Лекция: Финанстық функциялар.

Microsoft EXCEL программасында кредит, ссуда, займдар беруді есептеу және т.б. финанстық операцияларды орындай алатын арнаулы функциялар қарастырылған /14.1- кесте/. Олардың көмегіне сүйене отырып, :

· болашақ құнды (определение наращенной суммы или будущей стоимости);

· бастапқы құнды (определение начального значения или текущей стоимости);

· төлем уақытын және проценттік ставканы;

· займды өтеудің периодты төлемақысын және т.б. анықтауға болады.

14.1-кесте

Операция Анықтамасы Синтаксисі Формуласы
Болашақ құн Тұрақты төленетін периодтық төлемақы мен тұрақты проценттік ставка негізінде құралатын салым-ның болашақ құны БС(ставка; кпер; плт; пс; тип), мұндағы: Ставка — периодқа сәйкес проценттік ставка; Кпер — периодтың жалпы саны; Плт — әрбір периодта төленетін төлемақы; Пс — бастапқы құн; Тип -бұл 0 немесе 1 саны, егер 0 болса төлем периодтың соңында, ал 1 болса басында жасалады. FV=PV*(1+I)N, мұндағы: n –периодтың жалпы саны; І — проценттік ставка; PV- салымның бастапқы құны; FV-салымның болашақ құны.
Бастапқы құн Тұрақты төленетін периодтық төлем- ақы негізінде құра-латын салымның бастапқы құны ПС(ставка; кпер; плт; бс; тип) PV=FV/(1+I)^N.  
Период тардың жалпы саны Тұрақты төленетін периодтық төлем-ақы мен тұрақты проценттік ставка негізінде құралатын салым өтеу периодтары- ның жалпы саны КПЕР(ставка; плт; пс; бс; тип)  
Процент-тік ставка Периодта тұрақты төлемақы жасау жолымен қайтары-латын, сома беру үшін бір периодтың проценттік ставка-сын есептеу СТАВКА(кпер; плт; пс; бс; тип)    
Төлемақы Төлемақы мен проценттік ставка-ның тұрақтылығы негізінде бір периодта төленетін сома көлемін есептеу ПЛТ(ставка; кпер; пс; бс; тип)    

Excel программмасында периодты төлемақыны және амортизацияны есептеуге арналған келесі финанстық функциялар қолданылады /15.1-сурет/ :

15.1- кесте

Операциялар Анықтама Синтаксис
Процентттік өсімге сәйкес төлемақыны есептеу ПРПЛТ функциясы тұрақты төленетін периодтық төлемақы мен тұрақты проценттік ставка негізінде проценттік өсімге сәйкес төлемақыны есептейді. ПРПЛТ(ставка; период; кпер; пс; бс; тип)  
Проценттік өсіммен берілген займды өтеу төлемақысы сомасын есептеу   ОСПЛТфункциясы период сайын тұрақты түрде төленіп тұратын төлемақылар негізінде жинақталған займ кірісін есептейді. ОСПЛТ(ставка; период; кпер; пс; бс; тип)  
Бір периодтағы амортизацияны есептеу. Амортизация — бұл мүлікті пайдалану кезеңінде, әрбір өткен уақыт бірлігіне (периодқа ) сәйкес мүлік құнының төмендеуі   АПЛ функциясы бір период кезіндегі актив амортизациясы-ның шамасын септейді АПЛ(нач_стоимость; ост_стоимость; время_эксплуатации) Нач_стоимость — актив алуға кеткен шығын. Ост_стоимость — амортизация периодының соңындағы қалған құн (немесе активтің қалдық құны деп те аталады ). Время_эксплуатации — актив амортизацияланатын периодтар саны (немесе амортизация периоды).
Берілген периодтағы амортизацияны есептеу. АСЧ функциясы берілген периодтағы актив амортизациясының шамасын есептейді. АСЧ(нач_стоимость; ост_стоимость; время_эксплуатации; период)
еще рефераты
Еще работы по информатике