Реферат: Қазақстан Республикасы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти



Қазақстан Республикасы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Әбсаттар қажы Дербісәлінің 2009 жылы атқарған

басты іс шаралары


Қаңтар айы


2008 жылдың аяғы мен 2009 жылдың қаңтарында Израиль басқыншылары Палестинаның Газа секторына басып кіріп, бейбіт халықты қан жоса етіп қырып, үйлерді қиратты. Соған байланысты Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасы төмендегідей арнайы мәлімдеме жариялады.


"ГАЗА СЕКТОРЫНДА ҚАН ТӨГІС ТОҚТАТЫЛСЫН!"


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

мәлімдемесі


"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Палестинаның Газа секторының аяусыз атқыланып, бомбыланып, одан бейбіт халықтың нақақ қаны төгіліп жатқанын айыптаумен қатар күрескер халықпен ынтымақтас екенін мәлімдейді және жауласушы жақтарды дау-жанжалды тоқтатуға, ал әлемдік қоғамдастықты Палестина – Израиль шиеленісін бейбіт жолмен реттеудің барлық мүмкіндігін қарастыруын жөн санайды.

Израиль Газа секторын зымырандармен атқылап, бомбылауды тоқтатар емес. Нысанаға ХАМАС қозғалысының әскери құрамаларының басқару ғимараттары алынуда. Ұшақтар шабуылдауда. Тек Газа қаласының өзінде ғана бірден жеті нысанаға зымыран жаудырылған. Соның салдарынан әлденеше жүздеген бейбіт халық, балалар мен қарттар, әйелдер құрбан болды.

Жарияланбаған соғыс тиылар емес. Бұдан бейбіт халық зардап шегуде. Израильдықтардың шабуылына жауап та беріліп, онда да өлім-жітімге ұшыраушылар жоқ емес. Сөйтіп 60 жылдан бері дау-жанжалдан көз ашпаған Таяу Шығыста соғыс өрті өршіп барады.

Зымырандармен толассыз соққы берудің жалғасуына наразылық ретінде бұл күндері көптеген араб елдері мен әлемнің бірқатар астаналарында көшелерге жүздеген мың адамдар шықты. Наразылық митингілері мен шерулер Бейрут, Каир, Бағдад, Амман, сондай-ақ Стамбұл, Париж, Нью–Иоркте өтіп, олар сондағы Израиль елшілігі алдында жалғасуда. Талап – Палестинадағы бейбіт халықтың нақақ қаны төгілмесін, дау-жанжал тоқтатылсын!

Йемен, Катар, Либия мен Сирия басшылары Израильдың палестиналықтарға шабуылын тоқтату үшін Каирде араб мемлекеттері Лигасының төтенше бас қосуын шұғыл шақырылуы қажеттігін мәлімдеді.

Қазақстан мұсылмандары ел басшылығының Таяу Шығыс дау-жанжалын реттеудің кешенді бағыт-бағдарын қолдайды. Нақтырақ айтқанда Қазақстан келіссөзге қатысушылардың кеңейтілуін жақтайды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Газа секторындағы бейбіт халықты қайғы-қасіретке ұрындырған бұл әскери текетірестің неғұрлым тезірек тоқтатылуы қажет деп санайды.

Біз өз құлшылықтарымызда Аллаһ тағаладан тағдыры әділетсіздік пен қайғы-қасіретке толы озбырлыққа ұшырап жапа шегіп отырған Палестина халқының бейбіт өмір сүруін, қантөгістің тезірек тоқтатылуын тілейміз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел мұсылмандары атынан Израиль басшыларын ақылға келіп әскери ұрыс қимылдарын, қантөгіс пен зорлық-зомбылықты тезірек тоқтатуға шақырады.

Алматы, қаңтар 2009 жыл".


Мәлімдеме "Егемен Қазақстан" (№11, 14 қаңтар 2009), "Ислам және өркениет" (№3, 21-31 қаңтар 2009), "Айқын" (№2, 14 қаңтар 2009), "Жас қазақ" (№2, 23 қаңтар 2009), "Қазақ әдебиеті" (№2, 23 қаңтар 2009), "Президент және халық" (№2, 16 қаңтар 2009) газеттерінде жарияланып, қолдау тапты.

4 қаңтарда

Дінбасы Қырғызстан мүфтиі Мұратәлі қажы Жұмановтың әкесі Шарап Жұманұлының қайтыс болуына байланысты іссапармен Бішкекке барып қайтты. Әріптесіне өзі және Қазақстан мұсылмандары атынан көңіл айтты. Қонақтар құрметіне жайылған асқа қатысып, марқұмның аруағына Құран Кәрім аяттарын бағыштап, бата жасады.

6 қаңтарда

Дінбасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Түркия діни істер басқармасы арасындағы келісімшарт негізінде Стамбулға білімдерін жетілдіру курсына аттанып бара жатқан бір топ дін қызметкерлермен кездесу өткізді. Имамдарды діни басқарма қойып отырған талап-тілектермен таныстырып, уақыттарын текке кетірмей қысқа мерзім болса да білімдерін жетілдіріп келулері туралы айтты. Кездесу соңында имамдардың сұрақтарына жауап беріп, ақ жол тілеп бата берді.


* * *


Саудиядағы жүздесулер


2009 жылдың 17-23 қаңтарында Мекке қаласында өткен “Діни пәтуа және оның мән-маңызы” атты халықаралық ғылы­ми-теориялық конференцияға қа­тысқан Орта Азия мүфтилер кеңесі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәліні Сауд Арабиясының Королі Абдулла бин Абд әл-Азиз әл Сауд ел астанасы Риядтағы ордасында қабылдады.

Бас мүфти Сауд мемлекеті басшысына Қазақ елінің ислам өркениетінің бір бөлшегі екенін, республика халқының 70%-ы ислам дінін ұстанатынын және олардың өзара сыйластық пен достықта, ынтымақ пен ауызбірлікте өмір сүріп отырғанын, республика тәуелсіздік алған жылдар ішінде мешіттер саны 2300-ге жеткенін, Нұр-Мүбарак университеті мен 6 медресе жұмыс істеп жатқанын, Қазақстанның Корольдікті достас, сыйлас ел деп біліп, құрметпен қарайтынын жеткізді.

Король Қазақстанның Тәуел­сіздік алғаннан бері қол жеткен жетістіктері мен Президент Н.Ә.На­зарбаевтың жетекшілігімен аз уақытта әлемдік қауымдастықтан өзіне лайық орын алғанын тілге тиек етті.

Әбсаттар қажы Дербісәліні сон­дай-ақ, Меккеде Бүкіләлемдік Ислам лигасының Бас хатшысы доктор Абдалла бин Абд әл-Мух­син ат-Түрки мырза да қабылдады. Қазақстан дінбасы оған 2009 жылы Астанада әлемдік және дәстүрлі дін­дер лидерлерінің 3-ші құрыл­тайы өтетінін мәлімдей отырып, Бас хатшыға алдыңғы құрылтай­лар­ға қатысып қана қоймай, қолдау көр­сетіп келе жатқанына риза­шы­лық білдірді.

Бас хатшы Қазақстан Прези­денті­нің ұлттар мен ұлыстар, дін­дер­аралық достық пен ынтымақ, сый­ластыққа үлкен мән беріп отыр­ғанын жоғары бағалайтынын, өзінің биылғы кезекті құрылтайға да қатысатынын мәлімдеді.

Бас мүфти Мекке конферен­ция­сы аясында әлем сүнниттерінің Бас имамы әл-Азхар шейхы, доктор Мұхаммед Саид Тантауи мен Египет Араб Республикасының Бас мүфтиі Әли Жұмамен де ұшыра­сып, әлемдегі ислам дінінің дамуы мен өзекті мәселелері, Египет пен Қа­зақстан мұсылмандарының ру­хани, достық байланысы туралы пікір алысты.


ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.

"Егемен Қазақстан", №53-56 (25453), 07.02.2009 ж

27 қаңтарда

Қазақстан Республикасы Президентінің Алматыдағы резиденциясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың қатысуымен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Ассамблея Кеңесіне – еліміздің Бас мүфтиі шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, Қазақстан Республикасы Сенат және Парламентінің депутаттары, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысып, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІҮ-сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру бағытында Ассамблея алдында тұрған міндеттерді талқылады.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан халықтары Ассамблеясына берілген жаңа конституциялық өкілеттілік пен мәртебе Қазақстанның қоғамды демократияландыру жолындағы айрықша жетістігі ретінде бағаланып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісі әлемдік тәжірибенің озық үлгісі деп мойындалғанын ерекше атап өтті.

«Қазақстанның дамуын өзге әлемдік жэне посткеңестік мемлекеттермен салыстырар болсақ, осы кезең аралығында бірқатар елдердің түрлі деңгейдегі этносаралық проблемалармен бетпе-бет келгенін және осы күнге дейін кейбір мәселелерін шеше алмай отырғанын атап өтпеу мүмкін емес. Егер басқа елдерде этносаралық мәселенің ушығуы мемлекеттер арасындағы соғысқа дейін ұлғайып, қақтығыстар мен дау-жанжалдар орталығына айналса, Қазақстанда этносаралық қатынас тек қана конструктивтік деңгейде дамып, әрі мемлекет дамуының негізгі күш қуатына айналды. Қазақстанның ажырамас бөлшегі және мақтанышына айналған бейбітшілік пен келісім, саяси және қоғамдық тұрақтылық, толеранттылық ең алдымен Елбасы - Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген әрі сындарлы саясатының арқасында мүмкін болып отыр», - деді Қ.Саудабаев.

«Алайда, еліміз бүгінгі таңда жаңа сындарлы асулар алдында тұр. Әлемдік қаржы дағдарысының теріс әсері, Елбасы тарапынан өз уақытында қабылдаған шаралардың арқасында жеңілдегеніне қарамастан, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды біршама ауырлатары даусыз. Сондықтан да, біздер халқымыздың дәстүрлі бірлігін көрсетіп, осы күрделі жылдары елдегі тұрақтылықты сақтап, ертеңгі күнге деген сенімнің өшпеуіне кепіл бола білген ұлт көсемі Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытына қолдау білдіреміз. Алда да дәл осылай болатынына күмән жоқ», -деп Мемлекеттік хатшы айырықша атап көрсетті.

Кеңес отырысында Ассамблея Хатшылығының 2009 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылды. Аталған жоспарда Ассамблея жұмыс органының ағымдағы жылы еліміздегі этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бағытында көздеп отырған шаралары толықтай көрсетілген. Сонымен қатар, Кеңес отырысында Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметін ғылыми сүйемелдеу мақсатында құрылып отырған тұрақты әрекет етуші Ғылыми сараптамалық кеңес таныстырылды. Кеңес құрамына этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді зерттеумен айналысып жүрген жетекші ғылыми зерттеу орталықтар мен институттар, сараптамалық құрылымдар мен ғылыми қауымдастық өкілдері тартылып отыр.

Отырыс барысында Ассамблея Кеңесі Қазақстан халықтары Ассамблеясы Төрағасының орынбасары лауазымына республикалық этномәдени бірлестік басшыларынан қосымша екі кандидатураны мемлекет Басшысына бекітуге ұсынды. Сонымен қатар, республикалық этномәдени бірлестіктерді Астана қаласындағы Бейбітшілік пен келісім сарайына көшіру мақсатына бағытталған кейбір ұйымдастыру мәселелері де қаралды.

Ұшырасу соңында Дінбасы жақында «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Ислам жауһарлары мен жәдігерліктері» атты еңбегін Қанат Саудабаев пен ҚР халықтары Ассамблеясы төрағасының бірінші орынбасары Ералы Тоғжановқа сыйлады.

28 қаңтарда

«Егемен Қазақстан» газетінде (№30-33, 28-қаңтар, 2009 ж) Дінбасы Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Мекке конференциясы» атты көлемді мақаласы жарияланды. Онда 2008 жылғы 4-6 маусымда Меккеде Сауд Арабиясының Королі Абдулла бин Әбд әл-Әзиздің басқаруымен өткен «Әлемдік Ислам лигасы үнқатысу жолында» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция жайлы баяндалған. Оның жұмысына Қазақстан делегациясы құрамында ҚМДБ мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Махамбет Көпей, ҚР-нің Сауд Арабиясы корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама-Шариф қатысқан. Осы жиынды король ашып, үнқатысу жайлы ойларын ортаға салған. Мақалада атап көрсетілгеніндей, конференцияның мақсаты – Исламның адами құндылықтарды жоғары бағалайтын, басқа діндермен үнқатысуға және бірге өмір сүруге шақыратын ізгілікке толы нағыз кемел дін екендігін күллі әлемге түсіндіру. Мақала авторы бұған қатысты: «Бұл үнқатысуға арналған бірінші жиын емес-ті. 2003, 2006 жылдары Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің құрылтайында да үнқатысу жай қозғалып, оның әлем жұртшылығы арасында жақсы пікірге ие болғаны мәлім. Үнқатысу қашанда өзекті мәселе. Олай болса, Астананың келесі съезінің де жақындап қалғанын (2009), 2010 жылы Қазақстанның ОБСЕ-ге, 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалық ететінін ескере отырып, ғибрат болар деген оймен Мекке конференциясы және онда көтерген мәселелермен оқырмандарды таныстыруды жөн көрдік», – деп жазады. Мақалада пленарлық мәжілісте бүгінгі таңда адам баласы бастан кешіп отырған түрлі қиыншылықтар мен дін атын жамылып, қатегездікке бой ұрған экстремистердің әділеттілік ұстанымдарына кір келтіріп қана қоймай, Исламға және оның моралдық қағидаларына да теріс көзқарас туғызып отырғандығы жан-жақты баяндалады.

Келелі бас қосуда көптеген елдердің көрнекті ғалымдары мен дін танушылары, Ислам орталықтары мен қауымдастықтарының басшылары ғана емес, сондай-ақ мұсылмандар аз тұратын ел өкілдері мен үнқатысу және мәдениет пен өркениеттерді зерттеу саласының басшылары да белсенділік танытып, қызықты да мәнді ойларын ортаға салған. Жалпы конференция бірқатар теориялық мәселелерге, атап айтқанда, үнқатысудың Исламдық ұстанымдары; үнқатысудың түрлері, қағидалары және оларды жүзеге асыру тәсілдері; Ислам жамағаты кіммен үнқатысуы керек, үнқатысудың негіздері мен салаларына кеңінен тоқталды. Алғашқы мәселені талқылауға қатысқан делегаттар қасиетті Құран мен сунна ілімдерін негізге алып, тарихта осы сала бойынша жинақталған тәжірибелерге сүйеніп, Исламның үнқатысуға шақыруы мен мақсаттарына назар аударды. Екінші мәселеде үнқатысуды жүргізу тәртібін, әдебін, ережелі мен шектеулерін қаперге алып, тиісті құралдары арқылы оны жүзеге асыру тәсілдері мен аясын анықтады. Ал, үшіншісі бойынша әлемдік және дәстүрлі діндерді қолдаушылар мен танымал пәлсапаларды жақтаушылар және мұсылман емес елдерде өмір сүретін мұсылман жамағаты арасындағы үнқатысудың өзекті мәселелері де қозғалды. Делегаттардың конференция барысында үнқатысу Исламдық ережелерге сай және оны дамыту мен қорғауға тиімді тәсіл болуы керек деген ортақ пікірге келумен қатар өркениеттердің тоқырауы мен өзінің өмірдегі рөлін жоғарылатуға ұмтылатындардың жолын кесу үшін түрлі дін өкілдері арасында үнқатысудың қажеттігін мойындағаны атап көрсетіледі. Конференция адамдар арасындағы түсіністіктерге негіз болатын құрылымдық қағидаларды да талқылап, оның Ислам қағидаларымен өмір сүру және үнқатысу мақсаттарына сай келетіндігін, адамзатқа бақыт әкелетіндігін құптаған.


^ АҚПАН АЙЫ


6 ақпанда

Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ричард Хоугланд мырзаны оның өтініші бойынша қабылдады.

Елші Дінбасын көрнекті исламтанушы-шығыстанушы ғалым, дипломат, белгілі де беделді дін қайраткері деп білетіндігін, сол себепті Бас мүфтимен арнайы кездескісі келгенін айта келе, АҚШ елшісі ретінде өзінің бұған дейін Пәкстан, Ауғанстан мен Өзбекстанда қызмет еткенін, ал Қазақстанды жөні бөлек жұрт деп санайтынын мәлімдеді.

Дінбасы елші пікіріне қосыла отырып Қазақстанның Орта Азияның көшбасшысы, бұрын да қазір де дамыған республика екендігімен танымалдығын қаперге салды.

Бас мүфти Ислам дінінің қазақ даласына келгеніне он екі ғасыр болғанын, ата-бабаларымыздың жүрек қалауымен осы бір шынайы дінді жүрекпен қабылдағанын еске ала отырып, қазақ халқының мәдениеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүрі де исламмен тығыз байланыстылығы, ислам өмір сүру салтымыз, қорғанымыз, жүрер жолымыз, тірегіміз екеніне тоқтала келіп: «Қазақстан бай тарихы, өзіндік әдебиеті мен мәдениеті бар ел. Ол ислам өркениетіне өзіндік үлес қосқан жұрт. Оған дәлел - бұл жерден 20-дан астам фарабилер, 40-қа жуық таразилер, көптеген түркістанилер, дара тұлға Мұхаммед Хайдар Дулати және сол секілді сандаған ойшыл саңлақтар мен талай кемеңгерлер шыққан. Олардың бәрі де Исламнан нәр алып, біліміне сусындаған медресе түлектері еді. Еліміздің ғылымы мен білімнің қара шаңырағы - ең үлкен жоғары оқу ордасы саналатын Қазақтың мемлекеттік Ұлттық университетінің де әл-Фараби есімін алып отырғаны жайдан жай емес»,- деді.

Әбсаттар қажы Дербісәлі мәртебелі қонаққа Қазақстан Діни басқармасының тарихы жайлы да әңгімеледі. Патшалық Ресей және одан кейін Кеңес Одағының құрамында болған кездері асыл дініміздің шектеліп, дін қызметкерлерінің қудаланғанын, мешіттердің жабылғанын, тек 1943 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде неміс әскерінің Еділге таяп қалғанынан сескенген Сталиннің Кауказ өңірінде, Бакуде, Ресей аумағында Уфада, Орта Азия және Қазақстан бойынша Ташкентте мүфтияттың ашылуына рұқсат етіп, саясатын жұмсартқанын еске алды. «Тек 1990 жылы ғана Қазақстан мұсылмандары өз алдына жеке діни басқарма құруға қол жеткізді. Артынша Алла тағала әмірімен ие болған егемендігімізді бар - жоғы 68 ақ мешітпен қарсы алдық»- деген хазрет Алла үйлерінің қазір 2300-ден асқанын атап өтті.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары елімізге АҚШ, Оңтүстік Корея және Еуропадан пиғылы теріс түрлі секталардың көптеп келіп, неше түрлі айла-шарғылармен отандастарымызды өздеріне тартып жатқанына өкініш білдірді. Мұндай жайттың Қазақстан қоғамын алаңдатып қана қоймай, сондай-ақ жұрт ренішінің тууына да себеп болып отырғанын, дінге байланысты аса қажеттіліктен туған заңға өзгертулер мен толықтырулар жасалса демократияны шатыр етіп жүргендердің байбалам салатынын көлденең тартты.

Елші мырза ондай секталардың АҚШ-та да бар екенін еске алды.

Ричард мырза сонан соң Орта Азияда қылаң беріп жүрген «хизбут-тахрир», салафилер туралы Бас мүфти пікірін сұрады.

Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Ислам өркениетіне талай ойшылдар қосқан өлкеде «хизбут-тахрир», сәләфисымақтар қатарының сиректігін, бүгінгі таңда оларға заң жүзінде тыйым салынғандығын, діни басқарманың жүргізіп отырған жан-жақты, әрі кең де ауқымды жұмыстары негізінде олардың әсері азайып, ықпалының болымсыз екенін, сондай-ақ ол ислам атын жамылып, оны өзінің тар мақсатына пайдаланғысы келетін кейбіреулердің теріс қылықтары үшін бүкіл Исламға қара күйе жағуға болмайтынын мәлімдеді. Жапонияда «Аум сенрике» сектасының метроны улағанынан қаншама адам уланды, қаншасы әлі күнге дейін денсаулығына байланысты зардап шегуде. Әйтсе де бұл үшін ешкім Будда дінін кінәламайды. Солтүстік Ирландиядағы базбір топтардың қысастық әрекеттері үшін олардың дінін күстаналамайды. Әлбетте, бұл дұрыс та. Өйткені оған олардың дінінің қатысы жоқ.

Қылмыскердің аты қашан да қылмыскер. Лаңкестерде ұлт та, дін де болмайды. Дінді бетперде етіп жасалған қастандық - дінге қарсы жасалған қастандық деді Дінбасы.

Елші мырза Бас мүфти пікірін құптады.

Бас мүфти Діни басқарма үшін ел бірлігі мен ынтымағы, діни тұтастық пен ұлттық мүддеден жоғары ештеңе де жоқ екенін, соны бәрінен де жоғары қоятынын ескертті. Дін мен саясатты шатастырмау керектігін де атап өтті. Өйткені Қазақстан Ата заңында: «Дін мемлекет ісіне, мемлекет дінге араласпайды»,-делінген. Осы мәселе үнемі есте дей келе, мемлекеттік, ұлттық мүддеге, ұлттар мен ұлыстар, діндераралық достық пен түсіністікке, сыйластыққа залал тигізетін әрекеттердің бәріне де қарсы екенін мәлімдеді.

Елші Бас мүфтидің айтқанымен келісетінін білдіре отырып, Америка Құрама Штаттарының да ел ішінде тұрақтылықты қолдап, дінге байланысты алалауға жол берілмейтінін жеткізді.

Ричард Хоугланд мырза Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақ, 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымдарына төрағалық ететіндігін еске ала келе, Дінбасымыздың сол кезде Қазақстанды қандай тұрғыда көргісі келетіндігін сұрады. Бас мүфти еліміз бұдан да жан-жақты дамыған, өркениетті, 100 пайыз білімді, толерантты, демократиялы мемлекет болады деп сенетінін мәлімдеді.

Мұнан соң Елші Қазақстан Елбасы ұстанған үш тұғырлы тіл жайлы Бас мүфти пікірін сұрады. Дінбасы Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген аталы сөзін еске ала отырып, Діни басқарманың өз қызметін тек мемлекеттік тілде жүргізетінін, ал бірақ азаматтарымыз қосымша орыс, ағылшын тілдерін білсе ұтпаса ұтылмайтынын айтты.

Елші шейх Әбсаттар қажы Дербісәліге рахмет айта отырып, ҚМДБ медреселері ағылшын тілін оқытқысы келсе, ұстаздар жібере алатынын және оның бүкіл шығынын елшілік көтеретіндігі туралы ұсыныс жасады. Дінбасы оған ризашылық білдірумен қатар, бұған қажеттілік туа қалған жағдайда елші ұсынысы қаперге алынатынын жеткізді.

Ұшырасу соңында Бас мүфти Ричард Хоугланд мырзаға өзінің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шыққан «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» атты кітабын сыйлады.

11 ақпанда

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі Египет Араб Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Абдуллаһ әл-Арнусиді қабылдады. Кездесу барысында Мысыр мен Қазақстан арасындағы достық пен тарихи байланыстар және екі ел арасындағы сенімділік пен жақсы болашақты құру жолында бұл байланыстарды күшейтудегі екі президенттің орны турасында әңгіме қозғалды.

Кездесу «Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры, профессор, академик Махмұд Фаһми Хижази, сондай-ақ Мысыр мәдени орталығының директоры Субхи Сихими мен Мысыр елшісінің сауда-саттық жөніндегі кеңесшісі Мұхаммад Халләфтің қатысуымен өтті.

Отырыс барысында Мысыр елімен дін және ислам мәдениеті салаларындағы қарым-қатынастар төңірегінде әңгіме болды. Отырыста қозғалған өзекті тақырыптардың бірі дүниежүзі және дәстүрлі дін басшыларының келесі құрылтайда болды. Осы құрылтайға әл-Әзһар ең үлкен шейхы Саид ат-Тантауи мырза және Египеттің Уақыптар министрі Махмұд Хамди Зақзұқ мырза келетін болды.

Бас мүфти Мысыр елімен ынтымақтастықтың маңыздылығын ескеріп, үлкен Мысыр ғалымы басқаруымен жұмыс істеп жатқан бүкіл ТМД көлемінде теңдесі жоқ «Нұр-Мүбарак» университеті қоғамға оңтайлы әсер етіп, өзінің діни, мәдени және ғылыми ролін атқарып келе жатқанын баяндап берді.

Елші мырза «Нұр-Мүбарак» университетінің жаңа корпусының құрылысы 2010 жылы толығымен салынып бітеді деп мәлімдеді.

Дінбасы Каир қаласында 2009 жылы 6 наурызда өтетін Египет Араб Республикасы ислам істері жөніндегі жылдық конференцияға баратын делегацияны басқарады. Сондай-ақ делегация құрамында «Нұр-Мүбарак» университетінің проректоры филология ғылымдарының докторы Шамшәдин Керім болады.

Қасиетті ораза айы мерзіміне және Қадір түніне Қазақстандағы үлкен мешіттерде қызмет ету үшін Құран Кәрімді жатқа білетін екі қариларды жіберу төңірегінде ой қозғалды.

12 ақпанда

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынын арнайы шакыруымен Моңғолия мұсылман ұйымдары одағынан екі өкілі аткарушы әкімі Батырбек Хадысұлы мен діни істер бөлімінің меңгерушісі әрі мүфтидің міндетін атқарушы Айдос Қабайұлы келді. Оларды Бас мүфти қабылдап, діни басқарманың бөлім меңгерушілерімен таныстырып, өз ара кеңінен әңгімелесті. Әбсаттар қажы Дербісәлі мәртебелі қонақтарға республикадағы діни ахуал, еліміз Діни баскармасының құрылымы мен тыныс-тіршілігі жайлы жан-жақты әңгімелеп, имамдардың қызметі, мешіттердегі атқарылар іс-шаралар, мешіттерді тіркеу, дін қызметкерлерінің білімін арттыру мәселесі туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп, сұрақтарға жауап берді.

Діни басқарманың арнайы дайындалған бағдарламасы бойынша қонақтар бір апта бойы діни басқарманың бөлімдерінде, республикалық имамдардың білімін жетілдіру институтында, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінде, Шамалған медресесінде, сондай-ақ бірқатар мешіттерде болып, жұмыстарымен танысты.

Батырбек Хадысұлы Баян Өлгей, яғни қазакша Байбесік аймағында 1971 жылы дүниеге келген. Сонау 90-шы жылдардың басында Қазақстанда, оның ішінде Жамбыл облысының Мерке кентіндегі екі жылдық медреседе оқып, діни білім алды. Одан соң Сауд Арабиясында 2 жыл білімін жетілдірді. Моңғолияда Басқару академиясын бітірді. Содан бері дін саласында қызмет етіп келеді.

Айдос Қабайұлы Пәкістандағы Әбу Ханифа медресесінде діни білім алған. Содан кейін еліне оралып Өлгей қаласындағы орталык Әбу Бәкір Сыддық мешітінде имамдық етті. Қазір бұған коса Бас мүфтидің міндетін атқарады.

Тоқсаныншы жылдарға дейін Кеңес өкіметінде атеизм үстемдік етті. Моңғолияның сол кездегі жағдайы тура біздікіндей болды десе де болады. Егемендігімізге қол жеткізгеннен соң ғана дінімізбен кауышудың сәті түсті.

«Моңғолияда 1990 жылдың бесінші қазанында Сайран қажы Қадырұлының бастамасымен мұсылмандардың алғашқы құрылтайы өтіп, онда Моңғолия мұсылмандар қоғамы құрылды. Ал, 2007 жылы мамыр айында осы қоғамның бастамасымен тағы да құрылтай өтіп, онда елдегі ислами діни ұйымдардың басын біріктіріп, Моңғолия мұсылман ұйымдары одағы болып қайта құрылды. Бұған елдегі барлық дерлік мешіттер қарайтын болды. Бұл одақтың құрылуы елде Ислам дінін одан әрі орнықтырып, дамыта түсуге жол ашты. Ел бойынша алпысқа тарта мешіт бар. Салынып та жатыр. Халықтың ата-баба дініне деген ынта-ықыласы күшті», - деді Батырбек кажы Діни баскарма қызметкерлерімен кездесуде.

Моңғолияның дін туралы заңында ең алғаш будда, Ислам және шаманизмге рұксат берілген еді. Соңыра басқа дәстүрлі діндер мен секта, ағымдарға да жол ашылды. Артында алпауыт елдер мен діни ұйымдар тұрғандықтан шығар ел астанасы Улан Батордың өзінде ғана қысқа мерзімде 160 шіркеу бой көтерді. «Осы жағдайды ескеріп 1992 жылы аймақ орталығында екі жылдық медресе ашылып, жылына елу-алпыс шәкірт тұрақты білім алады. Сонымен қатар жастарымыз Сауд Арабиясы Корольдігіне, Мысыр, Сирия, Пәкістан, Түркия, Марокко, Біріккен Араб Әмірлігімен қатар Қазақстанның діни оқу орындарында да оқып жүр. Бүгінгі күнге дейін мұсылман елдерінде мыңнан астам жастарымыз діни білім алса, екі жүзден астам қандасымыз кажылық парызын өтеді», - деді Батырбек кажы.

Делегация Қазақстан мұсылмандары діни баскармасының кұрылымымен танысып, іс-тәжірибесінен үйренуге ынта танытты.

Кездесу соңында Бас мүфти қонақтарға іске сәт тілеп, осыған орай бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

17 ақпанда

Бас мүфти Мұрат Әуезовтің шақыруымен Алматыдағы заңғар жазушы М.О.Әуезовтің музей үйінде өткен «Абай жолы» эпопеясының орыс тіліндегі жаңа басылымының тұсау кесеріне қатысты. Тәржімашы белгілі қаламгер А.А.Ким. Тұсаукесерде еліміздің көрнекті жазушылары, ақындар, әдебиет зерттеушілері, академик С.А.Қаскабасов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Ш.Елеукенов, Д.Исабеков және т.б. болды. Үлкен шығарманы «Жібек жолы» баспасы жарыққа шығарған. Сөйлеушілер аударманың бұрынғы тәржімаға қарағанда өте сәтті шыққанына тоқталды.

Сол күні Дінбасы өз резиденциясында Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының атқарушы әкімі Батырбек Хадысұлы мен діни істер бөлімінің меңгерушісі әрі мүфтидің міндетін аткарушы Айдос Қабайұлын қабылдады. Діни басқарманың бағдарламасы аясында қонақтар бір апта бойы діни басқарманың бөлімдерінде, республикалық имамдардың білімін жетілдіру институтында, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінде, Шамалған медресесінде, сондай-ақ қаладағы бірқатар мешіттерде болып, олардың жұмыстарымен танысты.

Атқарушы әкім өз кезегінде: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын белгілі шығыстанушы, ғұлама баскарады. Істері де, діни басқарма құрылымы да бүгінгі уақыт талабына сай. Бізді арнайы шақыртып, іс-тәжірибесімен бөлісіп, үйреткені үшін Аллаһ разы болсын. Бұл біздің мүфтият құрып, діни іс-шаруаларымызды атқаруымызға көп көмегі тиеді деп ойлаймын», - деді.

Діни басқармамен екі ел арасындағы діни ынтымақтастықты дамыту мақсатымен өзара келісімшартка қол қойылды. Ендігі меже екі ел арасындағы қарым-қатынастың жүйелі түрде орнап, мұсылмандарының игілігі үшін қызмет ету. Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының атқарушы әкімі Батырбек Хадысұлы Дінбасыға рахмет айтып, олар үшін бұл аса қуанышты әрі тарихи күн екенін білдіріп, әлі де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан көп нәрсе алып, көп нәрсе үйренетіндіктерін жасырмады.

Әбсаттар кажы Дербісәлі хазрет қонақтарға республика мұқтаж дін қызметкерлерін даярлауды және достас екі ел халықтарының ынтымақтастығы жолында қолынан келгенінше кызмет ете беретініне сендірді. Қонақтардың елдеріне аман-есен жетулерін тілеп, оларға ақ батасын берді.

Кездесуге Діни басқарманың бөлім меңгерушілері және «Иман» журналының бас редакторы О.Өмірбек те қатысты.

Екі ел арасында діни істерге байланысты келісімшарт жасалды. Онда төмендегідей мәселелер қамтылды:

Қазақстан Республикасы мен Моңғолия мұсылмандарының ынтымағы мен достығын дамыту жолында бірігіп жұмыс жүргізу;

Келешек ұрпақты ислами әдептілікке, отансүйгіштікке, өз еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу;

Ұлттық мәдениет пен діни дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;

Моңғолияда тұратын қазақ ұлтының діни білімге құштар азаматтарын Моңғолия мұсылман қоғамының ұсынысымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты діни оқу орындарына қабылдау;

Діни оқу орны және мешіттер бойынша екі жақты тәжірибе алмасу;

Моңғолия мұсылман қоғамы мен Қазақстан мұсылмандары діни баскармасы діни оқу орындарының кітапханаларын керекті оқу кұралдар, кітаптармен мүмкіндігінше жабдықтау;

Екі жақты діндерді зерттеудің өзекті мәселелері бойынша ұйымдастырылған конференция, симпозиум, семинар, кездесулерге катысу.

Республикалық «Казахстанская правда» газетінің 2009 жылдың 20 (№44-45) және 27 ақпанындағы (№53-54) сандарында шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Жизнь и творчество Отрарского ученого Кавам ад-Дина ал-Иткани ал-Фараби ат-Туркистани» атты тарихи-филология-теологиялық зерттеу мақаласы жарияланған. Онда Бас мүфти Оңтүстік Қазақстан облысындағы ортағасырлық тарихи Иқанда туылып Отырарда қызмет еткен Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістанидің өмірі және шығармашылығы туралы жазба деректерге сүйене отырып зерделеген. Мақала тың да соны, жаңа деректерге толығымен қызықты.

20 ақпанда

ҚР Бас мүфтиі, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Түркия «Диянет» қорының құрылтайшысы, Дін істері басқармасының бұрынғы төрағасы, профессор, доктор Тайар Алтықұлаш мырзаны оның өтініші бойынша қабылдады. Қадірменді қонақ Әбсаттар қажының мұсылман әлеміне танымал ғалым, оның жауапкершілігі мол қызметті жемісті атқарып отырғандығын, өз елінде ҚР мүфтиін ТМД елдеріндегі алдыңғы қатарлы үлкен діни тұлға ретінде білетінін, бұл туралы Түркиядағы ғалымдардан естіп жүргенін, сол себепті мұнда Дінбасыға арнайы келгендігін айтты.

Бас мүфти өз кезегінде қонаққа Діни басқарманың тарихы жайлы әңгімеледі. 1949 жылы Орта Азия аумағы бойынша Ташкентте Діни басқарманың құрылғанын, тек 1990 жылы ғана Қазақстан мұсылмандары одан Ташкенттен бөлініп өз алдына жеке діни басқарма ашуға қол жеткізгенін, бір жылдан соң аңсаған тәуелсіздікті еліміз бар жоғы 68-ақ мешітпен қарсы алғанын айтты. Кеңес дәуірінде дін кадрларын даярлайтын оқу орны Бұхарада ғана болғанын, оның өзі кеңестің жүргізіп отырған саясатының салдарынан біресе ашылып, біресе жабылып, тұрақсыз қызмет атқарғандығы турасында әңгімеледі.

Әбсаттар қажы Дербісәлі қонақты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мән-жайынан хабардар етті. Оның бүгінде атқарып отырған іс-шараларымен таныстыра келіп, Дінбасы екі елдің қазіргі қарым-қатынасына көңіл аударды. Соның айқын айғақтарының бірі Түркістан шаһарында Түркияның көмегімен салынайын деп жатқан 3000 орындық зәулім мешіттің құрылысын атап өтті. Бас мүфти өз сөзінде: «Қазақстан егемендікке қол жеткізген соң мұсылман мемлекеттері ішінде Түркия Қазақстан көп көмектесті. Бәрімізге де аян 90-шы жылдардың басында мешіт салмақ түгілі халық нанға ақша таба алмай жүрген кезде түрік бауырларымыз еліміздің түкпір-түкпірінен бірнеше зәулім мешіттер салдырды. Сол үшін Сіздерге Алла разы болсын», - деді. Бас мүфти сондай-ақ бодандықтан көзі енді ашылған елде күтпеген жерден АҚШ, Еуропа және Юңтүстік Кореядан зымиян пиғылды секталардың қаптап кеткенін қынжыла айтты. Ондай ағымдардың Қазақстанда ғана емес барлық ТМД елдерінде, тіпті Түркияның өзінде де барына назар аударды. Әбсаттар қажы Дербісәлі отанымызда қазіргі кезде оларға қарсы күрес жүргізіліп отырғанын, олардың жастарымыздың санасын улап, тайраңдап жүруге мемлекеттің мұнан әрі жол бермеуге тиістігін баса айтты.

Тайар мырза Құран Кәрімнің қолжазба түрінде жер-жердегі нұсқаларын көптен бері зерттеп жүрген, осы күнге дейін қасиетті кітаптың 6 нұсқасын зерделеген ғалым. Сонау 1979 жылы мұсылман дүниесінің басын біріктіріп Стамбулда үлкен конференция өткізгендігін айтып, оған сол кездегі Орта Азия мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Шамсуддин Бабахановты да шақырғандығы турасында тілге тиек етті. «Келесі жылы Шамсуддин хазреттің шақыруымен Ташкентте қонақ болып қайттым. Сонда ол маған Ташкент мұражайында сақталған Құран Кәрімнің қолжазба түріндегі тағы бір нұсқасының микрофильмін жазып берген болатын. Арада 25 жыл өткен соң мен Ташкентке тағы бардым. Мұражайдан Алланың кәләмін көруге барсам, онда 15 беті жетіспейді екен. Сөйтсе ондағы қызметкерлердің пайымдауынша ол парақтарды тоқсаныншы жылдардың басындағы қиынқыстау кезде шетелге бірнеше миллион АҚШ долларына сатып жіберіпті», - деп қынжылды ол.

Кездесу соңында түркиялық қонақ Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың мәңгі болуын тілеп, дін ғалымдарының бір-біріне әрқашанда көмек беріп, арадағы достық пен бауырмалдықты нығайтуға қызмет ету қажеттігіне көңіл аударды. «Құрметті мүфти хазрет! Уақытыңызды бөліп мені құрметпен жылы қабылдағаныңыз үшін Жаратушы Иеміз разы болсын. Естіп отырмыз, Сіздің арқаңызда екі ел арасындағы діни байланыс биік деңгейге жетті», - деді Тайар мырза өз ризашылығын білдіріп.

Бас мүфти хазрет Тайар Алтыкулач мырзаға «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» атты қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі кітапты сыйға тартты.

^ 23-24 ақпанда

Бас мүфти ҚР Ұлттық мұрағат басшысы Р.Х.Сариеваның арнайы шақыруымен Астанада болды. Мекеме директоры ҚР Үкіметінің қаулысымен Әбсаттар қажы Дербісәлінің өмірі мен шығармашылығына арналған құжаттарды жинап, топтап, сақтау туралы шешім шыққанын айтты. Дінбасы осыған байланысты мұрағатқа кітаптары, мақалалары, суреттер, кандидаттық және докторлық диссертацияларын, шығармашылық құжаттарын тапсырды. Қалған дүниелерді бірте-бірте беруге уәде етті.

25 ақпанда

Дінбасы өз резиденциясында Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Бас консулы Ханс-Юрген Кайльхольц мырзаны оның өтініші бойынша қабылдады. Кездесу барысында екі жақ мүдделі әңгімелер қозғады.

Елші өзінің дипломатиялық қызметте Мысыр, Сирия және тағы басқа араб мемлекеттерінде, Қазақстанға келмей тұрып Германияның төтенше және өкілетті елшісі ретінде Түркменстан мен Өзбекістанда қызмет еткенін айтты. Ханс-Юрген мырза өзі мұсылман болмаса да, бірақ исламды ұстанатын халықтардың салт-дәстүрі қатты қызықтыратынын айтып, Орта Азиядағы тарихи жәдігерліктерді зерттеп жүргендігін жеткізді. Жақында ол Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында болып, ондағы ортағасырлық мешіттер мен кесенелерді тамашалар қайтқандығын мәлімдеді. «Осы аймақтағы барлық мемлекеттерде болдым, қызмет еттім. Бірақ Қазақстанның жөні бөлек екен. Мұнда көршілес мемлекеттердегідей дінге ешқандай қысым көрсетілмейді. Қазақстан Орта Азия жұртының көшбасшысы деуге болады, бұрын да, қазір де ғылым білімі мен экономикасы дамыған жұрт екен», - деп мысал ретінде 20 ғасырдың басында қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш зиялыларын еске алды.

Дінбасы консулдың пікіріне қосыла отырып Қазақстанның Орта Азия жұрты көшбасшысы екенін, оны көршілес мемлекеттердің өздері де мойындап отырғандығын айтты.

Сөзін әрі жалғастыра отырып Әбсаттар қажы Дербісәлі мәртебелі қонаққа Діни басқарманың тарихы жайлы әңгімеледі. «1943 жылы Орта Азия және Қазақстан бойынша алғашқы мүфтият Ташкентте құрылған болатын. Тек 1990 жылы ғана Қазақстан мұсылмандары Ташкенттен бөлініп өз алдына жеке діни басқармасын ашуға қол жеткізді»- деді мүфти хазрет.

Консул мырза өз кезегінде қазақтардың қонақжай, жомарт, үлкен жүректі ел екендігіне көз жеткізгенін, оған дәлел ретінде кезінде 1940-шы жылдары Ұлы Отан соғысынан соң неміс халқының қуғын-сүргінге ұшырап көптеген қандастарының қазақ жеріне айдалғандығын айтты. «Жағдайы нашар бола тұра нанымен бөлісіп, бауырла
^ Наурыз айы


2 наурызда

Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Ғалымдар үйінде өткен белгілі әдебиеттанушы ф.ғ.д., профессор Айгүл Ісімақованың «Алаш әдебиеттануы» және «Асыл сөздің теориясы» атты монографияларының тұсаукесеріне қатысты. Ұшырасуға әдебиеттану саласындағы еліміздің белгілі ғалымдары мен жазушылары қатысты. Кешті М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, академик Сейіт Қасқабасов жүргізіп отырды.

Қазақ әдебиеттану ғылымының бастаулары
еще рефераты
Еще работы по разное