Лекция: Кестелік процессор MS Excel. Microsoft Excelде диаграммалар алу. Диаграммалар түрлері

Диаграмма – диаграммалар деректерді көзбен шолып көрсетудің қолайлы құралы болып табылады және кестелермен қатар ғылыми-техникалық құжаттарда кеңінен қолданылады. Мәтіндік процессор диаграммасын жасау үшін Microsoft Word іске қосушы Microsoft Graph құралына ие. Microsoft Graph 2000 – диаграмма мен графиктерді жасау, редакциялау, импорты үшін пайдаланылуы мүмкін қолданбалы программа.

Деректеріңіз кестеге енгізіліп болғаннан кейін сіз оларды әр түрлі диаграммалардың тұрпатын пайдаланып, қарап көруіңізге болады. Диаграмма тұрпатын қою үшін Диаграмма →Диаграммалар тұрпаты мәзірінің пунктін пайдалану қажет.

Microsoft Graph-ты пайдаланып, мына тұрпаттағы диаграммаларды жасауға болады.

Гистограмма.Осы тұрпаттағы диаграмма элементтердің арасын салыстыру үшін қызмет етеді, әрі-беріден соң бұл элементтер бөліктің санына қарай әр түрлі ұзындықтағы вертикальды жолақтар түрінде бейнеленеді. Мұндай диаграмманы, мәселен, әр түрлі тауарлардың құндарын салыстыруда пайдаланған қолайлы болады.

Жолақты диаграмма.бұл диаграмманың міндеті де гистрограммадағыдай, алайда, ондағы жолақтар вертикальды емес, горизонтальды орналасқан

График . осы тұрпаттағы диаграммаларда өзгерістің деңгейі мен кезеңіне мән беріледі. Олар, мысалы, он екі ай ішіндегі коммерциялық өсім секілді информацияныбейнелейді.

Дөңгелек диаграмма. Бөліктің бір бүтін тұтастыққа қатынасын, мысалы, фирма шығындарының жалпы бюджетіне әр бөлімнің қосқан үлесін көрсетеді. Мұндай диаграммаға деректердің бір ғана сериясын қосу керек, сондықтан да оның қолданылу аясы басқа диаграммалардікі сияқты аса кең болмайды.

Нүктелі диаграмма. Осы кластық диаграммасы бытыраңқы диаграмма деп те аталады. Олар өзгермелердің арасындағы байланысты көрнекті етіп көрсетеді. Бұл тұрпаттағы диаграмма көп жағынан «График» тұрпатына ұқсағанымен, оны үйлестіруші тегістікте бейнеленуі қажет екі өзгермелінің арасында қажетті байланыс жоқ болғанда ғана пайдалануға болады.

Аймақтары бар диаграмма. Ол көптеген сериялардың салыстырмалы мәндеріндегі бірқатар уақыт ішіндегі өзгерісін көрсетеді. Аймақтары бар диаграммалар уақыт аралығында пайда болған әр түрлі әрі сандық өзгерістерді атап көрсету үшін пайдаланылады.

Сақиналы диаграмма. Дөңгелек диаграммаға ұқсас сақиналы диаграмма да бір бүтін тұтастыққа бөліктің қосатын үлесін көрсетеді.

Күлтегі диаграммасы. Бұл диаграмма да аймақтары бар диаграмма сияқты әр түрлі әрі сандық өзгерістерге баса назар аударады.

Үстіңгі бет. Ол үстіңгі бет түрінде екі өлшем бойынша мәндердің өзгеруін бейнелейді

Көпіршікті диаграмма көп жағынан нүктелі диаграммаға ұқсас. Соңғысы сияқты ол да үйлестіруші тегістік мәндерді белгілеу үшін қызмет етеді. Оның одан жалғыз айырмашылығы мынада: онда үйлестіру нүктелерінен басқа тегістіктегі көпіршіктің мөлшерін бейнелейтін үшінші шама болады.

Биржалық диаграмма үш мәннен тұратын деректердің терілуін бейнелейді. Биржалық интерпретацияда бұл ең жоғары курс, ең төменгі курс және жабу курсында болуы ықтимал.

Цилиндрлік, коникалық, пирамидалықдиаграммалар цилиндр, конус, пирамида түрлеріне сәйкес бағандардағы гистограммаларды білдіреді.

MS Excel деректер қоры ретінде. Сұрыптау бірдеңгейлік және көпдеңгейлік. Сүзгі. Сүзгі қою. Белгілі деректер бойынша және қолданушы сүзгісі көмегімен деректер диапазоны бойынша сүзгілеу жүргізу. Деректерді қайтару. Сүзгіні алып тастау.

Кестелік процессор Microsoft Excel тек қана кестелік деректер бойынша есептеулер жүргізуге ғана емес, сонымен бірге, деректерді сұрыптауға немесе белгілі шарттар бойынша таңдауға мүмкіндік беретін, деректер қоры ретінде де қолданылады.

Microsoft Excelді деректер қоры ретінде қолданғанда деректер кестеге жазылады және кестеде әр баған есімделуі керек, яғни баған есімдері жолында біріктірілген ұяшықтар болмауы керек. Егер кестедегі деректерді дұрыс түсіну үшін бағандар тақырыбында біріктірілген ұяшықтар болу керек болса, онда тақырыпқа бірнеше жол арнау керек. Олардың ең төменгісінде біріккен ұяшықтар болмауы және барлығы есімделуі керек (сурет 1).

еще рефераты
Еще работы по информатике