Лекция: Мәтінге математикалық формулалар енгізу.

Ескерту: Бұл формулалар есептеулер жүргізбейді. Олар мәтін арасындағы сурет тәріздес болады.

а) Microsoft Equation 3,0 формулалар редакторы

Мәзірдің «Ендіру» қосымшасының әмірлер жолағындағы мәтін тобының «Объект» әмірін пайдаланып мәтінге әртүрдегі OLE объектісін енгізуге болады. Оның бірі Word-2007-ге дейін қолданылып жүрген математикалық формулалдар редакторы Microsoft Equation 3,0. Оны іке қосу үшін «Ендіру» — «Мәтін» тобындағы «Объект» — «Объектіні ендіру» сұқбат терезесінде – «Құру» қосымшасы – «Объект түрі» өрісінен «Microsoft Equation 3,0» шертіледі. Осы кезде формула редакторының саймандар тақтасы шығады (сурет 3). Ондағы белгілер екі қатардан тұрады. Жоғарғы қатардағы саймандар солдан оңға қарай: 1) қатынастар белгілері, 2) бос орын мен көп нүктелер, 3) жол үсті белгілері, 4) операторлар, 5) стрелкалар, 6) логикалық символдар.7) көпшілдік теориясының символдары, 8) әртүрлі символдар, 9) грек алфавитінің әріптері, 10) грек алфавитінің бас әріптері.

Төменгі қатардағы саймандар солдан оңға қарай: 1) жақшалар, 2) бөлшектер мен радикалдар; 3) төменгі және жоғарғы белгілер, 4) қосынды, 5) интегралдар, 6) үстінен және астынан сызу, 7) мәтінді стрелкалар, 8) көбейту және көпшілдік теориясы белгілері, 10) матрицалар.

б) Microsoft Wordқа ендірілген формулалар редакторы

Мәзірдің «Ендіру» қосымшасының «Символдар» тобындағы «Формула» әмірін пайдаланып мәтінге дайын формуланы не жаңа формула жазып, оны дайын формулалар тізіміне қосып қоюға болады. Егер «Формула» әмірін тікелей шертсе «Формула жазатын орын» (Место для формулы) ерекшеленеді және «Формуламен жұмыс Конструктор» қосымша парағының әмірлер жолағы (сурет 4) пайда болады. Формула жазатын орынның оң жағындағы стрелка «Формула сипаттамалары» деп аталады және оның бағыныңқы мәзірінде: Жаңа формула түрінде сақтау (Сохранить как новую формулу...), Профессиональдық, Сызықтық, Көрсетілетін түрге ауыстыру не Кірістірілген түрге ауыстыру және Теңестіру әмірлері бар. Профессиональдық формула бірнеше деңгейлі түрде, мысалы жазылады, Сызықтық формула бір деңгейде, мысалы, жазылады.

«Формуламен жұмыс Конструктор» қосымша парағындағы әмірлер үш топқа бөлінген: Сервис, Символдар, Құрылымдар.

Сервис тобындағы әмірлер: Формула – стандартты математикалық формулаларды мәтінге ендіру үшін қолданылады; Профессиональдық – формуланы бірнеше деңгейлі түрде көрсету; Сызықтық — формуланы бір деңгейлі түрде көрсету; Кәдімгі мәтін (Обычный текст) – математикалық символдар қолданылғанымен формулаға жатпайтын мәтін; «Формулалар сипаттамалары» (Параметры формул) топтың төменгі оң жақ бұрышындағы стрелка – қосымша сипаттамаларды күйлеу үшін аттас сұқбат терезесін шақырады.

Символдар тобында формула жазуға қажетті математикалық амалдар, қатынастар, грек әріптері бар «Негізгі математикалық символдар» тізімінен тұрады.

«Құрылымдар» (Структуры) тобында бөлшектерді (дробь), индекстерді, радикалдарды, интегралдарды, ірі операторларды (крупный оператор), жақшаларды (скобка), тригонометриялық функцияларды, диакритикалық белгілерді, шек және логарифмді, операторларды, матрицаларды әртүрлі жазу тізімдерін беретін батырмалар орналасқан.

 

Power Pointта презентация жасау. Мәтін мен графикалық объектерден тұратын слайдтар жасау. Power Point терезесінің элементтері және терезенің түрлері.

Мicrosoft Рower Роіпtта презентация құру: жалпы өрнектеу, жаңа слайдтар және олардың құрылымын қосу, слайд үлгісін таңдау, қажет болса слайдты өрнектеуді өзгерту, түстер сызбасын таңдау және өзгерту, әртүрлі өндеу шаблондарын қолдану және әртүрлі эффектілерді, соның ішінде слайдтарды көрсетуде анимация эффектісін колдану — сыяқты көптеген әрекеттерді орындау болып табылады. Осы үрдісті (процесс) орындауды бастарда қажетті құралдар, яғни Мicrosoft Рower Роіntта жаңа презентация құру кезінде Создание презентании терезесі келесі нұсұаларды ұсынады:

• Құру (Создать). Слайтарды өрнектеудің ең аз элементтерін қсынады және түстерді қолдану мүмкін емес

• Бар презентациядан (Из имеющейся презентации). Презентация бұрын құрылған өрнектелген презентяция негізінде жасалады. Жаңа презентация, бұрынғы презентацияның көшірмесінің өңделу тәртібін және құрылымын, өзгерту арқылы жасалады. Создается на основе уже имеющейся презентации с заданным оформлением..

• Өңдеу шаблонынан (Из шаблона оформления). Презентация Мicrosoft Рower Роіпtта ғы, құрамында өңдеудің негізгі элементтері, шрифтер және түстерсызбасы бар, шаблон негізінде жасалады. Мicrosoft Рower Роіпtтың стандартты шаблондарымен қатар әр қолданушының өз еркімен жасалған шаблондарын қолдануға болады.

• Автокұрылым мастерінен ( Из мастера автосодержания ). Слайдтарға енгізуге болатын мәтіндер ұсынатын, өңдеү шаблондарын пайдалану үшін автокұрылым мастерін қолдану керек. Слайд кұрылган сон мәтінге қажетті өзгерістер енгізуге болады.

• Веб-түйіндегі шаблоннан (ІІІаблоны на веб-узле). Презентацияны веб-түйіндегі шаблон негізінде кұру.

• Місгоsoft.соmдағы шаблоннан (ІІІаблоны на Місгоsoft.соm). Презентацияны Місгоsоft Оffісе кітапханасындағы қосымша шаблондар негізінде жасау. Бұл шаблондар презентация турлеріне сай реттелген.

Презентацияны бос слайдтар көмегімен жасау

1 Стандартты саймандар тақтасыңдағы Құру (Создать)бұйрығын шертсе, есеп ауданында Разметка слайда терезесі шығады.

2 Егер бірінші слайд үшін стандартты үлгіні қолдану керек болса 3- адымға өту керек. Егер бірінші слайд үлгісі басқа болу керек болса, есеп ауданындағы

3 Слайдта немесе құрылым ауданында қажетті мәтінді енгізу керек.

4 Презентацияға жаңа слайд қосу үшін саймандар тақтасындағы Создать слайд бұйрығьн шертіп,

Разметка слайда терезесінен қажетті үлгіні таңдау керек.

5 Әр жаңа слайд үшін 3- және 4- адымдарды кайталап орындай отыра, оларға қажетті элементтер мен эффектерді қосып отыру керек.

6 Презентацияны кұрып болған сон, жатық мәзірдегі Файлдың төмен түскіш мәзіріндегі Сақтау (Сохранить) бұйрығын шертіп, пайда болған сұхбат терезесінде презентацияның есімін енгізіп, Сохранить тиегін шерту керек.

Кенес. Бос презентацияны кұруда жатық мәзірдегі Файлдың төмен түскіш мәзіріндегі, есеп ауданында пайда болатын Создание презентации терезесін пайдалануға болады.

еще рефераты
Еще работы по информатике