Реферат: Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті



Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

«Алаш» мәдениет және рухани даму институты


Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева

Институт культуры и духовного развития «Алаш»


САЯСИ ИНСТИТУТТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАҚ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ПРАКТИКА


Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары

18 маусым 2010 ж.


СМИ В СИСТЕМЕ ПОЛИТИЧЕСКИХ ИНСТИТУТОВ: ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА


Материалы

международной научно-теоретической конференции

18 июня 2010 г.


Астана 2010

УДК 001

ББК 72


Редакция алқасы: Әбдірайым Б.Ж., Берсімбай Р.І., Камзабекұлы Д. (жауапты

редактор), Омашев Н.О., Кабылдинов З.Е.,

Ысқақова К.И. (конференцияның үйлестірушісі)


^ Редакционная коллегия: Әбдірайым Б.Ж., Берсімбай Р.І.,

Камзабекұлы Д.(ответственный редактор),

Омашев Н.О., Кабулдинов З.Е.,

Искакова К.И. (координатор конференции)


С 27

^ Саяси институттар жүйесіндегі БАҚ: теория және практика: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2010. -312б.

СМИ в системе политических институтов: теория и практика: Материалы международной научно-теоретической конференции. – ^ Астана: ЕНУ им.Л.Н.Гумилева, 2010. – 312с.


ISBN 978-601-7252-46-5


Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдарына отандық және шетелдік ғалымдар, саясат, дипломатия, мемлекеттік басқару, журналистика және ақпараттандыру саласының белгілі мамандарының бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамның саяси институттарының арақатынасы, байланысы мен өзара ықпалдастығының өзекті мәселелерін сараптайтын ғылыми мақалалары кіріп отыр. Аталған үрдістердің Қазақстан Республикасында даму ерекшеліктеріне баса назар аударылды.

Ғылыми қызметкерлерге, БАҚ және журналистер қауымдастығына, оқу орындарының оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттеріне арналады.



ББК 72
ISBN 978-601-7252-46-5

Баяндамалрдың мәтіні авторлардың редакциясымен басылды.


«Саяси институттар жүйесіндегі БАҚ: теория және практика» атты халықаралық ғылыми-теориялык конференцияға қатысушыларды

ҚҰТТЫҚТАУ


Құрметті ғылыми-теориялық конференцияға қатысушылар! Тәуелсіз елімізде жүргізіліп жатқан демократиялық өзгерістер арнасында ахуалды және қажетті тақырыпқа өткізіліп отырған Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысушыларды ғылыми жиынның ашылуымен құттықтаймын.

БАҚ-ты қоғамда заң шығарушы, атқарушы және сот билігімен қатар «төртінші билік» деп атайды. Соңғы жүзжылдықта БАҚ саяси процестерді жүзеге асыратын маңызды құралдардың бірі ретінде қоғамның саяси өміріне тікелей араласуы байқалады. БАҚ көмегімен елімізде және бүкіл әлемде болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарды қабылдап, түсінеміз. БАҚ-ң негізгі қызметі халықтың әртүрлі топтары арасына үздіксіз саяси, идеологиялық, мәдени ақпарат тарату болып табылады. Сондықтан БАҚ қоғамдық сананың қалыптасуы, қызмет етуі мен дамуына тікелей әсерін тигізеді.

Қоғам өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістерге толы қазіргі Қазақстан үшін ғылыми-теориялық конференцияда талқылап отырған мәселе жалпы теориялық болсын, саяси және қолданбалы жағынан да көлемі кең, маңызды мәселе.

Конференция жалпы журналистер қауымдастығы мен осы оқу орында білім алушы журналистердің жаңа толқынының кәсіби шеберлігімен қатар, саяси қырағылығын, саяси мәдениетін шыңдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бұл жиын болашақ журналистердің саясаттанудың негіздерін меңгеріп, саяси процестер мен оқиғаларды дұрыс түсініп, оны халыққа жеткізуіне өз үлесін қосуы сөзсіз.

Барлық деңгейдегі саясаттанушы үшін де саяси өмірдегі шындық пен тәуелсіз Қазақстанымыздың дамуы туралы байламдар жасау үшін бұқаралық ақпарат құралдары қажет. Саясаттанушылар БАҚ арқылы ғана шыңдала түседі.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де журналистика және саясаттану факультетінің ашылуы орынды іс деп санаймын. Факультет ашу туралы ойды марқұм профессор Ақселеу Сланұлы Сейдімбек алғаш көтерген болатын. Осыған орай, ғылыми-теориялық конференция аясында А. Сейдімбек атындағы Ғылым залының ашылуын ғибратты шара деп есептеймін. Осындай тәрбиелік мәні зор шараны ұйымдастырушылар мен іске асырушыларға өз алғысымды білдіремін.

«Саяси институттар жүйесіндегі БАҚ: теория және практика» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның өткізілуі маңызды және дер кезіндегі шара. Ол жаңа ашылған факультеттің аяғын нық басып, алға жылжыуына өз септігін тигізеді деген үміттенемін.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуы мен дамуы - біздің елімізде сөз бостандығының негізгі бағыты екенін айқындауға байланысты аталмыш мәселенің маңыздылығы екі есе артады.

Ғылыми-теориялық конференцияда айтылған ойлар, көзқарастар ақпараттық кеңістіктегі практикалтық іс-шараға, нақты саясат арнасына айналады деп сенемін.

Біз Сіздерден БАҚ-тың қазіргі коғамның саяси институттар жүйесінде қызмет етуіне бағытталған тың жаңа идеялар, мағыналы және дәлелді ой-толғамдар күтеміз.

Журналистер күні қарсаңында журналистика және саясаттану факультетінің ұжымын кәсіби мейрамымен құттықтаймын.

Құрметті журналистер қауымы және конференцияға қатысушы барлық ғалымдар мен оқытушыларға бүгінгі талқыланып отырған мәселе бойынша қызу пікірталас пен тың ой-толғаулар және жалпы шығармашылық табыстар тілеймін.


^ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия

Ұлттық университетінің ректоры

заң ғылымдарының докторы, профессор

Б.Ж. Әбдірайым


Исабаев Б.О.,

Черезвычай и Полномочный посол Республики Казахстан

в Республике Кыргызстан,

кандидат политических наук, г. Бишкек


^ СМИ КР: СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ

И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ


В современной политической науке понимание информационного пространства трактуется как совокупность результатов семантической деятельности. Иными словами, идентифицируя себя с той или иной общностью, мы разделяем дискурс, характерный для этого социума. При этом информационный объект может быть национально специфичен, как могут быть специфичны по своим темам национальные СМИ.

Основными компонентами современного информационного пространства выступают:

- информационные ресурсы;

- средства информационного взаимодействия;

- информационная инфраструктура.

В свою очередь, критериями информационного пространства служат:

- количественный и качественный рост информационных ресурсов, средств доставки информации и информационной инфраструктуры;

- смена типов информации, доставляемой потребителям;

- позиционирование СМИ.1

В системе приведенных критериев, информационное пространство Кыргызстана характеризуется своими специфическими особенностями:

- «зажатостью» дискурса проблемой выбора пути и курса развития страны;

- концентрацией на вопросах национальной самоидентификации;

- склонностью к мифологизации и персонификации политики;

- высокой политизированностью общественного мнения.

В постсоветской историографии информационного пространства КР можно кодифицировать 5 самых характерных периодов его развития.

Первый: 1991-1992 гг. – провозглашение свободы прессы.

Второй: 1993-1995 гг. – дистанцирование от государственной власти, выработка собственных позиций о роли и функциях СМИ.

Третий: 1996-1999 гг. – окончательное «размежевание» с властью.

Четвертый: 1999-2005гг. – распределение и концентрация медиа-собственности, путем образования медиа-холдингов.

Пятый: с 2005 года по настоящее время – перераспределение медиа-собственности и усиление влияния медиа-холдингов, посредством их объединения и сосредоточения в одном центре или «одних руках».2

За годы независимости Кыргызстана, СМИ, в определенной степени, приобрели в общественно-политической жизни страны неформальный статус «четвертой власти», и это позволяет им сегодня:

1) Представлять роль посредника между государственной властью и гражданским обществом.

2)Участвовать в формировании нового типа политической культуры.

3) Обеспечивать открытость и интеграцию современного Кыргызстана в общемировой системе политических отношений.

4) Выступать как политический институт информирования общества, социальной коммуникации и контроля власти.

5) Осуществлять роль орудия различных общественно-политических сил, деятельность которых носит явный манипулятивный характер.

Как отмечает М.Маклюэна: «Масс-медиа - это главный посредник между обществом и государством, и в этом заключается их специфика».3 В свою очередь, ведущим направлением медийной специфики является – информационная функция. На ее основе у граждан формируется мнение о правительстве, партиях, социально-экономической жизни и т.д. К сожалению, за последние пять лет роль СМИ КР в этом направлении, практически сводилась к агитации и пропаганде уже принятого руководством решения.4

Аналитик П.Бурдье подчеркивает еще один важный аспект этой функции: «широко пронизывать все общество каналом обмена, и активно циркулировать по этому каналу».5 В этом ключе весьма значима роль СМИ в освещении мировых событий. Здесь нужно отметить, что до апреля текущего года особо востребованными в КР были новости о взаимоотношениях Кыргызстана с Узбекистаном по водным, газовым и другим проблемам. Однако абсолютное большинство масс-медиа республики не могли компетентно анализировать и прогнозировать развитие и тенденции этих межгосударственных отношений, а лишь констатировали факты, создавая у общества мнение, что суть проблемы заключается в индивидуальных особенностях тех или иных политиков.

По образовательной функции СМИ эксперты заключают: «до 90% их формируют у граждан псевдорациональное сознание, искажающее реальность». Социализация личности – это наименее реализованная функция местных масс-медиа, что ярко проявилась в недавних кризисных ситуациях (апрель-июнь с.г.), грозивших разрушить единство страны. Функции критики и контроля, пожалуй, самые развитые в кыргызстанских СМИ. Оппозиция эффективно использовала их, практически, без препятствия со стороны государства. Конструктивная функция СМИ КР «находятся в самом начале пути», считает большинство аналитиков и экспертов. 6

Перечень функций СМИ этим не исчерпывается, но мы ограничимся, приведенным выше их основным рядом.

^ Свобода слова и информации гарантируются ст.13 Конституции КР, а также законами страны: «О средствах массовой информации», «О свободе доступа к информации», «О защите профессиональной деятельности журналиста», «О рекламе», «Об авторских правах», «О защите чести, достоинства и деловой репутации» и др. Непосредственное отношение к СМИ имеет и «Кодекс о выборах в КР». Вместе с тем, медиа-ситуация в КР в последние время (2007-2009гг.) характеризовалась: - ухудшением положения СМИ; - увеличением случаев насилия в отношении журналистов; - сокращением оппозиционных изданий и доступа к информации; - попытками регулирования информационных изданий в Интернете и т.д.7 Так, по данным МВД КР, в указанный период, в отношении журналистов было совершено 28 уголовных преступлений. Нераскрытыми остаются убийства журналистов – А.Саипова (2007г.) и Г.Павлюка (2009г.). По данным неправительственного Института «Медиа представителя», в 2005-2009гг. на журналистов в Кыргызстане совершено 60 нападений.8

Относительно ресурсов и профессионализма кадров масс-медиа, можно отметить следующее. Сегодня из более чем 1200 изданий КР, регулярно печатаются менее 400; - только 10% СМИ работают в зоне самоокупаемости, остальные зависят от поддержки государства и спонсоров.9 По заявлению ученого Г.Ибраимовой: «СМИ Кыргызстана характеризуют - непрофессионализм и провинциализм». При этом особо подчеркивается: «безграмотность журналистов, ограниченность их речевых средств, вымывание из СМИ многих жанров». Отмечает, что «предпочтение отдается репортерскому, а не аналитическому мастерству, так как обучение новых кадров, в лучшем случае, производится по принципу - «делай как я!»10 Аналитик А.Исаева также отмечает: «Непрофессионализм компенсируется скандальностью, который становится главной мерой информации, критерием качества новости».11 Эксперты USAID Э.Джонсон, М.Олкотт и Р.Хорвиц также констатируют: «Даже центральные газеты страны не могут найти профессиональных журналистов, а местные газеты находятся в этом отношении еще в более худшем положении».12 Эксперт А.Исманов дополняет эту характеристику своими выводами: «Высокие расходы на распространение СМИ ограничивают ареал аудитории. Газеты становятся местечковыми, региональными».13

Вышеизложенное резюмируем выдержкой статьи журналиста Р.Муратова: «В стране зарегистрировано свыше 1000 масс-медиа. Это очень много для маленького Кыргызстана, а профессиональный уровень большинства их весьма низок. И непонятно на кого работают факультеты журналистики, ежегодно выпускающие сотни и тысячи потенциальных безработных?».14

Особенностью кыргызского медиа-пространства является информационный разрыв между северными и южными регионами. В последнем доминируют узбекские СМИ, что отрицательно сказывается на самоидентификации и ориентированности кыргызской аудитории. Это ведет к угрозам дестабилизации в стране, что и подтверждается: событиями «тюльпановой революции» (март 2005г.), затяжным противостоянием Временного правительства с так называемыми «пробакиевскими реваншистами» (апрель-май 2010г.), и нынешним - июньским межнациональным кровавым столкновением в гг.Ош и Джалал-Абад и сельских районах этих областей.

Сегодня ученые рассматривают СМИ как важнейший источник власти, а политическую систему как объект, погруженный в информационное пространство.15 Происходит полное переплетение сферы политического и масс-медиа, что позволяет говорить о «медиатизации политики» и формировании «медиаполитической системы». 16

СМИ также определяют как многофункциональный социально-политический институт, действующий через систему локальных средств информации и характеризующийся:

- обращенностью к массовой аудитории и общедоступностью;

- корпоративностью производства и распространения информации;

- социально-преобразовательным потенциалом.

В Кыргызстане, функция СМИ, как политического института общества, пока обозначена лишь на уровне потенциала. Причина – неразвитость гражданского общества. В этой связи, именно немногочисленные официальные СМИ выполняют функции выразителя интересов государства и общества. Вместе с тем, определенный старт развитию масс-медиа, как политического института общества, придан основанием ресурсной базы «Freedom House» (открытие во всех областях КР - Центров СМИ).

На информационном поле республики стали активно заявлять о себе интернет-ресурсы: - «АКИпресс», «Азаттык», «Кабар», «24.kg», «Diesel» и другие. Новым социальным явлением, во время апрельских событий, стало объединение пользователей интернет-форумов, в частности «Diesel.elcat.kg», с целью обмена информацией по ситуации в столице, создания «народных дружин», оказания помощи пострадавшим, а также о первых и последующих шагах деятельности ВП КР.17 Важную роль сыграло интернет-пространство и в мае т.г., при раскрутке громких политических скандалов, связанных с «телефонными записями» ряда высокопоставленных политиков и государственных деятелей страны. 18

Позитивные изменения коснулись также теле - и радиокомпаний КР. Они стали не просто получать, а активно выигрывать в конкурентной борьбе, в т.ч. зарубежными соперниками, соответствующие гранты и преференции. Изменился и стиль их работы со спонсорами: теперь многие из них не ждут помощи со стороны, а сами ищут партнеров для реализации проектов. Ряд теле - и радиокомпаний КР активизируют сотрудничество с зарубежными партнерами – российскими, казахстанскими («Хабар», «Ел-Арна», КТК и др.), а также с узбекскими и таджикскими. Расширяется диапазон их контактов с государствами дальнего зарубежья («Евроньюс», «BBC», «Голос Америки», «Радио Свобода» и др.) 19

Можно констатировать, что в постсоветский период СМИ КР, главным образом, выполняли следующие задачи и функции:

- средства производства коммерческого продукта;

- инструмента внутриполитической борьбы;

- орудия избирательных политтехнологий;

- политического института, в качестве СМИ власти.

События марта 2005 и апреля 2010 годов, показали, что функции масс-медиа стали постепенно меняться. Теперь вопрос о собственности СМИ становится главным, вокруг которого разворачивается основная борьба. После «апрельских событий» Временное правительство Кыргызстана:

1. Отменило ордера на арест газет, закрытых в марте текущего года, по обвинению в клевете на бывшего Президента страны.

2. Предприняло меры по национализации частных СМИ, включая телекомпании «5 канал» и «Пирамиду».

3. Возобновило вещание кыргызской службы радио «Свободная Европа» и радио «Свобода».

4. Начало расследование попытки захвата информагентства (ИА) «24.kg», и публично признало незаконность этой попытки.

Временное правительство (ВП) критикуется сегодня за: - инцидент в ИА «24.kg», когда люди, представившиеся сотрудниками службы нацбезопасности, пытались захватить офис агентства; - объявление о национализации «5 канала» и «Пирамиды»; - угрозы журналистам, критикующим власть, ограничение доступа к информации; - отсутствие прозрачности в работе ВП и др. 20 Оппоненты ВП отмечают, что международные организации выражают озабоченность положением журналистов и состоянием свободы СМИ. Они также подчеркивают, что новым правительством не найдены иные пути взаимодействия с масс-медиа, кроме привычных и апробированных предыдущими режимами. 21

Вышеприведенное определенно подтверждает тенденцию зарождения политического института негосударственных СМИ, а также попытки власти и масс-медиа найти взаимоприемлемые решения. Примером последнему может служить первое Совместное заявление ряда СМИ «послеапрельского периода», во время «майских событий» на юге страны, с призывом к журналистам республики не использовать в их материалах такую лексику как: - «межэтнический конфликт», «противоречия между севером и югом», а также видеоматериалы жанра «без комментариев» в режиме он-лайн.22

Регулируя деятельность масс-медиа, власть должна четко представлять себе границы между демократией и хаосом, между угрозами национальному суверенитету и свободному выражению мнений гражданами и обществом. В этой, четко выверенной жизненной практикой парадигме, задачи развития СМИ заключаются:

1. В утверждении на законодательном уровне эффективного механизма политико-экономической поддержки СМИ.

2. Обеспечении государственной защиты средств массовой информации от политического и иного давления.

3. Всемерном обеспечение информационной открытости.

4. Принятии комплекса правовых мер против использования СМИ в узкогрупповых и иных незаконных интересах.

5. Надежной защите информационного суверенитета республики.

6. Поддержке и поощрении целенаправленного процесса выравнивания информационных возможностей регионов.

7. Усилении работы по активизации информационных потоков по направлениям Центр - Регионы - Центр.

    Сегодня национальные интересы Кыргызстана, как и у других постсоветских государств, находятся в жесткой конкуренции с политическими, культурными, религиозными и другими проектами стран дальнего зарубежья. Эти проекты, наличие информационного компонента в которых очевидно, проявляются в основном в сфере Интернет-ресурсов и TV. К ним относятся различные тематические и развлекательные программы, которые, используя мощный потенциал мировой науки и культуры, девальвируют национальный духовный менталитет. Примером этому может служить воздействие Интернета на повышение агрессивности кыргызстанской молодежи в апреле с.г. Приведем теперь пример, касающийся телевидения. С 2009 года в КР вещает китайский телеканал. На юге республики, в районах, где не принимается сигнал национального телевидения, через дешифраторы, поставляемые из КНР и бесплатно раздаваемые населению, распространяется китайский контент, а «ЭлТР» ретранслирует эти программы по всей стране. Риск здесь заключается в том, что национальные информационные ресурсы проигрывают в конкурентной борьбе за зрителей/слушателей/читателей.23

В системе информационной безопасности КР, одной из главных угроз является - раскол информационного пространства. В республике углубляется информационный и этнокультурный разрыв между северными и южными регионами. Недостаточное внимание государства к этой проблеме усиливает угрозу дестабилизации обстановки в страны, с перспективой непредсказуемых последствий.

По нашему мнению, информационная безопасность - это состоятельность самой власти, которую определяют:

- интеллектуальный потенциал государства и система его восполнения и роста;

- базовые знания, их системное хранение, доступ и использование;

- уровень владения информационными технологиями и совершенство технических средств;

- достоверность, полнота и своевременность информации, получаемой из открытых и закрытых источников, аналитических и научных центров;

- защита от дезинформации и влияния извне на принятие решений;

- владение технологиями информационного влияния.

Главные задачи, в обеспечении информационной безопасности на современном этапе, заключаются:

- в оперативном и эффективном противодействии информационно-идеологической экспансии извне;

- пропаганде духовно-культурных ценностей и языка титульной нации;

- качественном информационном сопровождении государственной политики;

- активном продвижении государственных интересов;

- воспитании патриотизма и ответственности граждан за судьбу и будущее страны.

Учитывая активно глобализирующийся мир, с его достижениями и угрозами, Кыргызстану жизненно необходимо (как и другим странам СНГ) принять общегосударственную Программу перехода к информационному обществу, к которому следует отнести:

1. Формирование единого информационно-коммуникационного пространства, как части мирового информационного пространства.

2. Создание и развитие рынка информации и знаний, как факторов производства, в дополнение к рынкам природных ресурсов, труда и капитала.

3. Повышение уровня образования, научно-технического и культурного развития, за счет расширения возможностей систем информационного обмена на международном, национальном и региональном уровнях.

4. Создание эффективной системы обеспечения прав граждан и социальных институтов на свободное получение и использование информации, как важнейшего условия демократического развития.

Основные направления реализации Программы:

- создание и целенаправленное развитие технико-технологической базы информационного пространства.

- разработка и реализация политических, социально-экономических, организационно-правовых и культурно-гуманитарных решений, обеспечивающих активное продвижение республики по пути демократического прогресса.

Значимость происходящих ныне в СМИ изменений может быть в полной мере оценена с учетом того факта, что в современном мире масс-медиа меняют свой прежний статус, динамично трансформируясь из сугубо информационно-технического процесса в эпицентр глобальной политики.


ЛИТЕРАТУРА


1. Современный философский словарь. Ред. Кемеров В. Бишкек. С.153-157

2. Ибраева Г., Куликова С. История развития и современное состояние

СМИ в Кыргызстане. Бишкек. 2002. С.2-3

3. McLuhan M., Fiore Q. The Medium is the Massage, an Inventory of Effects.

N-Y.Wired Books. 1996. Р.160

4. Бурдье П. Социология политики. М. Socio-Logos. 1993. С. 202

5. Миясаров А. Как обеспечить развитие рынка СМИ в КР?

«Открытый Кыргызстан». 2009. 2 февраля

6.Ибраимова Г. Журналистика и языки. Бишкек.2002.С. 25-26

7. Муратов Р. СМИ КР - на грани профессиональной деградации.

«Белый пароход».2006.17 марта

8. Анохин М., Павлютенкова М. Информационно-коммуникативные

технологии в политике. Вестник РУДН. Серия: Политология. 1999. №1

9. Засурский И. Масс-медиа второй республики. М. Изд-во МГУ. 1999. С.87


^ ИНТЕРНЕТ РЕСУРСЫ

1. http//www.monitoring.kg/?pid=139

2. http//www.ia-centr.ru/archive/public_details3ebc.html?id=64

3. http//www.monitoring.kg/?pid=139

4. http//www.report.kg/.../print.page,1,588-zavisimykh-smi-v-

nezavisimojj-kirgizii.html

5. http://www.media.kg/?pid=6&nid=20

6. http//www. akipress.kg


Қамзабекұлы Д.,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқу-әдістемелік

жұмыс бойынша проректоры,

филология ғылымдарының докторы, профессор


^ АЛАШ ТҰСЫНДАҒЫ ЕЛДІК САЯСАТТЫҢ БАҒДАРЫ


Қазір Алаш тарихы кеудесінде – жаны, бойында қаны бар кез-келген отандасымызды ойландырады, толғандырады. Неге? Біріншіден, олар бүгінгі болмысымызды, қасиет-қадірімізді сол кезбен салыстырады. Екіншіден, сапалы жаңаруда ұлттың «алпыс екі тамырына» әсер беретін Алаш жолын қалайды. Біз әлеуметтанушы емеспіз, бірақ қарапайым байыпқа салсақ, байқайтынымыз: ұлт тарихын жақсы білетін 10 адамның 9-ы Алаш десе «ішкен асын жерге қояды». Бұған, әрине, қуанамыз. Үзілмеген үміт үшін, жалғасқан рухани-тағылымдық сабақтастық үшін!

Дәл бүгін Алаш бізге неге жақын және неге алыс?

Мемлекетті маңызды істерге, шешімді қағидаттарға жұмылдыратын – саясат болса, біз содан Алаш тағылымын байқай алмай жүрміз. «Алаш тағылымы» деген не? Ол – иман мен тазалық, ой мен істе бірлік.

Елшіл барша ғалым айтып-жазып жатқандай, біздің бар салада отарсыздандыру үдерісі жүру керек еді. Алаш – осы жолдағы біздің әрі әліппемізге, әрі нұсқаулығымызға жарар темірқазық-тын.

Қоғамның ең жанды, ең мәнді буыны мен тетігі – білім. Күнде сөз болып жүрген тазалық та, отарсыздандыру да, идеология да осы білімнен басталып, біліммен аяқталады. Өкінішке қарай, аталған салаға Алаш рухы, тәжірибесі, мұрасы жетпей тұр.

Бүгінгі есін жиып, етегін жапқан азаматтардың бәрі кеңес кезеңінде туып, сол шақтың шындығымен суарылғандықтан, бірер мысал айтайық. 1920 жылы большевиктер өкіметі толық орнағанда, мынандай сұмдық жағдай байқалған: азық-түлікке, әлеуметтік мәселелерге байланысты ірілі-ұсақты жауапты орындардың бәрінде халықты бұрын сүліктей сорған адамдар отыра берген. Біз Қазақстанды айтып отырмыз! Жеке қауіпсіздігі үшін олардың басым көпшілігі коммунистік партия қатарына өтіп те алған. Осы жағдай 1921 жылы Қазақстанды алапат ашаршылыққа алып келген (бір қызығы аштық десе, біз 1932 жылғы қырғынды ғана айтамыз). Сонда әлгі қой терісін жамылғандар титықтаған қазақты сұраушысы, жоқтаушысы жоқтай қолдан қыруға себепші болған. Сенбесеңіздер, өжет, елшіл қайраткер Смағұл Садуақасұлының «Қостанай-Торғай» атты еңбегін оқып көріңіздер.

Осы тұста тағы да «қызық» жағдай қалыптасқан. Ұлт ахуалын көріп, шырылдаған Алаш қайраткерлері «аштарға жәрдем» (помгол) комиссияларына кіріп, қиналған өңірлерге сәл бақуаттау өңірдің малын апарып көмектесіп жүргенде, олардың үстінен «ішіп қойды, жеп қойды» деген арыздар түсірілген. Мысалы, 1926 жылы жазушы Ж.Аймауытұлы осы жағдаймен «істі» болған. Ол ашық сотта мықты дәлелдің арқасында ғана әупірімдеп аман қалған.

Көрдіңіздер ме қара суды қалай теріс ағызуға болатынын? 1921 жылы Смағұл Семейдегі отаршылдардың сарқыншағын тыйям дегенде, Орынборға бірден шақырылып, әуре-сарсаңға түскені тағы да бар...

Біз мұны неге айтып отырмыз? Қазақтың ғасырлар бойы аңсап, күресіп қол жеткізген азаттық нәпақасын біреулердің жырым-жырым етуді көздегенін сезген соң айтып отырмыз.

Қазақстанда Алаш жолы орнаса, біз әрбір шараны жүзеге асырмас бұрын «осыны Әлихан, Мұстафа, Ахметтер қалай жасар еді?» деп ойланар едік. Олар да құдайы көршілерімен санасқан, алайда толық теңсіздікке жетпеген ұлтының мүддесін жоғары қойған.

Енді аз-кем тарихқа үңілейік. Тарихи оқиғаларға параллель жүргізсек, 1917 жылдың оқиғаларын 1991 жылдың оқиғаларымен салыстыруға болады. Деректерді сөйлетейік:

1917 жыл, 22 сәуір – Закавказье Федеративтік республикасы жарияланды.

1917 жыл, 13 маусым – Украина халық республикасы жарияланды.

1917 жыл, 27 қараша – Қоқанда Түркістан автономиясы (мұхтарият) жарияланды.

1917 жыл, 29 қараша – Башқұрт автономиялық республикасы жарияланды.

1917 жыл, 18 желтоқсан – Белоруссия тәуелсіздігін жариялады.

1917 жыл, желтоқсан – Финляндия, Литва, Латвия тәуелсіздігін жариялады.

1918 жыл, ақпан – Эстония тәуелсіздігін жариялады.

1917 жыл, 13 желтоқсан – Орынборда Алаш Орда үкіметі жарияланды. Қазақ зиялылары осы күні Сырдария облысының съезінен (1918 жыл, 6-9 қаңтар) кейін Түркістан қазақтарымен қосылған біртұтас Алаш автономиясын жариялаймыз деп шешеді.

Жоғарыдағы хронологияны 1991 жылға түсіріңіз. Жүз пайыз болмаса да, реті мен үрдісі аумайды. Бағы да, соры да күрделі Башқұртстан амалсыз жер ортасында қалып кетті. Финнің айы сол кезде-ақ оңынан туған. Ұзағынан! Балтық бойы сол шақта да, фашизмнің алды-артында да тәкаппар күйінде қалған. Өздеріне пайдалы елдік тәкаппарлық! Эстонияның 1918-дің ақпанына қарай жылжуының объективті себебі бар. Қазақ сол жолы да, кейін де тәуелсіздігін соңыра жариялаған. Тәуекелсіздігі дей алмаймыз, ойланғаны һәм байыптағандығы. Абзалы, жарияланғаны! Мәселе оның мазмұнында ғой.

Дұрыс-ақ! Біз мұнымен не айтпақ болдық? Жаңа тәуелсіздігіміздің 16 жылында тақыр жерге шықпағанымызды қайта-қайта сезінуіміз қажет. Тарих деген, өткеннің сабағы деген – жай бір нәрсе емес, ол – тәжірибеміз бен білігіміз. Біреу ұмытып жатса, есіне салайық! Біреу әдейі бұрмаласа немесе қасақана білгісі келмесе «мырза, қай елде тұрып жатырсыз?!» дейік.

Соңғы 10-15 жылдың ішінде Алаш мұрасы біршама жарияланды, халыққа жетті. Бірақ мұраны тану, бүгінгі өмірде қолдану, олардың тағылымын алу жағынан үнемі біржақтылыққа ұрынып келеміз. Мысалы, Алаш зиялыларына «жансыз портрет ретінде қарау» көзқарасы берік орныққан. Олардың мұрасын «кезеңдік дүние» есебінде бағалаудан арыла алмай жүрміз. Егер біз «Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Смағұл Садуақасұлы, Сұлтанбек Қожанұлы мұрасы ХХ ғасырдың басындағы шындықтың ғана ауқымын танытады, бүгінге жарамайды» десек, онда біз ол арыстарымызды, тіпті тарихтың өзін қажетсінбеген болып шығамыз. Ал егер олардың шығармаларындағы сол күннің мұнарасынан қарағанда да, бүгіннің биігінен шолғанда да ұлт тіршілігін ілгерілететін негіздерді байқасақ, мәселеге түпкілікті, әлеуетті күшпен оралуымыз қажет. Мұстафа Шоқай өз естеліктерінде Ақмешіттегі бір қайраткер туралы: “Ол исламға, мұсылман дініне имандай сенетін. Бүгінгі күнгі жасаған күнәларым ертең алдымнан шығады деп есептейтін” дейді. Мұстафа Шоқай осы арқылы бір жағынан, сол кезеңдегі адамдардың тазалығын айтса, екіншіден, ұрпаққа аманат жүктеп, жалпы адамдардың сөзі мен ісінің бір жерден шығуын міндеттеп отыр. Ал соны құлағына іліп жатқан қай шенеунік бар? Әлихан Бөкейхан: «Бәріміз бұл сұм дүнияға қонақ. Артыңда орынбасарың табылсын!» деп жазады.

Жалпы, Әлихан мен Мұстафалардың аңсаған тәуелсіздігі - біреудің есебінен, тарихи тұлғаларды мансұқтап жеткен немесе ағымдағы бір коньюктураға қызмет ететін тәуелсіздік емес, ол - ұлттың нақ өзіне қызмет ететін тәуелсіздік. Қазіргі кезде, өкінішке қарай, қайраткерлеріміз күнделікті өмірде, қызмет барысында Алаш зиялыларын ауызға алмайтын болды. Мысалы, Парламент депутаттарының сөзін сабақтаған кезде “Әлихан Бөкейхан былай деп айтқан еді, Мұстафа Шоқай бүй деген, Ахмет Байтұрсынұлының мынандай тұжырымдамасы бар, Халел Досмұхамедұлы бұл жөнінде төмендегідей ой айтқан...” дегенін естіген жоқпыз. Сонда бүгін өзін «қайраткер» санап жүргендер тарих мойындаған қайраткерді ауызға алмаса кім болғаны? Бұдан бір-ақ қорытынды шығады: мұндай сабаздар өз бетімен кітап оқымайды немесе ұлт тарихын мүлде білмейді. Осыдан соң халыққа, өзімізге қаратылып айтқан ауыр сұрақ алдымыздан шығады: саяси қайраткерлер арасындағы тарихи сабақтастық қайда қалды? Тарихтың түзігінен, қателігінен сабақ алу деген ұғым бар емес пе?

Алаш зиялыларының портретін іліп, кітаптарын сөреге тізіп қойып, сонымен шаруаны шектегеннен не ұтттық? Кітап ашылған жоқ. Портрет портрет күйінде тұр. Бұрынғы өткен бабаларымыздың суретшілер ойша кескіндеген көркем бейнесін тұсымызға іліп қойып жүрміз ғой. Алаш тұлғаларының портреттері де сол дерегі аз тұлғалардың бейнесіне ұқсап барады. Ал шындығында бұлар – отаршылдықпен, әділетсіздікпен бетпе-бет келіп күрескен, азат рух пен тазалық туралы ұшан-теңіз үлгі-өнеге, мұра қалдырған теңдессіз қабілет иелері, тіпті тәуелсіз мемлекет құру идеяларының авторлары емес пе! Олардың шығармаларындағы барлық дерлік ой-тұжырымдар бүгінгі күнмен берік сабақтасып жатыр. Мысалы, Смағұл Сәдуақасұлы жиырма жасында үлкен саясаттың биігіне көтерілді. Жастар одағын басқарды. Жиырма бес жасында оқу-ағарту комиссары (министр) болды. Оның сол кезде жазған еңбектерінде бүгінгі күннің талғамы мен талабына сай келетін көп нәрсе бар. Қазіргі білім реформасына, дін мәселесіне қатысты негізгі тұжырымдардың барлығы да сол тұста айтылған. Смағұл дінге байланысты былай дейді: “Орыстың поптары ертеңнен қара кешке дейін шоқынудан басқаны білмеді. Қазақтың молдалары бір жағынан дінді үйретсе, екінші жағынан балаларға хат танытуды үйретті (Соңғы жұмыс үшін орыстарда учитель дегендер болушы еді)”.

Көрдіңіз бе, дінге деген көзқарастың қай бағытта өрістегенін? Жалпы, қазақтың арғы танымындағы “Аңқау елге - арамза молда” дегендегі молда — “учитель” ұғымындағы мұғалім деген сөз. Ел аңқау болса, оған көп тәлім-тәрбиесі жоқ, ниеті бұзық мұғалім сабақ үйретеді, сөйтіп қате бағытқа салады деген мағынада айтылып отыр.

Осы Смағұл - ұлттың ары мен иммунитеті еді. Кремль функционері Ф.Голощекин Қазақстан басшылығына келіп, «кіші октябрь» экспериментін бастағанда көп қазақ атқамінерлері «Сіздік дұрыс!» деп құрдай жорғалап, табанын жалаған. Сонда бір С.Садуақасұлы тұтас қазақ арының кейпінде оған қарсы тұра алды. Оның елшіл жүрегі – арыстанның жүрегі еді демей-ақ қояйық, Кенесары жүрегінің бір бөлшегі еді. Айтпақшы, осы Смағұл 1922 жылы И.Сталиннің қабылдау бөлмесінде тұрып, бұл басшының қабылдауынан шыққан орынборлықтарды (қазағы да бар) көріп, кіру ниетінен бас тартқан. Досына жазған хатында Кене ханның рухтас ізбасары: «Жүрегінде титтей таза еті болса, қазақ ішкі кикілжіңі туралы бөтенге тіс жармауы керек» дейді. Әне, ұлтқа адалдықтың бір белгісі. Тағы бірде өздерінің түк бітіргеніне қарамай халықты орынсыз сынайтындарға қаратып: «Бұлар сол «жаман қазақтан» байқаусызда туып қалғандар ғой» деп жазады.

80-жылдардың соңына таман кеңес қоғамында «қайта құрудың» әсерімен әртүрлі бастамалар көтерілді. Тарихты қайта қарап, көп жамандықтан арылуымыз керек деген ыңғайдағы ой-пікірлер үстем тұрды. Кеңес дәуірінде екі саланың (мәдениет, сыртқы істер) министрі болған Мүсілім Базарбаев осы мәселені жиі айтатын. “Кеңес тұсында жазған көп кітаптарымдағы ойларды мен қазір сызып тастауға бармын. Қайтадан жазуым керек” дейтін. Өмірінің соңғы кезінде ол төрт-бес кітабын қайта жазды. Мүсекең арылу, айығу дейтін ұғымдарға қатты көңіл бөлді. Бұл шақта грузин киношебері Тенгиз Абуладзенің «Покояние» атты фильмі жұрт аузында жүретін. Ал бізде алғаш «Ф.Голощекин - Қазақстанды дамытқан қайраткер» деп мақала, 1986 жылғы Желтоқсандағы жастар ұстанымын «А.Байтұрсынов құйыршықтарының әсері» деп кітапша жазған үлкен лауазымды тарихшылар ләм-мим деместен «тәуелсіздік құрылысшыларына» айналып кете барды. Сонда дағдарған халық іштей тынып, Мәшһүр Жүсіпше: «Түзуліктің заманы оянды ма? Бұзылғандар әдетін қоя алды ма?..» деп жүрді.

Біз, бәріміз де, тәуелсіз жаңа қоғамға бір ыңғайда, бір ниетпен өттік деп айту қиын. Көптеген қайраткерлеріміз комсомолда, партияда қызмет істеді. Олардың біразы қазіргі тәуелсіз қоғамды құруға психологиялық жағынан да, моральдық жағынан да даяр емес еді. Бірақ бәрі де «бір кісідей» кірісі
еще рефераты
Еще работы по разное