Реферат: Қазақстан республикасы білім және ғылым министІрлігі алматЫ технологиялық университетІ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МинистІрЛІГІ


АлматЫ технологиЯЛЫҚ университетІ


элективТІК ПӘНДЕР КаталогЫ


Алматы, 2011ж.

ӘОЖ 378 (085)


Элективтік пәндер каталогы. Бакалавриат. – Алматы: АТУ, 281 – бет.


Редакциялық кеңес: Құлажанов Т.Қ., Мұхаметқалиев Т.М., Оспанов А.Б., Нурахметов Б.К., Абинова Г.Д., Құрманалиев М.Қ., Абдрахимов О.Т., Қизатова М.Ж., Жангуттина Г.О..


Құрастырушылар: Ізтаев Ә.І., Мырзалиева С.К., Лесова Ж.Т., Уажанова Р.У., Таева А.М., Сарттарова Л.Т., Құтжанова Ә.Ж., Жаунгарова Ә.Ә., Көшеров Т.С., Аухадиева З.Ж., Еркебаев М.Ж., Синчев Б.Қ., Ержанов Н.М., Сағадиев Н.Д., Есайдар У.С., Сауранова М.М., Даулетбақов Б.Д., Молдағалиева А.Е., Кабдрасина Г.Ш., Сапархан М.С.


^ Бұл каталогта Алматы технологиялық университеті даярлайтын мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарларына сәйкес элективті пәндер каталогы ұсынылған.



Алматы технологиялық университеті

Алғы сөз


Элективтік пәндер каталогын Алматы технологиялық университетiнiң оқу-әдiстемелiк басқармасы құрастырған.

Мамандықтың жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша типтік оқу жоспарында білім алушыларға пәндердiң екi тобы ұсынылады. Бiрiншi - міндетті пәндер тобы, екiншi - студенттердің таңдауымен оқылатын пәндер тобы кіреді. Каталог болашақ маманның атқаратын қызметін ескере отырып дұрыс таңдау жасау үшін маңызды рөл атқарады.

Типтік оқу жоспарына сәйкес міндетті пәндер каталогына қосымша ретiнде элективті (таңдау) пәндер каталогы өңделіп жасалады. Каталогта таңдау пәндеріне кіретін барлық пәндердің жүйелендірілген аннотациялық тiзiмі мен қысқаша мазмұндары, мақсаттары көрсетілген.

Элективті пәндер каталогы барлық мамандықтар бойынша элективтік (таңдау) пәндердiң тiзiмiнен және олардың қысқаша мазмұнынан тұрады.

Каталогтың түпкiлікті мақсаты студенттерді элективтік (таңдау) пәндердiң қысқаша мазмұнымен таныстырып, жеке білім траекториясын анықтауда таңдау мүмкiндiктерін беру болып табылады.


^ Каталогтың құрылымына түсiндiрме

Каталогта кесте түрiнде мамандықтар мен кафедралар бойынша элективтік (таңдау) пәндердің жеке тiзiмдері келтірілген.

Әрбiр кестеде пәндердiң атаулары мен кодтары, несиелердің саны, курстары, семестрлері, пререквизиттері, постреквизиттері және кафедрасы, бағдарламаның авторлары мен дәріс жүргізушілер жөнінде қысқаша мәліметтер берілген.

Элективтік пәндер каталогы негізі үш циклдың пәндерінен тұрады:

- жалпы бiлiм беру пәндер циклi (ЖБП);

- базалық пәндер циклi (БП) ;

- кәсiби пәндер циклi (КП).


^ ТАМАҚ ӨНДІРІСІНІҢ ФАКУЛЬТЕТІ


5В072700 - Азық – түлік өнімдерінің технологиясы

Пәннің аты

^ Тамақ өндірісіндегі санитария және физиология

Пәннің коды

KV 2202.1

Несие саны

5

Курс, семестр

2 курс, 4 семестр

Кафедра аты

Тағам өнімдерінің технологиясы

Дәріс жүргізуші

Абжанова Ш.А. (к/б), Буламбаева А.А. (о/б)

Бағдарлама авторы

Абжанова Ш.А. (к/б), Буламбаева А.А. (о/б)

Пререквизиттер

Химия, органикалық химия, биология

Постреквизиттер

Азық-түлік өнімдерін өндіру салаларының технологиялары, арнайы тағайындау өнімдерінің технологиясы, қоғамдық тамақтану кәсіпорынындағы есеп және есеп тапсыру, қоғамдық тамақтану кәсіпорынын жобалау негіздері, дипломдық жұмыс

Мазмұны

Тағамдық заттардың адам өміріндегі маңызы. Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жүйесінің маңызы. Ас қорыту жүйесінің құрылысы. Адам ағзасының энергия кажетілігі. Ақуыздар. Липидтер. Көмірсулар. Витаминдер. Минералды заттар. Азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарының тағамдық құндылық сипаттамалары. Емдік-профилактикалық тамақтану.

Гигиена – адам ағзасына сыртқы орта факторларының әсерін зерттейтін ғылым. Ол кері әсерлі факторлардың жағымсыз әсерін болдырмау үшін және алдын-алу үшін жасалатын іс-шаралардың негізі болып табылады. Санитария – осы іс-шараларды жүзеге асыратын гигиена саласы.

Тағамдық санитария – халықты сапалы және толыққұнды азық-түлікпен қамтамасыз ету іс-шараларын жүзеге асыратын гигиена саласы. Сонымен қатар ол тағам дайындайтын кәсіпорындарда санитарлық бақылауды ұйымдастырады және азық-түліктердің санитарлық экспертизасын қамтамасыз етеді.

Тамақтану гигиенасы физиология, биохимия, витаминологиямен тығыз байланысты.

Оның негізгі шарттарына келесілер жатады: сыртқы орта факторларының кері әсерінен тағамдық азық-түліктерді қорғау іс-шараларын ұйымдастыру; алиментарлы аурулардың пайда болу себебін анықтау және олардың профилактикасын ұйымдастыру; мамандандырылған пәндерді оқып үйрену үшін бастапқы білімді қалыптастыру; мамандандырылған жұмыс кезінде қолдану үшін теориялық және тәжірибелік білімді қалыптастыру.

Пәннің аты

^ Ет-сүт өнімдерінің анатомиясы және гистологиясы, физико-химиялық қасиеттері

Пәннің коды

KV 3203-5.2

Несие саны

5

Курс, семестр

3 курс, 5 семестр

Кафедра аты

Тағам өнімдерінің технологиясы

Дәріс жүргізуші

Мухтарханова Р.Б. (каз), Тусипжанова А.У. (рус)

Бағдарлама авторы

Мухтарханова Р.Б. (каз), Тусипжанова А.У. (рус)

Пререквизиттер

Органикалық химия, физколлоидты химия, биохимия, микробиология, аналитикалық химия.

Постреквизиттер

Сыр технологиясы, ет консервілері технологиясы, азық түлік өнімдерінің сапасын бақылау және бағалау

Мазмұны

Жануарлардың салыстармалы анатомиясы, ғылым, жануарлардағы әр түрлі жүйелік топтағы құрылымының заңдылығы мен даму органдарын зерттеу. Олардың функцияларына байланысты органдардың құрылымын салыстыру.

Сүт. Оның химиялық құрамы және қасиеттері. Сүттің химиялық құрамы. Сүт полидисперсті жүйе. Физико-химиялық қасиеттері. Сүттің антибактериалды қасиеттері. Сүт өнімдерін өндірудегі физико – химиялық үрдістер.

Пәннің аты

Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру, сервис, этикет және мәдениет

Пәннің коды

KV 3203-5.1

Несие саны

5

Курс, семестр

3 курс, 5 семестр

Кафедра аты

Тағам өнімдерінің технологиясы

Дәріс жүргізуші

Смагулова А.К.(каз,), Тахтаева Ф.Х.(рус)

Бағдарлама авторы

Смагулова А.К. (каз,),Тахтаева Ф.Х.(рус)

Пререквизиттер

Тамақтану физиологиясы, органикалық химия, биохимия, қазақстан тарихы, социология, политология, философия.

Постреквизиттер

Тамақтану кәсіпорындарын жобалау негіздері, есеп және есеп беру, диплом жұмыстары, ұлттық және шетел аспаздар технологиясы.

Мазмұны

Қоғамдық тамақтанудағы халық шаруашылық саласының мәні. Жаңа талапатарға сай тамақтандыруды ұйымдастырудың мәні. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының классификациясы мен типтері, олардың сипаттамалары, сатылатын шикізаттар мен жартылай фабрикаттармен жабдықталуы, материалды-техникалық заттармен жабдықталуы. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын құру үшін бастапқы мәліметтер, мәзірлер мен прейскуранттардың түрлері, олардың безендірілуі. Кәсіпорынның өндірістік жұмысын ұйымдастыру. Даярлау цехының жұмысын ұйымдастыру. Қызмет көрсетудің арнайы формасы. Шетел туристеріне қызмет көрсету ерекшеліктері. Қонақ үйлерде, теміржол вокзалдарында, әуежайларда, порттарда, теплоходтарда тұратын жеке тұлғаларға қызмет көрсету ерекшеліктері.

Қоғамдық тамақтандырудағы эстетика, этика және мәдениет шеңберіндегі негізгі ғылыми жетістіктер. Эстетика мен мәдениеттің даму тарихы. Негізгі эстетикалық категориялар. Эстетика мен мәдениеттің жүргізілу тәртібі. Кәсіби этикет. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жұмысшыларының еңбек психологиясы. Тамақтану кәсіпорындарындағы сәулет құрылысына қойылатын талаптар. Тағамды безендіруге қойылатын эстетикалық талаптар мен мәдениет. Үстелді сервировкалауға қойылатын эстетикалық талаптар, букеттерді құрастыру. Тамақтану жарнамасындағы эстетика. Тамақтандыру кәсіпорындары жұмысшыларының эстетикалық тәрбиесі.

Пәннің аты

^ Азық түлік өнімдерін сақтау технологиясы

Пәннің коды

KV 3203-5.3

Несие саны

5

Курс, семестр

3 курс, 5 семестр

Кафедра аты

Тағам өнімдері технологиясы

Дәріс жүргізуші

Акилова Ф.Е.(каз), Зарицкая Н.Е.(рус)

Бағдарлама авторы

Акилова Ф.Е.(каз), Зарицкая Н.Е.(рус)

Пререквизиттер

Азық түлік өнімдерінің тауартануы, санитария және гигиена

Постреквизиттер

Азық түлік өнімдері саласының технологиясы, азық түлік өнімдерінің сапасын бақылау және бағалау, есеп және есеп беру

Мазмұны

Тағамдық өнімдерді – астық, крахмал және оны өңдеу өнімдері, тоқаш өнімдері және макарон өнімдері, балғын көкөністер, саңырауқұлақтар, жемістер және оларды өңдеу өнімдерін сақтауға қойылатын талаптар және сақтау ерекшелігі, әдістері. Бұршақ және астық дақылдары. Балық және балық өнімдері. Ет және ет өнімдері. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері. Сүт және сүт өнімдері. Тағамдық майлар. Қант, бал және кондитерлік өнімдер. Кондитерлік өнімдер. Какао-ұнтақ. Дәмдік тауарлар. Алкогольді сусындар. Татымдықтар мен дәмдік қоспалар.

Пәннің аты

Ұлттық және шетел аспаздарының технологиясы

Пәннің коды

KV 4303

Несие саны

3

Курс, семестр

4 курс, 7 семестр

Кафедра аты

Тағам өнімдерінің технологиясы

Дәріс жүргізуші

Кененбай Ш.Ы. (каз), (рус)

Бағдарлама авторы

Кененбай Ш.Ы. (каз), (рус)

Пререквизиттер

Органикалық химия, аналитикалық химия, физколлоидты химия, биохимия, микробиология, азық – түлік өнімдерінің жалпы технологиясы

Постреквизиттер

Дипломдық жұмыс

Мазмұны

Ұлттық аспаз, оның даму тарихы, технологиясының ерекшеліктері, қолданылатын ыдыстар мен инвентарьлар, тағамдардың безендірілуі мен жіберілуі, ТМД елдерінің тағам дайындау ерекшеліктері, шикізаттарды өңдеу кезіндегі технологиялық қабылдаулардың ерекшеліктері, дәстүрлі және жаңа тағамдар мен бұйымдар.

Безендіру мен жіберілуі, әлем аспазының дәстүрлері, дайындалу ерекшеліктері, тағамдар мен аспаздық өнімдерді жіберу және безендіру ережелері, әр түрлі контингентті тұрғындардың тамақтану ерекшеліктері, көне, дәстүрлі және жаңа дәстүрлер, зерттелетін тағамдар мен өнімдерге НТҚ құрасттыру, ұлттық шикізаттарды тұрғылықты жердің шикізаттарына алмастыру мүмкіндігін зерттеу.

Қырғыз, өзбек, француз, қытай, жапон аспаздарындағы тағамдардың дайындалу технологиясын зерттеу. Ұлттық және шетел аспазындағы тағамдардың сапасын анықтау.

Тәжірибелік сабақтардың мазмұны:

Қырғыздардың ұлттық аспазы, Белорус аспазы, Молдова аспазы, Неміс аспазы, Ағылшын аспазы, Азия халықтарының аспазы, Жапон және Въетнам аспазындағы тағамдарды дайындаудың ерекшеліктері.

Пәннің аты

^ Балық өнімдерінің технологиясы

Пәннің коды

KV 4301

Несие саны

3

Курс, семестр

4 курс, 7 семестр

Кафедра аты

Тағам өнімдерінің технологиясы

Дәріс жүргізуші

Абжанова Ш.А. (каз), Зарицкая Н.Е. (рус)

Бағдарлама авторы

Абжанова Ш.А. (каз), Зарицкая Н.Е. (рус)

Пререквизиттер

Тағам химиясы, азық-түлік өнімдері саласының технологиясы, биохимия.

Постреквизиттер

Дипломдық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе.Химиялық құрамы және қасиеті, балық және балық өнімдерін өндіру технологиясы. Балық өнімдерінің технологиясы. Балық денесінің құрылымы, өлшемдік-салмағы және химиялық құрамы. Балықты сойғаннан кейінгі өзгерісі. Теңіз жәндіктерініің өлшемдік салмағы және химиялық құрамы.

Пәннің аты

^ Сыр технологиясы

Пәннің коды

KV 4303

Несие саны

3

Курс, семестр

4 курс, 7 семестр

Кафедра аты

Тағам өнімдерінің технологиясы

Дәріс жүргізуші

Мухтарханова Р.Б. (каз), Диханбаева Ф.Т. (рус),

Бағдарлама авторы

Диханбаева Ф.Т. (рус), Мухтарханова Р.Б. (каз)

Пререквизиттер

Азық-түлік өнімдері саласының технологиясы, ет сүт өнімдерінің физикасы мен химиясы

Постреквизиттер

Дипломдық жұмыс

Мазмұны

Сүт саласының даму тарихы. Сүт саласының дамуындағы ғалымдардың рөлі. Сырдың жалпы технологиясы. Сүт сүт өнімдерінің шикізаты ретінде. Тазалау және салқындату. Сүт және сүт өнімдерін алғашқы және механикалық өңдеу. Гомогендеу және сепарирлеу. Сүт және сүт өнімдерін жылулық өңдеу. Пастерлеу және стерилдеу. Бактериялық препараттар, бактериялық препараттарды дайындау. Сыр технологиясы. Сырлардың тағамдық және биологиялық құндылығы. Советский сырының технологиясы. Швейцарский сырының технологиясы. Балғын сырлардың технологиясы. Мәйекті және сүт қышқылды сырлардың технологиясы.

Пәннің аты

Қоғамдық тамақтану кәсіпорынындағы есеп және есеп тапсыру

Пәннің коды

KV 4302

Несие саны

2

Курс, семестр

4 курс, 7 семестр

Кафедра аты

Тағам өнімдерінін технологиясы

Дәріс жүргізуші

Буламбаева А.А. (к/б), Буламбаева А.А. (о/б)

Бағдарлама авторы

Буламбаева А.А. (к/б), Буламбаева А.А. (о/б)

Пререквизиттер

Тамақтану физиологиясы, азық-түлік өнімдерін өндіру салаларының технологиялары

Постреквизиттер

Дипломдық жұмыс

Мазмұны

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын сәтті басқару үшін толық, анық, нысаналы, уақытылы экономикалық ақпараттар қажет. Оған шаруашылық есеп жүргізу арқылы қол жеткізуге болады.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының шаруашылық жұмысына тауарлармен қамтамасыз ету, сақтау, ұсыну, сонымен қатар өзіндік өнім дайындау. Сондықтан есептеудің негізгі мақсатына: тауарлардың сақтауды бақылау, тауар айналымы мен кіріс туралы ақпараттарды кәсіпорын басқармасына уақытында хабарлау, тауармен қамту және оларды қолданудың нәтижелілігі жатады.

Есептеуді дұрыс және уақытылы жүргізу үшін қызметтегі адамдарға анық материалдық жауапкершілік тағайындалып, уақытында инвентаризация және тексерулер өтізіліп тұру керек. Қоғамдық тамақтандыруда негізгі жауапкершілік есепші мен өндіріс басқармасында, себебі олардан салым мөлшері, жылдық өнім бағасы және т.б. жайлы ақпараттар алынады.

Курстың мақсаты мен тапсырмалары:

Студенттерде білім мен жетістіктерді қалыптастыру:

Тауарлық операцияларды құжаттық түрде құрастыру кезінде олардың дұрыстығын тексеру;

Тауарларды бақылау, жарамсыз, ұзақ сатлымай жатып қалған немесе сапасы төмен тауарларды қайтару;

Финанстық көрсеткіштерді бақылау (кіріс мөлшері, қаражаттың келіп түсу көздері және оларды жұмсау реті, айналым қаражаттары, капиталдық салымдар, табыс және т.б.), сатып алушылармен және тауар ұсынушылармен есеп жүргізуді бақылау, бюджетке төлемдердің уақытында келіп түсуін қадағалау;

өндірістің рентабельділігін жоғарлату немесе жүргізу кезінде тежелуді төмендету үшін мүмкіндіктерді табу (айналым тежелулері тауар бағасына кіретін саудалық баға көтеру арқылы жабылады, сонымен қатар баға көтеру арқылы кіріс те жоғарлайды);

материалдық құндылықтар және қаражаттың қозғалысы мен болуын бақылау;

салым мөлшерін сақтау;

жылдық өнім бағасын анықтау және т.б.

Пәннің аты

^ Тағам өндірісіндегі санау және есеп беру

Пәннің коды

KV 4302

Несие саны

2

Курс, семестр

4 курс, 7 семестр

Кафедра аты

Тағам өнімдерінің технологиясы

Дәріс жүргізуші

Хакимова Р.Ш. (каз), Хакимова Р.Ш. (рус)

Бағдарлама авторы

Хакимова Р.Ш. (каз), Хакимова Р.Ш. (рус)

Пререквизиттер

Тамақтану физиологиясы, тағам өнімдерінің технологиясы

Постреквизиттер

Дипломдық жобалау

Мазмұны

Санақ жүргізудің сипаттамасы. Пәннің алдыға қойған мақсаты. Ет өндірісіндегі санақ жүргізуді ұйымдастыру. Өндірісті бірінші санақ жүргізудің негіздері. Ет өндірісінде санақ жүргізуінің нормативтері. Ет өндірісіндегі санау және есеп берудің тәсілдері. Шикізат айналымына есеп беру. Негізгі типтік құжаттар. Ет өндірісінде олардың қолданылуы.

Пәннің аты

^ Тағам өндірісіндегі есеп және есеп беру

Пәннің коды

KV 4302

Несие саны

2

Курс, семестр

4 курс, 7 семестр

Кафедра аты

Тағам өнімдері технологиясы

Дәріс жүргізуші

Акилова Ф.Е. (каз), Акилова Ф.Е. (рус)

Бағдарлама авторы

Акилова Ф.Е. (каз), Акилова Ф.Е. (рус)

Пререквизиттер

Тамақтану физиологиясы, азық түлік өнімдері саласының технологиясы

Постреквизиттер

Дипломдық жобалау

Мазмұны

Есептеу әдісінің жалпы сипаттамасы. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Сүт өнеркәсібі кәсіпорындарындағы есептеуді ұйымдастыру негіздері. Кәсіпорындардағы алғашқылық есептеудің мәні. Сүт өнеркәсібі кәсіпорындарындағы нормативті есептеу. Сүт өнеркәсібі кәсіпорындарындағы есеп және есеп беру пәні және әдістері. Шикізаттың, дайын өнімнің қозғалысын есептеу. Сүт өнеркәсібі кәсіпорындарындағы есеп пен есеп беруде қолданылатын негізгі типтік құжат формалар.

Пәннің аты

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жобалау

Пәннің коды

KV 4304

Несие саны

3

Курс, семестр

4 курс, 7 семестр

Кафедра аты

Тағам өнімдерінің технологиясы

Дәріс жүргізуші

Кузембаев К.К. (каз), Таева А.М. (рус)

Бағдарлама авторы

Кузембаев К.К. (каз), Таева А.М. (рус)

Пререквизиттер

Азық – түлік өнімдерінің жалпы технологиясы, азық – түлік өнімдеріндегі саланың технологиясы, қоғамдық тамақтандырудағы үрдістер мен аппаратар, азық – түлік өнімдерін өндірудегі құрал – жабдықтар.

Постреквизиттер

Дипломдық жұмыс

Мазмұны

Жобалауды ұйымдастыру. Жобалардың түрлері. Типтік жобаны құру. Қайта құрылыс жобасының жасалуы.

Есептеулердің негізгі нормативтері және қоғамдық тамақтандыру

кәсіпорындарының жүйесін орналастыру принциптері. Технологиялық есептеулер. Құрал-жабдықтардың технологиялық есептеулері және оларды таңдап алу. Бөлме аудандарының eceбi. Бөлмелерді функционалды белгіленуіне сәйкес жобалау шешімдері. Бөлмелерді жобалауға қойылатын жалпы талаптар.

Пәннің аты

^ Ет өндірісін жобалау негіздері

Пәннің коды

KV 4304

Несие саны

3

Курс, семестр

4 курс, 7 семестр

Кафедра аты

Тағам өнімдерінің технологиясы

Дәріс жүргізуші

Хакимова Р.Ш. (каз), Хакимова Р.Ш. (рус)

Бағдарлама авторы

Хакимова Р.Ш. (каз), Хакимова Р.Ш. (рус)

Пререквизиттер

Азық-түлік өнімдерінің жалпы технологиясы, азық-түлік өнімдеріндегі саланың технологиясы, қоғамдық тамақтандырудағы үрдістер мен аппаратар, азық-түлік өнімдерін өндірудегі құрал-жабдықтар.

Постреквизиттер

Дипломдық жұмыс

Мазмұны

Өндірістік кәсіпорындардың типтері. Ет өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың классификациясы.

Жобаның сметалық құжаттары. Жобаның құрамы. Жобалаудың этаптары мен стадиялары.

Жобаның технологиялық бөлімін жобалау. Кәсіпорынды жобалау кезіндегі технико-экономикалық негіздемені орындау. Шикізат шығындары және дайын өнімнің шығымы бойынша есептемелер. Жаңа технологиялық құрал-жабдықтарды таңдау. Аудан көлемін есептеудің әдіс-тәсілдері. Өндірістік цехтардың компоновкасы.

Кәсіпорынның бас жобасын жобалау. Бас жоба жайлы түсінік. Бас жобаны жобалаудың негізгі принциптері. Бас жобаны графикалық безендіру.

Жобалаудың жаңа прогрессивті формалары мен әдіс-тәсілдері. Жобалауды дамыту және жетілдіру. САПР жүйесін қолдану және жасау. Типтік жобалау және өндірісті қайта жобалау. Қайта жобалау туралы түсінік. Типтік жобалау. Типтік жобаның каталогтары мен пастпорттары. Курстық және дипломдық жобалау. Жобаның құрамы. ЕСКД талаптарына сәйкес курстық және дипломдық жобалардың графикалық материалдарын безендіру.

Пәннің аты

^ Сүт өнеркәсібі кәсіпорындарын жобалау

Пәннің коды

KV 4304

Несие саны

3

Курс, семестр

4 курс, 7 семестр

Кафедра аты

Тағам өндірісінің технологиясы

Дәріс жүргізуші

Мухтарханова Р.Б. (каз), Диханбаева Ф.Т. (рус)

Бағдарлама авторы

Мухтарханова Р.Б. (каз), Диханбаева Ф.Т. (рус)

Пререквизиттер

Азық түлік өнімдері саласының технологиясы, азық түлік өнімдерінің жалпы технологиясы, тағам өндірісіндегі процесстер мен аппараттар, азық түлік өнімдері өндірісінің құрал жабдықтары.

Постреквизиттер

Дипломдық жобалау

Мазмұны

Өнеркәсіп кәсіпорындарының жіктелуі

Жобалық-сметалық құжаттар. Жоба құрамы. Жобалаудың кезеңдері мен этаптары.

Жобаның технологиялық бөлігін жобалау. Кәсіпорынды жобалаудағы технико-эконмикалық негіздеуді орындау.

Шикізаттар шығыны мен дайын өнім шығымы бойынша есептеулер. Заманағой технологиялық құрал-жабдықтарды таңдау. Аудандарды есептеу әдістері. Өндірістік цехтарды компоновкалау.

Кәсіпорынның бас жоспарын жобалау. Бас жоспар туралы түсінік. Бас жоспарды жобалаудың негізгі қағидалары. Бас жобаны графикалық рәсімдеу. Жаңа прогрессивті жобалау формалары мен әдістері. Жобалаудың дамуы және жетілдірілуі. Типтік жобалау және істегі кәсіпорындарды қайта құрастыру. Қайта құрастыру туралы түсінік. Типтік жобалау. Типтік жобалардың каталогтары және паспорты. Курстық және дипломдық жобалау. Жоба құрамы. Курстық және дипломдық жобалардың графикалық матеиалдарының ЕСКД талаптарына сәйкес рәсімделуі.

Пәннің аты

^ Арнайы бағыттағы өнімдердің технологиясы

Пәннің коды

KV 4301

Несие саны

3

Курс, семестр

4 курс, 7 семестр

Кафедра аты

Тағам өнімдерінің технологиясы

Дәріс жүргізуші

Кененбай Ш.Ы. (каз), Масимова С.Х. (рус)

Бағдарлама авторы

Кененбай Ш.Ы. (каз), Масимова С.Х. (рус)

Пререквизиттер

Азық түлік өнімдерінің тауартануы, тамақтану физиологиясы, азық түлік өнімдері саласының технологиясы, қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру және сервис

Постреквизиттер

Дипломдық жұмыс

Мазмұны

Тұрғындардың тамақтануы мен денсаулығының әлеуметтік-экономикалық проблемалары. Адамның тамақтануы туралы ғылым. Тамақтанудың негізгі теориялары. Тамақтанудың альтернативті теориялары. Тамақтану және лиментарлы аурулар. Ақыл ой еңбегімен айналысатындардың тамақтануы. Зиянды жағдайда жұмыс істейтіндердің тамақтануы. Балалардың тамақтануы.

Студенттердің тамақтануы. Жүкті және емізетін әйелдердің тамақтануы. Геродиеталық тамақтану. Диеталық тамактану. Диета сипаттамалары. Емдік диета және тамақтану режимдерін құрастыруға қойылатын ғылыми талаптар. Нөмірлік диеталардың сипаттамасы. Химиялық аялауды қамтамасыз ететін технологиялық қабылдаулар. Механикалық аялауды қамтамасыз ететін технологиялық қабылдаулар. Еттен, құс етінен, балықтан, көкөністерден, жармалардан, бұршақтылардан, макарон өнімдерінен, ірімшіктен, жұмыртқадан, субөнімдерден, көжелер, соустар, салқын тағамдар, басытқылар, тәтті диеталық тағамдар дайындау.

Мәзір құрастыру және №1, 2, 5, 7, 9, 10, 11, 15 диеталардың энергетикалық құндықтарын есептеу.

Пәннің аты

^ Ет консервілерін өндіру технологиясы

Пәннің коды

KV 4303

Несие саны

3

Курс, семестр

4 курс, 7 семестр

Кафедра аты

Тағам өнімдерінің технологиясы

Дәріс жүргізуші

Абжанова Ш.А. (каз), Хакимова Р.Ш. (рус)

Бағдарлама авторы

Абжанова Ш.А. (каз), Хакимова Р.Ш. (рус)

Пререквизиттер

Аналитикалық химия, органикалық химия, биохимия, қоғамдық тамақтандыру салаларының технологиясы

Постреквизиттер

Дипломдық жұмыс

Мазмұны

Банкідегі консервілердің ассортименті. Термоөңдеу. Балаларға арналған және диеталық консервілерді өндірудің ерекшеліктері. Ет және ет өнімдерін сублимация тәсілдері арқылы кептіру. Ет өндірісінің дамуындағы негізгі этаптар және олардың ғылыми түрдегі жетістіктері. Бастапқы шикізаттың технологиялық өндіру кезеңіндегі физико – химиялық, биохимиялық және механикалық өзгерістері. Стандарт, сапасын тексеру және өндірілген өнімнің сапасын анықтау тәсілдері.

Пәннің аты

^ Балалар тамақтануына арналған сүт өнімдері мен консервілерінің технологиясы

Пәннің коды

KV 4301

Несие саны

3

Курс, семестр

4 курс, 7 семестр

Кафедра аты

Тағам өнімдерінің технологиясы

Дәріс жүргізуші

Таракбаева Р.Е. (каз), Зарицкая Н.Е. (рус)

Бағдарлама авторы

Таракбаева Р.Е. (каз), Зарицкая Н.Е. (рус)

Пререквизиттер

Азық түлік өнімдері саласының технологиясы

Постреквизиттер

Дипломдық жұмыс

Мазмұны

Сүт және сүт өнімдерінің жалпы технологиясы. Сүт сүт өнімдерінің шикізаты ретінде. Сүттің тағамдық және биологиялық құндылығы. Дайындалатын сүтке қойылатын талаптар. Сүт және сүт өнімдерін алғашқылық және механикалық өңдеу. Сүтті алғашқылық өңдеу және тасымалдау. Сепарирлеу. Гомогендеу. Сүт және сүт өнімдерін жылулық өңдеу. Балалар тамақтануына арналған сүт өнімдері мен консервілерінің технологиясы.

Пәннің аты

Ұлттық ет өнімдерінің өндірісіндегі ғылыми-тәжірибелік негіздер

Пәннің коды

KV 4301.4

Несие саны

3

Курс, семестр

4 курс, 7 семестр

Кафедра аты

Азық-түлік өнімдерінін технологиясы

Дәріс жүргізуші

Узаков Я.М.

Бағдарлама авторы

Узаков Я.М.

Пререквизиттер

Азық-түлік өнімдерінің химиясы, биохимия

Постреквизиттер

Ғылыми-зерттеу жұмыс

Мазмұны

Жылқы, түйе, қой еттерін бөлшектеу және сойыс ерекшеліктері. Жылқы, түйе, қой еттерінің функционалды-технологиялық қасиеттерін зерттеу. Жылқы, түйе, қой еттерінің тағамдық құндылығы және құрамы. Ұлттық ет өнімдерінің ассортименті. Ұлттық ет өнімдерінің технологиясы. Жылқы, түйе, қой еттерінен жаңа заманға сай ет өнімдерінің технологиясын жасау.

Пәннің аты

Ұлттық сүт өнімдерінің өндірісіндегі ғылыми-тәжірибелік негіздер

Пәннің коды

KV 4303.4

Несие саны

3

Курс, семестр

4 курс, 7 семестр

Кафедра аты

Азық-түлік өнімдерінін технологиясы

Дәріс жүргізуші

Алимарданова М.К.

Бағдарлама авторы

Алимарданова М.К.

Пререквизиттер

Азық-түлік өнімдерінің химиясы, биохимия

Постреквизиттер

Ғылыми-зерттеу жұмыс

Мазмұны

Сүт шикізаттарының барлық түрін рационалды қолдану. Бие, түйе, ешкі, және қой сүттерінің құрамы мен қасиеттері. Ұлттық сүт өнімдерінің ассортименті. Ұлттық сүт өнімдерінің рецептураларын ғылыми негіздеу. Әр түрлі ауыл шаруашылығындағы мал сүттерінің негізінде ұлттық сүт өнімдерін өндіру технологиясы. Ұлттық сүт өнімдерінің өндірісіндегі технологиялық режимдерді зерттеу. Ұлттық сүт өнімдерін өндіруде қолданылатын бактериалды дақылдардың қасиеттері мен құрамын зерттеу. Ұлттық сүт өнімдерінің тағамдық, биологиялық, және энергетикалық құндылығы.

Ұлттық сүт өнімдерінің биотехнологиясындағы жаңа тенденциялар.

^ 5В072800 – Өңдеу өндірістерінің технологиясы

Пәннің аты
^ Астықтану және өсімдік шаруашылығының негіздері
Пәннің коды

KV 3206.1

Несие саны

3

Кафедра аты

Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы

Дәріс жүргізуші

Онгарбаева Нурлайым Онгарбаевна

Бағдарлама авторы

Онгарбаева Нурлайым Онгарбаевна

Курс, семестр

3, 5

Пререквизиттер

Бейорганикалық және органикалық химия, биохимия, микробиология, аналитикалық және физколлоидтық химия, өсімдік өнімдерін өңдеу және сақтау.

Постреквизиттер

Нан өнімдері технохимиялық бақылау, дәнді өңдеу және сақтау технологиясы, метрология, стандартизация және сертификация, өңдеу өндірістерінің арнайы технологиясы

Мазмұны

Дән өндірістерінің перспективті жетілдіру және жағдайы және егін шаруашылығы. Қазақстан Республикасының егін шаруашылығының дамуы мен жағдайы. Астықтың морфологиясы және анотомиясы. Астықтың технологиялық қасиеттері және стандарты.

Пәннің аты

^ Нан, кондитер және макарон өнімдер шикізатының сипаттамасы.

Пәннің коды

KV 3206.2

Несие саны

3

Кафедра аты

Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы

Дәріс жүргізуші

Шаншарова Динара Айтпаевна

Мулдабекова Баян Жаксылыковна

Бағдарлама авторы

Мулдабекова Баян Жаксылыковна

Курс, семестр

3, 5

Пререквизиттер

Жоғары математика, бейорганикалық және органикалық химия, биохимия, аналитикалық және физколоидты химия, микробиология

Постреквизиттер

Қайта өндіру өндірісінің арнайы технологиясы, нан, макарон және кондитер өндірісінің технологиясы.

Мазмұны

Арнайы технологияны танымды және бағытты түрде оқып үйрену

Пәннің аты

^ Негізгі жүзім өсірудің Ампелографиясы

Пәннің коды

KV 3206.4

Несие саны

3

Кафедра аты

Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы

Дәріс жүргізуші

Рустемова Айнаш Жубайхановна

Бағдарлама авторы

Рустемова Айнаш Жубайхановна

Курс, семестр

3, 5

Пререквизиттер

Жоғары математика, информатика, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау, өңдеу өндірісінің жалпы технологиясы, тағам өнімдерінің теориялық негіздері, астық биохимиясы.

Постреквизиттер

Спирт технологиясы, ликер-арақ өндіру технологиясы, шарап өндірудің технологиясы, астық өңдеу және элеваторлар ,астық өңдеу мекемелерін ААЖЖ негізінде жобалау.

Мазмұны

Жүзім шаруашылығы жағдайы мен оны жетілдіру міндеттері. Жүзім түрлерінің жалпы мәліметтері. Жүзім өсімдігінің жетілуімен дамуының ерекшеліктері. Жүзім өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері. Вегетациялық фазалары. Жүзім сұрыптарын іріктеу. Жүзімді көбейту және оны отырғызу материалында өсіру. Жүзім өсірушілерінің прогрессивті жағдайы. Отырғызу нұсқасы және қатарлардың формасы. Жүзімнің перспективтік және жаңа сұрыптары. Жүзімнің асханалық және технологиялық сұрыптары. Жүзімнің құрамында кездесетін зиякестер және ауру түрлері, олармен күресу әдістері.

Пәннің аты

^ Астықты кептіру және сақтау технологиясы.

Пәннің коды

KV 3208.1

Несие саны

3

Кафедра аты

ТХП

Дәріс жүргізуші

Байбатыров Торебек Ауелбаевич

Бағдарлама авторы

Байбатыров Торебек Ауелбаевич

Курс, семестр

3, 6

Пререквизиттер

Жоғары математика, информатика, биохимия, өсімдік шаруашылығы негізінде астықтану технологиясы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау, өңдеу өндірістерінің жалпы технологиясы, өңдеу өндірістерінің теориялық негіздері және т.б.

Постреквизиттер

Астық өңдеу және элеваторлар, астық өңдеу мекемелерін ААЖЖ негізінде жобалау, элеваторлар технологияс, ұн өндірісі технологиясы, жарма өндіру технологиясы.

Мазмұны

Астықты кептірудің техникасы мен технологиясын оқып үйрену, кептіргіштердің құрылымдары, жылуды өткізу әдістері, астық қабатының қаупі, энергетика ресурстарының шығымы негізінде қалыптасады.

Пәннің аты

^ Нан өндірісінің технологиясы

Пәннің коды

KV 3208.2

Несие саны

3

Кафедра аты

Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы

Дәріс жүргізуші

Искакова Г.К. Байысбаева М.П.

Бағдарлама авторы

Искакова Г.К. Байысбаева М.П.

Курс, семестр

3, 6

Пререквизиттер

Нан биохимиясы, тағамдық химия, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау, және өңдеу өндірісінің жалпы технологиясы, өңдеу өндірісінің теориялық негіздері, және т.б

Постреквизиттер

Нан өнімдерін технохимиялық бақылау, метрология, стандарттау және сертификация, өңдеу өндірісінің арнайы технологиясы,

нан, макарон және кондитер өнімдерін өндіру мекемелерін ААЖЖ негізімен жобалау, тағамдық құндылығы жоғары өнімдердің технологиясы.

Мазмұны

Нан өндірудің технологиялық процесстерінің негізгі кезеңдері. Нан және нан өнімдерінің түрлері. Нан өндірісі өнімдерінің сапасын бақылау және негізгі шектеулері. Бидай және қара бидай ұнының наубайханалық қасиеттері. Ашыту кезінде жүретін процесстер. Қамыр құрамындағы жеке рецептуралық компоненттерінің мөлшерлік қатынасы және ролі. Өнімдерді бөлшектеу және пісіру. Қамыр дайындамалары пісіруде жүретін процесстер. Нанды сақтау. Нанды сақтауда жүретін процесстер. Нан шығымы.

Пәннің аты

^ Ликер-арақ өндірісінің технологиясы.

Пәннің коды

KV 3208.4

Несие саны

2

Кафедра аты

ТХП

Дәріс жүргізуші

Байгазиева Г.И.

Бағдарлама авторы

Байгазиева Г.И.

Курс, семестр

6

Пререквизиттер

Органикалық және неорганикалық химия, аналитикалық және физколоидты химия, биохимия, өңдеу өндірісінің жалпы технологиясы және теориялық негіздері.

Постреквизиттер

Спирт технологиясы, ликер-арақ өндірісінің технологиясы, ашыту өндірісі және шарап өңдеу мекемелерін ААЖЖ негізінде жобалау.

Мазмұны

Этил спирті, оны қабылдау және сақтау. Физико-химиялық қасеттері. Ректификті этил спиртінің сипаттамасы. Суды әкті-содалы түрде жұмсарту. Су деминерализациясы. Арақ дайындау.

Арақ түрлері. Су-спиртті ерітінділердің құрылымы. Су-спиртті қоспаларды есептеу. Іріктеулерді дайындау әдістері. Іріктеулерді сүзгілеу. Іріктеулерді белсенді көмірмен өңдеу. Ликер-құю өндірісінің өсімдік түріндегі шикізаттар. Спиртті шырындарды дайындау. Принципті технологиялық нұсқа. Спиртті тұнбаларды дайындау.

Пәннің аты

^ Элеватор өндірісінің технологиясы

Пәннің коды

KV 3207.1

Несие саны

3

Кафедра аты

Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы

Дәріс жүргізуші

Изтаев А.И.

Бағдарлама авторы

Изтаев А.И.

Курс, семестр

3, 6

Пререквизиттер

Биохимия; Өсімдік негізіндегі астықтану; Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және кептіру.

Постреквизиттер

Астық өңдеу және элеваторлар, астық өңдеу мекемелерін ААЖЖ негізінде жобалау,

ұн өндірісі технологиясы, жарма өндіру технологиясы.

Мазмұны

Қазақстанда элеватор өндірісінің дамуы мен жетілуінін қойма қабырғаларымен түбіне астықтан түсетін қысым. Астық партияларының қалыптастыру технологиясы. Астықты орудан кейін қабылдау және өңдеу технологиясы. Астық қоймалары мен механикаландырылған жұмыс орындары. Элеватордың конструкциялары мен жобалары. Элеватордың есептеу жұмыстары. Қазіргі заманғы элеватордың технологиялық ерекшеліктері. Тұқымды өңдеу цехтары мен зауыттары. Астықты өңдеу өнімдерін сақтау қоймалары мен реализациялық базалар. Элеватордың технологиялық процесстерін ұйымдастыру.

Пәннің аты

^ Макарон өндірісінің технологиясы.

Пәннің коды

KV 3207.2

Несие саны

3

Кафедра аты

ТХП

Дәріс жүргізуші

Искакова Г.К., Байысбаева М.П.

Бағдарлама авторы

Искакова Г.К., Байысбаева М.П.

Курс, семестр

3, 6

Пререквизиттер

Неорганикалық және органикалық химия, биохимия, аналитикалық және физколлоидтық химия, микробиология, өңдеу өндірістерінің процесстері мен аппараттары.

Постреквизиттер

Арнайы дайындалған ұн бұйымдарының технологиясы, нан, макарон және кондитер өнімдерін өндіру мекемелерін АЖЖ негізімен жобалау, тағамдық құндылығы жоғары өнімдердің технологиясы.

Мазмұны

Макарон өнімдерінің классификациясы. Негізгі және қосымша шикізатта
еще рефераты
Еще работы по разное