Реферат: Тістер : сүт, тұрақты тістер, дамуы, олардың құрылысы, формуласы.
Тістер, dentes, шырышты қабықтың тамақты механикалық өңдеуге арналған сүйектенген өсінділері б.т. филогенез жағынан тістер жақсүйектердің жиегінде өсіп, бұл жерде жаңа қызметке ие болған балық қабыршақтарынан п.б. адамда екі рет алмасады: уақытша-сүт тістер,dented decidui, және тұрақты тістер,dentes permantes.
Адам тістері шамамен ұрықтық дамудың 7-аптасында дами бастайды.осы кезде болашақ төменге және жоғарғы жақ сүйектердің ұяшықтық өсінділер аймағында ауыз қуысын қаптайтын эпителидің қалыңдаған жері п.б., ол доғатәрізді табақша түрінде астыңғы жағындағы мезенхимаға бітісе өсе бастайды. Бұлар 2 табақшаға бөлінеді.
Сүтқоректілерде 3 түрлі пішінді тістер п.б.: айырып-үзу үшін(ит тістер), кесу үшін(күрек тістер), ұстау үшін(премолярлар) және ұнтақтау үшін (молярлар).
Әбір тіс,dens, мына бөліктерден тұрады:1) тіс сауыты,corona dentis 2) тіс мойыны, collum dentis 3)тіс түбірі,radix dentis, тіс сауыты қызыл иектен шығып тұрады, мойын қызыл иекпен қаусарылады, ал түбір тіс ұяшығында орналасып, тістің ұшымен apex radicis аяқталады, онда жай көзбен ақ тістің кішкене тесігі,foramen apicis көрініп тұрады. Осы тесік арқылы тіске қантамырлар мен нервтер кіреді. Тістің ішінде қуыс, cavitas dentis орналасқан, ол қуыстың ең көлемді бөлігі-сауыттық бөлімі мен қуыстың тарылатын бөлігі-canalis radicis dentis, түбір өзегі деп аталатын бөлімнен тұрады. Тіс қуысын қантамырлар мен нервтерге бай ұлпа,pulpa dentis толтырып тұрады.тіс түбірі ұяшықтық сүйек қабығы,periodontium арқылы тіс ұяшықтарымен тығыз тұтасады. Тіс, перидонт, ұяшық ұабырғасы мен қызыл иек тіс ағзасын құрайды. Тістің қатты заты мыналардан тұрады: 1)дентин,dentium 2)кіреуке,enamelum 3)цемент,cementum
Сүт тістер формуласы:2*0*1*2/2*1*0*2, барлығы 20, тұрақты тістердікі 3*2*1*2~2*1*2*3, барлығы 32