Лекция: Логикалық амалдар.
Логикалық жалғаушылар математикалық логикада күрделі пайымдауларды сипаттайтын логикалық операциялар болып табылады. Математикалық логикада ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық операциялары ақиқаттық мәндер кестесімен анықталады.
| «және» «немесе» «емес» | конъюнкция (логикалық көбейту) дизъюнкция (логикалық қосу) теріске шығару | А және В А немесе В А емес |
Логикалық көбейту
ЖӘНЕ жалғаулығының көмегімен бір құрамдасқа екі қарапайым А және В пайымдауларының бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция деп аталады, ал операцияның нәтижесі — логикалық көбейтінді.
ЖӘНЕ (конъюнкция) логикалық операциясы үшін ақиқаттық кесте мынадай:
| А | В | А және В |
| иә | иә | иә |
| иә | жоқ | жоқ |
| жоқ | иә | жоқ |
| жоқ | жоқ | жоқ |
Мұндағы А және В — иә немесе жоқ мәнін қабылдай алатын екі пайым.
Мысалы, деректері қарапайым айтылымдар болсын: А — «Астана — Қазақстанн астанасы», В — «Астанада 300 мыңнан астам адам тұрады».
Онда осы айтылғандардың логикалық көбейтіндісі, немесе конъюнкциясы, күраіу пайымдау болады: Астана — Қазақстанның астанасы және Астанада 300 мыңі астам адам тұрады пайымдауларьшың ақиқат мәніне байланысты иә немесе жоқ мә қабылдайды. А мен В пайымдауы иә мәнін қабылдағанда «А мен В» кұрам пайымдауы да иә мәнін қабылдайтьшын кестеден көреміз.
Ақиқат кестесінен:
Пікірдің екеуі де ақиқат болғанда, А және В конъюнкциясы ақиқат;
А немесе В пікірлерінің біреуі немесе екеуі де жалған болғанда, А және В конъюнкциясы жалған болатындығын көреміз.