Реферат: Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

ҚАЗАҚ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ АКДЕМИЯ


«Бағалау және бизнес» кафедрасы


«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚТАГЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШІЛІКТЕРІ»

ПӘНІНЕН

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


Астана – 2010

Құрастырушы: Жуматаева Бақытжамал Әшімқызы, «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚТАГЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШІЛІКТЕРІ»

пәнінен оқу-әдістемелік кешен


Оқу-әдістемелік кешен «Бағалау және бизнес» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

«____» __________2009 ж. №____ хаттама


ҚИТА-ның оқу- әдiстемелiк кеңестің отырысында мақұлданған.


«___» _________ 2010 ж . №____ хаттама


Э


Мазмүны


Силлабус

Глоссарий

Сабақтың жоспары мен мазмұны

Дәрістің негізгі мазмұны

Практикалық сабақтардың негізгі мазмұны

СӨЖ тапсырмалары және оларды орындау бойынша әдістемелік

нұсқаулықтар

Аралық бақылау кестесі

Әдебиет

Тестік тапсырмалар



Пәндi зерттеуге қажет оқу-әдiстемелiк материалдар

Негiзгi әдебиеттер:

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi. Алматы: БИКО, 1994.

Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы 28.02.2007

ҚР «Акционерлiк қоғам туралы» Заңы - 10.07.1998 ж.

ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" Заңы -20.11.98, 19.02.2007 жылғы өзгертулер және толықтырулармен

6. Бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттары, Алматы, 2006

7. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары. ҚР Қаржы министрінің №185 бұйрығымен бекітілген. 23.05.2007ж

8. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн асқа да мiндеттi төлемдер туралы" Кодекс. - Алматы: БИКО, 2005

Әбдiманапов Ә.Ә. Бухгалтерлiк есеп теориясы мен принциптерi. Алматы, 2003ж.

Әбдiманапов Ә.Ә. Бухгалтерлiк және қаржылық есеп принциптерi (Халықаралық стандарт): Оқулық- Алматы: ЖШС "Таугүл - Принт", 2006

Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов. Учебное пособие. - Алматы: "Ержанов и К", 2003.-185с.

Қаржылық есеп: Оқу құралы/ К.К. Кеулiмжаев, З.Н. Әжiбаева және басқалары - Алматы: Экономика, 2001.

Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.

Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердегi бухгалтерлiк есеп: Оқулық/ Жалпы ред. Н.К. Мамыров - Алматы: Экономика, 2005

Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсiпорында бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру- Алматы: Центраудит - Казахстан, 2003

Салина А.П. Бухгалтерлiк есеп принциптерi - Алматы: Экономика, 2003-369 стр.

Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет: Алматы, 2005 - 545с.


Қосымша әдебиеттер:

Брага В.В. Компьютеризация бухгалтерского учета. Учебное пособие.-М.: Финстатинформ,1996г.

Бухгалтерский учет и анализ в зарубежных странах. Учебное пособие.-Минск: ИП "Экоперспектива", 1998

Ильясов К.К., Мельников В.Д. Финансы. Учебник для экономических специальностей вузов. Алматы, Каржы - Каражат, 1997

Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет: Учебное пособие. -М.:ИНФРА-М, 1998.-584с.

Макальская М.Л., Денисов А.Ю. Самоучитель по бухгалтерскому учету. М: АО "ДИС", 1998

Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэл Д. Принципы бухгалтерского учета. - М.: Финансы и статистика, 1994. -496с




Бақылау және бiлiмiн бағалау



Аудиториялық сабақтарда ағымдық бақылау жүргiзу, СОӨЖ және СӨЖ бойынша берiлген тапсырмалардың орындалу сапасына бақылау жасау, жазбаша сұрау арқылы екi аралық бақылау жүргiзу көзделген. Қорытынды бақылау ретiнде емтихан қарастырылған.

АҚымдық бақылау - студентерден дәрiс сабағында өткен тақырыптар бойынша ауызша сұрау және теориялық материалдарды есеп шығару арқылы бекiтiп отыру;

Аралық бақылауды дәрiс оқушы жазбаша түрде сұрау және есеп шығарту арқылы қабылдайды;

Қорытынды бақылау - жабық тестiк сұрақтар арқылы оқу орнының басқармасы бекiтiп енгiзген нысанында қабылданады.

Оқыту нәтижелерiн бағалау жүйесi келесi түрде құрылады:

Ағымдық бақылау – 25 б.

Аралық бақылау (СОӨЖ), бақылау жұмыстары, тестiлер) – 35 б

Қорытынды бақылау– 40 б



^ Пән саясаты

Оқу пәнi экономикалық мамандықтар бойынша оқытылатын студенттер үшiн мiндеттi болып табылады.

Студенттер аудиториялық сабақтарда қойылатын сұрақтарды талқылауға белсене қатысуы мiндеттi болып саналады. Дәрiс және семинар сабақтарына алдын - ала әзiрленiп келуi, СОӨЖ және СӨЖ бойынша берiлген тапсырмалар мiндеттi түрде орындалуы тиiс.

Сонымен бiрге, бақылаудың барлық түрлерiне қатысу мiндеттi болып саналады.

Оқу жүктемесiнiң жалпы көлемi: 74 сағат, оның iшiнде: 30 сағат-дәрiс сабақтары, 15 сағат - практикалық сабаққа, 14 сағат - СОӨЖ- на және СӨЖ -на 15 сағат берiлген.

Глоссарий

Активтер - бұл субъектінің құнмен бағаланатын мүлкі немесе болашақ пайда. Бұл өткен кезеңнің бақылау қорытындысы бойынша болашақта экономикалық табыс әкелетін немесе ұйымның меншіктік ресурсы.

Аванс - алдағы кезең шығыстары мен төлемдеріне берілетін ақша қаражаты, сонымен бірге айдың бірінші жартысында төленетін еңбек ақының бір бөлігі.

^ Аванстық есеп - есеп беруге тиісті тұлға құрып ұсынатын типтік нысандағы құжат.

Ажур - аналитикалық және синтетикалық есептің, қоймадағы және бухгалтериядағы есеп мәліметтерінің, Бас кітапта шығарылған синтетикалық есеп шоттарының қалдықтары және айналымдары мен баланстық қалдықтың сәйкес келуі.

^ Активті шоттар - кәсіпорынның активтері есепке алынатын бухгалтерлік есеп шоттары. Олар құралдар мен мүліктердің жай-күйін, құрамын және орналасуын бейнелейді. Активті шоттарда құралдардың көбеюі дебетке, азаюы кредитке жазылады. Тек дебеттік қалдық болады және баланстың активінде көрініс табады.

^ Акт - бухгалтерлік есепте қолданылатын акт; шаруашылық операцияны жүргізуге жауапты тұлғалар немесе арнайы комиссия құрады

Акцепт - ақша, тауар немесе есеп айырысу құжаттарын төлеуге келісім немесе кепілдік беру.

Акциздер- тауар бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін жанама салық түрі

^ Акция - иегеріне осы қоғамның табысының бір бөлігін (дивиденд) алуға құқық беретін бағалы қағаз

Алғашқы құжаттар- шаруашылық операциялары жүргізілген сәтте толтырылған, олар туралы мәліметті немесе олардың іске асуына рұқсатты дәлейтін материалдық ақпараттар тасымалдаушы.

Амортизация – активтің құнын қызмет мерзімі ішінде жүйелі бөлу түріндегі тозудың құндық көрінісі.

Аудит- Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген талаптарға сәйкес заңды тұлғалардың қаржылық есептіліктерінің сенімділігі мен шынайылығы жөнінде тәуелсіз пікір қалыптастыру мақсатында жүргізілетін тексеріс.

^ Аудитор- кәсіпорынның белгілі бір мерзім ішіндегі қаржылық-шаруашылық қызметі жағдайын тәуелсіз тексеруші тұлға.

Бухгалтерлік баланс- кәсіпорынның шаруашылық қаржысын белгілі бір мерзімге түрлері мен құралу қөзі бойынша жіктеу және олардың жағдайын ақшалай көріністе жалпылау әдісі

^ Бухгалтерлік есеп- ұйымның қаржылық жағдайын, ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны қажет етушілерге жеткізіп отыратын жүйе болып табылады

^ Бухгалтерлік өткізбе- дебеттелетін және кредителетін шоттарын және тіркелуге тиісті шаруашылық операциясының сомасын көрсете отырып шоттар корреспонденциясын құру

^ Бухгалтерлік есеп шоттары- шаруашылық операциялар жөніндегі көрсеткіштеді жіктемелеу, топтастыру және тіркеу белгілері бойынша көрсету тәсілі.

Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары- кәсіпорында жүргізілген барлық шаруашылық операциялар жөніндегі көрсеткіштерді жалпылайтын және тіркеу үшін қолданылатын, бухгалтерлік есеп шоттарының кодтық жүйесі және реттелген классификатор.

Валюта – белгілі бір елдің (ұлттық валюта) немесе шет мемлекеттің (шетел валютасы).

Валюталық бағам – басқа елдің ақша бірлігінде немесе халықаралық валюталық бірліктерде көрініс тапқан бір елдің ақша бірлігінің бағасы.

Вексель – иегеріне мерзімі өткеннен кейін борышкерден көрсетілген ақша сомасын талап ету құқығын беретін құнды қағаз түріндегі бектілген нысандағы жазбаша борыштық міндеттеме.

Дебет – шаруашылық операциясын екі жақты жазу әдісі арқылы тіркеу үшін қажетті бухгалтерлік есеп шотының сол жағы. Активті шоттарда –шоттың ұлғаюын, ал пассивті шоттарда шоттың кемуін білдіреді.

^ Дебиторлық борыш- басқа заңды және жеке тұлғалардың кәсіпорынға қарызы немесе кәсіпорынның басқа компанияның ақша құралдарына, тауарлары мен қызметтеріне және өзге де ақшалай емес активтеріне қойылатын талабы болып табылады.

Дебитор- дебиторлық борышы бар кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен жеке тұлғалар.

^ Есеп саясаты-бұл бухгалтерлік есепке алу және есептемесін ашу үшін олардың қағидаттары мен негіздеріне сәйкес субъектінің басшысы қабылдайтын әдістердің жиынтығы.

Жал –келісім-шартқа сәйкес, белгілі бір төлемге мүлікті уақытша пайдалануға беру. Мүлкін уақытша пайдалануға беруші жақ жалға беруші деп аталады, ал алушы жақ жалгер деп аталады.

^ Күмәнді талаптар- келісім шартта көрсетілген мерзімде немесе төлеу мерзімі бекітілмеген жағдайда қажетті қалыпты уақытта өтелмеген дебиторлық борыш.

Капитал- бұл субъектінің міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтері.

Міндеттемелер- бұл тұлғаның басқа бір тұлғаның пайдасына белгілі бір іс әрекет жасау міндеттемесі.

^ Негізгі құрал - кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа көсіпорынға жалға беру үшін немссс әкімшілік мақсатта пайдаланылатын және бір операциялық циклдан немесе кезеңнен (І жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланады деп болжанатын материалдық активтер.

Өтімді активтер - тез арада алдын – ала белгілі ақша сомасына айнала алатын активтер.

^ Пайда- есепті кезеңде активтердің көбеюі не міндеттемелердің азаюы.

Төлем валютасы – жабдықтаушы мен сатып алушы арасында келісілген тауарды, көрсетілген қызметтерді, несиені өтеу валютасы төлеу

Шығындар- кезеңдері нақты анықталған жағдайда, кезең барысында ол өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына жатқызылуы мүмкін, немесе басқа да көздерінің есебінен есебінен есептен шығарылуы мүмкін, бірақ аталған жағдайлардың барлығы да яғни олардың кезеңін және есептеп шығару тәртібін кәсіпорынның өзі анықтайды.

^ Шаруашылық операциялары- кәсіпорынның мүлік құрамына оның міндеттерімен меншікті капиталдарын іс- әрекеттерімен және жағдайлары мен байланысты өзгеріске ұшыратын, сонымен қатар шаруашылық – құқықтық қатынастар өзгерістерін көрсететін факт.

^ Шоттардағы екі жақты жазу- шаруашылық операцияларын ақшалай бағамда бірдей сомада, өзара байланысқан екі шотта тіркеу тәсілі.

Шоттар корреспонденциясы- шаруашылық операцияларын өзара байланысқан бір шоттың дебетінде келесі шоттың кредитінде көрсету.

Шығыстар- бұл есепті кезеңдегі активтердің кемуі, болмаса міндеттемелердің ұлғаюы.


Кіріспе.

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сонымен қатар өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылымдардың бірі. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық жағдайын, ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны қажет етушілерге жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Сонымен қатар ұйымның қаржылық жағдайын жоспарлау, бақылау, бағалау және талдау үшін қажет. Тек бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын, шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есеп – бұл қазіргі кезеңде маңызды қолданбалы мәні бар арнайы экономикалық білім аумағы болып табылады. Ол қызметінің түрі мен мақсатына тәуелсіз, қоғамдық пайдалы немесе қайырымдылық іс атқарса да, өнім шығарса немесе қызмет көрсетіп, жұмыс орындаса да әрбір ұйымға қажетті.

Бухгалтерлік есепті білу және оның көмегімен алынған мәліметтерді талдай алу тек кәсіби мамандарға ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық басшыларына да қажет. Өйткені олар ұйымдағы бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына тікелей жауапты болып келеді. Қазіргі кезде бухгалтерлік есептің негіздерін білу экономикалық білім берудің қажетті бөлігі болып саналады.

Бухгалтерлік есептің ақпарапттық жүйесі қаржылық /сыртқы/ және басқарушы /ішкі/ есеп болып екіге болып екіге бөлінеді.

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтың жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.

Осы бухгалтерлік есеп тұрғысында белгілі ғалым Б. Де Солозано былай деген: «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес», ал оның әріптесі Р. А. Фаулки: «Есеп-бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы»-деп атаған.


^ 1-Шолу дәрісінің тақырыбы: «Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі»


Сабақтың мақсаты: бухгалтерлік есептің негізін құрайтын түсініктермен танысу, оның пәні мен әдістерін, есептің объектілерін ашып зерттеу.


Дәріс сұрақтары:

1. Ұлттық экономикада қолданылатын есеп түрлері.

2. Бухгалтерлік есептің пәні, объектілері

3. Бухгалтерлік есептің әдісі және оның элементтері

4. Есепте қолданылатын өлшем түрлері.

5. Әлемдегі бухгалтерлік есеп үлгілері.

6. Қазақстандағы кәсіпкерлік нысандары.


Ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есеп


Негізгі түсініктер: бухгалтерлік есеп, статистикалық есеп, оперативтік есеп, актив, капитал мен міндеттемелер, құжаттау, түгендеу, бағалау, калькуляциялау, баланс, екі жақты жазу, шоттар, есептілік, өлшемдер.


^ Дәрістің негізігі мазмұныі:

Шаруашылық есеп-кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметі туралы мәліметтер алуға көмектесетін құрал. Есеп - кәсіпорындарды ресурстармен, материалдармен және басқада түрлерімен қамтамасыз ету үшін, қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен жасалатын, материалдық игіліктерді бөлу саласын қамтиды. Есеп деректері шаруашылық процесстерді бақылау, оларды басқару үшін пайдаланылады. Есеп басқа экономикалық пәндермен: статистика, қаржы, талдау, бақылау, менджмент, аудит, маркетинг және т.б. тығыз байланысты. Өндіріс процесін бейнелеу үшін есептің үш түрі қолданылады:

1. Оперативтік есеп.

2. Статистикалық есеп.

3. Бухгалтерлік есеп.

Бухгалтерлік есеп туралы түсінікті келесі сызба түрінде көрсетуге болады:



1-Сызба. «Бухгалтерлік есеп туралы түсініктің» мазмұны

Бухгалтерлік есептің қандай мәселемен шұғылданатын, нені зерттейтіндігін, қай жерлерде қолданылатындығын зерделеп қарау - бұл пәннің негізгі бағыты болып саналады.

Бухгалтерлік есептің пәнін анықтау үшін біріншіден, объектілерін анықтап алу қажет. «Объект» латын сөзінен аударғанда «пән» деген мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есепті меншік түріне тәуелсіз барлық кәсіпорындар жүргізеді. Кәсіпорындар қызметкерлерді,өндіріс құрылыс - жабдықтарын пайдалану арқылы өнімдер өндіреді, жұмыстар орындайды, қызметтер көрсетеді. Әрбір кәсіпорынның өзінің қарамағында меншік құрайтын шаруашылық құрал-жабдықтар болады. Бұл құрал - жабдықтар әртүрлі құралу көздерінен құралады. Сондықтан, бухгалтерлік есептің объектілеріне мыналар жатады:

Шаруашылық құрал-жабдықтар (активтер)

Олардың құралу көздері(міндеттемелер мен меншікті капитал)

Шаруашылық процестер мен шаруашылық операциялар

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметі барысындағы кәсіпорын қаржысының ауыспалы айналымын есепке алады. Ол дайындау, өндіріс, сату процесін қамтиды.

Қаржының сақталуы мен қозғалысын бақылайтын және шаруашылық қаржының ауыспалы айналым процесін оның көздерін ескеретін әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы бухгалтерлік есеп есеп әдісінің негізгі элементтері болып табылады:

1. Құжаттау және түгендеу. Бұлар шаруашылық құралдарының көздері мен процестерін есептеу және бағал,бақылау.

2. Есеп объектілерінің құнын өлшеу тәсілі ретінде бағалау және калькуляциялау.

3. Шоттар мен екі жақты жазу шаруашылық операцияларын тіркеу және ағымдағы топтастыру ретінде қолданылады.

4. Баланс және есеп беру деректерін қорытындылау тәсілі ретінде қолданылады.

Шаруашылық қаржысы өлшенетін және жасалған операцияларды есепте бейнелейтін өлшеу бірліктерін есептік өлшемдер деп атайды. Олардың үш түрі бар.

1. Заттай өлшемдер.

2. Ақшалай өлшемдер.

3. Еңбек өлшемдері.

Бухгалтерлік есеп меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындарда жүргізіледі. Кәсіпорын – бұл мемлекеттің немесе жеке сектордың кез келген коммерциялық, өнеркәсіптік немесе шаруашылық субъектісі. ҚР 27.12.94 ж. Азаматтық кодексіне сәйкес заңды тұлғалар екі түрге бөлінеді:

-коммерциялық, мақсаты- табыс алу және оны қатысушыларына (акционерлеріне) тарату;

- коммерциялық емес  табыс алу мақсаты жоқ. Оларға табысты қатысушылар арасында бөлуге тыйым салынған. Олар кәсіпкерлік қызметпен айналыса алса да, алған табысын тек қызметінің мақсатына ғана жұмсай алады.

Бухгалтерлік есептің дамуы өзінен-өзі әр түрлі есеп тәжірибелерінің пайда болуына әкеп соқтырды. Әр түрлі елдердің экономикалық және сауда қатынастарының жүйелері қаншалықты ұқсамаса, олардағы бухгалтерлік есеп үлгілері мен әдістері де соншалықты ұқсас келмейді. 1966 жылы Г.Р. Хэтфилд бухгалтерлік есептің үш үлгісін аныұтап берді. Олар: британ американдық, континентальдық және оңтүстік-американдық.


Қорытынды.

Сонымен бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық жағдайын, ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны қажет етушілерге жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Өзінің тарихи дамуында шаруашылық есеп есептің үш түрінен тұратын жүйе ретінде қалыптасты. Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде зерттеу объектілерінен тұрады, объектілерді есепке алудың әдісі және оның элементтері бар. Әлемде бухгалтерлік есептің әр түрлі экономикалық және саяси факторлардың әсерінен көптген үлгілері қалыптасуда.


^ Дәріске әдістемелік нұсқау:

Бухгалтерлік есепті білу үшін, оның теориясын терең меңгеру керек. Сондықтан дәріс тақырыбын зерделегенде оның негізгі түсініктерінің мәнін түсінуге ерекше көңіл бөліңіздер. Ол үшін берілген әдебиет бойынша оқу материалын зерттеп, өзін-өзі бақылау сұрақтарына, тестілік тапсырмаларға жауап беру арқылы теориялық біліміңіздің деңгейін тексеріңіз, СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi. Алматы: БИКО, 1994.

Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы - Алматы: БИКО, 2007

Алибекова Б.А., Нұрхалиева Д.М. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына негізделген бухгалтерлік есеп принциптері. Оқу құралы, Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2006.

Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.

Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Бухгалтерлік есептің пәні болып не табылады?

2. Бухгалтерлік есеп әдісінің элементтеріне не жатады?

3. Бухгалтерлік есепте қолданылатын өлшем түрлерін атаңыз.

4. Қаржылық қызметтің қандай сатылары бухгалтерлік есепте бейнеленеді?

5. Шаруашылық субъектісінің мүлкіне не жатады?

6. Негізгі құралдарға не жатады?

7. Материалдық емес активтерге не жатады?

8. Кәсіпорын міндеттемелері деген не?

9. Меншікті капиталға не жатады?

Әлемдік тәжірибеде бухгалтерлік есептің қандай үлгілері бар?

Қазақстанда кәсіпорындардың қандай ұйымдастырушылық құқықтық ныандары бар?

Өзін-өзі бақылауға арналған тестілік тапсырмалар:

1. Шаруашылық объектісінің өндірістік-шаруашылық қызметі қандай үрдістерден тұрады(дұрыс жауаптарды белгіле):

а) өндірістік;

в) сату;

с) тұтыну;

д) құрылыс;

е) айырбас;

ж) жабдықтау.

2. Өндіріс процесінде:

а) дайын өнім үлестіреледі;

в) өнім өндірушіден тұтынушыға беріледі;

с) материалдық игілік құралады;

д) өнім мен қызмет өз мақсатымен қолданылады;

е) өніммен жабдықталады.

3. Ұзақ мерзімді активтерге:

а) еңбек заттары;

в) негізгі құралдар;

с) айналым құралдары;

д) ақша құралдары;

е) аяқталмаған өндіріс жатады;

4. Шаруашылық субъектісінің активтері құнды өнімге көшіру әдісі бойынша қандай түрлерге бөлінеді?

а) негізгі құралдар және өндіріс саласындағы құралдар;

в) өндіріс құралдары, айналым құралдары;

с) айналым және айналымнан тыс;

5.Ұйымның міндеттемелері қандай түрлерге бөлінеді:

а) ағымдық;

в) ұзақ мерзімді;

с) уақыты өтіп кеткен;

д) айналым;

е) айналымнан тыс;

5. Бухгалтерлік есепте қолданылатын өлшем түрлері:

а. бірегей

в. заттай

с. екі жақты

д. шартты

е. бастапқы

6. Бухгалтерлік есеп үлгілерін атаңыз:

а. континенталдық

в. қарапайым

с. күрделі

д. аралас

е. субконтиненталдық

7. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы нормативтік реттеудің қай деңгейіне жатады?

а. Бірінші деңгейіне

в. Екінші деңгейіне

с. Үшінші деңгейіне

д. Төртінші деңгейіне

е. Ешбір реттеу деңгейіне жатпайды.

«Бухгалтерлік есеп ақпарат жүйесі ретінде» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

^ Негізгі түсініктер: бухгалтерлік есеп, қағидалары, шаруашылық құрал-жабдықтары, құралу көздері, шаруашылық процесстер мен шаруашылық операциялар, бухгалтерлік есеп әдісінің элементтері.

^ Тәжірибелік сабақтың мақсаты: бухгалтерлік есеп туралы түсінікті толық және терең меңгеру, оның даму тарихын зерртеу және қазіргі экономикада алатын орнын анықтау, бухгалтерлік есеп пәнін анықтау.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.

Бухгалтерлік есептегі өлшем түрлері.

Шаруашылық есеп түрлері.

Бухгалтерлік есеп объектілер мен олардың түрлері

Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі.

Бухгалтерлік есептің әлемдік үлгілері.

Кәсіпкерлік нысандары.


Студент білуі тиіс:

дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;

бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін;

бухгалтерлік есеп дамуының тарихи аспектілерін;


Студент меңгеруі тиіс:

бухгалтерлік есеп ерекшеліктерін басшылыққа ала білуді;

есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;

кәсіпорын мүліктерін жіктей білу;

Практикалық сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

Практикалық сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер.

^ СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, бухгалтерлік есептің объектілерін анықтаудың практикалық дағдысын көрсету.

1-Тапсырма. Төменде берілгендердің қайсысы шаруашылық құралдарына және шаруашылық құралдарының құралу көздеріне дұрыс жатқызылмағандығын анықтаңыздар:

шаруашылық құрал жабдықтары: «Материалдар», «Отын», «Кассадағы қолма қол ақша», «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу», «Бөлінбеген пайда», «Резервтік капитал», «Дайын өнім», «Тауар», «Аяқталмаған құрылыс», «Негізгі құралдар»;

шаруашылық құралдарының құралу көздері: «Жарғылық капитал», «Кассадағы қолма қол ақша», «Ағымдық шоттағы ақша», «Қосалқы бөлшектер», «Банктің ұзақ мерзімді несиесі», «Жабдықтаушыларға қарыз», «Банктің қысқа мерзімді несиесі», «Банктегі арнайы шоттағы ақша», «Сатып алушылардың қарызы».


^ СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СӨЖ ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді тереңдету, талдап зерделеу және шаруашылық есеп түрлері, бухгалтерлік есеп объектілері туралы теориялық білімін нақтылау.

Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып:

1. «^ Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі» тақырыбын оқып зерделегеннен кейін тақырыптың негізгі түсініктерінің тізімін құраңыз және анықтамасын беріңіз (глоссарий).

2. Кәсіпорындарда бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын реттейтін нормативті – құқықтық актілердің тізімін құрыңыз

3. Бухгалтерлік есепке анықтама беріңіз, анықтаманы талдаңыз.

4. Ұлттық экономикада қолданылатын есеп түрлеріне талдау кестесін құрып, салыстырмалы сипаттама беріңіз.

5. Бухгалтерлік есептің әлемдік үлгілерін толықтырыңыз.


2-шолу дәрісі: «Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары»

Дәріс сұрақтары:

1. Қаржылық есептілікті пайдаланушылар.

2. Қаржылық және басқару есебі.

3. Бухгалтерлік есеп тұжырымдамалары мен қағидалары.

4. Қаржылық есептілік элементтері. Оларды тану мен бағалау

Дәрістің мақсаты: Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізін құрайтын ережелер мен қағидалары, бухгалтерлік есептің түрлері мен қаржылық есептілік элементтері және ақпаратты пайдаланушылар туралы түсінік қалыптастыру.

^ Негізгі түсініктер: сыртқы пайдаланушылар, ішкі пайдаланушылар, қаржылық есеп, басқару есебі, халықаралық стандарттар, актив, капитал, міндеттемелер, кіріс, шығыс, пайда, зиян.

^ Дәрістің негізгі мазмұны

Бухгалтерлік есептің ақпаратының негізінде пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қаржылық есептілік құрылады. Ол:

инвестициялық шешімдер мен несие беру шешімін қабылдау;

шаруашылық субъектісінің болашақтағы ақша ағымын бағалау;

ресурстарын шаруашылық субъектісіне сеніп тапсырыуымен байланысты оның ресурстары мен міндеттемелерін бағалау;

басқару органдарының жұмысын бағалау мақсатында құрылады.

Қаржылық есептіолікті пайдаланушыларға қазіргі және тұрақты инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, қызметкерлер мен жұмысшылар, сонымен бірге, өкімет мекемелері, министрліктер, ведомствлар мен қоғамдық ұйымдар және де әр түрлі ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын басқа да қызығушылығы бар пайдаланушылар жатады. Қаржылық есептілікті пайдаланушылардың барлығын ішкі және сыртқы деп екі топқа бөлуге болады.

Қаржылық есептілікті пайдаланушылардың әр түрлі топтарының болуы бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйе ретінде екі түрге бөлінуіне себеп болды:

Қаржылық есеп

Басқару есебі

Қаржылық есеп сыртқы және ішкі де пайдаланушыларға ұсынылатын бухгалтерлік есеп беруді құру және пайдаланумен айналысады. Басқару есебі негізінен ішкі пайдаланушыларға арналып құрылады. Оларға бухгалтерлік есеп ақпараты экономикалық операцияларды басқару мен өнім өндіруді бақылау, бюджеттің орындалуы мен пайда алуына мониторинг жүргізу, сонымен біргекомпанияның болашақ жетістігін қамтамасыз ететін шешім қабылдау үшін қажет деп саналады.

Қаржылық есептілік компанияның жалпы есептілігінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес құрылады

Қаржылық есептіліктің халықаралық №1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» стандартына сәйкес, қаржылық есептіліктің мақсаты компанияның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері, қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпарат ұсыну болып табылады.

Қаржылық есептілік тұжырымдамалары мыналардан тұрады:

Қаржылық есептілікті құру мақсаты;

Қаржылық есептіліктіңұйғарымдары (қағидалары);

Қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары;

Қаржылық есептіліктің элементтері;

Қаржылық ақпаратты тану және өлшеу өлшемдері;

Оны сызба түрінде көрсетуге болады:




^ Арнайы сұрақтар шеңбері

Компанияның қаржылық есептілігін жүргізу мақсаты


Қаржылық есептің мақсаты мен міндеттерін анықтайды.


Қаржылық есептілік ұйғарымдары


Бухгалтерлік ақпараттың сапалық сипаттамалары

Қаржылық есеп берулердегі ақпаратты бағалау үшін бухгалтерлік есептің сипаттамасын анықтайды

Қаржылық есептілік элементтері

Қаржылық есептілік элементтерін анықтайды және бухгалтерлік ақпаратты жіктеу өлшемдерін бекітеді


^ Тану және өлшеу

Қаржылық есептіліктің ұсынылуы қажетті жағдайларды анықтау үшін өлшемдерді бекіту


Өзге қағидалары:

Есептілікті пайдаланушылар шеңберін, инвесторлар мен кредиторларды және т.б. анықтайды.

Пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын қаржылық есеп берулердің мақсатын тізіп береді.

Ұйғарымдар:

Есептеу қағидасы

Қызметтің үздіксіздігі

Сипаттамалар

Түсініктілік

Мәнділік

Анықтылық

Салыстырмалық

Қаржылық есептілік элементтері

Активтер

Міндеттемелер

Капитал / таза активтер

Кіріс

Шығыс

Пайда

Зиян

^ Тану өлшемдері

Өлшеу өлшемдері

Элементті анықтау, өлшемділігі

Өзектілігі, сенімділігі

Орта қағидалары:

Бағалау

Кезеңділік

Өткізу қағидалары:

Өзіндік құн

Есептеу

Сәйкес келу

Толық ашу

^ Шектеу қағидалары

Шығындар-кірістер

Маңыздылық

Сала ерекшелігі

Консерватизм



2-Сызба. Қаржылық есептілік тұжырымдамалары.

Қорытынды

Қаржылық есептілік өзінің концептуалдық негізіне сай құрылуы тиіс. Оның концептуалдық негізін бухгалтерлік есептің жалпы ережелері- стандарттары мен қағидалары құрайды. Қаржылық есептілік субъектінің міндеттемелерін өтеу және инвестициясын қайтаруы үшін болашақта табыс алу және қолма-қол ақша ағымын алу қабылеттілігін болжауға көмек көрсететін ақпаратттан тұруы керек.


^ Дәріске әдістемелік нұсқау:

Дәріс тақырыбын зерделегенде оның негізгі түсініктерінің мәнін түсінуге ерекше көңіл бөліңіздер. Ол үшін берілген әдебиет бойынша оқу материалын зерттеп, өзін-өзі бақылау сұрақтарына, тестілік тапсырмаларға жауап беру арқылы теориялық біліміңіздің деңгейін тексеріңіз, СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы - Алматы: БИКО, 2007

Алибекова Б.А., Нұрхалиева Д.М. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына негізделген бухгалтерлік есеп принциптері. Оқу құралы, Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2006

Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.

Кеулімжаев К.К., Рахимжанова. Қаржылық есеп- Алматы, 2005;

Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.

Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет, Алматы: ЛЕМ, 2005


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Бухгалтерлік есеп стандарттары туралы түсінік.

2. Бухгалтерлік есеп стандарттарының мәні мен маңызы қандай?

3. Есеп саясаты деген не?

4. Халықаралық стандарттардың мәні?

5. Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары деген не және нені анықтайды?

6. Бухгалтерлік есеп қағидалары деген не?

7. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп стандарттарында қандай ұйғарымдар анықталған?

8. Қазақстан Республикасында «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептеме туралы Заңында» қандай негізгі қағидалар анықталған?

9. Ақпаратты пайдаланушылар түрлері


Өзін-өзі бақылау арналған тестілік тапсырмалар:

1. Есептеу қағидасы деген не?

а) кіріс пен шығысты туындауы бойынша емес, ақша төлегенде немесе ақша алғанда есепке алу;

ә) есепке кіріс пен шығысты ақшаның түсуі немесе шығындалуы бойынша емес, туындағанда алу;
б) ақпаратты шынайы көрсету;

в) ақпаратты уақтылы есепке алу;

2. Клиент автокөлігін тех қызмет көрсету орталығына жөндеуге 31.08.06-де берді. ТҚКО көлікті 01.09.05 күні жөндеп, клиент қызмет көрсетушіге ақшаны 02.09.06 аударды. ТҚКО ақшаның келіп түскендігі туралы хабарламаны 03.09.06 күні алады. Есептеу қағидасы бойынша ТҚКО кірісін қай күні есепке алады?

а) 31.08.06

ә) 01.09.06

б) 02.09.06

в)03.09.06

3. Бухгалтерлік есеп түрлеріне не жатады?

а) қаржылық

ә) оперативті

б) дербес

в) статистикалық

г) дұрыс жауап жоқ.

4. Ақпаратты пайдаланушылар қандай топтарға бөлінеді?

а) активті және пассивті

ә) сыртқы және ішкі

б) сыртқы

в) ішкі

г) орта пайдаланушылар.

5. Қаржылық есептілік элементтерін атаңыз:

а) актив, капитал

ә) міндеттемелер

б) кіріс пен шығыс

в) пайда мен зиян

г) жауаптардың барлығы дұрыс.

«Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалары мен қағидалары» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

^ Негізгі түсініктер: бухгалтерлік есеп қағидалары, есептеу қағидасы, үздіксіздік қағидасы, актив, капитал, ^ 4-Тақырып: «Шоттар жүйесі және екі жақты жазу»

Сабақтың мақсаты: бухгалтерлік есептің «шоттар» және «екі жақты жазу» элементтеріне түсінік беріп, олардың есептегі маңызын ашу. Активті және пассивті шоттардың құрылысын меңгеру, бухгалтерлік өткізбе құрудың логикалық сызбасын ұғыну.


Дәріс сұрақтары:

Шоттар және олардың құрылымы, шоттарды жабу тәртібі.

Екі жақты жазу және шоттар корреспонденциясы.

Жалпылаушы және талдамалық шоттар.

Шоттардың сыныптамасы.

Шоттар жоспары.

Негізгі түсініктер: шоттар, активті шот, пассивті шот, уақытша шоттар, тұрақты шоттар, транзиттік шоттар, екі жақты жазу, шоттар корреспонденциясы, бухгалтерлік өткізбе, жалпылаушы шоттар, талдамалық шоттар, шоттар жоспары.


^ Дәріс мазмұны:

Әрбір кәсіпорында көптеген шаруашылық операциялар жасалады, олар құжаттарда көрініс табады. Оның үстінде кәсіпорында әртүрлі шаруашылық операциялардың барлығын баланста тіркеуге мүмкіндік бермейді. Бірақ шаруашылық қызметтің нәтижелерін бағалау қолда бар шаруашылық қаржысын ескеру және баланстағы барлық өзгерістерді бақылау үшін барлық құжаттар бухгалтерлік баланста қабылданып топтастырылады. Мұндай топтастыру балансты дамыту үшін ашылатын бухгалтерлік есептің шотында жасалынады. Шоттар-қажетті деректер алу мақсатымен ағымдағы есепті топтау және объектілерді бақылау тәсілі болып табылады. Оларды құралдардың әрбір түрін, олардың құралу кездерін және процесті есепте қабылданған топтастыруға сәйкес есепке алу үшін баланс баптарын дамыту ретінде ашады. Шоттарда есеп ақшалай өлшеммен жүргізіледі, олар активтер, капитал, міндеттемелер, сонымен қатар кірістер мен шығындарды есептеуге ашылады. Кейбір бухгалтерлік шоттарда қалдықтар болады. Актив шоттары кәсіпорынның шаруашылық құралдардың немес мүлкін есепке алады. Бұл шоттар бойынша қалдықтар баланстың активінде бейнеленеді. Ал капитал және міндеттемелер шоттары шаруашылық құралу көздерін есепке алуға арналған. Бұл шоттар бойынша қалдық пассивте бейнеленеді. Шоттардың әрқайсысы (активті және пассивті) 2 бөліктен тұрады: Дебет және Кредит. Бұл сөздер латын сөзінен шыққан. Дебет-берешек, кредит-сену дегенді білдіреді.

Есеп тәжірибесінде актив, капитал және міндеттемелер шотында әртүрлі өзгерістер болуы мүмкін, яғни шоттардың азаюы немесе кобеюі. Осы өзгерістерді көрсету үшін шоттардың дебеті мен кредиті қолданылады.


Активті шоттар құрылымы:

Актив шотының дебетінде шаруашылық құрал-жабдықтардың айдың басындағы қалдығы, олардың көбеюі жіне айдың аяғындағы қалдығын көрсетеді, ал кредитінде азаюы жазылады. Шоттың дебетінде көрсетілген өзгерістер сомасы дебеттік айналым және кредитінде көрсетілген өзгерістер сомасы кредиттік айналым. Активті шоттың қалдығын есептеу формуласы (соңғы қалдық):

Қа = Қб + Ад - Ак (1)

Қа – айдың аяғындағы қалдық;

Қб – бастапқы қалдық;

Ад – дебеттік айналым;

Ак – кредиттік айналым.

Жаңадан алынған қалдықты
еще рефераты
Еще работы по разное