Реферат: Баспасөз-релиз пони балаларға көмекке келді





БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ


ПОНИ БАЛАЛАРҒА КӨМЕККЕ КЕЛДІ


«Церебральды сал ауруымен ауыратын балалардың қимыл-қозғалысын сауықтырудағы бейстандарт әдістер. Қазақстанда иппотерапияны дамыту» тақырыбын зерделеу үшін «Ковчег» балалар баспанасына баспасөз туры


2010 жылдың 15 қарашасы күні «Ковчег» балалар баспанасында «Церебральды сал ауруымен ауыратын балалардың қимыл-қозғалысын сауықтырудағы бейстандарт әдістер. Қазақстанда иппотерапияны дамыту» тақырыбына баспасөз мәжілісі болып өтті.

^ Баспасөз мәжілісіне қатысқандар:

Жоғары категориялы ЕДШ (ЛФК) дәрігері, ҚР Емдік дене шынықтыру дәрігерлері ассоциациясының президенті Людмила Дробышева

ЕДШ дәрігері Лука Байно (Италия)

«Ковчег» мекемесінің директоры Марина Сугакова

«Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясының Бас директоры Константин Кулинич


Баспасөз мәжілісі барысында Қазақстандағы мүгедек балалардың проблемалары, жекелеп алғанда, балалардың церебральды сал ауруы (ДЦП) диагнозы қойылған балалардың қимыл-қозғалысын иппотерапияны қолдану арқылы сауықтырудағы жаңа қадамдар талқыланды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 44 574 мүгедек бала бар, бұл еліміздегі кішкентай тұрғындардың 1,2% құрайды. Олардың ішінде 10 000 шамасындағы балаға балалардың сал ауруы (ДЦП - детский церебральный паралич) диагнозы қойылған. Бірақ барынша шыдамдылық танытып, әдістемелік жүйемен емдеген жағдайда бұл аурудың салдарын түзетіп, баланы жүруге, сөйлеуге үйретуге және қоғамда өмір сүруге бейімдеуге болады. Қимыл-қозғалысты сауықтырудың прогрессивті әдістерінің бірі иппотерапия (жылқыға мініп жаттығу) болып табылады.


ҚҰТҚАРУШЫ ИППОТЕРАПИЯ


Иппотерапия сал ауруымен ауыратын балалардың денсаулығын жақсартуға ықпал етеді, себебі атқа мініп, баяу жүру денені басқаруға үйренуге, қимыл-қозғалыс және сөйлеу белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бірақ Қазақстанда иппотерапия секілді сауықтыру әдісі әлі де болса кеңінен тарала қоймаған. Ол бұған көп қаржы қажет болатындығына және жеткілікті дәрежеде мамандардың жоқтығына байланысты болса керек. Дегенмен бұл жаңаша әдісті дамыту жолында алғашқы қадамдар да жасалып жатыр.

2010 жылдың қазан айында «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясының қайырымдылық көмек көрсетуімен жетім балалар, мүгедек балалар, соның ішінде сал ауруымен ауыратын балалар тәрбиеленіп жатқан «Ковчег» мекемесіне иппотерапиямен айналысу үшін пони сатып алынды. «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясы сал ауруымен ауыратын балаларға тұрақты түрде көмек көрсетіп келеді. Мысалы, 2007 жылы «Балбұлақ» Республикалық балаларды сауықтыру орталығы үшін бірегей «Сенсор бөлмесі» сатып алынды. 2010 жылдың басында осы орталыққа «Гросс тренажеры» орнатылды.

Айта кететін нәрсе, «Ковчегте» иппотерапия итальяндық дәрігер-волонтерлардың әдістемесі бойынша және олардың қадағалауымен өткізіледі. Баспасөз мәжілісі барысында журналистер үшін итальяндық ЕДШ дәрігері, «Ковчег» баспанасының волонтері Лука Байно өткізетін иппотерапия сабағына экскурсия жүргізілді.

Қазақстандағы мүгедек балалардың проблемасы олардың ата-аналары мен медициналық мекемелердегі қызметкерлердің ғана проблемасы болып қалмау керек. Мүгедек балаларды, жекелеп алғанда, сал ауруымен ауыратын балаларды сауықтыру мәселесінде әлі де болса тез арада шешуді талап ететін проблемалар жетерлік.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің белсенді өмірлік ұстанымдары мен мүгедек балалардың проблемаларын қоғамға жариялауға қатысулары қайырымдылық қорлары мен медициналық мекемелерге коммерциялық ұйымдардың көмегін көптеп тартуға және Қазақстандағы мүгедек балаларды сауықтыру жағдайын жақсартуға көмектеседі.

Толық ақпарат:

Спесивцева Алена, тел. +7 705 717 73 70, e-mail: spesivtsevaalena@mail.ru

Байсарова Людмила, тел. 227-23-61, +7  777 262 33 81 milabaisarova@mail.ru

еще рефераты
Еще работы по разное