Реферат: Л. Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті кафедра : Халықаралық қатынастыр реферат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Кафедра: Халықаралық қатынастыр


РЕФЕРАТ


ТАҚЫРЫБЫ: ӘЗЕРБАЙЖАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТАРИХЫ


Орындаған: Ізімова Р. Мок-2-11

Тексерген: Турунтаева А.А.


АСТАНА 2007


Жоспар


І. Кіріспе...............................................................................................

II.Тамырын тереңнен тартқан тарих...................................................

2.1. Ежелгі кезең............................................................................

2.2. Ортағасырлық кезең...............................................................

2.3. ХҮІІІ – ХХ ғасырдағы Әзербайжан......................................

2.4. Тәуелсіз Әзербайжан..............................................................

ІІІ. Қорытынды.....................................................................................

Қолданылған әдебиеттер......................................................................


Кіріспе


Әзербайжан – ежелден келе жатқан бай тарихымен ерекшеленетін мемлекет. Бұл өлкеде тарих қазынасы ғасырлар бойы толығып, әлемдік мәдениет мұрағатына да соқпай кетпейді. Адамдар алғаш мекен еткен Азых үңгірінің табылуы Әзербайжанның тас дәуірін де бастан өткергенін дәлелдей түспек. ІІІ мыңжылдықтан б.з.д. І ғасырға дейін алғаш тайпалар қалыптасты. Б.з.д. ІХ ғасырда алғашқы саяси формациялар пайда болды: экономикасы мен мәдениеті жоғары деңгейде дамып, халқы табиғат күшіне сеніп, Күн мен Айға табынған Манна мемлекеті – соның куәсі.

Б.з.д. ҮІ ғасырдың басында Маннаны Мидиялықтар жаулап алып, ресми дін деп зороастризмді таныды. Ежелгі тарихында Антропатена және Кавказдық Албания мемлекеттері үлкен рөл ойнады. Әзербайжан ұлты қалыптасты. ІІІ-Ү ғасырларда Әзербайжан территориясына христиан діні тарады. Ү ғасырдың басында албан әліпбиі құрастырылып, біілмнің дамуына жол ашылды.

ҮІІІ ғасырдың басында әзербайжан территориясын арабтар жаулап алды. Ислам діні басты дінге айналып, Әзербайжан жаңа салт-дәстүр мен әлемдік мәдениетке ене бастады және де әлемдік мәдениетке өз қазынасын құйды: ғалымдар, ақын, сәулетшілер еңбегі әлемге танылды. Ортағасырларда Әзербайжан территориясында Қара-Қоюнлу, Ақ-Қоюнлу және Сефевид мемлекеттері бөлініп шықты. Еуропа мен Азияны сауда жолдарымен жалғап жатқан Әзербайжан территориясында ХҮІІІ ғасырда тәуелсіз хандықтар пайда болды. Алайда Ресей, Түркия және Иран арасындағы қайшылықтар ХҮІІІ-ХІХ ғасырда тереңдей түсіп, Әзербайжанды соғыс ошағына айналдырды. 1828 жылғы Түркменчай шарты бойынша Ресей мен Иран Әзербайжанды өзара бөліске салды.


^ Тамырын тереңнен тартқан тарих


2.1. Ежелгі кезең

Әзербайжан – ежелгі өркениеттер ошағының бірі, жанға дауа, бай табиғатымен ерекшелінетін тарихи мемлекет. Ежелгі тас дәуірінің қалдықтары Ханлар маңындағы Килликдаг тауынан табылды. Сол кездің өзінде Әзербайжан территориясында мал шаруашылығы дамып, халқы өзен жағалауларында арпа, бидай өсірумен айналысады. 10 мың жыл бұрын Бакуға қашық емес жердегі Гобустанда тұрған, есімі бізге беймәлім суретші сол уақтағы халық өмірінің көріністерін бейнелеп кеткен.

Кейінірек Әзербайжан халқы мыс игеріп, өз игіліктеріне қолданды. Нахичевандағы Кюльтепе төбесінен мыстан жасалған бұйымдар табылды. Б.з.д. ІІ мыңжылдықта Әзербайжан территориясында тұрған шаруашылықта қоладан жасалған пышақ, балта, қанжар, қылыштарды қолданған. Ондай бұйымдар Ходжалы, Кедабек, Дашкесан, Мингечаур, т.б. аудандарда табылды.

Б.з.б. ІҮ ғасырдың соңы – ІІІ ғасырдың басында қаіргі Солтүстік Әзербайжан жерінде ІІІ Дарийдің Ахеменид империясы құлағаннан кейінгі біріккен жиырма алты албан тайпасынан Кавказ Албаниясы құрылды. Территориясы солтүстікте Кавказ жотасынан оңтүстік Аракс өзені, батыста Гекча (Севан) көлінен шығыста Каспий теңізіне дейінгі алқапты алып жатты. Мемлекеттің астаналары ретінде Габала (Габалака), кейін (б.з. Ү ғасырдан бастап) Барда (Партав) қалалары белгілі болды. Страбон Албанияны саудасы мен мәдениеті жоғары дамыған елге жатқызды, ал птолемей Албаниядағы 30 ірі қаланы атап көрсеткен. Б.з. І ғасырдың соңындағы римдіктердің Помпей бастаған жорығынан кейін Албания Рим билігіне өтті. ІҮ ғасырда Урнайр патша ресми түрде христиандықты қабылдады. Бұл уақытта сонымен қатар албан жазабсы қалыптасты. Б.з.д. ІҮ ғасырдан бастап алабндар парсы жағында Александр Македонскиймен, кейін (б.з.д. І ғасыр) Риммен, б.з. басында көшпелі ғұндармен үздіксіз соғыстар жүргізді. 461 жылы Албания Сасанидтік Иранға тәуелділікке түсті. Алайда 487 жылы ІІІ Вачаган тұсында ел дербестігі қалпына келтірілді. Арабтар шабуылына ұшырағанға шейін Албания Кавказдағы ең дамыған мемлекет болды. Б.з.д. І мыңжылдықта бұнда Манна, Иским, Скит, Скиф және Кавказ Албаниясы мен Атропатена сияқты құдіретті мемлекеттер қалыптасты.

Б.з. ІІІ ғасырда елді Иран сасанидтері, ал ҮІІ ғасырда Араб халифаты оккупациялады.


2.2. Ортағасырлық кезең

387 жылы Ұлы Армения құлдырап, Әзербайжан территориясы Иран Сасанидтері мемлекетінің бөлігіне айналды. 654 жылы Әзербайжан территориясын арабтар жаулап алды. Әзебайжан тұрғындары иран тілінде сөйлегенмен, ислам негізгі діні боп қала берді.

ҮІІ ғасыр ислам дінінің қабылдануы Әзербайжан тарихына түбірлі өзгерістер әкелді. Ислам діні Әзербайжан территориясындағы түркі және түркі емес халықтардың арасындағы біртұтас халық, тіл, салт дәстүрдің қалыптасуына ықпал етті. Ислам діні таралған өлкелерде Саджид, Ширваншах, Саларид, Раввадид, Шеддадид мемлекеттері құрылып, Әзербайжанда жаңа саяси өрлеу басталды.

799 жылы (орталығы Шемахта) Ширваншахтар мелекеті құрылды. ҮІІ –Х ғасырда Әзербайжан территориясы бірнеше рет хазарлар мен рустардың шабуылына ұшырады. ІХ ғасырда Әзербайжан территориясын антиисламдық хуррамиттердің зороастрилық Бабек бастаған көтерілісі шарпыды. ХҮ ғасырда Ширванның (Солт. Әзерб.) астанасы Бакуге ауысты және сонда Ширваншахтар Сарайы тұрғызыла бастады. Ширванның ІІІ орталығы атақты ақын Низами Гянджевидің отаны Гянджа қаласы болды. Ширваншахтар мемлекеті ХҮІ ғасырға дейін өмір сүрді.

ХІІ ғасырда Әзербайжан Атабейлерінің мемлекеті құрылды. Астанасы – Тебриз. Олар Оңтүстік және Солтүстік Әзербайжанды біріктіріп, кейін ХІІІ ғасырда Хорезмшах Джалаледдин қолынан құлдырай бастады.

ХІІІ ғасырда монғолдық Хулагуидтер империясы құрылды (Ұлы Моғол империясы).

Хулагуидтер империясы құлаған соң олардың иеліктерін түркмен-оғыздардың Қара – Қоюнлу және Ақ-Қоюнлу деген бір-бірімен жауласқан мемлекеттер иемденді. Нәтижесінде Ақ-Қоюнлу жеңіске жетті. ХҮ ғасырдың ортасында Ақ-Қоюнлу мен Осман империясы арасында соғыс басталды. Бұл – адамзат тарихында әзербайжандар мен түріктер арасында ұзаққа созылған (400 жыл, үзілістер болды), қанды ды қатерлі соғыс болды.


^ Сефевидтер мемлекеті (1501-1736).

ХҮ ғасырдың соңы – ХҮІ ғасырдың басында Әзербайжан тарихында жаңа бір бет ашылды. Аса ірі қоғам қайраткері І Шах Исмаил Сефеви Әзербайжанның солтүстік және оңтүстік бөліктерін өз қоластына біріктіріп, кейін Таяу және Орталық Шығыстағы құдіретті империялардың біріне айналған біртұтас Сефевид мемлекетін құрды. «Шығыс Наполеоны» атанған Исмаил Шах жайлы Карл Маркс былай деген екен: «Исмаил Шах – он төрт жылда он төрт елді басып алған жаулаушы».Астанасы – Тебриз қаласы. Халықаралық сауда байланыстары кеңейді, экспортқа аршылмаған жібек шығарылды. Исмаилдың басты жауы османдар болды. Мақсаты әділеттілік орнату, шиит аймағындағы ислам халқын қалыптастыру еді. Алайда 1514 жылы Чалдырандағы шайқаста үлкен жеңіліс тапты. Оның намысына тимек болған І Сұлтан Салим жаралы императордың отбасын тұтқынға алды. Оның түріктерге қарсы күресінде Англия мен Португалия одақтастары болды (олар ислам мемлекеттерінің күшеюін қаламаса да).

Соғыс салдары: түркмен тайпалары қоныстанған Шығыс Анатолия Түркияға өтті. Бұл өз кезегінде Әзербайжан тарихына, сонымен қатар тілі мен мәдениетіне ауыр соққы болды.

ХҮІ-ХҮІІІ ғасырда Түркия мен Персияның Закавказьедегі үстемдік үшін кезекті соғыстары жүрді. Бұл күреске кейінірек Шығыстағы ықпалын нығайтпақ оймен Ресей де қосылды. Ресей үкіметі Каспий теңізінің жағалауына тұрақтағысы келді. ХҮІІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Бакуға қоса Решттан Астрабадқа дейінгі облыстар Ресейге өтті. Англия мен Франция да Шығыстағы рөлін кеңейтпек боп, Кавказдағы Ресей билігінін күшеюіне толықтай қарсылық білдіріп, Түркияны Ресеймен соғысқа итермелейді. 1723 жылы жазда сұлтан әскері Грузияға еніп, 1723 ж. соңы - 1724 ж. басында Закавказьенің біршама облыстарын жаулап алды. Ресей Швециямен соғыстан шығып, жаңа соғысқа кіруге мүмкіншілігі болмады. 12 ( 23) маусымдағы 1724 жылғы Ресей мен Түркия арасындағы Константинополь (Стамбул) шарты бойынша Ресейге Баку, Сальяны және Ленкорань енді.

1734 – Персия билеушісі қолбасшы Нәдір Түркиядан Гянджаны тартып алды.

1735 – Ресей Персия және Түркиямен соғысқа түсуден бас тартып Каспий жағалауындағы Бакин губерниясының облыстарын Персияға өткізді.

1735 жылы наурызда Персия мен Ресей арасында Гянджа шарты жасалып, Ресей әскері Баку мен Дербентті тастап шықты.




^ Бірінші осман оккупациясы. ХҮІ ғасырдың соңында Сефевид империясы үздіксіз соғыстардан әлсіреп, ақырында бкіл Әзербайжан территориясы османдар жаулауына түсті. Әзербайжан мен Ирандағы үстемдігі жиырма жылды қамтыды. Сефевидтердің тағына мұрагер І Исмаил Шахтың шөбересі І Аббас Шах (587-1629) жаулаушылардан елді азат еткісі келді. Бұл жолы османдарға қарсы күресте түркмен-қызылбашылар емес, парсы аристократтары басшылық етті. Қысқа уақытта Аббас Шах әскер жиып, түріктерді ойсырата жеңіп, ХҮІІ ғасырдың басында бұрынғы Сефевид империясы территориясын түгелдей дерлік қайтарып алды. Алайда әзербайжан мемлекеттік тіл статусын жоғалтты.

^ Екінші осман оккупациясы. ХҮІІІ ғасырдың басында Сефевидтер империясы қайтадан әлсіреп, бүкіл Әзербайжан мен Иран территориясы түріктер жаулауына ұшырады. Жаңа осман оккупациясы алты жылға созылады. Бұл жолы османдарға қарсы Нәдір-Кули хан қолбасшылық етті және Сефевидтер династиясы билігін аяқтады.

Сефевидтер мемлекеті құлағаннан кейін билікке келген Нәдір-шах (түркі афшар тайпасынан шыққан) османдарды елден қуып шығып, одан әрі бұрынғы Сефевидтер империясының шекарасын кеңейтті. Ол 1739 жылы Солтүстік Үндістанды (Делимен қоса) басып алды, алайда Нәдір-шах дүниеден өтісімен империя құлдырау жолына түсті.



2.3. ХҮІІІ – ХХ ғасырдағы Әзербайжан

ХҮІІІ ғасырдың аяғында Иранда билікке Гаджарлар келді (Әзербайжан династиясы). Олар өз саясаттарына Нәдір-шах билік еткен барлық территорияны бағыдыруды, сонымен қатар Әзербайжан хандықтарын бір орталықтан билеуді енгізді.Әзербайжан хандықтары (1747-1826) Солтүстік – Батыс Иранда құрылды: Карабах, Шекин, Ширван, Бакин, Гянджа, Кубин, Нахичевань, Дербент, Тебриз, Урмий, Сараб, Ардебиь, Гарадаг, Марагин, Макин, Талыш, сонымен қатар т.б. ұсақ сұлтандықтар.

Осылайша Гаджарлар мен Оңтүстік Кавказды жаулап алуға ұмтылған Ресей арасында ұзақ жылдарға созылған соғыс басталды.1803-05 жылы Карабах және Шекин хандықтары Ресейге бейбіт жолмен қосылды. 1803 жылы орыс генералы Цицианов Гянджа хандығын (1804 ж. бастап Елизаветполь) жаулап алды. 1804-13 жылдары орыс-иран соғысы барысында Кубин және Бакин хандығын (1806), сонсоң (1809) Талышты алды. Нәтижесінде Гүлстан (1813) және Түркменчай (1828) келісім-шарттары жасалып, Әзербайжан екі империя арасында бөліске түсті: Солтүстік Әзербайжан – Ресейге, Оңтүстік Әзербайжан – Иранға өтті. Яғни, осы уақыттан бастап армяндардың әзербайжандарға қарсы идеологиялық, саяси және әскери агрессиясы басталды.


Осы аймақта өзінің империалистік көзқарастары бар Түркияның көмегімен Солтүстік Әзербайжанда елдің тарихы, тілі және мәдениеті емес, толығымен түрік османдардың тарихы, тілі және мәдениетіне бағытталған «Мусават» партиясы басқарған әзербайжандық пантүріктер қозғалысы жеңіске жетті. 1918 жылы 28 мамырда Оңтүстік Кавказдың шығыс бөлігінде Әзербайжан Демократиялық Республикасы жарияланды, бұл – мұсылмандық Шығыстағы алғашқы парламенттік демократиялық республика. Астанасы – Гянджа қаласы. Премьер-министр болып Фаталихан Хойский тағайындалды. Әзербайжан Демократиялық Республикасының президенті боп Мамед Эмин Расулзаде келді. 1918 жылы 4 маусымда Түркия мен Әзербайжан Демократиялық Республикасы бейбітшілік және достық туралы шартқа қол қойды. 1918 жылы 27 маусымда әзербайжан тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. 1918 жылы 7 желтоқсанда ӘДР Парламенті ашылды. . Парламент басшысы боп Марданбек Топчубашев сайланды. 1920 жылы сәуірдің ортасында ХІ Қызыл Армияның бір бөлігі Деникиннің әскерін қалған бөлігін талқандап, Әзербайжанның солтүстігіне жақындады. Бұған дейін түріктер, ағылшындар да Әзербайжаннан қашқан еді.

1920 жылы 28 сәуірде Әзербайжан Демократиялық Республикасы территориясында Әзербайжан Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. 1922 жылы желтоқсанда Әзербайжан, Грузия және Армения бірігіп Закавказье Социалистік Федеративтік Кеңестік Республикасын құрды. Ол 1922 жылы КСРО құрамына еніп, кейін 1936 жылы таратылды, ал Әзербайжан Кеңестік Социалистік Республикасы КСРО құрамында 1991 жылға дейін дербес республика ретінде танылды.


2.4. Тәуелсіз Әзербайжан

1990 жылы 20 қарашада Кеңес Одағының басшылығы Әзербайжанның Жоғары мемлекет органдары келісімінсіз Бакуге заңсыз түрде әскер енгізді. Оның салдарнан көптеген адам қаза тапты. 1991 жылы 30 тамызда Әзербайжанның Жоғарғы Кеңесі 1918 жылғы Шарт негізінде мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру жөнінде Декларация, 1991 жылы 18 қазанда «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде» Конституциялық шарт қабылдады.

1988 жылы КСРО-дағы мемлекеттік билік және партиялық басқарудың әлсіреуімен қатар жүрген демократиялық қайта құрулар толқынында Таулы Карабахта армяндардың арасында сепаратистік қарсылық өршіп, өткір этникааралық щиеленіске айналды (1991-1994). Нәтижесінде Таулы Карабахтан өзге тағы Әзербайжанның 7 ауданы Армения қарамағына өтті, 1 млн. әзербайжан мен 100 мыңға жуық армян елден қашуға мәжбүр болды. 1994 жылы ТМД елдерінің араласуымен Әзербайжан мен Армения атысты тоқтату туралы шартқа қол қойды. Алайда осы уақыттан басталған шиеленісті реттеуге жасалған талпыныстар еш нәтиже бермеді.

Армян-әзербайжан қайшылықтары кезінде Әзербайжан КСР-нің Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы республика тәуелсіздігін жариялады. Әзербайжанның тұңғыш президенті болып Әзербайжан Компартиясы Орталық Комитетінің І хатшысы Аяз Муталибов сайланды. Кейін оның орнына Әзербайжан халықтық майданының басшысы Абульфаз Эльчибей отырды.

Карабах майданындағы сәтсіздіктер мен үкімет құзіретінің күшті болмауынан билікте тоқырау басталды. 1993 жылы 4 маусымда Гянджада полковник Сурет Гусейновтың бүлігі өтті.

Азамат соғысына ұласып кетуінен қорыққан Эльчибей Нахичеваньда тұрып жатқан Гейдар Алиевті шақырды. Осылайша билікке Г.Алиев келді. 2003 жылы дүниеден өтіп, президенттікке ұлы Ильхам Алиев келді. Жалпы Әзербайжанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі ауысқан президенттеріне тоқтала кетсек:

Аяз Муталибов

Ягуб Мамедов (1992, наурыз-мамыр)

Иса Гамбар (мамыр-маусым)

Абульфаз Ельчибей

Гейдар Алиев (1993-2003)

Ильхам Алиев (2003-….)



Қорытынды


ХХ ғасыр Әзербайжан тарихына әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өміріне радикалды өзгерістер әкелді. Әзербайжанда өте тез қарқында өнеркәсіп дамып, Баку әлемнің мұнай өндіретін орталығына айналды. Мәдени – рухани өмір өзгеріп, ғылымның әр саласы шарықтап, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар құрылып, оғамда демократиялық идеялар бағаланды. 1918 жылы 28 мамырда Әзербайжан Демократиялық Республикасы құрылып, кейін 1920 жылы сәуірде ХІ Қызыл Армияның Бакуге кіруімен өмір сүруін тоқтатты, тарих бетіне бар болғаны 23 ай ғана ізін қалдырып кете барды. Одан кейін ол Кеңес Одағына енді.

1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін өз тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіз Әзербайжан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 12 қарашаза қабылданды. Осы оқиғадан кейін Әзербайжан халқы мен мемлекеттігінің даму дәуірі басталды. Бүгінгі таңда Әзербайжан Республикасы демократия мен прогреске қадам басты.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Всемирная история, 3 т., М., 1957, стр 132.

2. Қазақстан, І том, 644-45 б.

3. Страны мира Москва 2007, 139 б

4. www.google.kz


Глоссарий

Сепаратизм (лат.) – бөлініп, оқшаулануға ұмтылу. Бұл ұғым ұлттық азшылықтағылардың бөлініп жеке мемлекет немесе автономиялық облыс құруға бағытталған іс-қимылын білдіреді.


Президент (лат.) – республ. басқару түрі бар елдердегі мемлекет басшысы;


Демократия (гр.) – халықтың билігіне, еркіндікке және теңдікке негізделген саяси құрылыстың түрі. Демократия азшылықтың көпшілікке бағынуын, мемлекеттік өкіметтің органдарының сайланып қойылуын, азаматтардың саяси бостандықтарын және құқын қорғауды қалайды.


Аристократия (гр.) – ерекше жағдайда өмір сүретін белгілі бір қоғамдық топ.


Радикализм (лат.) – қалыптасқан жағдайды өзгерту мақсатымен жасалатын батыл әрекет, іс-қимыл.


^ Тест сұрақтары

Б.з.б. ІІІ – ІІ ғғ. Әзербайжанның солтүстік бөлігі мен Дағыстан жағында пайда болған мемлекет?

А)Албания В)Шируаншах С)Кесрани Д)Ильдегиз

1723-35 жж. Әзербайжанның Каспий жағалауындағы аймақтарын жаулап алған ел?

А)Албания В)Армения С)Ресей Д)Түркия

Гүлстан шарты қай кезеңде жасалды?

А) 1811 В) 1813 С) 1821 Д) 1828

«Мусават» партиясы қашан құрылды?

А) 1920 ж. 28 сәуір В) 1921 ж. 28 ақпан С) 1922 ж. 28 мамыр

Д) 1923 ж. 28 маусым

«Мусават» партиясы қашан құрылды?

А) 1908 В) 1909 С) 1910 Д)1911

Әзербайжан Республикасының тұңғыш Президенті?

А) Иса Гамбар В) Гейдар Алиев С) Аяз Муталибов

Д) Абульфаз Эльчибей

Әзербайжан жерін арабтар қашан жаулады?

А) 654 В) 554 С) 754 Д)854

«Шығыс Наполеоны»?

А) Исмаил Сефеви В) Аббас шах С) Нәдір шах

Д) М.Э.Расулзаде

Нәдір шах Солтүстік Үндістанды қашан жаулап алды?

А) 16 ғ. В) 17ғ. С) 18ғ. Д) 19ғ.

Низами ақынның отаны?

А) Ширван В) Гянджа С) Баку Д) Тебриз
еще рефераты
Еще работы по разное