Лекция: Парақтар. Парақтар немесе деректерге жету парақтары Office 2000-дағы Access-тiң жаңа элементi.
Форма мен есептен айырмашылығы – парақтар HTML-файл ретiнде сақталады.
Есептер. Есеп – объектiлердiң бiр типi, ол деректердi көруге және баспаға шығаруға арналған. Формадан айырмашылығы, форма енгiзу мен көру үшiн, ал есеп жалпылау мен баспаға шығару үшiн қолданылады.
Есеп құру құралдары: есептер мастерi, автоесеп, диаграммалар мастерi, пошта наклейкаларын құру мастерi.
Деректер базасындағы байланыстар типтерi:
— “бiреуден бiреуге” (өзара бiрмәндi) – байланыстың бұл типiнде екi жақтағы байланысатын өрiстердiң бiр жазбаға байланыстылығы;
— “бiреуден көпке” – байланыстың бiр жағындағы өрiсте бiрнеше жазба, ал екiншi жағындағысында бiр жазба болады;
— “көптен көпке” байланысы – байланысатын өрiстерде мәндер екi жақтағы кестеде кездессе болады.
Конструктор режимiнде деректер базасын құру.Access жүйесiн iске қосу үшiнПУСК — ПРОГРАММЫ — MICROSOFT ACCESS пернелер комбинациясын орындау керек.
Новая база данных пунктiн таңдап файлға ат қою бөлiмiнде Евразия деп ат қойыңыз да Создать тетiгiн басыңыз. Шыққан терезеде Таблицы-Создать-Конструктор пунктерiн белгiлеңiз.