Лекция: Буль алгебрасы. Логикалық қондырғылар схемасы: а) конъюнктор, б) дезъюнктор, в) инвертор.

ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС осы үш сипатталған функциалар буль базисы деп аталады, осылар арқылы басқа функцияларды сипаттауға болады. Кейде екеуін біріктіріп пайдалануға болады, көбіне олардың біреуі міндетті түрде ЕМЕС болады. .

ЖӘНЕ — ЕМЕС-элементтерін штрих Шеффера (Sheffer stroke) деп те атайды, NAND (қысқаша NOT AND) депте атайды. Алгебралық жазылуы ЖӘНЕ – ЕМЕС.

Негізгі логикалық операциялар.

А) Логикалық көбейту. Логикалық элемент коньюнктор.

Және жалғаулығының көмегімен қарапайым екі А мен В айтылымдарының бір кұрамдасқа бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция (латынша conjunction — біріктіру), ал операцияның нәтижесі — логикалық көбейтінді деп аталады, ал осы операцияны орындайтын электрондық сызба коньюнктор (сурет 3) деп аталады. Және операциясы "." нүктемен белгіленеді (& белгісімен де белгіленуі мүмкін). Коньюнкцияның алгебралық өрнегі F=А×В не F=А&В.

Жалпы түрде коньюнкция үшін (кесте 3):

♦ Кірісте пікірлердін барлығы де ақиқат («иә», «1») болса, конъюнкция ақиқат («иә», «1») болады.

♦ Егер кірісте пікірлердің ең болмағанда біреуі жалған («жоқ», «0») болса, онда конъюнкция жалған («жоқ», «0») болады.

Б) Логикалық қосу. Логикалық элемент дизьюнктор.

Біріктіруші мағынада колданылатын немесе жалғаулығының көмегімен қарапайым А және В айтылымдарының бір кұрамдасқа бірігуі логикалық қосу немесе дизъюнкция (латынша disjunctio — бөлу), ал операцияның нәтижесі — логикалық қосынды деп аталады, «+» не «v» белгіленеді. Бұл операцияны орындаушы электрондық сызбаны дизъюнктор (сурет 4) дейді. Немесе логикалық операциясы сызбада «1» белгісімен (кейде + не V белгісімен) белгіленеді. Дизьюнкцияның алгебралық өрнегі F=А+В не F=АvB.

♦ Қарапайым пікірлердің (А, В) ең болмағанда біреуі ақиқат болса, онда құрамды пікірдің (А немесе В) дизъюнкциясы ақиқат болады.

♦ Қарапайым пікірлердің (А, В) барлығы жалған болса, онда құрамды пікірдің (А немесе В) дизъюнкциясы жалған болады.

В) Логикалық терістеу. Логикалық элемент инвертор.

Қарапайым А айтылымына емес шылауын қосу логикалық терістеу операциясы, немесе инверсия деп аталады, операцияны орындау нәтижесінде жаңа айтылым пайда болады. Логикалық терістеуші электрондық сызба инвертор (сурет 6) деп аталады. Емес операциясы айтылымның үстіне сызықша салумен белгіленеді. Инвертордың алгебралық өрнегі F=Ā.

бастапқы А айтылымы жалған болса, онда А емес (А ақиқат емес), теріске шығаруы иә мәніне ие болатынын көреміз. Және, керісінше, егер бастапқы А айтылымы ақиқат болса, А емес, жоқ мәніне ие болады.

• Бастапқы пікір жалған болғанда, терістеу- ақиқат.

• Бастапқы пікір ақиқат болғанда, терістеу- жалған.

Windows операциялық жүйесі. Жұмыс үстелi және оның негізгі элементтері: пиктограмма, жарлық, есептер тақтасы Терезелер. Стандартты терезенің негізгі элементтері.

Windows-басқару орталығы жұмыс үстелі болып табылады. Ол арқылы компьютерде бар нәрселерге жетуге болады, яғни компьютерге “ену есігі” тәріздес. Жұмыс үстелі қолданушының жұмыс орыны тәріздес.

Компьютерді тоқ көзіне қосқан соң монитор экранында Жұмыс үстелі (сурет 1) пайда болады. Жұмыс үстелі деп Windows ортасының жұмысы кезіндегі экранның толық бетін айтады.”Жұмыс үстелі” – ол метафора. Кәдімгі үстел үстіне кітаптар, оқулықтар, дәптерлер, бумалар қойылады да, олар кезекпен қолданылады. Windows ортасында кітап, дәптер, оқулықтар қызметін қолданбалар мен құжаттар терезелері атқарады. Қолданбалар мен құжаттар терезелері “үстелдің” кезкелген жерінде орналасулары, немесе бір-бірінің үстіне орналасулары мүмкін және “үстел” үстінде орнын ауыстырулары немесе өлшемдерін өзгертуі мүкін. Жүргізілетін жұмысқа байланысты қолданушы “жұмыс үстелінің” үстінде, белгілі тәртіппен орналасқан немесе қалай болса солай шашылып жатқан, бірненше терезені ұстауына болады (сурет 2), сонымен қатар қажетсіз терезелерді алып тастап, тек қана қажетті бір терезені қалдыруға болады.

Жұмыс үстелі астындағы сұр жолақ есеп тақтасы немесе тапсырмалар тақтасы деп аталады. Есеп тақтасының сол жағында, бас менюді ашатын, “Пуск” пернесі бар, бұл пернеден оңға қарай программаларды жылдам қосу жарлықтарының орны, сонан кейін жұмысқа қосылған программалар пиктограммаларының орны, есеп тақтасының оң жағында әртүрлі пиктограммалар-индикаторлар орны бар (сурет 1 және 2).

Windows ортасындағы әр қолданба программа белгілі объекті өңдеуге арналған. Мысалы, Word процессоры – мәтіндік құжаттармен, Excel процессоры – электрондық кестемен, информациялық қолданбалар – деректер базаларымен, және т.б. жұмыс істеуге арналған. Әр объект дискте жеке файл түрінде сақталады. Файл пішіні қолданба программамен анықталады. Файл форматы (пішіні) оның кеңейтуімен көрсетіледі: мысалы, графикалық (сурет) объектер графиқалық .BMP, .PCX, немесе .JPG файлдарда, мәтіндер “Word құжаттары” .DOC немесе .RTF файлдарында, электрондық кестелер .XLS файлдарында және т.б. сақталады.

Графикалық технологияның әдістемелерінің біркелкілігін көрсету үшін және терминдерді қалыптастыру үшін кезкелген өңделуші объекті құжат (ол негізінде, мысалы, мәтіндік файл немесе электрондық кесте не сурет болуы мүмкін) деп атайды. Құжат компьютер жадысына өңдеу үшін жүктеледі және дискте файл түрінде сақталады.

Windows ОЖ-сінде тізімше (директорий, каталог) ұғымының орнына бума қолданылады, яғни құжаттар бумада сақталады. Бумалардың е1кі түрін ажыратады: кәдімгі бумалар (MS DOS жүйесіндегі тізімшелер) және арнайы бумалар (сурет 3): менің компьютерім, логикалық дисктер С, D,… – дисктердің түп тізімшелері, қолжын (корзина), басқару тақтасы (панель управления), принтерлер және тағы басқалар. Арнайы бумалардың әрқайсысы өзінің қызметіне сай графикалық пішінмен көрсетіледі, ал қалыпты бумалардың барлығының пішіндері бірдей болады.

Windows объектісі түсті белгімен – пиктограммамен көрсетіледі. Пиктограммада есім болады және ол объектің атқаратын қызметіне байланысты суретпен өрнектеледі (сурет 3). Windows ортасында жұмыс істейтін программаны жылдам қосуға арналған пиктограмманы жарлық деп атайды. Жарлықтың басқа пиктограммалардан айырмашылығы, оның төменгі сол жақ бұрышындағы иілген стрелкасы бар (сурет 3). Құжаттар пиктограммасының басқа пиктограммаладан айырмашылығы, оның оң жақ жоғарғы бұрышы иілген (сурет 3). Программаны не құжатты жұмысқа қосу үшін немесе буманы ашу үшін тышқанның сілтегішінмен жарлықты не пиктограмманы көрсетіп, тышқанның сол жақ тиегін жылдам екі рет шерту керек.

Терезелер. Стандартты терезенің негізгі элементтері.

Windows ОЖ-сінде жұмыс істеуге арналған программаларды қолданба деп атайды.

Windows ортасының негізгі түсінік – терезе. Терезе экранның графикалық түрде белгіленген бөлігі, яғни рамкамен шектелген экранның төртбұрышты сегменті. Әрбір қолданба жеке терезеде орындалады. Терезе (сурет 4) экранның бөлігін алып тұруы мүмкін (қалыпты нұсқадағы терезе), не толық экранды алып тұруы мүмкін ( толық экранды нұсқалы терезе).

Терезенің ең жоғарғы көк не сұр түсті жолағы тақырып жолы деп аталады. Бұл жолда қолданба есімі жазылады.

Қолданба терезесін ашу қолданба программаны жұмысқа қосу дегенді білдіреді. Қолданба терезесін жабу — қолданба программаның жұмысын аяқтау дегенді білдіреді. Бір уақытта бірнеше қолданба, әрқайсысы өзінің терезесінде, ашық бола алады және қолданушы тышқанның көмегімен бір қолданбадан екіншіге жылдам ауыса алады.

Өңделуші объекті орналастыру үшін әрбір қолданба құжат терезесі болып табылатын жеке терезе ескереді. Егер бағдарлама тек қана бір файлды өңдей алатын болса, онда құжат терезесі қолданба терезесінің айыруға болмайтын бөлігі болып табылады. Егер бағдарлама бір уақытта бірнеше объектті өңдей алатын болса ( Word пен Excel ), онда бір қолданба терезесінде бірнеше құжат терезесі ашылуы мүмкін. Жұмыс кезінде бұл терезелердің кез келгені қолданбаның бөлігі бола алады. Құжат терезесі өзінің өлшемдерін және орналасу орнын қолданба терезесі ішінде ғана өзгерте алады.

Windows ортасында мынандай терезелер түрін (сурет 5) айырады:

— қолданба (программа, бағдарлама) терезесі (сурет 5);

— құжат (қолданбаның өңдеу объектісінің) терезесі (сурет 5);

— сұхбаттасу (өңдеу сайманы, өңдеу құралы) терезесі (сурет 6).

Сонымен бірге терезелер:

1) ерікті, объектер (қолданба, бума, құжат) терезелері, олардың өздері әртүрлі нұсқада болуы мүмкін:

— толық экранды – терезе жайылған, сондықтан экран аумағын толық алып тұрады (сурет 4) және бұл нұсқада терезе өлшемдерін өзгертуге болмайды

— қалыпты – терезе экранның аумағын толық не бөлігін алып тұрады (сурет 4) және бұл нұсқада терезе өлшемдерін өзгертуге болады;

— пиктограмма – терезе пиктограммаға, мүмкін болатын ең кіші аумаққа, бүктелген.

2) бекітілген — өзінің өлшемдерін өзгерте алмайтын терезелер, мысалы, сұхбаттасу терезелері (сурет 6).

Терезелердің нұсқасын өзгерту үшін, терезенің тақырып жолының оң жақ бұрышындағы, пернелер (батырмалар, сурет 7) қолданылады:

• “Свернуть”  түріндегі перне терезені пиктограммаға бүктеу үшін;

• “Развернуть”  түріндегі перне терезені толық экранды түрге айналдыру үшін;

• “Восстановить”  түріндегі перне терезені қалыпты ңұсқаға келтіру үшін;

• “Закрыть”  түріндегі перне терезені жабу үшін.

Терезенің мәлімет енгізілетін бөлігін жұмыс ауданы деп атайды. Жұмыс жүргізіліп тұрған терезе актив терезе деп аталады Актив терезе басқа терезелердің үстінде орналасады және оның тақырып жолы түсті болып тұрады.

Терезенің көрінбейтін бөлігін көрсету үшін тік және жатық айналым жолақтары қолданылады (сурет 7). Көру үшін айналым жолақтарындағы жуан стрелканы тышқанмен шерту керек.

Күй жолы (сурет 7) немесе қалып-күй жолы терезенің міндетті емес элементі. Мұнда жұмыс жүргізіп отырған жағдайларға сәйкес мәліметтер: бет саны, курсордың орналасуы, бұйрықтың арналуы (қызметі) туралы түсініктер көрсетіледі.

еще рефераты
Еще работы по информатике