Лекция: ТАҚЫРЫП. Негізгі компьютерлік технологиялар. Экономикалық объектілерді басқарудағы ақпараттық жүйелердің орны мен ролі

Өндірістік және шаруашылық мекемелер, кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, банктер өздігінше күрделі объектілерді көрсетеді. Жүйе түсінігі өзара және элементтердің сыртқы ортасымен байланысқан жиынтық түсініледі. Олардың жұмыс істеуі нақты мақсатты немесе пайдалы нәтижені алуға бағытталған. Осы анықтамаға сәйкес әрбір экономикалық объект (мекеме) немесе оның бөліктерін қойылған мақсатқа жетуге ұмтылатын жүйе ретінде қарастыруға болады.

Жүйе үшін келесі негізгі қасиеттер сәйкес: күрделілік, бөлінгіштік, бүтіндік, элементтердің әртүрлілігі және олардың табиғатының айырмашылығы, құрылымдылық.

Жүйе күрделілігі оған кіретін элементтер жиынына, олардың құрылымдық әрекеттесуіне, сонымен қатар сыртқы және ішкі байланыс күрделілігіне қатысты. Кәсіпорын немесе мекеменің маркетинг қызметі осындай элемент мысалы болып табылады, яғни күрделі сыртқы және ішкі байланыстарды өндіреді.

Жүйе бөлінгіштігі нақты мақсат пен міндеттерге жауап беретін, белгілі бір белгісі бойынша ерекшеленген ішкі жүйелер қатарынан тұрады. Бұл қасиет мыналарды талдау кезінде ерекше маңызды: экономикалық объектілердің жұмыс ерекшеліктері, олардың басқарушылық қызметін ұйымдастыру, құжатайналымды қалыптастыру мен жүргізу, ақпаратты қайта өңдеу орталықтарының жұмыс істеуі және т.с.с.

Жүйенің бүтіндігі жүйе клиенттерінің көбісінің жұмыс істеуі бір мақсатқа бағыныштылығын білдіреді, онымен модельдеу процесінде талап етілетін және анықталатын нақты экономикалық объекті қызметінің нәтижелілігіне қол жеткіземіз.

Жүйе құрылымдылығы жүйенің ішіндегі элементтер арасындағы орнатылған байланыстар мен қатынастардың бар болуын анықтайды. Бұл материалдық, қаражат және ақпараттық ағымдардың қозғалысын қалыптастыруға арналған шартты құрады.

Жүйе кез келген объект болып түсініледі. Ол бір бүтін ретінде, сонымен қатар қойылған мақсатқа жету негізінде біріктірілген әр түрлі элементтер жиынтығы болып қарастырылады. Жүйе құрамы бойынша да, басты мақсаты бойынша да бір-бірінен ерекшеленеді. Әртүрлі элементтерден тұратын және әртүрлі мақсаттарды өндіруге бағытталған бірнеше жүйелерді келтірейік.

 

Әртүрлі жүйелер мысалы

Жүйе Жүйе элементтері Жүйенің басты мақсаты
Фирма Адамдар, құралдар, материалдар, ғимараттар және т.с.с. Тауарларды өндіру
Компьютер Электронды және электромеханикалық элементтер, байланыс линиялары және т.с.с. Деректерді өңдеу
Телекоммуникациялық жүйе Компьютерлер, модемдер, кабелдер, желілік программалық қамтама және т.с.с. Ақпаратты жіберу
Ақпараттық жүйе Компьютерлер, компьютерлік желі, адамдар, ақпараттық және программалық қамтама Кәсіби ақпаратты өндіру

Мекемені басқарудың ұйымдық құрылымы құрылымдық бөлімшелер құрамы мен басқару функциясын анықтайды. Ұйымдық құрылым басқару жүйесінің ақпараттық ағымының схемасын көрсетеді.

Ұйымдық құрылыммен бірге мекеменің «қаржылық құрылымы» бар. Бұл құрылым мекемені қаржылық жоспарлау негізі болып табылады. Мекеменің ұйымдық және қаржылық құрылымы, ішкі және сыртқы экономикалық шарттар есебімен бизнес-мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін мекеме қызметін басқару әдістері таңдап алынады.

Әлемде басқарудың ең танымал әдістемелері: MRP, JIT, SCM, ERP болып табылады.

MRP (Manufacturing Resource Planning) “Өндірістік ресурстарды жоспарлау» ‑ бәсекелес нарықтық экономика шартында өнеркәсіптік мекемелерді басқару әдістері. MRP (MRPI және MRPII) әдісі тапсырыс портфелі мен периодтар бойынша дайын өнімді өткізуді болжау негізінде өндірістік жоспарларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді. MRP әдісі дамыған басқарушы есепті және халықаралық класты (GAAP, IAS) бухгалтерлік есеп жүйелерін пайдаланады. Басқарушы шешімдерін қабылдау үшін талдау және статистикалық модельдеудің ақпараттық технологиялары, оның ішінде оптимизациялық есептер қолданылады.

JIT (Just in time) – дефектсіз өндірісті ұйымдастыруға негізделген басқару. Негізінен өндірістің массалық сипатымен мекемелерде қолданылады.

SCM (Supply Chain Management) – кеңейтілген өндірістік тізбекпен басқару. Өнімді шығаруда толық басқарушы циклін қолдауды жүзеге асырады, яғни жобалаудан сатудан кейінгі гарантиялық және сервистік қызметтерге дейін.

ERP (Enterprise Resource Planning) – бірыңғай корпорация шеңберінде ресурстармен (материалды, қаржылық, еңбек) басқару.

ERP-жүйесінің мақсаты – жүйенің барлық компоненттерінің келісіп жұмыс істеуі, орындау уақыты бойынша оптимизация. Ең танымал ERP-жүйелері: SAP/R3, BAAN, Oracle Applications, Renaissance CS және т.б. болып табылады.

Компьютерлендіру объектілеріне қойылатып жалпы талаптар:

· Басқару мақсаты үшін алынатын ақпарат сапасының қажет деңгейімен берілген мерзімде, толық көлемде басқармалы функцияны өндіру;

· Ақпаратты жинау, тіркеу, беру, сақтау, өңдеу, көрсетудің тиімді технологиясын қолдану;

· Басқарудың компьютерлік ақпараттық жүйесінің сенімділігі;

· Ақпаратты қорғау;

· Басқарудың компьютерлік ақпараттық жүйесінің бейімделуінің жоғары деңгейі.

Басқару жүйе компоненттері арасындағы, сонымен қатар қоршаған ортамен ақпарат алмасумен байланысты. Басқару процесі уақыттың әрбір моментінде жүйе жағдайы туралы мәлімет алуды болжайды. Демек, экономикалық объектпен басқарудың кез келген жүйесіне өзінің ақпараттық жүйесі сәйкес келеді, ол экономикалық ақпараттық жүйе деп аталады.

Ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеудің қазіргі индустриясының негізгі ерекшеліктерін қанағаттандырады. Олар басқару және шешім қабылдауды ұйымдастырады және қабылданатын шешімнің сапасын, толықтығын, нақтылығын, дұрыстығын және өз уақытында берілуін әлдеқайда жоғарлатады. Ақпараттық жүйелер функциялары есептің екі класымен өндіріледі: ақпараттық және технологиялық.Ақпараттық есептер ақпаратты қайта өңдеу және көрсетуді қамтамасыз етеді, ол адаммен басқару және шешім қабылдау процесінде пайдаланылады. Технологиялық есептер деректер базасын белсендендірумен, оларды бүтіндік жағдайында қолдаумен, эксплуатациямен, ақпараттық жүйені баптаумен байланысты.

Ақпараттық жүйелерге келесі талаптар қойылады:

— Жаңа функционалды облыстарға өзгертуге және баптауға қабілеттілігі;

— Уақыттың қажет периодында пайдаланушылар сұранысына жүйенің реакциясы;

— Қосымшаларды кеңейту және жаңа қосымшаларды қосуға мүмкіндігі;

— Есептеу ресурстарын пайдалану тиімділігі.

Экономикалық ақпараттық жүйе (ЭАЖ) — бұл экономикалық объекттің түзу және кері ақпараттық байланысының ішкі және сыртқы ағымдарының, ақпаратты өңдеу және басқарушы шешімдерін алу процесіне қатысатын мамандар, құралдар, тәсілдер жиынтығы.

Ақпараттық жүйелер миссиясы. Ақпараттық жүйелер ақпарат және ақпараттық технологиялар сияқты қоғамның пайда болу моментінен бастап бар. Өйткені оның дамуының кез келген сатысында басқару қажеттілігі бар. Ал басқару үшін жүйелендірілген, алдын-ала дайындалған ақпарат қажет.

Демек, ақпараттық жүйенің миссиясы – оның барлық ресурстарымен тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін мекемеге қажет ақпаратты өндіру, мекемемен басқаруды жүзеге асыру үшін ақпараттық және техникалық орта құру.

Кез келген жүйе негізінде процесс жатыр. Ақпараттық жүйе негізінде – ақпаратты өндіру процесі жатыр. Бұл мағынада ақпараттық жүйені басқару жүйесі ретінде қарастыра аламыз, мұнда бұл процесс басқару объектісі болып табылады. Басқарудың кез келген жүйесіндегідей ақпараттық жүйені басқару органдары бар.

 

Ақпараттық жүйе басқару объектісі ретінде

Басқару объектісі Басқарудың жедел деңгейі Басқарудың тактілік деңгейі Басқарудың стратегиялық деңгейі
Мекеменің ақпараттық жүйесі Ақпараттық жүйе персоналы, бөлімшелер мен функционалды қызметтер менеджерлері Директорлардың корпоративті мүшелері мен ақпараттық жүйенің бас менеджерлері
Қолданылатын ақпараттық технологиялар Персонал, ақпараттық жүйелер Ақпараттық жүйенің бас менеджерлері

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйе компьютерлік техника көмегімен өндірілген жүйе ретінде пікірлер туындады. Бірақ олай емес. Ақпараттық технологиялар сияқты, ақпаратты жүйелер техникалық құралдарды қолданумен және де оны қолданбай-ақ жұмыс істеуі мүмкін.

АЖ классификациясы оқыту пәнін жақсы түсінуді қамтамасыз етеді. Белгілі бір мақсатты көздейтін әртүрлі классификациялар бар.

Deloitte & Touch компаниясымен орындалған классификациямен сәйкес АЖ төрт топқа бөлінуі мүмкін:

1. Локальды.

2. кіші интегралданған.

3. орташа интегралданған.

4. ірі интегралданған.

Басқа авторлар АЖ-ні ERP-жүйелермен ұқсастығы/ерекшелігі принципі бойынша бөледі. АЖ келесі түрлері бойынша ерекшелейді:

— локальды автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) – жеке жұмыс орнында басқарушылық функцияны өндіру үшін арналған программалы-техникалық кешен.

— Басқару функциясын толық көлемде өндіретін ақпараттық және функционалды байланысқан АЖО кешені.

— Мекеме масштабында басқару функциясының интеграциясын қамтамасыз ететін бірыңғай ақпараттық базаға ненізделген АЖО компьютерлік желісі.

— Ірі масштабты мекемемен толық функционалды үлестірілген басқаруды қамтамасыз ететін корпоративті АЖ.

АЖ үшін басқа классификациялық белгі – функционалды компоненттер ақпаратын және сәйкес ақпараттық технологияларды өңдеу алгоритмдері күрделілігінің дәрежесі:

— Деректерді жедел өңдеу жүйесі – жүйенің OLTP- (On-Line Transaction Processing жүйелер);

— DSS (Decision Support Systems) шешім қабылдау және қолдау жүйесі.

Деректерді жедел өңдеу жүйесіне алғашқы ақпаратты есепке алу және тіркеудің дәстүрлі АЖ жатады (бухгалтерлік, қойма жүйелері, дайын өнімді шығаруды есепке алу жүйесі және т.с.с.). бұл АЖ алғашқы ақпараттың үлкен көлемін жинау және тіркеу орындалады, деректер базасына сұраныс жасау және есептеудің қарапайым алгоритмдері пайдаланылады.

Қолдау және шешім қабылдау жүйесі ақпаратты аналитикалық өңдеу, жаңа білімдерді қалыптастыруды талап ететін күрделі бизнес-процестерді өндіруге негізделген. Ақпаратты талдау белгілі бір мақсатқа негізделеді, мысалы, мекеменің қаржылық анализі, бухгалтерлік есеп аудиті және т.с.с. АЖ осы класының маңызды ерекшелігі мыналар болып табылады:

— Үлкен көлемдегі деректерді сақтау орнын құру (Data WareHouse – DW);

— Деректерді аналитикалық өңдеу тәсілдері мен құралдарын пайдалану (On-Line Analytical Processing – OLAP-технологиялар).

— Жаңа білімді қалыптастыруды қамтамасыз ететін деректерді интеллектуалды талдау (Data Mining – DM технологиялар).

Қорыта келе, экономикалық ақпаратпен қоғамда өндірістік қатынастарды сипаттайтын ақпарат түсіндіріледі. Экономикалық ақпаратқа экономикалық жүйеде жүретін мағлұматтар жатады. Экономикада автоматтандырылған ақпараттық жүйенің атқаратын ролі өте зор.

 

еще рефераты
Еще работы по информатике