Реферат: КІРІСПЕ
Ұсынылып отырған көмекші әдістемелік құрал — жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілде білім алатын 1-курс студенттеріне 2-ші семестрде ағылшын тілін оқытуға арналған. Әдістемелік құралдың алдына қойған мақсаты – білім алушыларға ағылшын тілінен қазақ тіліне сөздерді еркін, сауатты аударып, ағылшын тілінің грамматикасын меңгерту болып табылады.
Әдістемелік нұсқауда ағылшын етістіктерінің шақтары негізгі теориялық мәселелері қарастырылған. Студентке жаңа материалды игерту барысында кейбір теориялық материалдарды қазақ тілінің грамматикасымен сәйкестіре отырып түсіндіруге тырыстық.
Көмекші әдістемелік нұсқауда студенттерге грамматиканы меңгертумен қатар білім алушының сөздік қорының дамуына да жағдайлар жасалған. Осы орайда көптеген мысалдар мен жаттығу жұмыстары өтілетін тақырыпқа сай құрастырылған. Студенттің тіл байлығын дамытуда біршама материалдарды аударма жұмыстарына бағыттадық. Үй тапсырмасын орындауда, студенттің өздік жұмысын ұйымдастыруда әр түрлі тақырыпта мәтіндер мен жаттығулар ұсынылды. Тест тапсырмалары студентердің грамматикалық білімдерін және лексикалық материалдарды қолдана білуін тексереді. Студентердің лингвистикалық және коммуникативтік компетецияларын қолдануын бағалауға арналған.
Атаулы оқу құралы студенттерді ағылшын тілінде мәтінді еркін, қатесіз оқу, сөздіктің көмегімен жылдам әрі сауатты аудару, ағылшын тілінде өз ойын толық жеткізіп айта алу, және қарым-қатынас тілін игеру сияқты талаптарға жетелейді. Осы талаптарды негізгі ала отырып, білім алушы, тіл үйренуші болашақ мамандарға, және пән оқытушыларына осы әдістемелік нұсқау үлкен көмегін тигізеді деген үміттеміз.
ЕТІСТІК (THE VERB)