Лекция: Microsoft Wordқа ендірілген есептеу функциялары

Функция Нәтиже
ABS(x) Санның не формуланың абсолют (таңбасыз) мәні
AND( x;y) Логикалық функция ЖӘНЕ: 1 (ақиқат), егер логикалық x және y өрнектер ақиқат болса, немесе 0 (өтірік), егер оладың ең болмағанда біреуі жалған болса
AVERAGE( ) Тізімдегілердің орта мәні
COUNT( ) Тізімдегі элементтер саны
DEFINED(x) 1 (ақиқат), егер x өрнегі есептеуге келетін болса, немесе 0 (өтірік), егер ол есептеуге келмейтін болса
FALSE Логикалық функция ЖАЛҒАН: 0 (нөл)
INT(x) Санның немесе формуласының мәнінің бүтін бөлігі
MIN( ) Тізімдегілердің ең кіші мәні
MAX( ) Тізімдегілердің ең үлкен мәні
MOD(x;y) x-ті y-ке бөлгендегі қалдық
NOT(x) Логикалық функция ЕМЕС: 0 (өтірік), егер х догикалық өрнек ақиқат, немесе 1 (ақиқат), егер ол жалған болса
OR(x;y) Логикалық функция НЕМЕСЕ: 1 (ақиқат), егер екі x және y логикалыө өрнектердің ең болмағанда біреуі ақиқат болса, немесе 0 (өтірік), егер екеуі де жалған болса
PRODUCT( ) Жақшадағы тізімдегі шамалардың көбейтіндісі
ROUND(x;y) Көрсетілген ондық разрядқа (y) дейін дөңгелетілген x мәні, х сан не формула нәтижесі болуы мүмкін
SIGN(x) Сан таңбасы: 1 (егер x > 0) не –1 (егер x < 0).
SUM( ) Жақшаға алынған сандардың не формулалалар мәндерінің қосындысы
TRUE Логикалық функция АҚИҚАТ: 1

Кестедегі есептеуледі жүргізу тәртібі:

1) Курсорды есептеу нәтижесі шығатын ұяшыққа орналастыр;

2) Орында «Кестемен жұмыс Үлгі» — «Деректер» — «Формула»;

3) Пайда болған «Формула» сұқбат терезесінде (сурет 18).

а) «Формула» өрісіне есептеу формуласын енгіз. Функция көмегімен есептеу керек болса, функция есімін «Формула» жолына енгізу үшін «Функция ендіру» (Вставить функцию) өрісіндегі стрелканы шертіп, пайда болған тізімнен қажетті функцияның есімін таңдап шерт (сурет 19). Функция аргументін көрсетуге болады

• жеке сан,

• жеке ұяшық адресі;

• ұяшық диапазоны;

б) «Формат числа» өрісіндегі стрелканы шертіп, пайда болған (сурет 20) тізімнен есептеу нәтижесінің жазылу пішімінің түрін таңда, мысалы 0,00. Қажет болса үтірден кейін нөл қосып, санның көрсетілу дәлдігін арттыруға болады.

4) «Формула» сұқбат терезесіндегі «ОК» батырмасын шерту.

Кесте 3. Есептеу нәтижесінің пішімін көрсету

Пішім Түсіндірме

# ##0 Нәтижені разрядтарға бөлінген бүтін сан түрінде көрсету

# ##0,00 Нәтижені разрядтарға бөлінген бөлшек сан түрінде көрсету

0 Нәтижені бүтін сан түрінде көрсету

0% Нәтижені пайыздық бүтін сан түрінде көрсету

0,00 Нәтижені бөлшек сан түрінде көрсету

0,00% Нәтижені пайыздық бөлшек сан түрінде көрсету

T# ##0,00 Көрсетілген символды есептеу нәтижесінің алдына енгізу

Текстовый редактор Word 2010. MS Word мәтіндік редактормен жұмыс істеу – графикалық объектерді ендіру. Математикалық формулаларды теру және мәтінге енгізу.

еще рефераты
Еще работы по информатике