Реферат: С. Л. Сауытбеков туралы ќысќаша маѓл±мат







Халыќаралыќ «Сейтен таѓылымдары» ѓылыми-практикалыќ конференциясының

материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы

(Көкшетау, 3-5 маусым 2004 жыл, Қазақстан)


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Көкше» университеті

Этнопедагогика һәм этнопсихология лабораториясы


Халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясы материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы


Көкшетау

2004


ББК 72.4 (2)


В 38

Халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы. Көкшетау, 2004, 175 бет


Ғылыми басылымның Алқа мүшелері


Құрсабаев М.Қ. – «Көкше» университетінің доценті, редактор

Омаров Т.О. – ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор

Абдрахманова Б.М. – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Қамбаров – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Бирюшев Р.Р. педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Тілеуберген М. – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Жетпісқалиев С.С. – «Көкше» университетінің доценті

Субханкулов М.Г. – психология ғылымдарының кандидаты, доцент


ISBN 9965-721


1401000000

В ------------------------------


00 (05) – 04


Көкшетау университеті, 2004


С.Л.Сауытбеков туралы ќысќаша маѓл±мат

С.Л.Сауытбеков (1907-1997) Солт‰стік Ќазаќстан облысы (б±рынѓы Ќызылжар уезі, 4-ші ауыл) Тµњкеріс ауылы, М‰сірепов ауданында д‰ниеге келген. Єкесі Лейман молданыњ арќасында он ‰ш жасында араб тілін жетік мењгеріп, Ќ±ран с‰релерін жатќа білген. 1923-1926 жылдары Кењес ‰кіметі ±йымдастырѓан бастауыш мектепті ‰стемелете отырып ‰здік бітірген соњ, Ќызыл отаудаѓы халыќ аѓарту бµлімініњ н±сќауымен Шыбыќкµл ауылында м±ѓалімдік ќызмет атќарады.

1928 жылдары Майбалыќтаѓы педагогикалыќ техникумныњ дайындыќ бµліміне жєне 1931 жылы Ќазаќтыњ Абай атындаѓы педагогика институтыныњ физика-математика факультетіне оќуѓа т‰седі. Алматыда оќып ж‰рген жылдары Сейтен ќазаќтыњ кµрнекті ќайраткерлері Ѓабит М‰сірепов жєне Сєбит М±ќановпен тыѓыз шыѓармашылыќ ќарым-ќатынаста болѓан. 1932-1933 жылдардаѓы «голощекиндік геноцидтіњ» салдарынан пайда болѓан ашаршылыќ Сейтенніњ туѓан еліне ќайтуына мєжб‰р етеді. ¦лы Отан соѓысы басталѓанѓа дейінгі аралыќта Сейтен Лейман±лы µзініњ м±ѓалімдік ќызметін жалѓастырып білікті мектеп басшысы ретінде танылады. Отан соѓысы басталѓанда Сейтен Сауытбеков кµптіњ бірі болып майданѓа аттанып, ќысќа мерзімді кіші офицерлер дайындайтын єскери бµлімде µзініњ борышын µтейді.

Соѓыстан кейінгі жылдары тєжірибелі ±стаз, білікті басшы ±заќ жылдар бойы Балуан ауылы орта мектебініњ директоры болып ќызмет атќарды. Аталмыш білім ордасын С.Л.Сауытбековтыњ – авторлыќ мектебі деп атауѓа болады. Сауытбековтыњ авторлыќ мектебініњ тарихы мол. Ол туралы академик жазушы Сєбит М±ќанов м±ѓалімдердіњ б‰кілодаќтыќ съезінде ерекше тоќталып µткен. С.Сауытбеков 1950-1960 жылдары ‰кімет саясатына байланысты ќазаќ тілінде оќытылатын оќу орындарыныњ жаппай ќысќартылып немесе жабылып жатќан жылдары - µзі жетекшілік еткен ауыл мектебін саќтап ќалѓан. Сейтен басќарѓан мектеп тєжірибесініњ берері кµп болды. Єсіресе, адамгершілік, эстетикалыќ, экологиялыќ жєне имандылыќ тєлім-тєрбие ж±мыстары жаќсы жолѓа ќойылды. Мектеп жанынан Аќсаќалдар (Билер) Алќасы ќ±рылып т±раќты ж±мыс істеді. Оќушылар бастамасымен «ауыл зоопаркі» ашылды. Кµп жылѓы жемісті педагогикалыќ ењбегініњ арќасында Сейтен Лейман±лы «Ќазаќ ССР-на ењбегі сіњген м±ѓалім » атты жоѓарѓы атаќќа ие болады. С.Сауытбеков «Ќазаќ єліппесі» оќулыѓыныњ авторы ретінде республикалыќ конкурстарѓа ќатысып, ж‰лделі орындарѓа ие болды. Ќазаќстанныњ белгілі жазушысы Герольд Бельгер С.Сауытбековтыњ оќушысы болып табылады. Айтулы айтыскер аќын Кµкен Шєкеев - Сейтенді µздерініњ ±стазы санаѓан. С.Сауытбеков ±лаѓатты ±стаз, аса беделді мектеп басшысы єрі ќамќоршысы бола ж‰ріп аќын-жазушы ретінде танылды. 1970-1990 жылдар арасында ќ±рметті демалысќа шыќќаннан кейін С.Л.Сауытбеков Ќазаќтыњ Ы.Алтынсарин атындаѓы Білім академиясында ѓылыми ќызметкер, ЌР Мемлекеттік ¦лттыќ кітапханада сирек кездесетін ќолжазбалар бµлімінде аудармашы (кµне араб-парсы тілдері) болып ѓылыми ќызметпен айналысты.

С.Сауытбеков екі мыњнан астам кµне араб-парсы тілдерінде жазылѓан т‰ркі халыќтарыныњ шыѓармаларын ќазаќ тіліне аударды. Кµп жылѓы аудармашылыќ ќызмет барысында С.Сауытбеков кµнепарсы, урду, ќадим, жєдид, тєжік, µзбек, ќараќалпаќ, татар, ±йѓыр, т‰рік, єзербайжан, ќарашай-черкес, ќ±мыќ жєне жиырмаѓа жуыќ шыѓыс халыќтарыныњ тілін мењгерген.

Сейтен Лейман±лы кµптеген µлењдер мен єњгімелер жазѓан. Автордыњ «Аютас», «¤с, бµбек», «‡лес», «Аќазу арлан», «¤ртенген µлењ», «Ењбек к‰йі», «Халыќтар достыѓы», «Тањ сєулесі» жєне басќа ењбектері жарыќќа шыќты. Аталѓан ењбектер ішіндегі педагогика таќырыбына жазѓан «Таѓылым тегі» оќулыѓын ерекше атап µткен жµн. С.Л.Сауытбековтыњ єдеби-педагогикалыќ м±ралары мен аѓартушылыќ ѓ±мырнамасы жайлы М.Єлімбаев, Ѓ.Ќайырбеков, Е.Мырзахметов,

Т. Н±ртазин, Ќ.Омаров, Т.Ќажыбаев, С.Жетпісќалиев, Н.Ысќаќов ењбектер жазды.

Ќазаќстан Республикасы ‡кіметініњ № 497 Ќаулысымен 2003 жылдыњ 30 мамыр айында Солт‰стік Ќазаќстан облысы, Шал аќын ауданы, Балуан орта мектебіне Сейтен Лейман±лыныњ есімі берілді.


Краткая информация о Сейтене Сауытбекове


С.Л.Сауытбеков (1907-1997) родился в селе Тонкерис (бывший Кызылжарский уезд, 4-ый аул) Северо-Казахстанской области. Отец Сейтена – Лейман мулла считался одним из образованных людей того времени. Благодаря отцу Сейтен в возрасте тринадцати лет свободно владел арабским языком.

В 1923-1926 годах С.Сауытбеков после успешного окончания начальной школы по направлению Кызыл-Отауского отдела наркомпроса работал учителем в селе Шыбыкколь. В 1928 году без отрыва от производства поступает в педагогический техникум, затем в 1931 году становится студентом Казахского педагогического института им. Абая.

В студенческие годы он устанавливает тесную творческую связь с выдающимися деятелями казахского народа: Сабитом Мукановым и Габитом Мусреповым. В годы «голощекинского геноцида» в 1932-1933 годах С.Сауытбеков вынужден прервать учебу в институте и работать учителем в родном ауле.

В годы Великой Отечественной войны Сейтен добровольцем отправляется на фронт. По приказу командования С.Л.Сауытбеков работает преподавателем в военном училище, где проходили краткосрочные курсы младшего офицерского состава. Послевоенная судьба С.Сауытбекова была связана с просветительской деятельностью.

Большой педагогический опыт и творческий талант Сейтена Сауытбекова были ярко выражены во время его учительствования в школах Северного Казахстана. Педагогическую и новаторскую деятельность С.Сауытбекова высоко ценил Сабит Муканов, назвав его «Учителем – всех учителей».

Более двадцати лет он был директором Балуанской средней школы. Балуанскую школу можно по праву называть авторской школой Сейтена Сауытбекова.

В Балуанской школе сформировалась своеобразная комплексная педагогическая система. Особое внимание уделялось на педагогику сотрудничества ( работа с родительским комитетом) и проблемам нравственного, трудового, экологического и эстетического воспитания школьников. При школе функционировал постоянно действующий и консультативный общественный орган - Совет аксакалов (старейшин). По инициативе С.Сауытбекова был создан школьный зоопарк.

За огромный вклад в деле воспитания подрастающего поколения С.Л.Сауытбекову было присвоено почетное звание «Заслуженный учитель Казахской ССР». Известный казахстанский писатель Герольд Бельгер является учеником Сейтена Сауытбекова. Крупные деятели науки Турсынбек Какишев и Зейнолла Кабдолов, а также известный акын Кµкен Шакеев считали С.Сауытбекова своим учителем.

В период с 1973 по 1990 годы С.Л.Сауытбеков работал научным сотрудником в Казахской академии Образования им. И.Алтынсарина и сотрудником отдела редких книг Государственной Национальной библиотеки Республики Казахстан.

С.Л.Сауытбеков перевел на казахский язык свыше двух тысяч произведений, написанных на арабском языке. Он свободно владел на азербайджанском, татарском, турецском, каракалпакском и на языках урду и фарси.

Являясь автором учебника «Ќазаќ єліппесі» он неоднократно принимал участие в республиканских конкурсах школьных учебников. Творчество С.Сауытбекова многогранно. Он является автором стихов, рассказов и сказок для детей школьного возраста.

В 2003 году издательством университета «Кокше) к 95-летию Сейтена Сауытбекова были переизданы ценнейшие произведений автора. Книга С.Сауытбекова «Таѓылым тегі» представляет собой педагогическую ценность.

Постановлением Правительства Республики Казахстан № 497 от 30 мая 2003 года Балуанской средней школе было присвоено имя Сейтена Сауытбекова.


^ «Сейтен сазы»
(Мұғалімдердің бірінші Одақтық съезі қарсаңында, Алматы, 1958 жыл)


Сәбит Мұқанов


Қазақстанда Совет өкіметін орнату ісінің жаңа басталып күш ала бастаған елең-алаң шағы еді. Кең байтақ қазақ даласының қай бұрышына барсаңызда осындай ұлы дүбірге қызу үн қосқан халықты көресіз. Ғасырлар бойы жалпақ жерді ен жайлап, желмен сырласып, малмен мұңдасып келе жатқан қазақ жұрты екі жарылған.

Бірі – осы уақытқа дейін еңбекші халықты езіп-жаншып, енді күні бітіп, салы суға кеткен байлар, екіншісі революцияның таң шұғыласымен нұрланған қалың бұқара.

Осындай халдегі қалың елде жаппай сауатсыздық бар. Бұл әлденеше жылдар бойы феодалдық езгінің еңсе көтертпестей, революцияның жеңісінің алғашқы жемістерінің бірі болды.

Мұндай игілікті іс бүкіл Қазақстандағы сияқты, республиканың солтүстік аудандарында да қызу қолға алынды. Осы кезде Солтүстік Қазақстанның Сергеев ауданында жасы он бес – он алтылар шамасында бір бала жігіт жүрді.

Ол осы жастығына қарамастан, сол кездегі дәуірмен салыстырғанда едәуір көзі ашылған, көкірегі ояу, хат таныған жас. Сол кездегі уыз жас қазір кемеліне келген қарт мұғалім атанып отыр. Ол Солтүстік Қазақстан мектептерінде табан аудармай қырық жылдан астам ұстаздық еткен Сейтен Сауытбеков еді.

Алдымыздағы айдың басында мұғалімдердің Бүкілодақтық съезі болады деген сөзді естігенде ұлан-байтақ республиканың түпкір-түпкіріндегі мыңдаған мұғалімдермен бірге менің де көңілімнің көк дөнені жаңағы айтылған жиырмасыншы жылдардан бастап осы бүгінге дейін үлкен мағыналы өмір белестерін шолып өтті.

Қазіргі күндері біздің республикамызда болған сауатсыздық атымен жойылып, енді жаппай орта білім алудың табалдырығында тұрған білім құмар қауым бар.

Елу жыл деген мерзім кәрі тарих үшін елу күн құрлы болмайтын уақыт, ал адам өмірімен есептегенде бұл оның ел игілігіне қызмет атқарып, я үлгеріп, я үлгермейтін кесек жылдар. Жоғарыда айтқанымыздай ғасырлар бойы қараңғылықта келе жатқан халықтың небары 40-50 жылдың ішінде ғылым мен білімнің бүгінгідей биік белесіне көтерілуі, сөз жоқ үлкен жетістік.

Осындай ұлы істің төңірегінде кішкентай болса да өзінің үлесін қосқан, сол жолғы бар жиған-терген білімін, жүрегінің жалынын, бойындағы күш-қуатын маңдай терімен қосып сарп еткен шын мәніндегі халық мұғалімі Сейтен Сауытбеков сияқты ұстаздардың ұстазын, оның еңбек жолын мына үлкен жиынның алдында құрметпен атауды жөн көрдік.

Мен Солтүстік Қазақстанға жыл сайын барып тұратын адаммын.

Мұның бір себебі мен сол өңірде дүниеге келіп, көзімді ашқандықтан болар. Содан кейін бұл төңіректегі ұлы дүбір уақиға менің қашаннан қызыға да құмарта зер салатын жайлар.

Сондай сапармен соңғы бір барғанымда Сергеев ауданындағы «Балуан» сегіз жылдық мектебінде ұстаздық қызмет атқаратын Сейтенге жолықтым.

Ол менің алдымнан баяғы бір балаң мұғалім күніндегідей күлімдеп шықты. Осы сәтте екеуіміз қуана қауышып, өткен күндердегі көптеген қызық жәйттерді еске алдық.

Біз өткен өмір жолы көңілге соншалықты қызық болғанмен, өзіміз еңбекке араласқалы бергі қырық жылдың ішінде көп кездесе бермеппіз. Сондай бір бас қосылған шақта оның ұстаздық қызметінен көптеген деректер білдім.

Жастарға білім беру жұмысына Сейтен он жасынан кіріскен. Ол алғашқы кезде сол уақытта бірқатар хат танитын әкесінен оқып білім алды. Сөйтті де жиырмасыншы жылдардың бел ортасында республикада сауатсыздық пен шала сауаттықты жою жорығына қатысты.

Ол кездерде мұғалім болу қиынның-қиыны еді. Өйткені, әлі қабырғасы қатпаған жас республикада сауатсыздықты жоюмен қатар, ауылды коллективтендіру, сөйтіп, колхоз, совхоз ұйымдастыру ісі – осы мұғалімдер сияқты ішінара сауатты адамдардың үлесіне тиді.

Осындай қиын-қыстау күндерде Алматыға келіп екі жылдық мұғалімдер курсын тәмамдаған Сейтен отызыншы жылдардың басында еліне қайта оралып, еңбек дүбіріне араласады. Сейтеннің алдынан осынау қырық жылдың ішінде қаншама шәкірт түлеп ұшып, үлкен тұғырға қонды десеңізші.

Оның алды ғалым, ғылым докторы, партия, совет қызметкері болып, ел ырысын жасауға үлес қосып жүргендері қаншама.

Сейтен Сауытбеков күні бүгінге дейін жоғарыда айтылған «Балуан» сегіз жылдық мектебінде директор. Мұғалім болып бала оқыту бар да, сол оқу ісін ұйымдастыру бар. Өзінің парасатты біліміне орай үлкен ұйымдастырушылық қабілеті бар

Сейтен өзі басқаратын мектепті бүкіл облыс бойынша алдыңғы қатарлы оқу орындарының қатарына қосты.

Онда жүз процент сабақ үлгерумен қатар, тәлім-тәрбие жұмысы да жақсы жолға қойылған. Осыдан да болар облыстық оқу бөлімі бұдан алты жыл бұрын «Балуан» сегіз жылдық мектебін сол өңірдегі үлгі-тәжірибе мектебі етіп белгіледі.

Мііне, сол күндерден бастап, ол аудандағы оқу-тәрбие жұмысының методикалық орталығына айналды.

Көпті көрген қарт мұғалім мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жандандыруда өзінің көп жылғы тәжірибесін жас педагогтарға үнемі үлгі етіп ұсынды. Қарт мұғалім көп жылғы еңбек тәжірибесін үнемі ортаға салып, өзге педагогтармен пікір алысып отыруды дәстүрге айналдырған. Ол облыстық, республикалық педагогтік оқуларда әр түрлі тақырыптарда баяндамалар жасап тұрады.

Сейтеннің «Физика сабағын қол еңбегі сабағымен байланыстыра жүргізу тәжірибесі» деген тақырыптағы баяндамасы облыстық, республикалық байқауда жүлде алды.

Сегіз қырлы, бір сырлы мұғалім Сейтенді қашан да өмірдің қайнаған ортасынан көруге болар еді. Ол – суретші. Мектептегі жас суретшілер үйірмесінің жетекшісі. Оның мамандығы математик бола тұрып ақындық, сыршыл мінезі бар. Оған көптеген өлең, дастандар жазып жариялауы дәлел.

Сонымен бірге ол көп жылдар бойы революцияшыл ақын Баймағамбет Ізтөлиннің өмірбаяндық деректерін жинап, өлеңдерін жазып жариялау ісінде жемісті еңбек атқарды. Жастай жарқ етіп көрініп, жалындап сөнген ақынның мұрасын жинастыруда Сейтеннің қосқан үлесі мол.

Коммунист Сейтен Сауытбеков бұл күні еңбек жемісін көріп отырған қадірменді ұстаз. Оның еліміздің ордендерімен, медальдарымен наградталып, жуырда «Қазақ ССР- ның еңбек сіңірген мұғалімі» деген құрметті атаққа ие болуы соған дәлел.

Мұғалім тұғырдан түскен жоқ. Ол осынау жалындаған, шыңдалған жігермен әлі талай жеткіншектерге білім беріп, Лениндік ұлы идеялардың жаршысы бола береді.


Кыргызский национальный университет им. Ж.Баласагына
^ Институт интеграции международных образовательных программ
Кыргызская Республика. 720024. Бишкек. ул. Фрунзе 547.

Тел. (8-996 312) 221 951. , 665 075., факс 660 395


Уважаемый господин президент Кокшетауского университета профессор Касым Ж.Ж. !


Институт интеграции международных образовательных программ Кыргызского национального университета им. Ж. Баласагына сердечно приветствует начало очень важного направления в вашей, и если позволите нашей совместной деятельности конференцию по актуальным проблемам этнопедагогики и психологии, проблемам изучения и развития национальных традиций «Сейтеновские чтения».

В Кыргызстане проблемам этнопедагогики и психологии придают особое значение, т.к. их решение – это надежный фундамент самоопределения, суверенитета и независимости народа, залог его будущего развития и процветания.

В традициях и обычаях наших народов много сходного, общего и изучение их педагогического и психологического влияния на современное общество представляется делом необходимым и во всех отношениях полезным.

Желаем вашей конференции успешной работы, значительных результатов, а лично Вам и всем участникам здоровья и больших тволрческих достижений


С уважением директор ИИМОП КНУ

им. Ж.Баласагына, профессор Джаманкулов Ж.М.


^ Сейтен Сауытбековтың тәлімдік өнегесі және қазіргі білім проблемалары

Қасым Ж.Ж.,- «Көкше» университетінің

президенті, профессор


Қазақ зиялы қауым өкілдерінің жас ұрпаққа біліім мен тәрбие беру жөніндегі парасатты ой-пікірлері мен ғылыми-педагогикалық мұраларының – бүгінгі заманда аса қажет екені анық. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары ұлттық білім шаңырақтарының сақталып қалуына мол үлесін қосқан зиялы қауым өкілдерінің бірі – Сейтен Лейманұлы Сауытбеков болды. Сейтен Сауытбековтың ағартушылық, ұстаздық, жазушылық және ақындық өнері мен шығармашылық қызметтері жайлы С.Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Т.Кәкішев, С.Жүнісов, Т.Молдағалиев, Т.Нұртазин, Г.Бельгер, М.Әлімбаев, Ғ.Қайырбеков, А.Қошанов, Қ.Омаров, З.Зікібаев, З-Ғ. Иманбаев, С.Тұрғынбеков және басқа ғалымдар мен жазушылар өз естеліктерінде жазып кеткен.

Көкшетау өңірінің белгілі қаламгерлері мен ақындары Е.Мырзахметов, Т.Қажыбаев, Б.Әлімжанов, А.Қорғанбеков, Ж.Сүлейменов, Н.Ысқақов және басқалар С.Сауытбековке арнап жеке шығармаларын тарту етті.

2003 жылдың тамыз айында С.Л.Сауытбековтың 95 жылдығына орай Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Балуан ауылында торқалы жиын болып өтті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің (№ 197, 20.07.2003) Балуан орта мектебіне С.Л.Сауытбековтың есімі беру жөніндегі Қаулысына байланысты ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі де атап өтілді. Аталмыш жиынға орай «Сейтен Сауытбеквтың ұлттық тәлім-тәрбиелік идеяларын оқу-тәрбие жұмыстарында ендірудің ғылыми-әдістемелік жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның негізгі шешімдерінің бірі: үздік оқитын студенттер мен оқушыларға С.Л.Сауытбековтың жүлдесін тағайындау, этнопедагогика және этнопсихология ғылымдарының дамуына ерекше жағдай туғызу, озық педагогикалық технологиялар жөнінде тәжірибелер алмасу және жыл сайын «Сейтен тағылымдары» атты тұрақты түрде ғылыми-практикалық конференция өткізіп тұру жөнінде көпшілік мақұлдаған маңызды шешімдер қабылданған-ды.

Аталған шешімдерді жүзеге асыру мақсатында 2003 жылдың күзінде «Көкше» университеті ғылыми Кеңесінің шешімімен «этнопедагогика һәм этнопсихология» лабораториясы құрылды. Лабораторияның алдына көп мақсаттар жүктелгенімен, ауқымды істердің бірі – Сейтен Сауытбековтың әдеби-педагогикалық мұраларын ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеу проблемаларына арналды.

Сейтен Лейманұлы еңбектеріне жасаған кешенді талдау жұмыстары төмендегідей көрсеткіштерді анықтады:

С.Л.Сауытбеков еңбектерінде этнопедагогика мұраларына қатысты тағлымдық дүниелер мол.

С.Л.Сауытбеков шығармаларындағы тәлім-тәрбие дүниелерінің педагогикалық топтамаларын жасау қажет

С.Сауытбековтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі дер едік.

Бұл мәселелер Сейтен мұраларын зерттеуші ғалымдардың (М.Құрсабаев, С.Сапарұлы) зерттеу жұмыстарында негізгі орын алған.

Айталық Сейтен Сауытбековтың әдеби мұраларын зерттеуші «Көкше» университетінің доценті Серік Сапарұлының пайымдауынша Сейтеннің қазақ әдебиетіне қосқан әдеби-филологиялық еңбегін мынадай тұжырымдар арқылы елестетуге тырысады:

С.Л.Сауытбеков Қазақстандағы балалар әдебиетінің дамуына (1960-1980) үлкен үлес қосқан ақын-жазушы.

С.Сауытбеков көне араб-парсы тілінің білгірі және көркем аудармашы

С.Сауытбеков пән оқулығының авторы (Әліппе кітабы)

«Сейтеннің Сары кітабы – ғылыми мұра»

С.Л.Сауытбеков ұстаз, ақын және жазушы

Бұл тұжырымдар С.Сауытбековтың әдеби мұраларын терең зерттеудің қажеттігіне меңзейді. Автордың, ойынша аталмыш зерттеу дүниесі – тың тақырыптар қатарына жатады екен. Демек, өткен жылдар белестерінен өзінің әдеби-танымдық арнасын сала білген дана ұстаз тағылымдары бүгінгі ұрпақ үшін де аса қажет деп санаймыз.

Сейтен Сауытбеков шығармаларының педагогикалық маңызы зор. 1993 жылы Көкшетауда тұңғыш ашылған қазақ лицейінің оқу-тәрбие жұмыстарына қазақ ұлттық тәлім-тәрбие қазыналарын ендіру мақсатында, педагогикалық ұжым 90 жасқа жақындап қалған Сейтен қарияға әдістемелік оқулық жазып беруіне өтініш білдірген еді. Нәтижеде көп кешікпей «Тағылым тегі» кітабы жарыққа шыққан еді. Сейтен Сауытбековтың педагогикалық мұралары жөнінде университетіміздің доценті М.Қыдырбайұлы бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Зерттеуші ғалымның ойынша С.Сауытбеков «Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер Антологиясы» атты ғылыми жинаққа енуі керек деп санайды. Автордың ол пікірімен келісуге болады. Жақында университет жанынан ашылған баспадан С.Лейманұлының бұрын жарық көрген көптеген еңбектері (өлеңдер, әңгімелер, ертегі-аңыздар, бүлдіршіндерге арналған тақпақтар, ел аузынан жиналған аңыздар мен тарихи оқиғалар, өсиеттер мен тыйым сөздер және бата-тілектер) қайта басылды. Олардың арасында бұрын жарық көрмеген ғылыми мақалалары (Тағылым тілден, Теріс мінездерге қарсы ізгілік тағылымдары т.б.) жарияланды. Еңбектер арасында біздің назарымызға терең ой салған Әліппе оқулығы болды. Оқулық республикалық деңгейде ұйымдастырылған пән оқулықтарының байқауына ұсынылып, білім министрлігі тарапынан марапаттау сыйлықтарына ие болған. Сейтен мұраларын зерттеуші М.Құрсабаевтың баяндауынша, әліппе оқулығының араб және кирилица әріптері негізінде жазылған екі нұсқасы болған. Ол туындылар қазір архив материалдары ретінде сақтаулы.

Биылғы жылы Сейтен Сауытбековтың педагогикалық мұраларын қалың көпшілікке терең таныстыру мақсатында этнопедагогика һәм этнопсихология лабораториясының бастамасымен «Сейтен - 100» атты әдістемелік—педагогикалық экспедиция құрылды. Экспедицияның басты мақсаты Қазақстанның оңтүстік өңірлерін аралап, ондағы педагогикалық қауыммен жүздесіп Сейтен мұралары және этнопедагогика әфсаналары тақырыптарына арналған ауқымды мәселелер төңірегінде ой бөлісіп, тәжірибелер алмасу болған еді.

Нәтижеде экспедиция мүшелері Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы мен Астана қалаларында болып қайтты. Олар аталмыш өңірлердегі зиялы қауым һәм ұстаз-тәлімгерлермен мазмұнды семинар өткізіп, мол материалдар жинақтап қайтты. Әсіресе, оңтүстік астанамыз – Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ұлттық кітапхана ғимаратында өткен семинар-мәжілісті ерекше атап өткен жөн.

Аталмыш семинарға Т.Кәкішев, Т.Молдағалиев, С.Жүнісов, А.Қошанов және басқа ғалымдар мен ақын-жазушылар қатысты. Академик Аманжол Қошанов Сейтекеңді – энциклопедист деп атады. Сейтен Сауытбековтың ҚР Ұлттық кітапханасындағы сирек кездесетін қолжазбалар бөлімінде ғылыми қызмет атқарғаны белгілі. С.Сапарұлы өз еңбегінде С.Сауытбеков 2206 еңбекті көне араб тілінен аударып, түсініктеме бергені жөнінде баяндайды. Ол еңбектерге соңғы жылдары Иран мемлекетінен келген шығыстанушы ғалымдар ерекше назар аударған. Аударма еңбектің құнды дүниелерін олар көшірме ретінде пайдалану жөнінде Ұлттық кітапхана қызметкерлеріне сұраныс білдірген көрінеді.

Сейтен Сауытбековтың тәлім-тәрбиелік мұраларын бүгінгі мектеп (лицей) практикасына ендіру өзінің педагогикалық тиімділігін қамтамасыз етеді деп санаймыз. Аталмыш істі жоспарлау мен ұйымдастыру барысында зерттеуші ғалым М.Құрсабаевтың «Сейтен әлемі һәм ұлттық педагогика» атты ғылыми-монографиялық еңбегіне сүйенгеніміз абзал. Онда автор – халық педагогикасының құндылықтарын жас ұрпақтың санасына қалыптастыруда қазақ зиялылырының шығармаларын пайдаланудың педагогикалық маңызы зор екенін атап көрсетеді. Сейтен мұраларын талдай келе автор мынадай қағидаларды басшылыққа алған:

Этнопедагогика материалдарын мектептегі тәлім-тәрбие жұмыстарында кешенді тұрғыда жүзеге асыру мақсатында қазақ зиялыларының педагогикалық мұраларын пайдалану.

С.Л.Сауытбеков шығармаларының педагогикалық топтамалық жүйесін жасау және ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеу.

С.Сауытбеков еңбектері негізінде оқушыларға этноэкологиялық тәлім-тәрбие берудің тұжырымдамасын жасау.

Сауытбеков мұраларындағы ұлттық тәрбие көріністерін классификациялау және мектеп практикасына оңтайластыру.

Болашақ мұғалімдерді дайындау барысында «Сейтентану» курсын ұйымдастыру.

Мектептегі оқушылар ұйымдарының шығармашылық жұмыстарын жандандыру барысында «Сейтен-нама» танымдық-этнографиялық ойын-сайысын өткізу.

Аталмыш ұсыныстар эксперимент ретінде Көкшетау қазақ лицейі мен Балуан орта мектебінде ендіріліп келеді.

Біздің ойымызша, зиялы қауым өкілдерінің этнотәлімдік мұраларын бүгінгі білім шаңырақтарында пайдалану аса қажет деп санаймыз. Бұл орайда зерттеушілер: І.Р.Халитова (Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізу тарихы), М.Ж.Құлжабаева (Историк-педагогические наследие Т.Тажибаева), Г.И.Полянская (Педагогические идеи Рабиндраната Тагора), Ф.З.Буланова (Педагогические идеи Сабита Муканова), Л.К.Ермекбаева (Сейіл Жиенбайұлының ғылыми-әдістемелік мұралары) және басқа ғалымдардың ізденістері айтар ойымызға дәлел.

Бүгінгі заманғы білім жүйесі - әлемдік жаһандану үрдісімен қатар келді. Жаңа заман талаптары оқу-тәрбие процестерінің анағұрлұм күрделі белестерге шығуына зор ықпал етіп отыр. Оның айқын көріністерінің бірі – оқыту әдістемесінің технологизациялануы және информатизациялануы болып отыр. Аталмыш үрдістер ұстаз қауымының жоғарғы біліктілігі мен жауапкершілігін арттырары сөзсіз. Бүгінгі ұрпақ танымын жоғары биіктерден көруіміз үшін осы аталған талаптарға терең мән бере отырып, әрбір шығармашылық-интеллектуальдік әрекетімізден нәтиже шығарып отыруымыз шарт.

Жаңа педагогикалық озық тәжірибелер мен технологиялардың мектеп атмосферасын өзгертуі заңды құбылыс екені һақ. Осындай күрделі, әрі шешуші кезеңдерде жас ұрпақтың тәрбиесіне терең назар аудара отырып, жоғарыда айтылып кеткен міндет-мақсаттарды қоғам игілігіне айландырғанымыз абзал.


^ Тәуелсіз Қазақстандағы білім мәселелері


Қ.Балахметов.,- бұрынғы Қазақ ССР Оқу министрі


Бүгінгі жаңарған Көкше өңірінде тұңғыш ұйымдастырылып жатқан «Сейте тағылымдары»

Халықаралық конференция жұмысына қатысуға шақырғандарыңа үлкен алғысымды білдіремін. Осындай тарихи маңызы бар ауқымды іс-шараларды ендігі арада мейілінше мазмұнды және жоғары деңгейде өткізуді басты мақсат етуіміз керек.

Конференция жұмысына қатысып отырған жүзі таныс көптеген әріптестерімді, замандастарымды танып, бір қуанышты жағдайға тап болғанымды жасырмаймын. Әсіресе, Ресей Федерациясынан, дәлірек айтқанда Омбы өлкесінде мекен етіп жатқан қазақ диаспорасының өкілдерінің, оның ішінде көрнекті ғалымдардың бүгінгі алқалы жиынға қатысып отырғаны қуантады. Аталмыш конференцияның негізгі тақырыбы ұлағатты ұстаз Сейтен Сауытбековтың өмірі мен ағартушылық қызметі, сондай-ақ оның педагогика мен балалар әдебиетіне қосқан үлесі, сондай-ақ бүгінгі білім жүйесінің өзекті мәселелеріне арналуы құптарлық жайт.

Сейтен Сауытбековтың педагогикалық мұрасы мен шығармашылық еңбектері жөнінде мен таныспын. Ол кісінің Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповпен тығыз қарым-қатынаста болып, өзінен кейінгі ұрпаққа үлкен еңбектер қалдырып кеткен ірі тұлға болғанын байқауымызға болады. Сейтеннің идеясын бүгінде жалғастырып отырған сіздерге де үлкен қариялық ризашылығымды білдіремін. Сіздерге Сейтен Сауытбековтың әруағы да риза.

Қай заманда, қай қоғамда өмір сүрсек те – алдыңғы толқын ағалардың бар арманы, бар мақсаты жас жеткіншектерді тәрбиелеуге үлес қосу екені анық.

Қазақ халқының көрнекті зиялы қауым өкілдері Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин және басқа азаматтар міне осындай болған.

Қазақ ССР Оқу министрі болған жылдары (1974-1980) мен де өз елімнің азаматы ретінде білім мен тәрбие саласына үлес қосуды мақсат еттім. Рас, бүгін еліміз өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет болды. Кешегі Кеңес одағы заманында білім де болды, мектеп те болды және мектеп мұғалімінің жағдайы да жаман болды деп айтуға болмайды. Бірақ, тәуелсіз мемлекеттің – жолы ерекше. Тәуелсіздігімізді бағалай білуіміз керек.

Тәуелсіздік арқылы ұлт тағдырына байланысты өте көп мәселелерді шешуге болады. Біздің заманымызда ұлт тағдырына байланысты дүниелерді шешу – біздің қолымызда болмады.

Сол бір қиын-кезең жылдары белгілі ғалым, өз ұлтының, әсіресе жас ұрпақтың болашағын тереңінен ойлаған, ойлап қана қоймай ол мәселенің шешілуіне зор үлес қосқан Жанайдар Мусин маған Көкшетауда педагогикалық жоғарғы оқу орнын ашу жөнінде өзінің шешімді ұсынысын білдірген еді. Бұл мәселеге араласу бізге қиынға соқты. Ол мәселе – аз уақыт ішінде емес, ұзақ мерзімді қамтитын сол кезеңдердегі аса күрделі істердің бірі болатын.

Кеңес одағы уақытында жоғарғы оқу орнын ашатын мәселені шешу, талқылау тек қана Москваның құзырында болатын. Бірден қазақ бөлімін ашу, қазақ тілінде оқытылатын факультеттер ашу және оған арнайы ұлттық мамандарды тарту бір жағынан қаржыландыру мәселесіне келіп тірелетін болса, екінші жағынан үкіметтің саясатына да байланысты болған еді.

Ақыры келісе келе біз Алматы педагогикалық институтының филология факультетінен орыс, қазақ және ұйғыр бөлімдерін және Көкшетау педагогикалық институтынан орыс және қазақ бөлімдерін ашу жөніндегі маңызды шешімдердің Москвадан қабылдануына қол жеткіздік. Осы шешімге қол жеткізу біз үшін өте үлкен жұмыс болғаны рас еді.

Сондай-ақ Петропавл педагогикалық институтына Сәбит Мұқановтың атын беру жөніндегі ұсыныстарымыз жүзеге аспады. Бірақ, жақсы оқитын студенттерге Сәбит Мұқанов атындағы арнайы стипендияның тағайындалуына жоғарғы жақтан қол жеткіздік.

Міне, осындай әрі күрделі, әрі маңызды халық тағдырына қатысты ауқымды мәселелерді сол кезде мен басқарған Оқу министрлігі шеше алмады. Егер біз сол кезде өз тәуелсіздігімізге ие болған уақытта, жағдай басқаша болатын еді.

Әрине, орыс тілінің мәртебесі ерекше болды. Орыс тілінің қаншалықты тиімді-тиімсіз ықпал еткенін Қазақстанның солтүстік өңіріндегі қазақ қауымы өте жақсы біледі. Тіпті, сол жылдары шалғай орналасқан қазақ ауылдарына барғанымызда, жұртшылық бізден «неге орыс тілінде оқытылатын кластар ашпайсыздар» деп, ұсыныс жасағандары есімде.

Енді, ол заман артта қалды. Қазір біз капитализм сатысына өту үстіндеміз. Білім жүйесі қазір нарықтық экономика талаптарына сай қайта реформалану үстінде. Осындай жауапты кезеңде мемлекет тарапынан оқу-тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлінуі керек. Ол проблемалардың бірі - мұғалімнің, немесе жоғарғы оқу орны оқытушысының ұстаздық мәртебесін көтеру қажет деп санаймыз.

Педагогика саласына қатысты басылымдарда жалпы білім беру сапасы республика көлемінде 34 % артты деп айтылып жүр. Меніңше, ол мәлімет шындыққа жанаспайды. Қазір бізді ауыл мектептері толғандыруы керек. Қалалық жерде білім алатын оқушылар соңғы жаңалықтарға өте бейім келетіні рас, ол мүмкіндіктер олардың жоғары білім алу барысында көп жеңілдік ететіні де рас. Сондықтан, қазір жиі айтылып жүрген грант пен кредит жеңілдіктерін ауыл жастарының да иеленуіне ерекше жағдай туғызу керек деп санаймын.

Мұғалімді орысша «факел», яғни алау деп айтады. Алауды өшіріп алсақ, онда жас ұрпақтың тағдырына қаяу түсері анық.

Соңғы кезде халқына еңбегі сіңген, ұзақ жылдар бойы өлшеусіз қызмет етіп, өзінің парасаттылығымен, адамгершілдігімен танылған көптеген зиялы адамдардың есімдері аталмай қалады. Сіздердің Сейтен Сауытбековтың атын шығарып, ұлағатты ұстаздың ұрпаққа қалдырған еңбектерін жарыққа шығарып, осындай игі іс-шараларды қолға алғандарыңыз өте үлкен жұмыс. Қадамдарыңыз құтты болсын!


^ Омбы өлкесіндегі қазақ диаспораларындағы тәлім-тәрбие мәселелері


Әмірғазин Қ.Ж.,- Омбы мемлекеттік педагогикалық

университетінің кафедра меңгерушісі,

педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Бүгінгі конференция жұмысында біздер, ұлағатты ұстаз Сейтен Сауытбековтың өз халқына сіңірген еңбегін көріп, жақын танысып қуанып жатырмыз. С.Л.Сауытбеков сияқты ұрпақ қамын ойлаған көрнекті зиялы қауым өкілдерін біз Ресей Федерациясындағы қазақтар қауымдастығы көп біле бермейміз. Мен өзіміздің профессиональдік педагогикалық зерттеу жұмыстарымызға байланысты баяндаманы дайындап келгеніммен, бүгінгі Сейтен Сауытбеков жайлы конференция барысында көптеген фото-видео материалдар, шығармашылық кездесулер өткізгендеріңіз жайлы деректі фильмдерді көргеннен кейін және қазақ этнопедагогикасына қатысты маңызды ақпараттармен таныс болғаннан кейін көпшілік қауым алдында Омбы өлкесіндегі қазақ диаспораларындағы ұлттық тәрбие жайында әңгімелеуді жөн көрдім.

Шоқан Уәлиханов «Ұлы дала философы» деп атаған Асанқайғы бабамыздың:

«Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады

Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады

Жел толқытса асыл тас су бетіне шығады

Ой толқытса асыл сөз шер тарқатса шығады»,- демекші қазақ ақын-жыраулары мен зиялыларының ұлттық педагогика жөнінде ерте заманнан қалыптасқан өзіндік ой-таным ерекшеліктері қалыптасқаны анық.

Қазақ даласында, әсіресе шөлейтті жерлерде ылғалды көп талғамайтын майқараған өсетіні белгілі. Қазақтар оны отын және дәрілік шөп ретінде пайдалынатыны белгілі. Қараған ду етіп жанады екен. Оның жалынына қызыққан өзбек ағайындарымыз бір жылы майқарағанды ерінбей жинап алып, Ташкентке алып барса керек. Бүкіл ағайын –туысын жинап алып, майқарағанға от салған кезде – қараған жанбай қойыпты. Сонда сасып қалған өзбек: « Атаңа нәлет, мына майқараған біздің жерімізде жанбай, тек өз жерінде ғана жанады» деп, айтқан деседі жұрт. Сол сияқты мен де Омбы қазақтарының атынан осындай алқалы жиынға келген соң өз ана тілімде сөйлеуді жөн көрдім.

Қазақ халқы талай ғасырлардан бері өзінің елін, жерін қорғап келді. Бүгін өз билігіміз өзімізге тиген соң – кешегі ел қорғаған батырларымыздың, халық қамын ойлаған хандар мен би-шешендеріміздің есімдерін қайта жаңғыртып, оның ішінде еңбегі ескерілмей, аты аталмай қалған бабаларымыздың атын шығаруға мүмкіндік алып отырмыз.

Сәбит Мұқановтың шәкірті болған Сейтен Сауытбеков те сондай адамдардың бірі болса керек. Ол кісінің еленбей қалған еңбектерін бүгінгі ұрпақ игілігіне айналдыруды мақсат еткен үлкен істеріңіз нәтижелі және жемісті болсын дегім келеді.

Былтыр Семей өңірінде данышпан Абайдың ұстазы болған кемеңгер жырау, батагөй шешен Дулат Бабатайұлының 300 жылдығы атап өтілді. Дулат бабамыздың есімі тарихта қалғанымен оның қаһармандық һәм батырлық рухты көксеген жырларын көптеген жас ұрпақтың өкілдері білмей, оқымай өсті. Сондықтан, осындай игі шараларды болашақта ауқымды масштабта өрбіту аса қажет дүние деп санаймыз.

Қазақ дүниетанымында «сабақтастық» деген этнофилософиялық ұғым бар. Оның негізгі түйіні – көне ғасыр қойнауларынан бүгінгі ұрпақ санасына жеткен халықтың рухани қазыналары десек те болады. Әр ауылдың өзіндік дәстүрі, өзіндік тарихы бар. Әр ауылда халықтың абыройына бөленген дана қариясы да бар екені мәлім. Өткен дүниедегі барлық асыл қасиеттерді сақтай білетін, қастерлей білетін және ұлт санасына жеткізе білетін де солар. Осындай сабақтастық дәстүрлерін одан әрмен жалғастыру барысында – біз сіздер ұйымдастырып отырған халықаралық «Сейтен тағылымдары» конференциясының күндерін Омбы өлкесінде өткізу керек деген ұсыныс жасағым келеді.

Омбы өлкесінде жүз мыңнан астам қазақ диаспоралары тұрады.
еще рефераты
Еще работы по разное