Реферат: ТынуодағЫ Қарағанды экономикалық университеті
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ(СӨЖО) БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР ЖӘНЕ ТАПСЫРМАЛАР
Пән «Экономикалық теория»
Мамандықтар 50506 – Экономика, 50509 – Қаржы, 50508 – Есеп және аудит
Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы
ҚАРАҒАНДЫ – 2010
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар Аға оқытушы Аркенова 50506 – Экономика, 50509 – Қаржы, 50508 – Есеп және аудит мамандықтарының жұмыс оқу жоспары, «Экономикалық теория» пәнінің типтік бағдарламасының және пәннің КЭУК-МИ-85-04.01-2007 оқу - әдістемелік кешенінің құрылымына қойылатын талаптар негізінде құрылған.
Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасының оқу-әдістемелік семинар отырысында талқыланды.
ОӘС Хаттамасы № 10 «10» маусым 2010
Экономикалық теория және ХЭ
кафедрасының меңгерушісі Жетпісбаева М.К.
Оқытушы туралы мағлұмат:
Аға оқытушы Аркенова Ж.Р. «Экономикалық теория», «Микроэкономика, «Макроэкономика», «Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау» пәндерінен дәрістер оқып, семинарлық сабақтар оқиды.
Кеңсе: экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы
Аудитория 266
Қарағанды қ. Академическая көшесі, 9
Тел. 441624(143)
^ СӨЖ(СӨЖО) БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
СӨЖ тапсырмаларын студент өзіндік жұмыс ретінде орындайды. СӨЖ негізі семинар және дәріс сабақтарына дайындау. Семинар сабағында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланады. Семинар сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинар сабақтың тақырыбына әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинар сабағының тақырыбына берілетін әдістемелік кеңестерді назар аудара оқып, семинар сабақтың тақырыптық жоспар сұрақтарына өз жауабыңызды дайындаңыз. Әр сұраққа жауапты қысқа және нұсқалы дайындап, формулаларды және символдарды СӨЖ арнайы дәптерге жазып отырыңыз. Дайындықты аяқтамас бұрын, біліміңізді өзіңізге сұрақтар қоя отырып, тексеріңіз. Өзіндік жұмысты орындауда қиын сұрақтарға жауап таппаған жағдайда дәптерге жазып, оқытушыдан сұраңыз.
СӨЖ тапсырмалары дәріс сабағынан бұрын орындалады. Дәріс сабағында алған білімді, әрі қарай тереңдету керек.
Бірақ семинар сабағына жоспарланған сұрақтар тақырып мазмұнын толық қамтымайды. Сол себептен студент білімін тереңдетуді ОСӨЖ процесінде жүзеге асырады. Сондықтан СӨЖО –да тақырып бойынша қосымша сұрақтар, есептер, жаттығуларды орындау арқылы тақырып мазмұны толық қарастырылады.
СӨЖ мазмұны және өңдеу формасы.
«Экономикалық теория» курсын оқытуда СӨЖ формаларын кең қолдануға мүмкіндік бар:
оқытушымен берілген дәріс конспектісін меңгеру;
негізгі әдебиетпен семинар сабағына дайындалу;
нақты тақырып бойынша баяндама жасау;
эссе, баяндама, рефератқа өзара сын-пікір жасау;
есептер шығару;
статистикалық мәліметтерді талдау;
курс терминдері бойынша глоссарий және сөзжұмбақ жасау;
топтық жобаларға қатысу;
таңдалынған тақырыпқа презентация жасау;
тақырып бойынша кіріспе дайындау және т.б.
Студентке СӨЖ (СӨЖО) тиімді ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары:
Өткен материалдарды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың ең маңыздысы. Өткен материалдар терең талданса, басқа өзіндік жұмыстар жеңіл орындалады. Үнемі және жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отыру, алдағы уақытта берілетін материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Өткен материалдарды пысықтау үшін қажетті жайлар:
дәріс конспектісінің болуы;
курс бағдарламасының болуы;
ұсынылған әдебиеттердің қолда болуы (оқулық, есептер жинағы).
Жұмыс әдістері:
дәріс материалын жете түсіну;
конспект жасауда әдебиеттерге сілтеу жасау және қажетті толықтырулар, қажет болса түзетулер енгізіп отыру;
әр тақырыппен жұмыс материалды жете түсініп, еске сақталғанша жалғасу керек;
тақырыппен жұмыс, әдебиеттер мен оқулықтарда берілетін мысалдар мен есептерді шешу әдістерін меңгерген жағдайда ғана аяқталуы қажет;
түсінбеген сұрақтар болса, келесі дәрісте оқытушымен бірге талқылау қажет.
Есептерді шығару. Есептерді шығару әдісі:
есептерді шешу үшін берілген тақырып бойынша дәрістік материалды толық білу керек;
есеп шартын мұқият оқып шығу;
шешу жоспарын ойластыру;
есепті шығаруға қажетті формулаларды анықтау;
формула құрамындағы шамалар мәніне назар аудару;
алдымен жалпы түрде шешу, сонан кейін сандық мәндерін формуламен есептеу;
аралық және соңғы шешім нәтижелердің өлшем бірліктерін көрсету;
шешімнің дұрыстығына талдау жасау.
Коллоквиумға дайындық. Кейбір пәндер бойынша курстың теориялық бөлімі қандай деңгейде меңгерілгенін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі. Сондықтан коллоквиумда қойылатын сұрақтар жауабын қайталап, пысықтау керек.
Бақылау жұмысына дайындық. Бақылау жұмысын өткізудің мақсаты:
студенттің ағымдағы үлгерімін тексеру;
топ студенттерінің дайындығын анықтау;
үлгерімі нашар студенттермен жұмыс әдістемесін ұйымдастыру;
Студент бақылау жұмысына дайындалуда:
бақылау жұмысының тақырыбын білуі;
берілген тақырып бойынша теориялық материалды, есепті шығару формулалары мен әдістерін қайталауы;
әдебиеттерді, практикалық сабақта шығарылған есептер мен мысалдарды қайталап, еске түсіруі қажет.
Егер студент үнемі жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отырса, бақылау жұмысына дайындық ешқандай қиындық туғызбайды.
^ Жобаларды орындау. Жобаларды орындауда кафедрамен берілетін әдістемелік нұсқауларға сүйену қажет:
белгіленген уақыттан кеш қалмай орындау;
тапсырманы орындауда қиындықтар болса, тапсырмаға сай тақырыпты қайта оқып шығу.
қиындықтар болса, оқытушыдан кеңес алу;
алынған шешімдерді талдау;
тапсырманы қорғауға дайындықта, сол тақырыпқа сай теория негізін тексеріп және кейбір мәліметтер өзгере қалғанда, оның шешімін ойластырып қою.
тапсырманы орындауда қолданылатын әдісті жете түсіну;
тапсырма уақытында қорғалу қажет, кері жағдайда академиялық қарыз болып есептеледі.
Студенттің өзіндік жұмысына берілетін уақыт шектеулі, сондықтан алдын -ала орындау жоспарын жасап, өзіндік жұмыс әдістерін үйреніп, тәжірбиелерді меңгеру қажет және жұмысқа қабілеттілікті сақтау үшін демалыс уақытын дұрыс өткізген жөн. Сондықтан студенттің өзіндік жұмыс әдістерін үйренуіне кафедра мен әр оқытушының жауапкершілігі жоғары.
^ «Экономикалық теория» курсы бойынша СӨЖО өткізу формалары
Тақырып атаулары
СӨЖО өткізу формалары
1.Экономикалық теорияның пәні мен әдіс-тәсілдері Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі.
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу.*
2.Қоғамдық өндірістің негіздері. Қоғамдық өндірістің нышандары.
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, мақсаттар бұтағын құру.*
3.Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі.
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *
4.Сұраныс пен ұсынысы теориясының негіздері. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау. *
5.Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және толық айналымы. Кәсіпорын (фирманың) шығындары мен табыстары
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *
6.Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде.
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, жеке шолу жасап, статистикаға талдау жасап, оны рецензиялау және оппонирлеу.*
7.Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамуыдың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, мақсаттар бұтағын құру. *
8. Жұмыссыздық және инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көріністері ретінде. Экономикалық саясаттың негіздері және экономикалық өсу
Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат жазу, жек шолу жасап, топтық жобаларды өңдеу.*
* - СӨЖ (СӨЖО) қосымша немесе баламалы формадағы тақырыптар бойынша тыңдаушылардың инициативалық ұсыныстарын пайдалану мүмкіндігі қарастырылған
ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОИЯНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІС-тәсілдері. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
СӨЖ тапсырмалары:
Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.
Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.
Берілген тапсырмаларды орындау.
Тестілік сұрақтарға жауап беру.
Тақырып бойынша глоссарий құру.
Экономикалық теорияның дамуында пайда болған ғылыми мектептер (меркантилизм, физиократ, марксизм, бейклассикалық теория, кейнсиандық, институционализм) бойынша академиялық эссе жазу.
Семинар сабақтың сұрақтарын дәстүрлі жүйеде, сондай-ақ презентация ретінде талқылауға болады.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
Өз дамуында экономикалық теория қандай кезеңдерден өтті? Әр кезеңге сипаттама беріңіз.
Экономикалық теорияның пәні және атқаратын қызметтері.
Экономикалық заңдар мен категорияларға сипаттама беріңіз.
Экономикалық теорияда ғылыми танудың қандай әдістері қолданылады?
Тапсырмалар:
Көп нүктенің орнына анықтамасына сай сөзді тауып қойыңыз.
А. Экономикалық теория.
Ә. Экономика
Б. Саяси экономия.
.......... пайданы ұлғайту мақсатында фирмаларды басқару, шаруашылық өмірдің экономикалық заңдылықтарын зерттейді.
........... материалдық игіліктерді тұтыну, бөлу, айырбастау, өндіруде адамдардың қатынастарын зерттейді.
........... шектелген ресурстарды оптималды пайдалануда материалды және материалдық емес игіліктерді тұтыну, бөлу, айырбастау, өндіруде адамдардың қатынастарын зерттейді.
2. Көрсетілген категорияларды экономикалық теория құрылымы бойынша орналастырыңыз: сұраным, баға, ұсыным, бәсеке, экономикалық өсу, жұмыссыздық, жалақы, еңбектің халықаралық бөлінуі, бағаның жалпы деңгейі, жиынтық сұраным, жиынтық ұсыным, инфляция, протекционизм, либерализация, баға белгілеу.
№
Экономикалық теория құрылымы
Категориялары
1
Микроэкономика
2
Макроэкономика
3
Әлемдік экономика
Позитивті және нормативті пайымдауларды анықтаңыз.
№
Пайымдаулар
Сіздің таңдауыңыз: позитивті немес нормативті экономика
1
Инфляция деңгейін төмендету және өндірістің құлдырауын бәсеңдету немесе тоқтату үшін шаралар кешенін ойластыру
2
Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының экономикасы өсу үстінде.
3
Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құру басқа мақсаттармен қатар, халықтың өмірін сапалы деңгейге көтеруге бағытталған
4. Төменде экономикалық ғылым пәніне берілген анықтамалардың авторларын табыңыздар (А. Смит, Д. Рикардо, А.Маршалл).
Анықтамалар
Авторы
«Экономикалық ғылым экономикалық таңдаудың заңдылықтары мен мәселелерін, шаруашылық салада адамның мінез-құлқының оятқыш мотивтерін зерттейді». Оның міндеті – практикалық өмірде адамның мінез – құлқын басқару. Оны «саяси экономиядан» кең мағыналы «экономикс» терминімен алмастырған дұрыс».
«Саяси экономияның негізгі міндеті әр елдің байлығын көбейту». Сауданың түрлі болуы пайдалы ғана емес, сонымен бірге ол қажет.
«Жерден алынатын өнім – бұл капитал, машина, еңбекті біріктіру жолымен алынатынның барлығы, - қоғамның үш табының арасында бөлінеді. Осы бөлуді басқаратын заңдылықтарды анықтау –саяси экономияның бірінші міндеті»
^ Тестілік сұрақтар:
1. Қай экономикалық мектеп өз талдауының заты ретінде айналым саласын емес, өндіріс процесін қолданды?
а) меркантилизм;
ә) физиократтар;
б) классикалық саяси экономия;
в) маржинализм.
2. Қоғам мен табиғат заңдарының бірлігі неде?
а) объективті сипатта болуы;
ә) адам әрекеттеріне тәуелсіз;
б) адамның экономикалық қызметінде көрінуі;
в) тарихи өтпелі сипатта болуы;
г) мәңгілік болуы.
3. Жалпы экономикалық теорияның толық мәнін ашатын анықтаманы табыңыз:
а) адамның материалдық және рухани қажеттіліктерінің қозғалысы туралы ғылым;
ә) адамның мінез – құлқы мотивациясы туралы ғылым;
б) игіліктерді өндіру және бөлу туралы ғылым;
в) табиғи байлық туралы ғылым;
г) шектелген ресурстар кезінде адам қоғамының дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым.
4. Позитивті экономика:
а) қолда бар ресурстарды анықтау;
ә) дағдарыстан шығу жолдарын табу;
б) ішінара және өзара бір- бірімен байланысты экономикалық процестердің және құбылыстардың мазмұнды жақтарын анықтау;
в) әлеуметтік- экономикалық сұрақтар бойынша шешімдер қабылдау.
5. Нормативті экономика:
а) мәнді анықтау мақсатында құбылыстарды, процестерді, фактілерді зерттеу;
ә) экономикалық процестер мен құбылыстар арасындағы өзара байланысты анықтау;
б) табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты анықтау;
в) нақты әлеуметтік- экономикалық міндеттерді шешуде экономикалық заңдар мен принциптерді қолдану.
6. Ресурстардың сирек болуы:
а) адамдардың қажеттіліктерінің шектеулі болуы;
ә) адамдардың материалдық қажеттіліктерінің шексіз болуы;
б) жер ресурстарының қайта жаңарту мүмкіндігінің болмауы, адамдардың материалдық қажеттіліктерінің шексіз болуы.
Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, әр экономикалық мектеп және бағыттарына көңіл қойып, экономикалық теорияның қызметтерін нақты анықтап алу қажет. Сосын қажеттілік, игілік, қызмет, экономикалық ресурстар сияқты экономикалық түсініктерді, экономикалық теорияда қолданылатын ғылыми танудың әдістерін меңгеру керек.
^ ТАҚЫРЫП 2. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЕГІЗДЕРІ. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЫШАНДАРЫ.
СӨЖ тапсырмалары:
1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.
Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.
Берілген тапсырмаларды орындау.
Тестілік сұрақтарға жауап беру.
Тақырып бойынша глоссарий құру
«Экономикалық адамның рационалды іс-әрекетінің түрлі модельдері», «Тауар және оның қасиеттері. Тауардық пайдалылығы мен құндылығы», «Қазіргі таңдағы ақша қызметтерінің ерекшеліктері», «Ақша жүйесін ұйымдастыру қағидалары» атты тақырыпқа реферат жазу
«21 ғасыр экономикасындағы адам, нарық және капитал», «Қазақстандағы өндіріс» атты тақырыптарға баяндама дайындау.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
Адамның «экономикалық іс-әрекеті» деген не?
Экономикалық адамның рационалды іс-әрекетінің түрлі модельдерін атаңдар
Еңбек құралдары және заттарының бір-бірінен айырмашылықтары қандай?
Пайдалы қазбаларды алу өндіріс процесі деп атала ма?
Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау өндіріс процесі деп атала ма?
Спекуляция (алыпсатарлық) өндіріс процесі бола ала ма?
Материалдық және материалдық емес өндіріс деген не?
Өндірістік фунция мен оның мәніне анықтама беріңдер
Қоғамдық өнімнің қозғалу кезеңдерін атаңдар.
Қазіргі заман талабына натуралды шаруашылық сай келе ме және оның келешегі қандай?
Шаруа бидайды өз шаруашылығында пайдаланса, тігіншінің өзіне арнайы тіккен көйлегі, яғни өзі тұтыну үшін өндірілген зат қалай аталады? Тауар немесе өнім?
Егер тауар сатылмаса, оның тұтыну құны өзгере ме?
Тапсырмалар:
1. Кестеде көрсетілген анықтамалардың қайсысы натуралды шаруашылықты, қайсысы тауар шаруашылығына түсінік беретінін табыңыз.
№
Анықтамалар
Ұйымдастыру формалары
1
Тұйықталған экономикалық шеңберде дайын өнімді өндіру және тұтыну жүреді
2
Жеке сала щеңберінде шаруашылық байланыстармен дәстүрлік салтта еңбек процесі жүзеге асырылады.
3
Өндіріс меншіктің дара еңбегіне негізделе отырып, жалдамалы жұмыс күшін де қолданады.
4
Дайын өнім меншік иегерінің иелігінде болады және рынокта еркін сатуға белгіленген.
Бос төртбұрыштарға сәйкес келетін анықтаманы қойыңыз.
Натуралды шаруашылық
3. Төменде келтірілген анықтамалардың қайсысы марксистік экономикалық ілімге, қайсысы –неоклассикалық теорияға дұрыс келеді?
Анықтама
Теория
Тауар – сату-сатып алу жолымен айырбасқа арналған еңбек өнімі
Тауар – төлемқабілетті сұранымға ие айырбасқа арналған шектелген экономикалық игіліктер.
4. Келесі тезистер ақшаның қай теориясына сай келеді?
№
Тезистер
Ақша теориясы
1
Бұл теорияның өкілдері ақша табиғатының құнын теріске шығарып, ақша мәнін айырбастың техникалық құралы ретінде қарастырады.
2
Бұл теорияға сай ақша құны номиналмен анықталады
5. Кестені толтырыңыз.
№
Ақшаның мазмұнды қызметі
Ақша қызметтерінің атауы
1
Келешекте қоғамда тауарлар мен қызметтерді тұтынуды жақындастырудың мүмкіншіліктері мен қабілеттерін қамтамасыз ету.
2
Тауарлар мен қызметтердің құнын өлшеу қабілеті
3
Тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сондай-ақ салықтарды төлеу қабілеті
6. Төмендегі ситуацияның қайсысы ақша қызметінің мәнін толық көрсетеді:
№
ситуациялар
Ақша қызметтері
1
Көлік сатып алу үшін сізге ақша керек, ол үшін қала шетіндегі үйіңізді сатпақ ойыңыз бар.
2
Сіз үнемделген ақшаны жинақ банкісінен шот ашып салып қойдыңыз.
3
Ақша жетпегендіктен, Сіз тоңазытқышты несиеге сатып алдыңыз.
^ Тестілік сұрақтар:
Қоғамдық өндіріс құрымына не жатады:
а) материалдық өндіріс
б) материалдық емес өндіріс
в) материалдық емес және материалдық емес өндіріс, өндірістік емес сала
г) материалдық және материалдық емес өндіріс
д) ұлттық өндіріс көлемі
2. Өндірісті сипаттау үшін келесі экономикалық категориялар қолданылады:
а) өндіріс факторлары, игілік
б) қажеттілік, өндіріс факторлары
в) өндіріс факторлары, игілік, қажеттілік
г) игілік, қажеттілік
д) фирма үшін неғұрлым пайдалы ресурстардың төменгі бағаларындағы өндіріс көлемі
3. Экономикалық тиімділік:
а) шаруашылық іс-әрекет нәтижелерінің қоғамның әлеуметтік мақсататрына сәйкестігі
б) аз шығынмен жоғары нәтижеге жету
в) өндірістің соңғы нәтижесі мен жиынтық еңбек шығындарының ара-қатынасы
г) өндіріс факторларын сандық ұлғайту есебінен қоғамдық өнімді арттыру
д) фирма үшін неғұрлым пайдалы ресурстардың төменгі бағаларындағы өндіріс көлемі
4. Адам еңбек процесінде ықпал ететін заттар кешені:
а) еңбек құралдары
б) өндірістік күштер
в) өндірістік қатынастар
г) еңбек заттары
д) еңбек күштері
5. Төменде көрсетілген анықтамалардың қайсысы натуралды шаруашылықты теріс сипаттайды:
а) натуралды шаруашылықта адам өзіне қажетті заттарды өзі өндіріп алады;
ә) натуралды шаруашылықта өндірілген өнім айырбасқа түспейді;
б) натуралды шаруашылықта өндірушілердің бір – біріне тәуелділігі күшейеді;
в) натуралды шаруашылықта өндіріс тиімділігі төмен (өндірілген өнім өндірушінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға әрең жетеді).
6. Тауар шаруашылығы мәнін қай анықтама теріс бұрмалайды:
а) тауар шаруашылығы еңбек бөлінісі болғанда ғана өмір сүреді;
ә) тауар шаруашылығында өндірушінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім өндіріледі;
б) тауар шаруашылығы айырбассыз мүмкін емес;
в) тауар шаруашылығында тұтынушыларға қажет өнім өндірісі жүзеге асады.
7. Несиелік ақшалар қандай қызметтерді орындайды:
а) айналым құралы;
ә) төлем құралы;
б) жинақ құралы;
в) дұрыс жауап жоқ.
8. Ақшаның номиналды құны өзгермесе, ал тауарлар мен қызметтердің бағасы екі есеге артса, ақшаның төлем қабілеттілігі:
а) екі есеге артады;
ә) екі есеге азаяды;
б) төрт есеге азаяды;
в) өзгермейді;
г) 1,5 есеге артады.
Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, оқу барысында ең алдымен, адам, экономика, өндіріс, ресурс, фактор, шектеулік деген категорияларға, «натуралды шаруашылық», «тауарлы шаруашылық» түсініктеріне анықтама беріңіз, құнның жалпы эквивалент ретінде ақшаның пайда болу процесі мен айырбас қатынастарының мәніне назар аударыңдар. Еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілік түсініктерін ажыратыңдар.
Тақырып 3. меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі
СӨЖ тапсырмалары
1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.
Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.
Берілген тапсырмаларды орындау.
Тестілік сұрақтарға жауап беру.
5. Төмендегі тақырыптарға рефераттар дайындау:
«нарықтық экономикадағы мемлекеттік меншік»
«Қазақстан Республикасындағы меншіктің қазіргі құрылымы»
6. Ұсынылған кейстердің біреуін талқылау.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. «Меншік» категориясы нені білдіреді?
2. Меншік субъектісі, меншік объектісі, меншік құқығы деген не?
3. Меншік формасы деген не? Нарықтық экономикаға меншіктің қандай формалары тән? Олардың мәнін түсіндіріңдер.
4. Мемлекет иелігінен шығару және жекешелендіру деген не?
5. Қазақстандағы меншікті жекешелендіру кезеңдерін сипаттаңдар.
6. Қазақстанда жекешелендірудің қандай әдістері қолданылған?
Тапсырмалар:
Келесі анықтамадағы қателікті табыңыз.
Меншік- капитал мен тауарды меншіктену- шеттету бойынша адамдар арасындағы қатынастар.
Суретте ҚР меншік құрылымын қарастырып, құрылымның жетіспейтін элементтерін толтырындар.
жеке
3. Сәби 2-5 жастан бастап бөтен ойыншықты рұқсатсыз алуға болмайтынын біледі. Оны қайдан білуі мүмкін?
а) туа біткен инстинкт
ә) азаматтық және қылмыс құқығы негіздерін білуі;
б) жанұяның мінез-құлық ережелерін түйсінуі.
^ Тестілік сұрақтар:
1. Келесі айтылғандардың қайсысы дұрыс:
а) қоғамдық таптардың пайда болуы, өндірістің барлық факторларын пайдалану мүмкіндігі меншікке қатысты;
ә) өндірістік күштердің дамуымен өндіріс әдістерін өзгертуге байланысты меншік формалары өзгеріп отырады;
б) әр экономикалық жүйеде меншік формаларын анықтайтын жүйе бар, бірақ ол басқа формалардың дамуына мүмкіндік бермейді.
в) барлық жауап дұрыс.
2. Бәсекелестік күрес негізінде өмір сүруге қабілетті, билеуші формалардың біртіндеп жоюылуына немесе олардың ығыстырылуына алып келетін меншік формасына ауысу, бұл:
а) талдырмалы терапия әдісі;
ә) бір меншік формасынан екінші меншік формасына эволюциялық жолмен өту;
б) бір меншік формасынан екінші меншік формасына революциялық жолмен өту;
в) дұрыс жауап жоқ.
3. Бір адамның екінші адамға қысым көрсету арқылы өндірісті өндіріс құралдарымен біріктіруі:
а) талдырмалы терапия әдісі;
ә) феодалдық және құл иеленушілік меншік түрі;
б) меншіктің капиталистік түрі;
в) қарапайым тауар өндірісі.
4. Меншік субъектісінің меншік объектісін иеленуге, оны өз еркімен пайдалануға және біреуге беруге кепілдеме беретін арнайы құқы бар. Бұл анықтама меншік категориясын төмендегідей сипаттайды:
а) құқық тұрғысынан;
ә) экономика тұрғысынан;
б) меншік формасы тұрғысынан;
в) дұрыс жауап жоқ.
5. Интеллект, ақпарат, мүлік, энергия, табиғат заты түрінде меншік қатынастарының пассивті жағы, бұл:
а) меншік объектісі;
ә) меншік субъектісі;
б) меншік қатынастары;
в) меншік құқықтары.
6. Меншік қатынастарының алғашқы формасы:
а) пайдалану;
ә) иелік ету;
б) билік ету;
в) жауапты болу.
7. Пайдаланушының өз еркі бойынша меншік объектісін пайдалануы, меншік қатынастарының қай түріне жатады?
а) пайдалану;
ә) иелік ету;
б) билік ету;
в) жауапты болу.
8. Меншік объектісін өз еркімен пайдалану, басқа субъектке өткізу мүмкіндігі мен құқығын беретін меншік объектісі мен субъектісі арасындағы қатынастар меншіктің қай түріне жатады?
а) пайдалану;
ә) иелік ету;
б) билік ету;
в) жауапты болу.
^ Кейс «Жұмысшылардың меншігі арқылы Саратов авиациялық зауытын (САЗ) жекешелендіру»
Берілген кейсті дайындауда «Кәсіпорындарды қайта құру. Ресей әрекеті мен Америка тәжірбиесі» кітабының материалдары қолданылды. Кітапта көрсетілген БУТЭК концерні, МОВЕН зауыты, Казань электромеханикалық зауыты, «Стройполимер», «Вешки», «Красный пролетарий» ресейлік кәсіпорындардың қызметі мен оларды жекешелендіру жайлы мысалдарды оқытушылар өз жұмыстарында кейс ретінде қолдануына болады.
Қорғаныс өнеркәсіптерінің ішінде бірінші рет азаматтық өнімдерді өндіруге бет бұрған САЗ 90 жылдардың басында еңбек ұжымымен жекешелендірілген өндіріс кәсіпорындардың бірі болды. Кейін САЗ жабық акционерлік қоғамы болып, оның жекешелендіру тәжірбиесі, нарықтық экономикаға сәтті өткен компаниялардың бірі ретінде жазылған мақалалар бұхаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
САЗ негізгі өнімдері: ресейлік және шетел тапсырмаларымен шығарылатын ЯК-42, 125 орындық азаматтық ұшақ. Зауыт мамандары еуропалық нарықта бәсекеқабілетті болатын, ЯК-40 ұшағының көлемін кішірейтіп шығару жобасын жасап, өндірісті жаңарту жоспарын ойластырды. САЗ жүк ұшақтарын жаңарту мен жетілдіру жобаларына қатысып, фирмалардың жоғары басшыларына арналған бизнес – орынды ұшақтарын жасау мақсатында израиль компаниясымен біріккен кәсіпорын ашты.
1993 жылы САЗ-да ұшақ жасауда 12000 адам, әр түрлі әлеуметтік қызметтерді қанағаттандыру үшін халықтық тұтыну тауарларын өндіруде, ауылшаруашылық өндірісінде 5000 адам жұмыспен қамтылды. 1994 жылдың жаз айында ҚХР ұшақтарын жасауға жаңа тапсырмаларды қабылдауға байланысты өнім өндіру 30 %- ға кеміді, жұмыспен қамтылғандар саны бұрынға деңгейге түсті.
САЗ басшылығы жекешелендірудің тиімділігін түсініп, 1991 жылдың қаңтар айында КСРО Министрлігінің Кеңесіне 205 млн. рубльге келісілген құны бойынша САЗ меншігін оның еңбек ұжымына беру туралы ұсыныс жасады. Қалдық құны 135 млн. руб. (54%) бағаланған негізгі қор қайтарымсыз негізде берілді. Ал қалған 115 млн. руб. (46 %) алғашқы төлемі1,5 млн.руб. көлемінде 1991 жылдың аяғында қайтарылатын несие ретінде берілді.
Ұжымдық меншікті жұмысшылар арасында бөлуде үлес негізінде жалақы көлемі, өтілі және кәсіби тәжірбиесі есептелді. Несиенің бірінші төлемін өтеу үшін САЗ әр сатып алынған үлеске ұжымдық қордан үлесті қоса отырып, жұмысшылардың жеке үлесін сатты. Куәлікте жұмысшылармен сатып алынған жеке үлестің саны тіркелді.
1991 жылдың аяғында САЗ меншігінің 18 %-ы зауыт жұмысшыларының жеке иелігінде болды, қалғаны еңбек ұжымының жалпы меншігінде болды.
1992 жылы «жауапкершілігі шектелген серіктестік» заңды мәртебесі 1993 жылдың басында жабық акционерлік қоғамға өту үшін уақытша қолданылды. Үлес иегерлері 1992 жылдың қараша айында үлестерді бөлу туралы шешім қабылданғанда, штатта тіркелген жұмысшылар болып саналды. Ең бірінші стратегия зауыттың кәсіпорындық мәртебесін сақтау, сондықтан тек САЗ жұмысшылары ғана меншік иегері болды.
САЗ өз зейнеткерлеріне көмек беру мақсатында, компанияның негізгі өндірістік бөлігінен тұрғын үй капиталын және қызмет көрсету саласын бөліп алып, САЗ филиалы мәртебесімен жаңа компанияға иемденуге берді. Зейнеткерлер оның меншік иегері болуға мүмкіндік алды. 1992 жылы зауыттан зейнеткерлердің меншігін иелік еткені үшін өтемі ретінде филиалға 13,5 млн. руб. бөлінді.
Нәтижесінде САЗ-ының қуаттылығы, өндірістік жалпы құны 180 млн. рубльге қысқарды, оның ішінде 18 % -ы зауыт жұмысшылары арасында таратылды, құны 130 млн. рубльді құрайтын меншіктің жиынтық үлесі бөлінбей қалды. Ол меншік құқына ие жұмысшылар арасында таратылып, олар жеке адамның үлесін (8 мың) сатып алуға мүмкіндік алды. Әр үлестің құны бір рубльге бағаланды. Жұмысшылар өз үлестерін алдағы жалақыдан сатып алып отырды. Сатудың бірінші кезеңнен қалған үлесті, екінші кезеңде сатып алуға болды, бірақ әр үлес екі рубльге бағаланып, әр адам 3000 үлестен артық сатып алмауға шек қойылды. Екінші кезеңде сатылмай қалған үлес үш рубльге (бір үлес) бағаланып, әр адамға 2000 үлестен аспауға шек қойыла отырып, үшінші кезеңге өтіп отырды. Кез келген өзгертулер зауыттың жалпы жиналысында қаралып, дауыс берумен ( бір адам – бір дауыс) шешіліп отырды.
САЗ бас директоры Александр Ермишин зауыт менеджерлерімен жұмыс істеу үшін Стэнфорд университетінің жанынан құрылған қарусыздандыру бойынша халықаралық қауіпсіздік және бақылау орталығынан мамандар тобын шақырды. САЗ басшылары компания құрылымын түбегейлі өзгертіп, тәуелсіз кәсіпорындарды қайтадан зауыт құрамына алып, өзіндік ұйымдық құрылымы бар акционерлік қоғам заңды тұлғасын алуға ұмтылды. Олар компанияның әр бөлім қызметінің нәтижесіне қарай, акциялар бойынша бонустар мен ақшалай төлемдер негізінде, марапаттау жүйесін өңдеу және қаржылық есептер жүйесін орталықтандыруды көздеді.
Үлестермен сауда жасаудың ішкі жүйесі өңделді. Жұмысшылардың қолындағы үлестердің бағасы оған деген сұраныс пен ұсыныс негізінде белгіленді. Жұмыстан босаған жұмысшылар өз үлестерін ішкі нарықта үш айдың ішінде сатуы тиіс болды. Егер үш айдың ішінде сатылмаса, онда компания оны номиналдық бағасымен өзіне қайтадан сатып алуына құқылы немесе жұмысшының өзінде қалуына рұқсат беріп отырды.
Еңбек ұжымының жалпы жиналысының өкілдері бір адам 30 адамның мүддесін қозғайтын зауыттың 500 жұмысшыларынан құралды. Дауыс беруде «бір адам – бір дауыс» принципі «бір үлес –бір дауыс» принципіне ауысты. САЗ 1600 жабдықтаушылармен тығыз байланыста болғандықтан, олардың негізгілерімен нарықтық қатынастар орнатып, уақытында жабдықтау процестерін жүзеге асырғандары үшін марапаттау жүйесі қолданды. Тұрғын үй бағдарламасы бір жанұялық үйлер салу құрылысына бағытталды.
Ресей экономикасының дамуына кедергі жасайтын макроэкономикалық проблемаларға қосымша кәсіпорын деңгейінде шешілмеген проблемалар бар: шағын кәсіпорындар басшыларымен қақтығыста болу, жеке орталықтарды тиімді қаржылық басқару үшін компьютерлендірудің жеткіліксіз болуы, Ресей нарығына батыс компанияларының енуі.
Қолайсыз экономикалық жағдайларда жұмысшылардың меншігі табысқа жетуге кепіл бола алмайды. Бірақ, кәсіпорынның табысқа жету үшін оның белгілі экономикалық үлесін жұмысшыларға беру, Ресейде еркін рыноктық экономиканы жасауда маңызды болып саналады.
^ Талқылауға берілген сұрақтар:
«Жұмысшылардың меншігі» терминін қалай түсінесіз?
Жұмысшылар меншігін теориясы мен практикаға енгізудің шетел тәжірбиесі қандай? Е8ОР (EmployeeStock Owership Plan – План наделения работников акциями) американдық жүйесі туралы не білесіздер? Басқарудың партисипативтік әдістері қандай? Қазақстанда партсипативті әдістердің келешегі қандай?
САЗ –да еңбектің жоғары өндіріс жүйесін енгізу және басқару реформалары, жұмысышылардың меншігін тиімді жүзеге асыруды қандай факторлар анықтайды?
Жұмысшылардың меншігі негізінде жекешелендіруді жүзеге асырған САЗ-да қандай практикалық өзгерістер болды? Меншіктің мұндай формасы экономикалық демократиямен үйлесе ме?
Кәсіпорынды еңбек ұжымының меншігіне беру өзіндік басқарудың югославиялық тәжірбиесін қайталау болып санала ма?
САЗ-да меншік үлесінің көлемі неге тәуелді және меншік құқын алған жұмысшы оны қалай пайдалана алды? Кәсіпорын қызметінің нәтижесіне қарай үлес көлемі және бағасы қалай өзгеріп отырды? Бұл өзгерістерді қалай бағалауға болады?
Еңбек ұжымының меншігі жеке меншіктің ерекше формасы бола ала ма?
Жұмысшылардың меншігімен құрылған компанияда ұйымдастыру мәдениеті қандай болу керек?
Жұмысшылардың меншігін бөлу процесін дамытуды мемлекеттік саясат ретінде қарауға бола ма?
Әр түрлі елдердің жинақталған тәжірбиесінің оңтайлы тұстарын қолдану үшін САЗ өз жұмысын қайта құра ала ма? Ағымдағы жұмысқа байланысты шешімдерді қабылдауға толық құылы болу және билікті радикалды орталықсыздандыру қажет пе? Орталықсыздандыруды материалдық ынталандырудың жаңа жүйесімен байланыстыруға бола ма?
САЗ-тың басшыларымен әлеуметтік салаға көмек көрсетуі, олардың патернализмі зауытта жұмысшыларды жұмыстан шығармауға ықпалын тигізгенін директор мақтан етеді. Ұзақ мерзімді келешекте бұл фирманың бәсекеқабілеттілігін төмендетуі мүмкін бе?
Ұсынылған мысалда кәсіподақтық ұйым формасында құрылған басшылыққа қарсы тұратын шынайы күш болған жоқ. Жұмысшыларға басшылардың қызметіне ықпал жасайтын және бақылап отыратын механизмдер қажет пе?
Ондаған мың компаниялар үшін құнды қағаздар нарығының ашық болуынан гөрі, батыс түсінігінде «шынайы» құндылығын көрсететін әдістер САЗ-тың ішкі нарығында акция бағасын анықтау практикасы тиімді ме?
Неге Қазақстанда меншікке жұмысшылардың құқылы болу тәжірбиесі іс жүзінде қолданылмады? Ереже бойынша, еңбектік ұжымның үлесі акционерлік капиталдың 10-12 % - нан аспады.
^ Кейс «Химфарм» акционерлік қоғамын жекешелендірудің жеке жобасы»
1993 жылы Ф. Дзержинский атындағы Шымкенттік химия- фармацевтік зауыты привилегиялы акция түрінде, 10 % -ы еңбектік ұжым үлесіне, 90 %- ы мемлекет үлесіне тиетін, жарғылық қоры 30,4 млн. тенге «Химфарм» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
Акционерлік қоғамға дейін зауыттың қоғамының негізгі көрсеткіштері төмендегідей болды:
1. Өнім шығару көлемі:
- глауцин – 1648 кг.
- аллапенин -12,5 кг.
- натрий хлорид – 309030 кг.
- қия тамырдың шырыны - 2900 қорап.
2. Жұмысшылар саны – 687 адам, оның ішінде:
- өндірісте – 672 адам;
- әкімшілік персонал – 83 адам;
- әлеуметтік салада – 112 адам.
3. Негізгі қордың тозу деңгейі – 60 % -дан астам.
4. Таза пайда – 1443 мың тенге.
5. Пайданың негізгі жұмсалуы:
- тұтыну қоры – 207 мың тенге;
- әлеуметтік сала объектілеріне – 413 мың тенге;
- басқа да бағыттар, оның ішінде өндірісті қайта инвестициялау – 823 мың тенге.
Кәсіпорынды акционерлік қоғамға айналдыруда біршама құрылысы аяқталмаған объектілер болды. Олардың ірілері микробиологиялық лабораториялар, мукалтин өнд
еще рефераты
Еще работы по разное
Реферат по разное
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
17 Сентября 2013
Реферат по разное
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр
17 Сентября 2013
Реферат по разное
Ротест некоторых философов против засилья гносеологических и методологических проблем в философии Нового времени, прежде всего в немецкой классической философии
17 Сентября 2013
Реферат по разное
Т. В. Иванова «Моя плоть — русская, славянская, но душа моя — только человеческая»
17 Сентября 2013