Лекция: Яшықтарды пішімдеу

Ұяшықтарды пішімдеу – бұл олардың сыртқы көрінісін безендіру, сондай-ақ олардың мазмұнының мәліметтер пішіміне түзетулер енгізу. Ұяшықтарды пішімдеу үшін қажетті ұяшықтарды ерекшелеп алып, Пішімдеу құралдар үстелінің батырмаларын пайдаланыңыз немесе Пішім мәзірінің – Ұяшықтар әмірін іске қосыңыз.

Ехсеl бағдарламасында Пішімдеу үстелінің батырмалары мәтінге қатысты Word бағдарламасында ұсынылатын әрекеттердің барлығын: қаріптің түсін, мәнері мен көлемін, өзгерту, бөлектенген ұяшықтардағы мәтінді туралау және т.б. қолдануға мүмкіндік береді.

Екінші амалды қарастырайық. Бұл тәсіл мынадай қосымшалардан тұратын Ұяшықтар пішімі сұхбат терезесін шақырады:

1. Сан – ұяшықтар деректерінің пішімі өзгертуге мүмкіндік береді.

2. Туралау– ұяшық мазмұнын туралау параметрлерін белгілейді.

3. Қаріп – қаріп параметрлерін белгілейді.

4. Жиек – ұяшық жиектерінің параметрлерін белгілейді.

5. Әшекейлер – ұяшықтың боялуын белгілейді.

6. Қорғаныс– ұяшықтың қорғанысын белгілейді.

Екі немесе бірнеше ұяшықты біріктірген кезде олар бір ұяшыққа айналып, ұяшықтағы мәтінді немесе өрнекті пішімдеуді оңайлатады.

Мысалы, тақырып бір ұяшыққа сыятын ету үшін кесте тақырыбы жолағындағы бірнеше ұяшықты біріктіру қажет болды делік. Осыдан кейін тақырып мәтінін біріктірілген ұяшықта тура ортада орналасатындай етіп туралауға болады.

Бұл үшін:

• Тақырыпты А1 ұяшығына жазу;

• Кестеде болады деп болжанып отырған бағандар санына сәйкес ұяшықтар ауқымын ерекшелеу;

• Пішімдеу құралдар үстелінде ұяшықтарды біріктіру және ортада орналастыру пернесін басу керек (18.17. сурет).

 

еще рефераты
Еще работы по информатике