеу қосымшасын ашып, Office аралық сақтағышын шертіңіз.

Көшірілген немесе қиып алынған мәтін бөлігін кірістіру үшін алдыңғы екі әмір сияқты Өңдеу қосымшасынан табуға болатын Қою әмірін пайдалануға болады.

Мәтінді жылжыту немесе көшіру үшін:

1. Мәтінді бөлектеп алыңыз.

2.Жылжыту үшін Қиып алу немесе Көшіру әмірін орындаңыз.

3.Жүгіргіні мәтінді қою қажет жаңа орынға апарыңыз. Егер ол орын басқа құжатта болса, сол құжатты ашыңыз.

4.Өңдеумәзірінен Қою әмірін орындаңыз.

Word-та жұмыс істеу кезінде қандай да бір әрекетті болдырмау көзделеді. Бұл қызметті соңғы аяқталған әмірді немесе әрекетті болдырмай тастайтын Болдырмау әмірі атқарады. Егер Сіз қандай да бір қате әрекет жасап, нәтижелеріне көңіліңіз толмаса, мысалы өзіңізге қажетті мәтін бөлігін жойып жіберсеңіз, осы қызметті пайдалануыңызға болады. Бұл үшін Өңдеумәзірін ашып. Енгізуді болдырмау әмірін таңдаңыз немесе құралдар үстеліндегі Болдырмау батырмасын басыңыз немесе пернетақтадағы <Ctrl> + <Z> пернелер тіркесімін пайдаланыңыз.

еще рефераты
Еще работы по информатике