Реферат: Тақым шұңқыры, шекаралары, құрамы.
Тақым шұңқыры, fossa poplitea, ол тізе аймағының артқы қапталында орналасқан. Сыртқы пішіні ромб тәрізденіп келген.Бұл шұңқырдың;
а) жоғарғы латеральды қабырғасы- санның екі басты бұлшықетінен, m. Biceps femoris тұрса
ә) жоғарғы медиальды қабырғасы жартылай жарғақты бұлшықетінен,m. Semimembranosus тұрады
б) төменгі медиальды және латеральды қабырғалары, балтыр бұлшықетінің m.Gastrocnemius медиальды және латеральды бастарынан тұрады.
В) табаны-ортан жілік тақымдық бетінен, facies poplitea тұрады.
Тақым шұңқырында: қан тамырлар мен нервтер, лимфа тамырлары, олардың түйіндері, май қатпарлары орналасқан. Тақым шұңқыры төмен бағытта сирақ-тақым өзекшесіне, canalis cruropopliteus. ұласады. Сирақ- тақым өзекшесі, canalis crupopliteus немесе Грубер атты өзекшесі, ол сирақтың артқы бетінде, сирақтың беткей бұлшықеттері мен тереңде орналасқан бұлшықеттерінің аралығында бойлай тақым шұңқырынан өкшелік ахилл сіңірінің медиальды қапталына дейінгі аралықта орналасқан. Сирақ-тақым өзекшесінің алдыңғы қабырғасы: сирақтың жоғарғы 2/3 бөлігінде артқы асықты жілік бұлшықетінен, m.tibialis posterior, төменде алдыңғы қабырғасын бас бармақ башпайын бүгетін ұзын бұлшықеті, m,flexor halluces longus құрайды. Артқы қабырғасы сирақтың камбала тәрізді бұлшықетінен тұрады.
Сонымен қатар, бұл өзекшенің үш тесігі: жоғарғы кіретін, алдыңғы және төменгі шығатын тесігі ажыратылады.
А) жоғарғы немесе кіретін тесігі: алдыңғы қабырғасы, тақым бұлшықеті артқы қабырғасы камбала бұлшықетінің доға тәрізді сіңіршесінен тұрады.
Ә) бұл өзекшенің төменгі тесігі, сирақтың төменгі бөлігінде, камбала тәрізді бұлшықеттің ахил сіңіріне ұласқан жерінде орналасқан.
Б) алдыңғы тесігі: сирақтың проксимальды бөлігіндегі сүйек аралық жарғақтың жоғарғы тесігі болып табылады.
Бұл өзекшенің бойында артқы асықты жіліктік қан тамырлар мен нервтер орналасқан. Сонымен қатар, сирақтың төменгі 2/3 бөлігіндегі бұл өзекшеден латеральды бағытта төменгі асықты жілік шыбығы бұлшықетінің өзекшесіне өтеді.
-асықты жілік шыбығының бұлшықеттік, төменгі өзекшесінің,
А) алдыңғы қабырғасы асықты жілік шыбығының артқы бетінен,
Ә) артқы қабырғасын бас бармақты бүккіш ұзын бұлшықетінен тұрады. Бұл өзекше арқылы асықты жілік шыбығының бұлшықеттік қан тамырлары мен нервтері өтеді.
-асықты жілік шыбығының жоғарғы бұлшықет өзекшесі, ол сирақ-тақым өзекшесінің өз алдына дербес тармағы болып саналады. Өзекше, асықты жілік шыбығының латеральды бетімен ұзын асықты жіліктік шыбығы бұлшықетінің m. рeroneus longus бұлщықетінің аралығында орналасқан. Бұл өзекше арқылы асықты жілік шыбығы бұлшықетінің беткей нервісі, peroneus superficialis өтеді.
27.Ас қорыту жүйесі (systemadigestorium)ас қорыту процесін іске асыратын, демек ас қабылдауды, оны механикалық және химиялық өңдеуді, қоректік заттарды сіңіруді және қорытылмаған қалдықтарды шығаруды іске асыратын ағзалардың жиынтығы болып табылады. Сонымен бірге гормондарды өндіреді.
Құрсақ қуысының төменгі қабаты кіші жамбас астауында орналасады. Онда тік ішек, несепқуығы, ұрық көпіршіктері (еркектерде), жатыр мен жатыр түтіктері және аналық без жасушалары (әйелдерде) орналасқан. Висцералді ішастар сигматәрізді ішекпен тік ішекке жалғасады, сонда тік ішектің жоғарғы бөлігі – интрапариеталді, ортаңғы бөлігі – мезоперитонеалді, төменгі бөлігі – экстраперитонеалді жағдайда болады. Еркектерде ішастар тік ішек пен ұрық көпіршектеріне және несеп қуығының артқы қабырғалармен шектелген тік ішек –қуықтық ұңғыл (excavation rectovesicalis) түзеді. Әйелдерде ішастар тік ішектен қынаптың артқы күмбезі мен жатырдың артқы қабырғасына өтеді де, алдымен бүйірлерінен тік ішек-жатырлық ұңғыл(excavation rectouterina), кейін несеп қуығы мен жатыр арасында қуық-жатырлық ұңғыл (excavatio vesicouterina ).
28.Ас қорыту жүйесі ас қорыту түтігі – ас қорыту жолынан (ауыз қуысы мен ондағы мүшелер, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, тоқ ішек) және ас қорыту бездерінен тұрады. Бездер ас қорыту жолының қабырғасының ішінде және одан тыс орналасады (бауыр, ұйқы безі), бірақ олар түтіктер арқылы байланыста болады. Ас қорыту жүйесін құрайтын ағзалар бас, мойын, кеуде мен құрсақ қуысы, кіші жамбас аймақтарында орналасады.
Ас қорыту жолының бастапқы бөлімі болып табылатын ауыз қуысында тістердің көмегімен ас жұмсартылады, шайналады, тілдің көмегімен ауыз қуысына кіші және үлкен сілекей бездері бөлетін сілекеймен қосылып, араластырылады. Ауыз қуысынан ас жұтқыншаққа, кейін өңеш арқылы асқазанға түседі.
Құрсақ қуысының жоғарғы бөлімінде орналасқан асқазанда ас бірнеше сағат асқазан сөлі әсер етеді, мұнда ас белсенді араластырылып, езіледі және қорытылады. Асқазаннан ас мылжасы (химус) жіңішке ішекке түседі, мұнда оның одан арғы өттің және ұйқы безімен ішек бездері сөлінің әсерінен жалғасады. Жіңішке ішектің бастапқы бөлігі – он екі елі ішекке бауырмен ұйқы безінің өтістері ашылады.
Мылжаның белсенді қорытылуы аш ішек пен мықындық ішекте жалғасады, мұнда қабырғаларында орналасқан қан және лимфа тамырларға қоректік заттардың интенсивті сіңірілуі жүреді. Кейін қортылмаған және сіңірілмеген үлкен бөлігі соқыр ішек, жоғарлаған жиек ішек, көлденең жиек ішек, төмендеген ішек, сигматәрізді жиек ішек пен тік ішектен тұратын тоқ ішекке түседі. Ас қорыту жолының осы бөлімінде судың сіңірілуі мен астың қалдықтарынан нәжістік массалардың түзілуі іске асады.