Доклад: Амауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын алу туралы

 

Ақтас қ. 7 қаңтар 2004 ж.

 

Ақтас қалалық сотының судьясы А.А. Құлбатырова, Ақтас қаласының прокуроры аға әділет кеңесшісі Д.Д. Қонысбаевтың, айыпталушы Жұмабаев Сенбай Жексенбайұлының, № 324 куәлік және № 571 ордерді көрсеткен қорғаушы А.А. Тасқараевтың, хатшы М.А. Жалтармаеваның, сондай-ақ Ақтас қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны С.К. Торғайбековтың қатысуымен, Ақтас қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны С.К. Торғайбековтың № 23009 қылмыстық іс бойынша өндірістің барысында ҚР ҚК-нің 259-бабының 2-бөлімінде қарастырылған қылмысты жасады деп айыпталған Жұмабаев Сенбай Жексенбайұлына қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы ұсыныс беру жөніндегі қаулысын қарадым.

Берілген материалдарды тексеріп, прокурор Д.Д. Қонысбаевтың, тергеуші С.К. Торғайбековтың, айыпталушы С.Ж. Жұмабаевтың, қорғаушы А.А. Тасқараевтың пікірлерін тыңдап

анықтадым:

2004 ж. 2 қаңтар күні с. 12 шамасында Ақтас қ. 3-шағын аудандағы «Джаз клуб» мейрамханасының жанында аз-т. Жұмабаев Сенбай Жексенбайұлы мейрамханаға келушілерге жалпы салмағы 20 г, наркотикалық зат марихуананы өткізуі кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Жұмабаевтың қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысуы мүмкіндігін, оның бұрын сотталғандығын, еш жерде жұмыс жасамайтындығын, тұрғылықты жері бойынша жағымсыз мінезделетіндігін назарға ала отырып, Ақтас қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны С.К. Торғайбековтың қамауға алу түріндегі бұлтарпау шарасын қолдану туралы ұсынысын ескере отырып ҚР ҚІЖК-нің 150-бабын басшылыққа алып,

 

Қаулы еттім:

Айыпталушы 1978 жылы 3 сәуірде Ақтас қаласында туған, ҚР азаматы, қазақ, бойдақ, әскери міндетті, уақытша жұмыс жасамайтын, Ақтас қ. 4-25-52 мекен-жайы бойынша тіркелеген, бұрын сотталған: 25.05.01 ж. Ақтас қалалық сотымен ҚР ҚК-нің 257-бабының 1-бөлімі бойынша 1 жылға бас бостадығынан айыруға сотталған, 25.05.2002 ж. жазасын өтегеннен кейін ҚР ӘМ ЖАК ИЗ-32/6 мекемесінен босатылған Жұмабаев Сенбай Жексенбайұлына қатысты қамау түріндегі бұлтарпау шарасын алуға.

Осы қаулыға шығарылған күнен бастап 3 тәулік ішінде Маңғыстау облыстық сотына шағым беруге болады.

Судья А. Құлбатырова

 

Осы қаулының көшірмесі маған 2004 ж. 7 қаңтар күні 15 с. 00 мин. табыс етілді. Сонымен бірге бұл қаулыға шағым берудің тәртібі түсіндірілді.

 

Айыпталушы: С.Ж. Жұмабаев

Қорғаушы: А.А. Тасқараев

Судья А.А. Құлбатырова

 

еще рефераты
Еще работы по биологии