Реферат: ОҚУ Әдістемелік кешен
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Филолгия және журналистика институты
Қазақ филологиясы кафедрасы
ТІЛ БІЛІМІНЕ КІРІСПЕ пәні бойынша
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ мамандығына арналған
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Өскемен, 2005
Құрастырған Қ.С.Дүсіпбаева ОӘК қазақ филологиясы
доцент, ф.ғ.к кафедрасы мәжілісінде
талқыланды.
№2Хаттама «2»ақпан 2005ж.
ОӘК Филология және
журналистика институтының
кеңесінде мақұлданды
№3Хаттама «7» ақпан 2005ж.
ОӘК-ді баспаға әдістемелік
бөлім ұсынған
« » ақпан 2005ж.
Аннотация «Тіл біліміне кіріспе» пәнінің оқу бағдарламасы мен тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері, оның ғылыми негіздері мен құрылымдық жүйелері толық, әрі қысқа түрде баяндалған. Тіл білімінің басты-басты қағидалары мен тұжырымдары дүниежүзі тілдерінің негізінде сөз етіледі және олардың бәрі тіл білімінің соңғы кездердегі қол жеткізген жетістіктерімен ұштастырылады.
ОӘК қазақ тілі мен әдебиетінде оқитын студенттерге арналған.
^ Тіл біліміне кіріспе пәні бойынша қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған оқу-әдістемелік кешен. / Құрас.Қ.С.Дүсіпбаева. -Өскемен: ШҚМУ баспасы,2005. -45 б.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2005
^ ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
1.Жалпы түсінік:
1.1 Пәннің аты Тіл біліміне кіріспе
1.2 Қазақ филологиясы кафедрасы
1.3 Дүсіпбаева Қарлығаш Советқанқызы
1.4 Ақпараттық қатынас: тел., кафедрада болуы, электрондық мекен-жайы: .25-23-07 кафедра;
1.5 Сабақ өткізетін орны мен уақыты №9 ғимарат,сабақ кестесі бойынша.
1.6 Кредит саны 2
1.7 Оқу жоспарынан көшірме
Курс
Семе
стр
Кре
дит
Дәріс
Семи
нар
ОСӨЖ
СӨЖ
Бар
лы
ғы
Бақы
лау түрі
1
1
2
15
15
30
30
90
Емти
хан
1.8 Курстың алғы шарттары
Бұл курсты меңгермес бұрын студенттің тіл білімі туралы яғни тіл білімінің салалары фонетика, лексика, морфология, синтаксис туралы мағлұматтары болып, конспект, реферат, пікір жаза білу, әдебиеттермен жұмыс істей алу дағдысы болуы керек, сондай-ақ, тест әдістерін білуі шарт.
1.9 Постпреквизиттері
Бұл пәнде алынған білім қазіргі қазақ тілінің салалары фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксисті жалпы тіл білімімен байланысты пәндерді оқу барысында пайдаланылады..
2. Курстың қысқаша сипаттамасы:
2.1 Курстың мақсаты
Студенттерді тіл білімінің негізгі ұғымдарымен, терминдерімен таныстырып, оның басты – басты теориялық мәселелерінен хабардар ету .
Дәрістің мақсаты – тіл білімінің негізгі тұжырымдары мен топшылауларын ,соңғы зерттеулердің нәтижелерін , тіл біліміндегі бағыттар мен тілдің онтологиясын баяндап беру .
Семинар сабақтарының мақсаты – дәрісте алған білімдерін бекітіп, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру .
^ 2.2Курстың міндеті
Мамандарды даярлаудың талаптарына сәйкес, тыңдаушы пәнді оқуда мынандай дағдыларды қалыптастыруы керек :
-тіл теориясын меңгеру;
- тіл терминдерін білу;
- тіл философиясын білу;
^ 2.3 Курстың мазмұны
Тіл біліміне кіріспе пәні – жоғары оқу орындарының филология мамандығында өтілетін теориялық пән. Пәннің негізгі мақсаты мен міндеті тіл білімінің негізгі ұғымдары мен терминдерін қарастырып, оның басты- басты теориялық мәселелерін баяндап беру. Тіл білімінің зерттеу нысаны мен тілдің анықтамасы; тілдің шығуы мен даму; тіл мен ойлау; тілдің құрылымдық, жүйелілік сипаты, тілдің қызиеттері; тілдердің жіктелуі; жазудың шығуы мен дамуы қарастырылады.
^ 3. Пән бойынша орындалатын және өткізілетін тапсырмалардың кестесі
№
Жұмыс
тың түрі
Тапсырма ның мазмұны
мен
мақсаты
Ұсы
ны латын әдеб.
Орын
далу уақыт көлемі
Балда
ры (рей
тинг-шкала бой.
П.3.7,3.8.)
Бақы лау тү
рі
Өт
кізетін уа
қы
ты
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Бақы
лау жұмы
сы
1-модуль бойынша студенттердің білімін жүйелеу және бақылау.
1,2,6.
2 апта
тест
7-ап
та
2
Коллок
виум
Лингвист ғалымдарының еңбектерін білу және ғылыми әдебиеттер жұмыс істеуге баулу.
1,2,6,3.
3 апта
Рефе
рат
9-ап
та
3
Ғылы
ми жоба
Теориялық білімін бекіту және өзіндік пікір қалыптастыру.
1,2,5,6.
5апта
Баян
дама
13-ап
та
4
Бақылау жұмысы
2-модуль бойынша студенттердің білімін жүйелеу және бақылау.
1,2,3,4,5,6.
2 апта
тест
15-ап та
^ 3.6 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР
Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002.
Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. М.,1996
Дүсіпбаева Қ. Тіл біліміне кіріспе. Өскемен,2004
Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002
^ ҚОСЫМША ӘДЕБИТТЕР
1.Абаев В.И.. О языковом субстрате. -Алматы,1956
Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы А.,1996
Аманжолов С., Әбілқаев АҰйықбаев., И.. Қазақ тілінің грамматикасы. –Алматы,1957
Андреев И. Д.. Наука и общественный прогресс . –М,1972
Аханов К..Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы .Қазақстан мектебі. 1964,№8
Базарбаева З.М. Қазіргі қазақ тілі интонациясы негіздері . –Алматы.,2002
Байтұрсынов А. Тіл тарихы А.,1992
Байтұрсынов А.. Тіл тағлымы. –Алматы,1991
Балақаев М.,.Сыздықов Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы – Алматы: Мектеп, 1968
Бейсенбаева Қ.. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы . - Алматы: РБЖ, 1995.
Бияров Б.. Өр Алтайдың жер-су аттары /Б.Бияров. - Алматы, 2002
Болғанбаев Ә.. Қазақ тілінің лексикологиясы /Ә.Болғанбаев. - Алматы, 1988
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.А.,1998
Будагов Р.А.. Система языка в связи с разграничением его истории и современного состояния. –М.,1958
Вопросы языкознание. №1, Б
Головин Б. Н. Введение в языкознание. М.,1973,1977,1980
Гумбольдт В.Фон. Труды по язкознанию. - Москва: «Прогресс», 1984
Жақиев Б.,Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., 1961
Жұбанов Қ.. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер . –Алматы,1966
Исаев С.. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар - Алматы, 1992
Кеңесбаев І., Мұсабеков.Қазіргі қазақ тілі: фонетика, лексика . - Алматы,1985
Қазақ тілінің грамматикасы А.,2001
Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. Синтаксис. - Алматы, 1967.
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. - Алматы, 1959
Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселесі. А.,1998
Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітануға кіріспе -Алматы: Қазақ университеті, 1992
Қашқари М.. Түрік сөздігі - Алматы,1998
Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу даму кезеңдері. А.,1989 Т.Қордабаев. Тарихи синтаксис мәселелері. А., 1969
Леонтьев А.Н. Языкознание и психология .-М.,1966
Лингвистикалық география. А.,1968
Малбақов. М.Қазақ сөздіктері /М.Малбақов. - Алматы, 1995
Марр Н... Язык и мышление. – Ленинград, 1991
Материалы к конференции «Язык как языковая система особого рода». - Москва,1967
Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А.,1993
Мышление и язык/Сб. М.,1957
Павлов И.П.. Физиология высшей древней деятельности. - Москва-Ленинград, 1951
Реформатский. Агглютинация и фузия как две тенденции граматического строенияслова - Москва-Ленинград: Наука, 1980.
Сайранбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А., 1991
Сайранбаев Т.Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. А., 1981
Салқынбай А., Абақан Е Лингвистикалық терминдер сөздік. –Алматы: Сөздік- Словарь,1998.-304б
Семиотика и восточные языки. - Москва, 1967
Соссюр Ф. де Курс общего языкознание. М.,1933
Томанов М. Қазақ тілінің грамматикасы. А.,1987
Төлеуов Ә.. Сөз таптары - Алматы, 1982
Уәлиұлы Н.. Фразеология және тілдік норма /Н.Уәлиұлы. - Алматы, 1998
Хасанов Б. Языки народов Казахстсна и их взаимодействие. А.,1970
Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. А.,1990
Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. А.,1985
Шендельс Е.М. Связь языкознание с другими науками. М.,1962
Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі . - Алматы, 1991
Энгельс Ф.. Анти- Дюринг, Қазақша басылуы.-Алматы,1957
Ярцев В.Н.. Теория субстрата в истории языкознания. –« Доклады и сообщения Института языкознания» вып. 9.1956
3.7 Рейтинг-шкала
Бақылау түрі
Балдары
Ағымдық (дәріс, семинар,СОӨЖ,СӨЖ реферат)
40
Аралық (коллоквиум, бақылау жұмысы)
20
Қорытынды
40
Барлығы
100
^ 3.8 Әр түрлі жұмыс түрлерін бағалау шкаласы:
1. Дәріс – 5 бал ( дәріске қатысу-2, конспектілеу-1, өзіндік ойын айту-2)
2. Семинар сабақтары – 5 бал (семинар жауптарын жазып келу-2, айту-2, пысықтау сұрақтарын қою-1)
3. Ғылыми жоба – 5 бал (СӨЖ бойынша)
4. Конспект – 5 бал(СӨЖ бойынша)
5. Қысқа тест – 5 бал
6. Бақылау жұмысы – 15 бал
7. Реферат – 10 бал (жазу-5, безендіру-1,қорғау-4)
8. Үй тапсырмасы – 10 бал
Барлығы: 60 бал
^ 4.Курстың саясаты
сабаққа кешікпеу;
сабақта ұялы телефонды өшіріп қою;
босатқан сабақтарды өтеу;
уақытында орындалмаған тапсырмалар үшін қорытынды бақылаудың бағасы кемітіледі;
оқу үрдісіне белсенді араласу;
дебат сабақтарға қатысу міндетті;
әр сабаққа дайындалу міндетті;
емтиханда көшіруге тиым салынады;
крустастары мен оқытушыларға тілеулес болу;
студенттің ар кодексін сақтау;
кітапханаға міндетті түрде бару;
сабақтан сұранғанда пән оқытушысына міндетті түрде ескерту;
емтиханға қатыспауы 0 балға саналады;
^ 2.ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
2.1Курстың тақырыптық жоспары
Тақырыптың аты
Дәріс
Семи
нар
ОСӨЖ
СӨЖ
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
1
1
2
2
Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны . Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні
2
2
4
4
Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі Тіл мен ойлау
2
2
4
4
Тілдің таңбалық , құрылымдық және жүйелік сипаты . Синхрония және диахрония .
1
2
3
3
Тілдің дыбыстық жүйесі Фонология туралы жалпы түсінік .
1
1
3
3
Тілдің лексика жүйесі мен құрамы
1
1
2
2
Грамматикалық ұғымдар .
1
1
3
1
Грамматиканың салалары .Морфология, синтаксис.
2
2
2
2
Тілдің дамуы .
Тілдердің өзара әсері
2
2
3
3
Жазу және оның даму кезеңдері.
1
1
2
4
Дүние жүзі тілдері және оларға
классификация
1
1
2
2
Қорытынды
15
15
30
30
^ 2.2 Дәріс сабақтарының тезис түрі
1-ДӘРІС
Тақырыбы: Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Тіл білімі лингвистика (грек linqua–тіл), тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы – тіл. Тіл – адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Осыдан келіп тіл білімінің салалары шығады.
Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімінің әр түрлі жақтары мен салалары, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдары зерттейді.
Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы-бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Синхрондық лингвистика.
Жалпы тіл білімі – жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілдерді зерттеу үшін қажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді. Сөйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам баласы тілінң пайда болуын қарастырады; тілдің даму заңдарын айқындайды; дүниежүзі тілдеріне классификация жасайды; ғылымдар жүйесінде тілдің алатын орнын айқындайды.
Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.
^ Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі:4,14,33,51
2 –ДӘРІС
Тақырыбы: тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі алатын орны
Тіл білімінің ғылым жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары .Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.Тіл білімі және филология. Филология грек тілінен аударғанда «сөзді сүю» деген мағынаны береді. Тіл білімі - тарих, археология, этнография, әдебиеттану, психология, педагогика, логика, философиямен байланысты.
Тіл білімі жаратылыстану ғылымдары: физиология, физика, математика, география, кибернетикамен байланысты.
Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын түрлері: социолингвистика (әлеуметтік лингвистика) этнолингвистика, психолингвистика, лингвостатистикалық, лингвистикалық философия, логикалық грамматика, қолданбалы лингвистика, лингвистикалық география, когнитивтік лингвистика, лигвомәдениеттану, интерлингвистика және т.б.
Тіл білімінің теориялық мәні – тіл ғылыми тұрғыда зерттелінеді, соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категорилар сараланады. Ол категориялар мен заңдардың бір-бірімен байланысы, өзара қарым қатынасы анықталады.Сөйтіп, белгілі бір тіл туралы қорытындылар, топшылаулар жасалады. Сол қорытындылар мен топшылаулардың негізін оқулықтар жазылып, сөздіктер құрастырылады. Міне, тілдің теориялық жағы дегеніміз осы.
^ Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 3,4,5, 29, 30,36, 45,48,49.
3 –ДӘРІС
Тақырыбы: Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі
Тілді биологиялық құбылыс деп қарағандар: Франц Бопп, А.Шлейхер. Олардың пайымдауынша құдай жаратқан. Демек олар «тілді туады, өседі, өледі» деп санайды. Бұл дұрыс емес. Себебі тіл бір ұрпақтан екіші ұрпаққа ауысып отыратын, кейінгі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан үйреніпп отыратын құбылыс.Сонымен қатар кейбір ғалымдар тілді психологиялық құбылыстарға жатқызады.Ол «тіл құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы туғызады.», - деген түсінік туған. Алдыңғы пікір сияқты бұл да дұрыс емес.Егер тіл рухтың туындысы болса, әрбір адамның жеке тілі болған болар еді де, бір тұтас халықтың тілі болмас еді. Жеке адамның тілі қауымда ғана жасалады, қауыда ғана дамиды. Тіл қоғамдық құбылыс. Қоғамсыз тіл , тілсіз қоғам болуы мүмкін емес.
Тілдің қызметтері: қарым-қатынас құралы болу – коммуникативті, ойды жарыққа шығару қызметі – экспрессивті, адамның көңі-күйді білдіруі – эмоционалды, таным құралы болуы - когнитивті,белгілі бір зат не құбылыстың атауы болуы - номинативті және т.б.
Тіл мен ойлау өзара байланысты, дыбыстық тіл де, абстаркты ойлау да адамға тән құбылыс. Біріншіден, тіл де , ойлау да – адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де , ойлау да – қоғамдық құбылыстар. Тіл мен ойлау бір мезгілде туып, бірге дамып келеді.Тіл мен ойлаудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Тіл мен ойлауды бір деп қарастырушылар.(Ф.Шлейермахер, И.Гаман) Тіл мен ойлау ұқсас жақын құбылыстар.(В.фон Гумбольд,Л.Леви-Брюль) Тіл мен ойлаудың ұқсастығы жоқ деп қарастырушылар да болды. Олар ойлауға көңіл бөлмеді.(Ф. Бенеке, дескриптивистер) Тіл мен ойлау диалектикалық бірлікте.Диалектикалық материалистер тіл мен ойлаудың диалектикалық тұтастығын алға тартты.
^ Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 4,14,15 ,17, 29,32, 37.
4 –ДӘРІС
Тақырыбы: Тілдің таңбалық, құрылымдық жӘне жүйелік сипатта
Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері: 1)еріктілік, 2) шарттылық.
Еріктілік, шарттылық дегеніміз – таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Сондықтан бір зат әр түрлі тілдерде әр түрлі аталады. Тілдің таңбалық теориялары. Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема - тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема – ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік.Сөз – болмыс құбылыстарын, заттарын , олардың қасиетерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.
Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Жүйе дегенді өзін тән айырықшақұрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды. Тілдің жүйелік сипаты тіл білімінің барлық саласында көрінеді.Мысалы дауысты дыбыстар жүйесі, дауыссыз дыбыстар жүйесі.
Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес.Синхрония - тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең, диахрония-тіл жүйесіннің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры.Синхрония мен диохрония бір-біріне қарама-қарсы қойылып қарастырылады.Тіл, тілдік құрылым уақыт озған сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау жеткіліксіз. Бұған қоса тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да қарау қажет. Демек, тілді зерттеуде ғалымдардың, біріншіден, оны құрастырушы элементтердің байланысы тұрғысынан, екішіден, олардың шығуы, тарихи дамуы, өзгеруі тұрғысынан қарастырған жөн.
^ Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,4,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 14, 33,39, 38,42 ,48.
5 –ДӘРІС
Тақырыбы: Тілдің дыбыстық жүйесі
Фонетика - тіл дыбыстарының ерекшеліктері мен заңдылықтары, процестер, сәйкестіктер туралы ілім.Қазіргі фонетика дыбыстың төрт қырын жеке қарастырады, олар: Қызметтік, артикуляциялық акустикалық,перцептивті қырлары. Фонетика анатомия, физика, психология, физиология пәндерімен байланысты болады.Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарын А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаева, Ә.жүнісбеков, С.Мырзабеков және т.б. зерттеді. Фонеманы зерттейтін ілім – фонология деп аталады. Фонема – тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік.фонеманың қазіргі түсінігін және фонология теориясын Бодуэн де Куртенэ XIX ғ. 70-80 жылдары жасаған.
Қазақ тілінің фонетист ғалымы Ә.Жүнісбеков фонема ұғымының түркі тілдіерінің табиғатына асаүйлесімді еместігін айтып, түркі тілдері үшін «сингармема» деген атаудың лайықтығын дәлелдейді. Бұл түркі тілдеріндегі сингорманизмзаңдылығымен үйлес. Сингорманизм заңдылығын с.мырзабеков көп зерттеді. Фонетикалық процестер: ассимиляция, диссимиляция, диереза, редукция,элизия және т.б. фонетикалық құбылыстар: просодиялық фонетикалық құбылыстар, анлауттағы фонетикалық құбылыстар, инлауттағы фонетикалық құбылыстар, ауслауттағы фонетикалық құбылыстар.
^ Негізгі әдебиеттер тізімі:1,2,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 6,8, 9,10 ,19,21.
6–ДӘРІС
Тақырыбы: Тілдің лексика жүйесі мен құрамы
Лексикологияның зерттеу нысаны-сөздік құрам, яғни лексика Лексика болмысты бейнелейді, қоғам мен тұрмыстағы өзгерістерге байланысты болатын жаңа затқа, құбылысқа, ұғымға қатысты үнемі толықтырылып отырады. Лексикологияда зерттеудің жалпы лингвистикалық тәсілдері қолданылады, олар: дистрибутивті тәсіл, субституция, компоненті-оппозитивті; трансформациялық тәсіл.Сапалық тәсілдермен бірге сандық-статистикалық тәсілдерде қолданылады. Лексикологияның салалары: ономасиология, семасиология, этимология, фразеология, лексикография. Сөз бен ұғым, сөз бен мағына, сөз бен зат. Сөз номинативті мағынаға ие.
Семасиология сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын зерттейді. Мағына түрлері. Полисемия, омонимдер, антонимдер, табу мен эвфемизмдер. Мағына ауысуының негізгі типтері: метафора, метанимия, синекдоха.
Ономасиология-атаулар туралы ғылым. Ономастика түрлері: антропоним, топоним, этноним. Сөздердің шығу тегі туралы ғылым – этимология. Этимологияның түрлері: ғылыми этимология, халықтық этимология.
Фразеология-тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеологизмдердің түрлері: идиомалар, фразалар, штамптар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер. Фразеологизмдерге тән қасиеттер: мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, даяр күйде қолданылуы. Түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық сөйлемдер, фразеологиялық тізбектер.
Этимология сөздердің шығуын зерттейді. Этимология өзі екіге бөлінеді: халықтық этимология және ғылыми этимология. Соңғы кездері халықтық этимология кеңінен зерттелуде.
Лексикография-сөздіктер жасаудың тәжірибесі және оның теориясымен айналысатын тіл білімінің саласы. Сөздіктің түрлері.
^ Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 11,12,13,16,19,2 5,31,45.
7 –ДӘРІС
Тақырыбы: Грамматикалық ұғымдар
Грамматика-тілдің құрылысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Грамматиканың негізгі зерттеу нысаны – тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысуы, тіркесу жолдары мен тәсілдері. Түрлері: тарихи және сипаттамалы..
Морфема дегеніміз-сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі Құрамына қарай морфемалар үшке бөлінеді: түбір морфема, негіз морфема, аффикстік морфема. Аффикстік морфемалардың түрлері: префикс, постфикстер, инфикс, интерфикс, трансфикс, конфикс. Грамматикалық мағына грамматикалық форма арқылы беріледі.Грамматикалық мағына дегеніміз- сөздің лексикалық мағынасына үстеме мағына, сөздердің түрлі-түрлі қарым-қатынасын білдіретін қосалқы мағыналар. Грамматикалық форма дегеніміз – грамматикалық мағына туғызушы тілдік құралдар. Сөз формаларының екі түрі: синтетикалық және аналитикалық. Грамматикалық мағыналар әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Ол тәсілдер: афиксация, ішкі фиксия, қосарлану, көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі, екпін, интонация.
Грамматикалық категория-грамматикалық мағына мен грамматикалық формадан тұрады. Ол сөз топтарына қатысты болады. Түрлері: род, септік, көптік, жақ, шақ, рай етіс.
^ Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 3, 8,20,22,23 ,24,43, 47,50.
8 –ДӘРІС
Тақырыбы: ГРамматиканың салалары
Грамматика салалары: морфология, сөзжасам, синтаксис. Морфология - сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым. Сөз таптары сөйлем мүшелерінен тарихи даму барысында жасалған. Сөз таптары-тарихи категория. Сөз топтастырудың үш принципі бар. Олар: лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. Сөздер ең алдымен үш топқа бөлінеді: атауыш сөздер,одағай сөздер,көмекші сөздер. Қазақ тіл білімінде тоғыз сөз табы бар,олар: зат, сын, сан есімдер, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш.
Синтаксис сөз тіркесін, сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін қарастырады.Синтаксистік байланыстың түрлері: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу. Құрамына қарай сөз тіркесі: 1) жалаң 2) күрделі 3) аралас болып бөлінеді.
Сөйлем коммуникативті қызмет атқарады. Сөйлемге тән басты белгі-интонация. Беретін хабардың мақсатына қарай екіге бөлінеді: хабарлы және сұраулы. Сөйлемдер өзін құрастырушы компоненттердің сипатына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болдып екі топқа бөлінеді.
Құрмалас сөйлемдер: 1) салалас құрмалас сөйлем 2) сабақтас құрмалас сөйлем 3) аралас құрмалассөйлем болып үш топқа жіктеледі.
^ Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 18,23,24,28,38,39,44,50
9 –ДӘРІС
Тақырыбы: Тілдің шығуы мен дамуы жӘне олардың Өзара Әсерлері.
Адамзат тілінің шығуы-алғашқы адамдардың пайда болуымен байланысты.Тілдің шығуы туралы сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі мәселені бір-бірінен ажыратып алу керек. Бірі – жалпы адамзат тілінің шығуы, екіншісі – жеке ,нақты тілдердің шығуы. Әрине жеке тілдердің пайда болуы кейінгі дәуірлердің үлесіне жатады. Бұл мәселе ең алдымен антикалық тіл білімінде қойылған болатын. Онда тіл «табиғи» және «жасанды» құбылыс деген екі қарама-қарсы көзқарас болғаны мәлім. Кейін бұл екі бағыт ортағасырлық ,Қайта өркендеу, ағарту дәуіріне дейін шешімін таппай келді. XVIII ғ.бастап ғылыми-философиялық тұрғыда қарастырыла бастады. (Ж.Ж.Руссо, И.Г.Гаман, И.Гердер). Осы саладағы зерттеулердің нәтижесінде В.фон Гумбольдттың әйгілі тұжырымдамасы дүниеге келді. Гумбольдт тілдің пайда болуын «адамзаттың ішкі қажеттілігінен туындайды. Ол адамдар арасында тек байланыс құралы ғана емес, адамдардың табиғатына тән және олардың рухани күштерінің дамуы мен дүниетанымдарын жасау үшін қажет...» деген.Тілдің шығуы туралы теориялар: дыбысқа еліктеу, эмоционалды теория, одағай теориясы, марксистік теория,қоғамдық шарттасу теориясы, моногенез. Бұл теориялардың барлығы қате теориялар. 90-жылдарға дейін тілдің шығуының ғылыми тоериясын марксистік тоерия деп келдік. Қазірде бұл теория тек еңбек пен сананың байланысын көрсете білді. Араласу өндіріс дамуының қажетті салдары деп қабылданған.
Моногенез теориясы-тілдің шығуын, әртүрлі діни әңгімелер, аңыз, ертегілер арқылы зерттейді. Аңыздар да тілдің бір ортадан шыққан жоққа шығармайды. Тілдің бір ортадан тарауы, қандай да болмасын бір негізгі себептен ой мен тілдің пайда болғаны ақиқат екені ғана сөзсіз.
Тіл қоғамда пайда болған. Рудың, тайпаның, халықтың, ұлттың пайда болуына қарай, тілді рулық, тайпалық, халықтық, ұлттық болады. Бұлар бірінен бірі туып отыратын категория.Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар ру болып біріккен. Олардың тілдері рулық болған, кейін рулық құрылыс ыдырап, территориялық, мемлекеттер пайда болған, яғни халықтық тіл де пайда болады.. Феодализмнен капитализмге көшу барысында ұлт пайда болып, халықтық тіл ұлт тіліне айналады.
^ Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 7,9,37,40,43
10 –ДӘРІС
Тақырыбы: Тілдің дамуы
Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың-сатылық даму теориясы, ағайынды Шлегельдер мен Гумбольдтың ұстанған бағыты – тілдің өткен дәуірін- классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер – тілдің азу, бүліну дәуірлері деп есептеген.. Август Шлейхер тіл дамуының өсімдік пен хайуанаттардың өсіп дамуынан айырмашылығы жоқ деп есептейді. Бұлардың барлығы қате көзқарастар .Н.Я.Маррдың сатылық даму теориясы тілдің дамуын әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияға (феодалдық, капиталистік) сай келеді деп есептеді.
Тілдің сыртқы факторлардың әсері арқылы дамуын-жалпы заңдарға жатқызамыз. Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің құрылыс мен салаларының заңдылықтарына байланысты.Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің барлық саласында кездеседі.
Тілдердің өзара байланысы екі түрлі жолмен болады. Бірі-тоғысу, екіншісі-тілдік элементтердің енуі. Тоғысу, субстрат, адстрат, суперстрат.Тілдің тоғысуы дегеніміз этникалық топтардың бірігуі, осының негізінде субстрат пайда болады. Субстрат дегеніміз – жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері.Адстрат - әр түрлі халықтардың ұзақ уақыт бірге өмір сүріп, қарым-қатынаста болу нәтижесінде пайда болған тіл жүйелеріндегі өзгерістер. Кейде билингвизмді белгілейді.
^ Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 1,9,28,46,52
11 –ДӘРІС
Тақырыбы: Жазу жӘне оның даму кезеңдері
Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазу мен қазіргі жазудың практикалық, теориялық мәні. Жазудың түрлері: пиктографиялық жазу, идеографиялық жазу, буын жазу, әріптік немесе дыбыстық жазу.Жазудың түрлері: шумер жазуы, көне египет жазуы, сына жазуы, элам иероглифтері, протоүнді жазуы, крит жазуы, қытай жазуы, майя жажуы, кункумжазуы, кана жазуы, кипр жазуы, үнді жазуы, эфиоп жазуы, брахми жазуы,көне семитжазуы, финикия жазуы, көне семиттік квазиалфавиттық жазу, угарит жазуы, арамей жазуы, манихей жазуы, руникалық жазу, ұйғыр жазуы, араб жазуы, латын жазуы, кирилица жазуы және т.б.
Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптер жиынтығы алфавит деп аталады.
Графика-белгілі бір тілдегі фонемалар және олардың тіркесе белгілеу тәсілдерінің жиынтығы.
Орфография-дұрыс жазу нормасын зерттейді.Қазіргі уақытта дұрыс жазу үшін 2001 жылы шыққан орфографиялық сөздікке сүйенеміз.
^ Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 2,8,10,21.
12 –ДӘРІС
Тақырыбы: Дүние жүзі тілдері жӘне оларға классификация
Дүние жүзінде шамамен 5661 тіл бар. Жер бетінде қанша халық болса сонша тіл бар.Олардың ішінде тайпа тілдері де, халық тілдері де, ұлт тілдері де жоқ емес.Кейбір тілдер кең қолданылып, халықаралық тілдер дәрежесіне дейін жеткен. Олар: ағылшын, қытай, француз, испан, орыс, араб тілдері.
Тілдердің шығу тегі, туыстығы жағынана топтастырылуы-генеологиялық классификация. Оған тән ұғымдар: семья, топ.Семья деген термин – шығу тегі бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарынң жиынтығы. Ал топ деген – бір семьяға жататын, бірақ туыстығы басқаларға қарағанда тіптен жақын тілдерді білдіреді.
Құрылымдық ұқсастық бір негізден тараған туыстас тілдердің арасында ғана емес, сонымен бірге, әр басқа негіізден тараған тілдердің арасында да болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, шығу тегі жағынан әр басқа тілдердің арасында да құрылымдық, яғни морфологиялық ұқсастық болады..Типологиялық классификация тілдері құрылымдық яғни морфологиялық ерекшелігі жағынан топтастырады. Олар: аглютинативті тип, аморфты тип, флективті тип, инкорпоративті тип.
Ареалдық топтастыру-географиялық яғни, территориялық орналасу жағынан қарастырады.
^ 2.7 РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Тіл білімі және семиотика
Тіл білімі және этнос
Тіл білімі және география
Тіл білімі және психология
Тіл білімі және педагогика
Тіл білімі және қолданбалы математика
Тіл білімі және физиология
Тіл білімі және логика
Тіл білімі және әлеуметтану
Тіл білімі және тарих
Тіл білімі және әдебиет
Тіл білімі және мәдениеттану
Тіл білімі және таным
Гумбольд В. еңбектері
Соссюр Ф. еңбектері
Марр Я. еңбектері
С. Аманжолов еңбектері
Ә. Қайдар еңбектері
Е. Жанпеисов еңбектері
Р. Сыздық еңбектері
А. Байтұрсын еңбектері
М. Әуезовтың тіл туралы ойлары
Ш. Уалихановтың тіл туралы ойлары
А. Құнанбаетың тіл туралы ойлары
Тіл саясаты
К. Аханов еңбектері
Тіл біліміндегі соңғы бағыттар
БҰҰ-ның ресми тілдері
Жер бетіндегі тілдерге сипаттама
Шығыс Қазақстандағы лингвистердің еңбектеріне сипаттама
^ ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:1,2,3,4,5,6
2.8 ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1.Тіл білімінің нысаны
А. Сөйлеу,жазу
Ә. Морфема, фонема, сөз тіркесі
Б. Тіл
В. Фонетика, лексика, грамматика
Г. Дыбыс, әріп
2.Жалпы тіл білімі нені қарастырады?
А. Нақты бір тілді.
Ә. Туыстас тілдер тобын
Б. Туыс емес тілдерді
В. Тіл туралы ғылымның жалпы теориялық саласын
Г. Әдеби тілдің 1 тармағын
3.Жеке тіл білімі нені зерттейді?
А. Нақты бір тілді және туыстас тілдер тобын
Ә. Туыс емес тілдер тобын
Б. Жер бетінде өмір сүріп тұрған тілдің бәрін
В. Туыстас тілдер тобын ғана
Г. Әдеби тілді
4.Тілдің коммуникативті қызметі қандай?
А. Ойды жарыққа шығару құралы
Ә. Қарым-қатынас құралы
Б. Ойлау құралы
В. Көңіл-күйді білдіру құралы
Г. Көңіл-күй мен ойдың құралы
5.Экспрессивті қызмет нені білдіреді?
А. Қатынас құралы
Ә. Ойды жарыққа шығару құралы
Б. Пікір алысу құралы
В. Адамдардың бір-бірімен түсінісу құралы
Г.Адамдардың қатынас құралы
6.Тіл мен ойлаудың ара қатынасы
А. Тіл мен ойлау өзара бір-бірімен тығыз байланысты, өзара
диалектикалық бірлікте
Ә. Тіл мен ойлау өзара тепе-тең
Б. Тіл мен ойлаудың өзара байланысы жоқ
В. Тілдің ойлауға қарағанда қызметі басым
Г. Ойлаудың қызметі басым
7.Синхрония дегеніміз не?
А. Тілдердің шығуы
Ә. Тілдердің даму қалпы
Б. Тілдегі құбылыстардың белгілі бір дәуірдегі қалпы
В. Тілдегі құбылыстардың тарих бойында өзгеруі
Г. Грамматикалық сипат
8.Сөздік құрам деген не?
А. Белгілі бір тілдің өзіне тән сөздер тобы
Ә. Білгілі бір тілдегі сөздердің барлық жиынтығы
Б. Туынды жаңа сөздер тобы
В. Негізгі сөздер жиынтығы
Г. Кіріме сөздер
9.Грамматикалық негізгі единицалар
А. Морфема, сөз формасы, сөз тіркесі, сөйлем
Ә. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма
Б. Грамматикалық категория
В. Морфология, синтаксис
Г. Категория, тілдер
10.Жазудың ең алғашқы түрі қайсысы
А. Идеографиялық жазу
Ә. Пиктографиялық жазу
Б. Буын жазуы
Г. Әріптік немесе дыбыстық жазу
Г. Таңба жазу
11.Қазақ тілі генеологиялық классификация бойынша қай тілдер тобына жатады?
А. Бұлғар тобы
Ә. Оғыз тобы
Б. Қыпшақ тобы
В. Қарлұқ тобы
Г. Ұйғыр-оғыз тобы
12.Агглютинативті типке қай тілдер жатады?
А. Чукот тілі, коряк тілдері
Ә. Түркі тілдер, угро-фин тілдері
Б. Грек тілі, неміс тілі
В. Араб, орыс тілдері
Г. Орыс, неміс, коряк
13.Әлемге ең кең тараған тіл
А. Қазақ
Ә. Орыс
Б. Неміс
В. Ағылшын
Г. Француз
14.Қытай-тибет семьясы құрылымы жағынан қай типке жатады
А. Агглютинативті тип
Ә. Даралаушы
Б. Флективті
В. Полисинтетикалық
Г. Ешқайсысына да жатпайды
15.Өлі тілді көрсет
А. Дит
Ә. Швед
Б. Норвеж
В. Остгот, вестгот
Г. Голланд
16.Физика тіл білімінің қай саласымен байланысты?
А. Лексика
Ә. Морфология
Б. Фонетика
В. Синтаксис
Г. Сөзжасам
17. Тілдік таңбаның белгілері
А. Еріктілік, шарттылық
Ә. Дыбыс
Б. Үтір нүкте
В. Фонема
Г. Грамматика
18. Тілдердің шығу тегі, туыстығы жағынан топтастырылғанда не ескеріледі?
А. Шығу тегі мен морфологиялық сипаты
Ә. Туыстығы мен құрылым құрылысы
Б. Құрылымдық, яғни морфологиялық ұқсастық негізінде
В. Тілдің шығу тегі мен туыстығы
Г. Грамматикалық құрылысы мен типінің ұқсасты
еще рефераты
Еще работы по разное
Реферат по разное
Ю. Ф. Леманс Ферлаг, Мюнхен-Берлин 1942 > Расология и общее образование
18 Сентября 2013
Реферат по разное
15. развитие советской психологии в послевоенные годы (50-90-е гг. XX века)
18 Сентября 2013
Реферат по разное
В. Н. Мясищев и психология отношений
18 Сентября 2013
Реферат по разное
Тема: «Филологический анализ текста как путь к успешному развитию компетенций учащихся в области русской словесности»
18 Сентября 2013