Реферат: Шарбылық қапшық, шарбылық тесік, олардың шекаралары, қатынасы 3 страница
------Сол өкпенің төменгі жиегі МАРГО ИНФЕРИОР оң өкпенің төменгі жиегінен айырмашылығы, бір қабырға төмен орналасқан. Омартқа жанандағы сызықта ЛИНЭ ПАРАВЕРТЕБРАЛИС сол өкпенің артқы жиегіне жалғасады.
ЕКІ ӨКПЕНІҢ ҰШЫ МЕН АРТҚЫ БЕТТЕРІ БІР-БІРІНЕ СӘЙКЕС ОРНАЛАСҚАН, АЛДЫҢҒЫ ЖӘНЕ ТӨМЕНГІ БЕТТЕРІНІҢ СӘЙКЕС КЕЛМЕУІ ОҢ МЕН СОЛ ӨКПЕ КӨЛЕМІНІҢ ӨЗГЕШЕЛІКТЕРІНЕ ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ.
60.Плевра: бөлімдері, шекаралары, плевра қуысы, плевра синусы, олардың маңызы.
Өкпеқап:
Өкпенің сыртқы бетін жауып орналасқан тұйық сірлі қабық, өкпеқап ПЛЕУРА деп аталады. Топографиялақ орнына қарай қабырғалық немесе париеталды өкпеқап ПЛЕУРА ПАРИЕТАЛИС және мүшелік немесе висцеральды өкпеқапқа бөлінеді.
------Висцералды өкпеқап ПЛЕУРА ВИСЦЕРАЛИС өкпе паренхимасының сыртқы бетін тығыз жауып орналасқандықтан висцеральды ПЛЕУРА ПУЛЬМОНАЛИС деп аталады. Висцеральды өкпеқап өкпе қақпасының тқменгі қапталының тұсында бүктеліп, вертикальді бағытта көкетке өтіп, өкпелік байламды ЛИГ.ПУЛЬМОНАЛИС құрап, париеталды өқпеқапқа ПЛЕУРА ПАРИЕТАЛИС жалғасады.
--------Париеталды өкпеқап ПЛЕУРА ПАРИЕТАЛИС ол өкпенің сірлі қабығының сыртқы табақшасы болып саналады. Париетальды өкпеқаптың сыртқы беті, кеуде қуысы қабырғаларының ішкі бетін жауып орналасқан,, тұйық ішкі кеуделік шандырмен ФАСЦИА ЭНДОТОРАЦИКА тығыз байланысып, өкпеқапқуысына қараған беті сірлі сұйықтықтыбөлетін мезотелий жесушаларымен көмкерілген
Өкпеқап қуысы:
Париетальды және висцеральды бөліктерінің арасындағы саңылау өкпеқап қуысы КАВУМ ПЛЕУРАЛИС деп аталады. Тыныс ал у кезінде сұйықтық өкпенің сірлі қабық аралығындағы үйкелісті жеңілдеті қызметін атқарады… Сонамен қатар инспираторлық күш пен өкпенің талшықтты тінінің әсерінен өкпеқап қабықтарының бір-біріне беттісін қамтамасыз етіп, өкпеқап куысында теріс қысымның пайда болуына байланысты өкпенің тыныс алу кезінде еркін жазылып, еркін қазғалуына ықпал етеді. Өкпеқаптың жоғарғы бөлігі мойын аймағына өтіп, өкпенің ұшымен беттесіп, өкпеқап күмбезін КАПУЛЯ ПЛЕУРЭ құрайды. Париетальды өкпеқап орналасуына қарай: Қабырғалық ПЛЕУРА КОСТАЛИС, көкеттік ПЛЕУРА ДИАФРАГМАТИКА және көкірекаралық ПЛЕУРА МЕДИАСТИНАЛИС болып бөлінеді.
Өкпеқаптың шекарасы.
Өкпеқап бауырмен тұспалас орналасуына байланысты ассиметриялық жағдайда, оң өкпеқап сол өкпеқапқа қарағанда жалпақ және қысқа. Өкпеқаптың алдыңғы, артқы, төменгі жиектері біркелкі орналаспаған.
— Екі өкпеқаптың жиегі, қабырғалық өкпеқаппен шекарасы бірдей омыртқа бағанасының бойында сәйкес келіп, өкпеқаптың күмбезі КАПУЛЯ ПЛЭУРА мен 12 қабырға басының аралығында бойлық орналасқан.
— Өкпеқаптың алдыңғы жиегі оң және сол жағында бірдей, өкпенің ұшынан АПЕКС ПУЛЬМОНИС Төмен медиальді бағытта өтіп, төс-бұғана буынының АРТИКУЛЯЦИО СТЕРНОКЛЯВИКУЛЯРИС аотқы бетіне өтеді. Одан әрі параллель бағытта 2 қабырғадан 4 қабырғаға дейін төмен өтеді.
------Оң өкпеқаптың алдыңғы жиегі, төс- бұғана буынының артқы бетінің тұсынан, алдыңғы орталық сызықтан ЛИНЭ МЕДИАНА антериор оң қапталының бойымен тік бағытта төс сүйегінің тұтқасы мен денесінің аралығына дейін өтеді. Одан әрі, төмен тік бағытта 6-7 қабырғалардан немесе төс сүйегінің семсертәрізді өсіндіден ПРОЦЕССУС ХИПОИДЕУС төмен оң жаққа өтіп, оң өкпеқаптың төменгі жиегіне жалғасады
Сол өкпеқаптың алдыңғы жиегі, оң өкпеқаптың алдыңғы жиегі саяқты, төс-бұғана буынның артқы қапталының тұсынан төмен төс сүйегінің сол қырының бойымен 4-қабырғаның шеміршектік бөлігіне дейін өтеді. Сол 4 қабырғаның тұсында, жүректік тілікті ИНЦИЗУРА КАРДИАКА құрап, төмен өтіп 6 қабырға шеміршегінің тұсында сол өкпеқаптың төменгі жиегіне ұласады.
------Оң өкпеқаптың төменгі жиегі, оң өкпеқаптың алдыңғы жиегінің тікелей жалғасы. Ол төмен латеральді өтіп, емшектік сызықта ЛИНЕ МАММИЛЯРИС 7 қабырғаны, ортаңғы қалтық сызықтын, ЛИНЭ АКСИЛЯРИС МЕДИАНА 9 қабырға кесіп өтіп, одан әрі горизонтальді бағытта 10-11 қабырғаны кесіп өтіп 12 қабырға басының тұсында өкпеқаптың артқы жиегіне жалғасады.
------Сол Өкпеқаптың төменгі жиегі. Оң өкпеқаптың төменгі жиегіне қарағанда, жағарда көрсетілген сызық бойынша бір қабырға төмен орналасып, оң 12 қабырға басының тұсында өкпеқаптың артқы жиегіне жалғасады.
Өкпеқаптың қойнаулары СИНУСТАРы:
------Өкпеқап синустары немесе қойнаулары РЕККЕСУС ПЛЕУРАЛИС деп париетальды және висцеральды өкпеқаптың аралығындағы қуыс. Екі өкпеқаптың Түйіскен жерінде орналасқан кең қабырға-көкет қойнауы РЕККЕСУС КОСТАДИАФРАГМАТИКУС
Қабырға-көкірекаралық қойнау РЕККЕСУС КОСТОМЕДИАСТИНАЛИС, ол сол өкпенің алдыңғы жиегінің жүректік тілігінің ИНЙИЗУРА КАРДИАКА бойында орналасқан.
61. Көкірекаралық. Базель жіктемесі бойынша бөлімдері, көкірекаралықтың ағзалары, олардың топографиясы. Көкірекаралық Париж номенклатурасы бойынша.
Көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ екі өкпеқап аралығында орналасқан мүшелер жиынтығы.
Көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ алдынан төспен, артынан –омыртқа жотасының бөлігімен, бүйірінен – оң және сол көкірекаралық өкпеқаппен шектелген. Көкірекаралық жағарыдан кеуде торының жоғарғы апертурасыныңа, төменнен көкетке дейін жетеді. Қазіргі уақатты көкірекаралықты шартты түрде жағарғы және төменгі бөліктерге бөледі. Доғарғы көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ СУПЕРИУС төс сабын 4-5 кеуде омыртқаларымен қосатын шартты көлденең жазықтықтан жоғары орналасады. Жоғарғы көкірекаралықта тимус, оң және сол иықбас веналары, жоғарғы қуыс венаның жоғарғы бөлігі, қолқа доғасы мен одан тармақталған тамырлар, кеңірдек, өңештің жоғарғы бөлігі, кеуде түтігінің сәйкес бөлігі, оң және сол симпатикалық сабау, көкеттік нерв орналасқан.
Шартты горизонтальды жазықтықтан төмен төменгі көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ ИНФЕРИУС орналасады. Ол3 ке бөлінеді: Алдыңғы, ортаңғы, артқы.:
--------Алдыңғы МЕДИАСТИНУМ АНТЕРИУС алдынан төс сабы мен артынан жүрекқаптың алдыңғы қабырғасының аралығында орналасып, құрамында ішкі кеуде тармақтары, төс мңындағы, алдыңғы көкірекаралықтық және жүрекқапалды лимфа түйіндері орналасады.
-------Ортаңғы Көкірекаралықта МЕДИАСТИНУМ МЕДИУМ ішінде жүрек және ірі қан тамырлардың жүрекқап ішкі бөлімдері орналасқан жүрекқап, басты бронхылар, өкпе артериясы мен венасы, көкеттік нерв пен қосарланып жүретін көкетжүрекқаптық тамырлар, төменгі кеңірдек- бронхтық және латеральді жүрекқаптық лимфа түйіндері болады.
-------Артқы көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ ПОСТЕРИУС алдынан жүрекқаптың қабырғасымен және артынан омыртқамен шектелген. Артқы көкірекаралықтың мүшелеріне төмендеген қолқаның кеуделік бөлігі, сыңар және жартылай сыңар веналар, оң және сол симпатикалық сабудың, ішкі мүшелік нервтердің, кезбе нервтін, өңештің, кеуде түтігінің сәйкес бөлімдері, артқы кқкірекаралық және омыртқа алдындағы лимфа түйіндері жатады.
Клиникалық практикада Базель номенклатурасыбойынша көкірекаралық алдыңғы кк МЕДИАСТИНУМ АНТЕРИОР және төменгі кк МЕДИАСТИНУМ ПОСТЕРИОР бөлінеді.
------Алдыңы кк-қа жүрекжәне жүрекқабы ПЕРИКАРДИУМ, жүрекке кіретін жіне шығатын ірі артериялар мен вена қантамырлары, тимус, көкет нерві ПРЕНИКУМ, көкет-жүрекқап қантамырлары және жоғарғы көкеттік, көкірекаралық лимфа түйіндері орналасқан.
-----Артқы кк-та, өңеш, кеуде қолқасы, кеуде түтігі, ДУКТУС ТОРаЦИКУС, сыңар және жартылай сыңар веналар ВВ.АЗУГОЗ ЕТ ХЕМИАЗУГОЗ кезбе нерв Н.ВАГУС, оң және сол симпатикалық сабау, ТРУНЦИСИМПАТИЦИ ДЕКСТЕР ЕТ СИНИСТЕР және артты кк, алдыңғы омыртқалық лимфа түйіндері орналасқан.
62.Бүйрек топографиясы, бүйректің капсуласы, ішастарға қатынасы. Бүйректің фиксациялық аппараты.
Бүйрек РЕН грекше НЕФРОЗ жұп экскреторлық мүше. Бүйректің сыртқы пішіні бұршақтәрізді, құрамы тығыз. Ересек адамдардабүйрек көлемі: бүйректің ұзындығы 10-12 см көлденең ені 5-6 см қалыңдығы 3-4 см Орташа салмағы 120 гТүсі қою-қызыл
Бүйрек топографиясы: Бүйрек іші куысының артқы қабырғасында, омыртқа бағанасының бүйір қапталында ХІІ кеуде омыртқа мен жағарғы екі бел омыртқалардың аралығында, ішастардың артқы қапталында, бүйректік қалтада орналасқан. Оң бүйрек бауырдың оң үлесімен жақын беттесіп орналасуына байланысты сол бүйрекке қарағанда 1-1,5 см төмен орналасқан. Проксимальды ұшы ЕКСТРЕМИТАС СУПЕРИОР ХІ қабырғаның тұсында, дистальді ұшының ЕКСТРЕМИТАС ИНФЕРИОР орналасуы тұрақсыз., жалпымықын сүйегінің қырынан 3-5 см жоғары орналасқан.
Бүйректің қабықтары:
----Бүйректің сыртқы беті фиброзды қабықпен КАПСУЛЯ ФИБРОЗА жабылған. Қабықбүйрек паренхимасынан жеңіл сылынып алынады… Құрылысы: дәнекер тінді талшықтардан және біріңғай салалы бұлшақеттерден құралған.
— Майлы қабық КАПСУЛА АДИПОСА бүйректің фиброзды қабығының сыртында орналасқан. Майлы қабық бүректің артқы бетінде жақсы дамыған, ол бүйрек майын КОРПУС АДИПОСУМ түзеді. Майлы қабығы қалыңдығының күрт азаюынан бүйрек қазғалмалы келеді.
-----Бүйрек шандыры ФАСЦИА РЕНАЛИС екі бүйрекке ортақ, ол майлы қабықтың сыртқы бетін жауып бүйрекалды және бүйрекарты екі табақшадан тұрады. Бүйрек шандырының бүйрекалды табағы алдынан сол бүйректі, бүйрек тамырларын, құрсақтық қолқаны, төменгі қуыс венаны жауып, омыртқаның алдынан өтіп, оң бүйрекке жалғасады. Бүйрек шандырының бүйрекартытабағы оң және сол жақтарынан омыртқа жотасының бүйір бөлігіне бекиді. Бұл екі табақшаның төменгі ұштары өзара байланыспайды. Бүйрек шандыры талшықты дәнекер тінді жіпшелер арқылы бүйректің фиброзды қабығымен байланысады.
Бүйрек шандырының бүйрекалды табағының алдында париеталды ішастар орналасқан. Бүйрек ішастармен экстраперитоеалды жабылған.
Бүйректің фиксациялық аппараты
Бүйректің қалыпты жағдайда бір деңгейде орналасуы келесі факторларға тікелей байланысты:
----Бүйрек орнына, белдің үлкен бұлшықеті, М: ПСОАС МАЙОР мен белдің шаршы бұлшықетінен М: ГУАДРАТУС ЛЮМБОРУМ түзілген
----Іш қуысы, көкет және шаттың бұлшықеттің жиырылуы нәтижесінде пайда болатын құрсақтық қысымға.
— Бүйрек аяғына: бүйрек қантамырлары, нервтері, лимфа тамырлары, бүйрек түбегі немесе несепағар
----Бүйрек қабықтары әсіресе бүйрек шандырына
— ішкімүшелермен тығыз жанасып орналасуына
-----ішастар байламдарына
Бүйректің фиксациялықаппаратының күрделігіне қарамастан, тыныс алу кезінде 2-5см ауытқуы байқалады.
63.Бүйректің микроструктурасы. Бүйректің құрылымдық функционалдық бірлігі.
Бүйректің сегменттік құрылысы және қантамырларерекшеліктеріне байланысты бүйрек затын 5 сегментке бөлуге болады. Сегменттері: Жоғарғы сегмент СЕГМЕНТУМ СУПЕРИУС Жағарғы алдыңғы СЕГМЕНТУМ АНТЕРИУС СУПЕРИУС Төменгі алдыңғы сегмент СЕГМЕНТУМ АНТЕРИУС ИНФЕРИУС және артқы сегмент СЕГМЕНТУМ ПОСТЕРИУС ажыратылады.
Әрбір сегмент2-3 бүйрек үлестерін ЛОБУС РЕНАЛИС қосады. Құрамына: бүйрек бағанларында орналасқан үлесаралық артериялар мен веналармен шектелген бүйрек пирамидасы және оған тұспалас орналасқан қыртыс заты кіреді. Қыртыс заттың әрбір бүйрек үлесіне 600гн жуық қыртыс үлесшелері ЛОУЬУЛЮС КОРТИКАЛИС кіреді.
Қыртыс үлесшелерінің құрамына: Бүктелген бөлік ПРАС КОНВОЛЮТА оның аралығында орналасқан тармақталған бөлік, ПРАС РАДИАТА кіреді. Және көршілес үлесшелерімен үлесаралық артериялар мен веналар арқылы шектелген.
Бүйректің құрылымдық- қызметтік бірлігі нефрон НЕФРОН Нефрон мальпиги денешігінен КОРПУСКУЛЮМ РЕНАЛЕ және бүйрек өзекшелерінен тұрады.
Нефрон құрылысы:
Мальпиги денешігі Корпускулюм РЕНАЛЕ шумақтан ГЛОМЕРУЛУС және оны қоршаған Қос қабырғалыбокалтәрізді Шумлянский- Боумен атты шумақ қапшықтан КАПСУЛА ГЛОМЕРУЛИ тұрады. Шумақ қапшығының қуысы нефрон өзекшесінің проксимальді бөлігіне ПРАС ПРОКСИМАЛИС ТУБУЛИ НЕФРОНИ немесе иреленген проксимальді өзекшеге ТУБУЛУС РЕНАЛИС КОНТОРТУС жалғасады. Бұл өзекше одан әрі бүйректің милы затының немесе пирамиданың терең қабатына қарай өтіп, нефрон (Генле ілмегі) ілмегіне жалғасады.
ГЕНЛЕ ілмегі АНСА НЕФРОНИ Нефрон өзекшенің дистальді бөлігіне ПРАС ДИСТАЛИС ТУБУЛИ НЕФРОНИ жалғасып жинаушы түтікшеге ТУБУЛУС РЕНАЛИС КОЛЛИГЕНС ашылады.
64.Бүйректің юкстагломерулярлық аппараты туралы түсінік.
Нефрон барлық деңгейде келетін және жанасатын қантамырлармен қоршалған.Нефронның 80% бөлігі бүйректің қыртыс заты қалыңдығында НЕФРОНУМ КОРТИКАЛЕ орналасқан. Қалған нефрондардың шумағы милы затқа жатады, ал ілмек төмендеген және жағарылаған бөліктермен милы затқа орналасады. Бүйректің милы затында орналасқан нефрондар «юкстамедулярлы» нефрондар, НЕФРОНУМ ЮКСТАМЕДУЛЯР деп аталады.
65.Бүйректің қызметтері.Бүйректің форникалдық аппараты.
Үлкен және кіші бүйрек тостағаншалары мен бүйрек түбегінің құрылысы біртекті. Олардың қабырғаларының құрылысы: Шырышты, бұлшықеттік және сыртқы дәнекер тінді қабаттардан тұрады. Кіші тостағанша қабырғасында, оның күмбезі тұсында біріңғай салалы бұлшықет талшықтары сақинатәрізді қабат күмбез қасыңқысын түзеді. Кіші тостағанша қабырғаларының бұл бөлігіне нерв талшықтары мен қан және лимфа тамырлары жақын жатады. Осы құрылымдар бүйректің форникалық аппаратының құрамына кіреді.
Бүйректің форникалық аппаратының маңызы: юүйрек паренхимасынан кіші тостағаншаларға несептің шағарылуы және кіші тастағаншалардан несептің кері өтпеуіне кедергі жасауы.
Форникалық аппарат жұмысының принципі сауу аппартаының механизміне ұқсас, несеп өз-бетімен ақпайды, ол бүртіктен кіші тастағаншаларға белсенді сауылады. Форникалық аппарат жұмыс механизміне төрт бұлшықет қатысады, олар жиырылу қабілетімен иемденеді.
Бүйрек тастағаншаларының қабырғасында, күмбезден жағары М.ЛЕВАТОР ФОРНИКИС оның айналасында М.СФИНСТЕР ФОРНИКИС кіші тостағанша тұсында жан-жағында М. СПИРАЛИС КАЛИЦИС орналасқан.
Тостағаншаларда несептің жиналуы және олардан шығарылуы екі кезекпен жүреді:
1 Систола, жиырылу 20 сек тен 45 сек дейін
2 Диастола, босаңсу 10-15 сек
М ЛЕВАТОР ФОРНИКИС пен М.ЛОНГИТУДИНАЛИС КАЛИЦИС тостағанша қуысын кеңейтіп, несеп жиналуына жағдай тудырып, ал М. СФИНСТЕР ФОРНИЦИС пен СПИРАЛИС КАЛИЦИС тостағаншаны тарылтып, оны босатады.
66. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері. Зәрдің түзілу кезеңдері және шығарылу жолдары.
Бүйректің қантамыр арнасы арқылы, вена және капиллярлармен көресетілген, олар арқылы тәулігіне 1500-1800 қан ағады. Бүйрек қақпсаы ХУЛУС РЕНАЛИС арқылы кірген бүйрек артериясы А. РЕНАЛИС алдыңғы және артқы тармақтарға бөлінеді. Бүйрек қойнауында алдыңғы және артқы тармақтар бүйрек түбекгің алдынан және артынан жүріп сегментарлықартерияларға бөлінеді. Алдыңғы тармақтан4сегментарлық артерия: Жоғарғы сегментке А. СЕГМЕНТИ СУПЕРИОРИС, жоғарғы аодыңғы А. СЕГМЕНТИ АНТЕРИОРИС СУПЕРИОРИС, төменгі алдыңғыА.СЕГМЕНТИ АНТЕРИОРИС ИНФЕРИОРИС және төменгі А. СЕГМЕНТИ ИНФЕРИОРИС тармақталады.
-----Бүйрек артериясының артқы тармағы мүшенің артқы тармағы мүшенің артқы сегментіне А. СЕГМЕНТИ ПОСТЕРИОРИС атауымен жалғасады.Сегментарлық артериялар үлесаралық артерияларға АА.ИНТЕРЛОБАРИС тармақталады. Олардың әкелуші шумақ артериоласы АРТЕРИОЛА ГЛОМЕРУЛАРИС АФФЕРЕНС басталып, капиллярларға жалғасады. Капиллярлардан шумақ ГЛОМЕРУЛУС қалыптасады. Шумақтан әкетуші шумақ артериоласы, АРТЕРИОЛА ГЛМЕРУЛЯРИС ЕФФЕРЕНС басталады., оның диаметрі әкелуші тамырға қарағанда кіші Шумақтан шыққан әкетуші тамыр бүйрек өзекшелерін шырмап, бүйректің милы және қартыс заттарында капилляр торын түзетін капиллярларға тарайды.
-----Бүйректің милы затына доғалық, үлесаралық және кейбір әкетуші шумақ артериоласынан пирамидаларды қанмен қамтамасыз ететін артериоларлар АРТЕРИОЛА РЕКТИ тармақталады.
------Бүйректің қыртыс затаының капилляр торынан венулалар қалыптасып ВВ. ИНТЕРЛОБУЛЯРЕС, түзіледі олар доғалық веналарға ВВ. АРКУТАЕ құяды. Бүйректің қыртыс затының беткей қабаты мен фиброзды қабығында жұлдызша венулалар ВЕНУЛА СТЕЛЛЕТЭ қалыптасып доғалық веналарға ашылады. Олар үлесаралық веналарға ВВ.ИНТЕРЛОБУЛЯРИС бүйрек қойнауына кіріп, өзара бірігіп, бүйрек венасын түзеді. Бүйрек венасы В.РЕНАЛИС бүйрек қақпасынан шығып, төменгі қуыс венаға ашылады.
Бүйректің лимфа тамырлары қан тамырлармен бірге жүріп, бүйрек қақпасынан шағады. Лимфа тамырлары бел лимфа түйіндеріне НОДИ ЛИМФ. ЛЮМБАЛЕС құяды.
Адам зәрінің шамамен 96%-ы су, 1,5%-ы бейағзалық заттар. Зәрде хлорлы натрий мөлшері көбірек, сульфаттар, фосфаттар, калий, кальций, магний карбонаттары аз мөлшерін құрайды. Зәрдің құрамында 2,5% ағзалық заттар болады. Әсіресе несепнәр (мочевина), зәр қышқылы көбірек кездеседі. Несепнәр бауырда аммиактан түзіледі. Ересек адам тәулігіне шамамен 1,2 -1,6 л зәр бөледі. Көптеген ауруларды анықтау үшін зәрді талдауға алып зерттейді. Зәрдің сарғыш түсті болуы оның құрамындағы урохром пигментіне байланысты. Урохром гемоглобиннің ыдырауынан, ішек пен бүйректе ет пигментінен түзіледі. Зәрдің құрамындағы азотты өнімдер несепнәрмен бірге шығарылады.
Зәрдің түзілуі
Бүйректен тәулігіне 1700-1800 л астам қан ағып өтеді. Бүйректе зәрдің түзілуі, оның қанмен ерекше қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Бүйректе зәрдің түзілуі 2 кезеңнен тұрады: сүзілу (фильтрация), және қайта сіңірілу (реабсорбция). Латынша «абсорбция» — сүзілу, «ре» — косымша кері қайту деген ұғымдарды білдіреді.
Зәр түзілудің сүзілу кезеңінде бүйректің қыртысты затында орналаскан бүйрек денешігіндегі қылтамыр шумағындағы қаннан зәр бөлінеді. Мұны бірінші реттік зәр түзілу деп атайды. Бірінші рет түзілген зәрдің мөлшері өте көп болады. Бүйректен ағып өтетін әрбір 10 л қаннан 1 л бірінші реттік зәр түзіледі. Бірінші реттік зәрдің құрамы қан сарысуына ұқсас, бірақ онда нәруыздар болмайды. Бірінші рет түзілген зәрдің құрамындағы судың көп мөлшері қайтадан канға өтеді. Сонымен бірге ағзаға қажетті қант, аминқышкылдары, натрий, калий иондары, су және басқа заттар да қайтадан қанға сіңіріледі. Судың және басқа заттардың қайтадан қанға сіңірілуі нәтижесінде тәулігіне шамамен 1,5 л екінші реттік зәр түзіледі.
Бүйректе зәрдің сыртқа шығарылуы өсімді жүйке жүйесі арқылы (жұлынның сегізкөз бөліміндегі орталық) реттеледі. Сонымен бірге бүйректің кызметін реттеуге аралық мидан (гипоталамустан) түзіліп, гипофиздың артқы бөлімінен бөлінетін вазопрессин гормоны да қатысады. Зәрдің бөліну мөлшері әсер ететін заттарға (тағамға) және орта жағдайына да байланысты. Суық күндері суды көп ішіп, құрамында нәруызы көп тағамдарды пайдаланғанда зәр көп бөлінеді. Ауаның, температураның жоғарылауы, құрғақ тамақ зәр бөлінуін азайтады. Зәр несепағармен қуыққа толып, оданзәршығару өзегі (үрпі жолы) арқылы сыртқа шығарылады.
67.Несепқуық топографиясы,құрылысы,қызметі,ішастарға қатынасы.
Несепқуық,vesica urinaria seu cystis дара қуыс мүше, несептің жиналатын орны.Несепқуықтың пішіні мен көлемі несептің жиналуына байланысты өзгеріп тұрады.Ересек адамдарда несепқуықтың орташа сыйымдылығы 250-500мл-дей.Несепқуық кіші жамбас астау қабырғасына бекініп, тұспалас мүшелермен фиброзды жіп арқылы байланысып, симфиздің артында орналасқан.Несепқуықтың алдыңғы беті қасаға симфизіне қараған, одан қасаға артқы кеңістігінде орналасқан майлы қатпармен шектелген.Ерлерде несепқуықтың артқы беті тік ішекпен, шәует қуықшаларымен және шәует шығаратын түтік кеңжерімен (ампуласымен), ал түбі қуық асты безбен шектеседі.Әйелдерде несепқуықтың артқы беті жатыр мойының алдыңғы қабырғасымен және қынаппен, ал түбі несеп жыныс диафрагмасымен шкетеседі.Әйелдер мен ерлерде несепқуықтың бүйір беттері артқы өрісті көтеретін бұлшықетпен шектелген.Ерлерде несепқуықтың жоғарғы бетінде жіңішке ішек ілмектері, ал әйелдерде жатыр орналасқан.Несепқуық несеппен толғанда ішастар 3 жағынан, мезоперитонеалді, ал босаған кезде ретроперитонеалді жабылған.Ішастар несепқуықты жоғарыдан, бүйірінен және артынан жауып, ерлерде тік ішекке (тік ішекқуық ұңғылы),әйелдерде жатырға (қуықжатыр ұңғылы)өтеді.Қуық ұшын кіндікпен орталық кіндік байламы жалғайды.