Лекция: Мәтінді енгізу ережелері

Мәтінді енгізер алдында жүгіргіні (курсорды) мәтінді енгізу орнына апарып, мәтінді қай жерге енгізетініңізді көрсету қажет. Егер Сіз жаңа құжат ашып отырсаңыз, жүгіргі өз бетімен құжаттың бас жағына орналасады. Мәтіндік процессорлардың көпшілігі сияқты Word мәтінді жолдарға бөліп, сөздер арасында бос орындар қалдырып отырады. Жаңа абзац бастау үшін <Еnter> пернесін басу қажет.

Мәтінді түгелдей бас әріптермен теру қажет болса, <Сарs Lоск> пернесін басу керек. Егер мәтінді теру кезінде осы перне қосылып тұрса, әріптердің барлығы бас әріп болып теріледі.

Сөзді бас әріптен бастап теру үшін <Shift> пернесін басып ұстап тұрып, кажетгі әріпті енгізу қажет (<Сарs Lоск> пернесі режімі қосылып тұрмаса).

Мәтінмен жұмыс істеу кезінде тыныс белгілерін енгізу ерекшеліктерінде есте ұстау қажет.

Мәтіндегі қос нүкте белгісі сөзден кейін бос орын қалдырмай, бірден жазылады, ал одан кейін міндетті түрде бос орын қойылады.

Мәтіндегі жақшалар ондағы ұғымға жабыстырыла қойылады. Жақшадан кейін ешқандай тыныс белгісі болмаса, міндетті түрде бос орын қалдырылады.

Тырнақшалар ішіндегі ұғыммен бірге жазылады. Тырнақша ашылар алдында және жабылғаннан кейін ешқандай тыныс белгісі болмаса, міндетті түрде бос орын қалдырылады.

Тырнақша жабылар алдында нүкте, үтір, үтірлі нүкте, қос нүкте және сызықша қойылмайды. Бұл таңбалар тырнақша жабылғаннан кейін қосымша бос орын қалдырылмай қойылады.

Леп белгісі, сұрақ белгісі және көп нүкте тырнақшаға алынған сөздерді қамтитын сөйлемге тұтастай катысты бола алады. Бұндай жағдайда олар тырнақшадан кейін қойылады.

Көп нүкте де ортақ ереже бойынша жазылады: оның алдында бос орын қалдырылмайды, ал соңынан бос орын міндетті түрде қажет. Егер көп нүкте леп белгісімен не сұрақ белгісімен бірге келсе, бұндайда белгі мен екі нүкте жазылады.

еще рефераты
Еще работы по информатике